Döner kebab

Бүгін 15-20 минутта дайын болатын, үй жағдайындағы дөнер жасаудың тәсілімен бөліскім келеді.

ҚҰРАМЫ



  • Лаваш
#Кереккеңес: Негізі лавашты сақтау мерзімі 48-72 сағат аралығында екен. Алайда морозильникке салып қатырып қоюға болады дейді, өзім жәй тоңызытқышқа салып қойдым. Егер шығарғаннан кейін лаваш біраз кеуіп / қатып қалса су бүркіп жіберсеңіз өзінің бастапқы қалпына келеді.

  • Қияр, маринадталған қияр, сәбіз, картоп, қызанақ, салат жапырақшалары, ет т.б.

  • Майонез бен кетчуп.


ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

1. Алдымен етті турап, егер тауықтың еті болса қалыңдау, сиыр / қойдың еті болса жұқалап турап, майға қуырып, аздап тұз сеуіп, аздап су құйып бұқтырып қойыңыз. Сіз өзге өнімдерді турап дайындап болғаннан соң, отты жоғарылатып, тезірек суын кетіріп, қуырылған тауық етіп табадан түсіріп аласыз.

2. Ет пісіп жатқанда, тоңазытқыштан тапқан барлық көкөністерді ұзынынан турап, салат жапырақшасын жуып, тазалап дайындап қоямыз.

3. Артынша картопты теркадан өткізіп, крахмалы шығу үшін жақсылап суық суда жуып, салфеткада кептіреміз. Біраз суы кепкеннен кейін қатты қызып тұрған майға салып, араластырып тұрып қызарғанша пісіріп аламыз да, майы сіңу үшін салфеткаға түсіреміз. (Картопты дайындаудың әртүрлі тәсілі бар, өзіңізге ыңғайлысын таңдап алыңыз, теркадан өткізу міндетті емес. Тіпті дайынын дүкеннен сатып ала салсаңыз да болады.)



4. Бәрі дайын болғанда лавашты алып, дөнерді жинауды бастаймыз.



5. Лаваштың үстіне салат жапырақшасын қойып, үстіне ет пен барлық көкөністерді жинап шығасыз. Майонез бен кетчупты қалауыңызша қосасыз. Мен тек екі рет аз-аздан қостым. Ең үстіне картопты сеуіп, лавашты орайсыз.

6. Дайын дөнерді, духовкаға салып, екі жағынан қызартып аламыз. Духовка болмаса кәдімгі табаға астын аздап майлап жіберіп, екі жағын қыздырып аласыз.



7. Жеуге ыңғайлы болуы үшін фольгаға немесе пергамент қағазына орасаңыз болады.



ДӨНЕР ДАЙЫН! АС БОЛСЫН! 😋

P.S. Әріптер көп болғанымен, реалға келгенде дайындау көп уақытыңызды алмайды!

Тақырыбын "#Быстроивкусно: Döner kebab" деп жазғым келіп еді, «быстро и вкусноны» қазақшаға әдемі аудара алмай қойдым. Әдемі аудармаларыңыз болса пікір ретінде қалдыра отырыңыз.

Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша ақпарат артық болмас. Бастайық! :)
Әрі қарай

Мәзір: «Чебурек»

Аспаздық: Мәзір: «Чебурек»Чебурек (түрікше «çiğ börek») – түрік және моңғол халықтарының ұлттық тағамдарының бірі. Ашытқысыз қамырға ұсақтап туралған ет салындысын қосып, ыстық майда қуырып дайындайды. Ет орнына қой майы мен жуа, бұрыш қосып әзірлейтін түрі де кең таралған.
Әрі қарай

"Ас Кок" жылдам тағамдар байқауы!!!

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы!!!
КерекИнфолық қолданушылар бес, кейде алты, тіпті жетіаспап болып шығып жатады. Көбісінің ат қып мінівалған шеберліктерінің бірі — аспаздық. Керекинфоға салынған тамақ рецепттерін көрген «Мишлень эль Селер де кан Рока»ресторанының бас аспазы Брутто Нетто мырза әдемі фрагын киіп шығып, клиентінің «Бентлиінің» астына түсіп өліпті деседі аңыз.
Әрі қарай

Мәзір: Маффин

Маффин — дөңгеленген томпақ әрі алақанға сыйып кететін тәтті кекс түрі. Маффиннің негізгі 2 түрі бар: ағылшын және американ. Ағылшын түрі ашыған қамырдан дайындалса, американ түріне қопсытқыш не ас содасын қосып дайындайды. Менің нұсқамдағысы — американ маффині, тез әрі оңай мәзір.
Әдеттегідей…
Әрі қарай

Тағамдар шеруі

Сәлем бердік, керекші жамағат!  «Аспаздық» қауымдастығын тағы бір жазбамен толықтырмақ ниеттемін. Көп адамдар керекинфодағы ас мәзірлерді оқып, пайдаланып тұрады екен. Қуанышты жағдай, әрине!  Осыдан біраз уақыт бұрын да жекеде мәзір сұрағандар да болды. Қажеттілік барда неге жазбасқа?! Бірақ, байқауымша, көбісі күнделікті мәзірлердің құрамы, дайындалуы, кейбір артықшылықтары туралы сұрайды. Соған сәйкес, ендігіде жеңіл, тез әзірленетін және қолжетімді заттардан дайындалатын мәзірлерді назарларыңызға ұсынбақпын. Сонымен бастайық…

Әрі қарай

Мәзір: "Зебра" пирогы

Сәлем бердік «Керекинфо» қауымы.  Бүгін сіздермен бірге дайындайтын мәзіріміз: «Зебра» пирогы. Жылдам әрі дәмді пісетін тәтті пирогтың мен жасаған нұсқасын назарларыңызға ұсынайын. Онда, бастадық.  
Әрі қарай

Тәжірибе - 1

Өткен жолы Бальзаминка (Гүлшат) әпкеміз "қыздар, тәжірибе алмасайық" деп өз асханасынан дәм таттырған еді. Бүгін «алаған қолым — береген» (!) деп, мен де төмендегі рецептіммен бөліссем.
Әрі қарай