Анкета
Мектепте сырты қызыл-жасыл пастамен, фломастермен шимайланып, өзімізше әлеміштелген «Анкета» деген дәптеріміз болушы еді. Орта тұсында «Секрет» деген беті болады тағы:) Типі соған ұқсас мына жерде шамалы сауалнама тастасақ. Мен өз әлімше жеңіл-желпіден бастайын. Пантазиясы мықтылар жалғастыра жатар. Түйе салыса отырыңдар, қыз-жігіттер:
1. Егер қолыңда болса өз өміріңде нені өзгертер ең.
2. Қанша тіл меңгергенсің.
3. Сені не таң қалдырады.
4. Армандаған мамандығың.
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
7. Ұнататын киноң, әнің.
8. Саған ұнайтын есімдер.
тақырыпқа оралайын:
Ештеңені өзгертпес ем, ризамын өміріме.
Екі жарым: орысша, түрікше және жартылай ағылшынша
Мені таң қалдыру қиын :)
Журналист :)
Есімде емес, соған қарағанда маңызды болмаған шығар.
Әке болған кезім.
Побег из шоушенка.
Қысқа, 2 буынмен айтылатын және кез келген тілде оңай жазуға болатын есімдер, мысалы ұлымның аты: Әмин.
2. 2 тіл ғана.
3. Кішкене кезімде теледидар ішінде адамдар қалай жүретіні таң қалдыратын. Қазір күнде бір нәрсеге таң қалам.
4. Журналист, әнші-күйші.
5. Дәл қазір есімдегісі, бастауыш класта оқып жүргенде кластас баламен ерегісіп қалып (математика пәнінде дұрыс есебімді бұрыс деп тақтаға шығып ап) балалықпен ана тілі, табиғаттану оқулықтарын көрсетпей сұрап алып шимайлап, лақтырып тастағанбыз құрбыммен:(((
6. Есіме түспей тұрғаны:)
7. Ресей фильмдері, деректі фильмдер. Халық әндері, қырғыз, шансон, көше әндері.
8. Мағынасы бар, қазақтың сирек кездесетін есімдері.
осындай болатын еді ғой, мына жерде анкеталар туралы біраз жазылған екен, сағанғандар барып қайтыңдар.
Ал енді сауалдарға жауап беріп көрелік:
1. Өмірді өзгерту өз қолымда ғой, тек кейде сенімділік жетіспей жатады.
2. Екеу-ақ.
3. Мені таң қалдыратын нәрселердің жауабы көбіне парапсихология ілімінен табылып жатады.
4. Бар. Қазір соның сазайын тартып жүрмін.
6. Ана болуым.
7. Ресей фильмдері, мелодрамалар ұнайды. Ретро әндерді жақсы көремін.
8. Ұлдардан — Мәулен, Сәруар,Әрлен, Дәрмен; қыздардан — Әдия, Дария
8.
4. Корреспондент болу.
5.
Естелік болсын балалық шақтан» деп жазып қоюшы ек))
біртіндеп жариялай берсең болады беттерін. Әлгі хат сияқты деймін де:)
2. Қанша тіл меңгергенсің-өз тілімді, орысша, бұрын немісше аздап сөйлейтін ем қазір дым білмим.
3. Сені не таң қалдырады- табиғат
4. Армандаған мамандығың-археолог
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?-бар, студент кезімде кураторымның баласы қайтыс болды да маған танертен хабарласты ұлымнан айрылып қалдым деп. мен не айтарымды білми «кетші бар апай» деппін оны артынан ағам айтты. осы айтқанымнан қатты ұялам. негізі апайымда аңғармады, біруақыттарда көре қалсам кешірім сұраймын міндетті түрде.
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт-есіме түспи тұрғаны
7. Ұнататын киноң, әнің.- романтикалық фильмдер, Б.Нұрмышева «Жақсылықтың бағасы»
8. Саған ұнайтын есімдер.-Ғазиз(інішегімнің аты)
2. Бірде-бір тілді толық білмеймін. Ең жақсы білетінім қазақ тілі, одан кейін орыс тілі. Ағылшын, қытай тілдерінде нан сұрап жей аламын.
3. Жақсы мағынада — табиғат. Жағымсыз мағынада — адамдар.
4. Сантехник, бассейн тазалаушы, көлік жөндеуші.
5. Бар.
6. Қызымның ең алғаш мені көріп күлген кезі.
7. Ұнататын кином да, әнім де өте көп.
8. Аршат секілді, қысқа әрі құлаққа жағымды есімдер. Мәселен, Әлима /қызымның аты/. Немесе Әділ /атамның аты/.
Мүмкін еме қой бұл… әттең мүмкін болса ғой.
2. Қанша тіл меңгергенсің.
Жұрт қатарлы екі тіл.
3. Сені не таң қалдырады.
ештеңе әзірге.
4. Армандаған мамандығың.
Бала кезімде совхоздың директоры болсам деп армандаушы едім :)
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
болған
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
Әке болуым
7. Ұнататын киноң, әнің.
Ресей кинолары, көп қазақ әндері.
8. Саған ұнайтын есімдер.
ұлдардан Дәрмен, Арсен қыздардан Кәусар, Гүлназым
Орыс тілі — сөйлеу деңгейінде, ағылшын — түсіну деңгейінде
Шексіз(мүмкін шекті) ғалам/ғарыш/
Археолог, жазушы(мамандық па?)
ондайлар жетеді ғо :)
220 Вольттық токтан аман қалғаным шығар(кетіп қалдым деп ойлағам негізі)
Лост, Побег, т.б. Әнге деген талғам тұрақсыз
Жауап жоқ
1. Бір қатемді түзетуші едім.
2. ана тілім, орысша, французша аздап
3. көп нәрсе
4. журналист не хирург
5. өкінетін оқиғам бар, ұялатын нәрселер көп қой…
6. 1- курсты бітіріп ауылға барған кез, 24.11.2010 жыл күні.
7. Гордость и предупреждение, Менің атым Қожа
8. Мирас, Ғазиз.
6-7 сыныптарда «Алғашқы махаббатың?» деп бір сұрап, "Қазіргі махаббатың?" деп екі сұраппыз. Туған жылың, айың, күніңнен бастаймыз… кім апай ұнайды, кім ұнамайды, мен саған ұнаймын ба, парталас көршің кім, досың кім… толтырған уақытың, қолың деп аяқталады сосын…
Қ-сы:
Ай-ай-ай-ай-ай-ай,
Ай-ай-ай-ай ақ сәулеем!:))
Тот останется без носу. деп жазып қоятынбыз ))
Открывается альбом»
Сосын Бақыт хаты деген кімнің есінде? Бәлен данамен көшіріп таратпасаң қайғыға душар боласың т.б. деген. Көшіріп жазып, конвертпен әр жерге жіберіп жататын жұрт.
Ай-ай-ай-ай ақ сәулеем!»
)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
1.Ұл болып туылар едім.
2.Екі, қалған екеуі шала.
3.мына жаратылыс, дүние, адамдар.
4.Дизайнер.
5.Ұялатын да, өкінетін де бар. Ол 7-ші сыныпта ғой деймін, жігітке көңілімді білдіріп өзім бірінші боп хат жазғам.
6.Көп қой, жалпы көп нәрсеге балаша қуана берем.
7.Көп қой әндер.
8.Заманауи есімдер ұнайды.
Өзгертер едім… бірақ қолымда емес уже… :(
2. Қанша тіл меңгергенсің.
екі тіл.
3. Сені не таң қалдырады.
Есімде сақтап жүретіндей ештеңеге таң қалмаппын.
4. Армандаған мамандығың.
Қаржы саласының маманы болғым келеді.
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
Бар.
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
Кішкентай кезімде Мәскеуге барған едім. Сол кезде ауылдағы бүкіл көшенің балалары шығарып салып: «Москва, Москва» деп қалып еді. Сол кездегі мақтаныш сезімі әлі есімде. :))
7. Ұнататын киноң, әнің.
«Бастағы оқ» режиссері Джон Ву.
8. Саған ұнайтын есімдер.
құрамында қазақша әріптер бар есімдер :)
2.Қазақ тілінде шығарма жаза алам, орыс тілінде де сол шимай, ағылшынша — гуглмен.
3.Көп нәрсе.
4.Хобби-мамандық*.
5.Қайсібірін айтасын, көп қай-қайсысыда :)
6.Ол да көп: бәрі — ең!
7.Көп; «Биіктік» Т.Досымов.
8.Бұйырса, балаларымның есімдері :)
2. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, өзбек, немісше(сөздікпен), php, javascript, html, css:)
3. Таулар
4. Компьютер маманы болғым келген. Арманым орындалды немесе орындалу үстінде.
5. Есімде жоқ. Өкінбеуге, өкінсем де ұмытуға тырысам.
6. Әкеммен алғаш рет бірге намаз оқыған кезім.
7. Побег из тюрьмы, Птичка-Королек Певчая (Cali kusi түрік классикасынан)
8. Салах-ад-дин, Мансур, Томирис, Жаншуақ, Satibaldi:)
«Побег из тюрьмы» маған да ұнайды.
«Satibaldi»:)))))))))))
2. Қазақшаны қосқанда, төрт тілде гуглдан бірдеңелер іздей аламын. Тағы бірнеше түркі тілдеріне пародия жасап қоямын. Арасында кейбір сөйлемдерім дұрыс боп шығып жататыны бар :)
3. Мектеп бітіргенше тілі «р»-ға келмеген («г» деп сөйлейтін) бір кластасымды үш жылдан кейін кездестіргенімде, «р» дыбысын қиналмай айтып жүргенін көріп таң қалғанмын.
4. Солдат болуды армандайтынмын. Әскери емес, кәдімгі қатардағы жауынгер. Армиядан келген братанның фуражкасын басымнан тастамай киіп жүруші едім. Балшықтан да солдат жасап ойнайтынмын. Мент жасамайтынмын бірақ (қолымды былғамағаныма әлі күнге дейін риза болам :)).
5. Ұялу, өкінуден қарызым жоқ сияқты вроде.
6. Есімде жоқ. Мас боп жүріппін.
7. Американың ескі вестерндері мен мюзиклдарының ұнатарманымын, бірақ маманы емеспін. Сериалдан — Көкжалдар мекені. Музыка: көп, ешқайсысын ерекше атай алмаймын.
8. Қызымның аты Асылай деп қойылғанына риза боп жүрмін (семьямдағы жалғыз қазақша есім).
Сидит маленькая девочка в песочнице и чего-то лепит. К ней подходит мент и спрашивает:
— Девочка, ты чего лепишь?
Она отвечает:
— Мента леплю!
Мент:
— А ингредиенты?
Девочка:
— Песок, глина, дерьмо…
Мент, обалдев, говорит:
— Еще раз такое услышу, уши оторву!
Девочка:
— Поняла, поняла…
Через 15 минут мент опять подходит к девчонке:
— Чего лепишь?
— Пожарника леплю.
— А ингредиенты?
— Песок, глина…
— А говно где?
— А, хитрый, говна добавлю, мент получится…
2-курсымда қайта оқыр едім:)
2. Қанша тіл меңгергенсің.
1 тіл, дегенмен орыс және түрік тілінде «нан сұрап жей аламын»©
3. Сені не таң қалдырады.
Қазіргі жас балалардың «бәрін іштен біліп тууы»;)
4. Армандаған мамандығың.
Журналист.
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
Кәнешнә, кәңкіретні өкінетін оқиға бар.(«Орта тұсында «Секрет» деген беті болады тағы:)»)©
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
Әке болған кезім:)
7. Ұнататын киноң, әнің.
«Махаббат станциясы» және «Айрис», әндерден «Меломеннің» әндері.
8. Саған ұнайтын есімдер.
Владимир, Василий, Николай, Патик, Сатыбалды (соңғы есімді балама қойғым келеді;))
Сердце-жүрек
Досыма арнап
Мен жжазамын тілек-деп басталатындары болушы еді)))) Тілек жазуға күректің не қатысы бар десеңші))))
анкеталарды есіне алып күліп отыр, бір біріміздікінен әдемі қылып жасауға тырысушы едік деп. қыздардың бәрінде болды, балдарға да оқуға беретінбіз. бірақ, бәріне емес дейді.
қызық небір таланттар, безендіруін айтамда))))
«Аққуды атпа,
Махаббатты сатпа»,
«Аққуды атқаның — махаббатты сатқаның» деп қайыратындар да болды.
Айта берсе, қызығы көп еді ғой.Рахмет, Саммита, еске түсіргеніңе.
2. Қанша тіл меңгергенсің — 2 ресми,1 бейресми
3. Сені не таң қалдырады — табиғат кереметтері
4. Армандаған мамандығың — Армандауға уақыт болды ма?:) — оқушы кезімде кондитерлік фабриканың бастығы және бастауыш класс мұғалімі болғым келген.
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма? — бар.
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт — құдайға шүкір, аз емес…
7. Ұнататын киноң, әнің — Кенни Джи, Селин Дион, "Қоңыр" тобы, кинодан — «Дневник памяти»,«Жүрегімде қалған күз» (кореялық сериал), т.б
8. Саған ұнайтын есімдер — Аягөз, Арсылан, Парасат, Дархан, Ажар, Жаннұр, Фатима
2. 3-ақ.
3. Қайдам, қазір ешьеңеге таң қалуға болмайды)).
4. Қаламгер, Мультфильм түсіруші.
5. Есіме түспей отыр.
6. Көп қой қуаныштар.
7. Ұнататын киноларым — «Оптом дешевле» "", әндерім — «МузАрт» тобының, А.Керімбекованың орындауындағы әндер.
8. Мансұр, Санжар, Бейбарыс, Ибрагим, Көркем, Кәусар.
Пы сы:
Алтын сағат не керек,
алтын баулы болмаса,
сұлу жігіт не керек,
ақылы оның болмаса?
****
Лебедь не утка, любовь не шуткаАққу қаз емес
Махаббат маз(ақ) емес
****
Не ғо, ұмытып қаппын…
Сердце — жүрек.
Менікі —
дос болайық деген тілек)))
Өшіргішпен өшір.
Өшіргішпен кетпесе,
… есімде жоқ
****
Быть может я уеду,
Быть может я умру,
Но на память оставлю
я рукопись свою…
Өшіргішпен өшір.
Өшіргішпен кетпесе,
досың үшін кешір!-дейтін :)
Шын жүректен кешір"
ана екінші шумақты біз де жазатынбыз, күлкілі қазір оқысақ:)
1. Ең алдымен жемқорлардың көмейіне еріген қорғасын құяр едім.
2. Төрт тіл. Қазақ, Орыс, Ағылшын, Түрік.
3. Табиғаттағы теңдессіз үйлесімділік. Аллаһтың ұлылығы.
4. Астронавт болу еді.
5. Жақсы көретін қызымның алдында әрқашан ұялар едім.
6. Ғашығыма компьютер кружогында қасында тұрып Flash-ты үйреткенім.
7. Akon-Smack that & Eminem-Looze yourself
8. Әлбетте, Абай
1. Ең алдымен жемқорлардың көмейіне еріген қорғасын құяр едім.
сәл қисынсыздау емес пе, өз өміріңізде деген сұрақ еді.
Атыраудан Алтайға дейін созылған кең байтақ Алашымның жерінде осындай біртума ұландардың болуы және олардың интернет айдынында осындай салиқалы ойлар айтуы қандай ғанибет Гастеке!
2. Қазақ тілін де меңгермегенмін.
3. Мені көп нәрсе таң қалдыра бермейді. Таң қалдырса, аузымды ашпайды екем.
4. Аудармашы.
5. Бар сияқты, алайда есімде жоқ екен.
6. Мені мақтап, арқамнан қаққан кездер, үмітімді оятып, сенім артқан сәттер есімде.
7. Бір киномен, бір әнмен шектелмеймін. Ұнайтын нәрсенің бәрі ұнайды.
8. Жандос, Мұхтар, Бахтияр, Әлішер, Руслан, Айша, Жанар, Назерке, Айнұр, Мақпал т.б.
Футболшы болар ем.
2. Қанша тіл меңгергенсің.
2-еуін толық, 2-еуін 10 пайыз.
3. Сені не таң қалдырады.
Адамдарға ренжитін адамдар.
4. Армандаған мамандығың.
Құқық саласы.
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
Өзіме байланысты болған емес. Жанама түрде әр сәт сайын ұяламын.
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
Әкем тірі кезде ақ дастархан басында отбасыммен отырғаным.
7. Ұнататын киноң, әнің.
Мэл Гибсонның кинолары, Жұбаныштың өлеңдері.
8. Саған ұнайтын есімдер.
Сафуан, Айғаным.
ЕҰУ-не емес, КИМЭП-ке түсер ем…
2. Қанша тіл меңгергенсің.
әзірге 3
3. Сені не таң қалдырады.
күтпеген сыйлықтар)
4. Армандаған мамандығың.
мемлекеттік және жергілікті басқару
5. Қатты ұялған не қазір өкінетін оқиғаң бар ма?
бар
6. Есіңде қалған ең қуанышты сәт.
кішкентай нәрселерге қатты қуанамын, соңғы ерекше қуанғаным "Әлем барысына" келген голливуд актерінен ағылшын тілінен интервью алып, сәтті сюжет жасағаным
7. Ұнататын киноң, әнің.
21, вк паракшамдағы барлық өлеңдер
8. Саған ұнайтын есім
Ұлпан, Толғанай, Жансерік, Тауасар