Ешкі жетектеген он тоғыз
Сайтымыздың белді мүшесі qisyq -тың «Ашық хатына» ақталу
Мүштәр Мақановтар өзі бойкүйез бәле боп жабысты: саясатта жолы болмаса — тілге қайтып келе салатын боп алыпты.
Арызқой амиго асқан байқампаздықты талап ете бермейтін әдіспен, сайттағы кейбір әрекеттерімнің шетінен тартып-тартып, Болат ағайдың сүйікті ісі — жеке басқа табынушылықты дәріптеуге балап қойыпты.
Дәл сол уақытта, посттарымның көзге күйік болып алдыңғы бетке шығып кетуінде қарапайым ғана негіз жатыр. Және оны түсіндіруге тырысып көрейін. Әрине, гу-гу сампылдаған асхана жұртының жүрегіне жете ала ма — о жағына күмәнім бар.
Кез келген сайтта таңертең, кешке, түсте — адамның көп келетін уақыт нүктесі болады, дәлірек айтқанда — болатынын байқадым. Содан деймін-ау: адам ұйқыға жатар уақытта бірдеңені оқып алады да, ұйқыға жатады. Таңертең келгенде сол әлі орнында тұрса — көңіліне кірбің ұялап қала ма деймін. Біреулерден бірдеңе жазып тапсыр деп, тағы талапете алмаймын: төлеп отырған ақым жоқ, қосып қойған қойым жоқ, қызын қатын қылғаным — тағы жоқ. Сосын өзім жазамын да — шығарып қоя саламын. Бір өзгеріс байқалсын деп. Болғаны осы! Әлгі, ерінбей жиған сілтемелеріңізге барып жүріп, жарияланған уақыттарына зер салсаңыз — барлығы не түскі ас кезінде, не бейсенбі күні, не жеті түнде шығарылғанын байқайсыз. Өз тасым жарты сағатқа дейін мазмұнында ештеңе өзгермейтін сайтты — өлік деп есептеймін. Ашетері — пост ротациясының жиілігін арттыру. Болғаны осы. Ал Хабарландыру, Ереже сияқты тақырыптардың кезексіз жариялануына кез келген алқаш келісер деп ойлаймын.
P.S.Прага, қайдасың.

Мағауинмырза, кеп кетсеңізші Астанаға!ал пародияң күшті шыққан.