Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша ақпарат артық болмас. Бастайық! :)

Тазалық және «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде! l-)

Құрамы:
  • ет (бауыр, өкпе, жүрек т.б.)
  • 4-5 дана картоп
  • 2 дана пияз
  • 1-1/2 сәбіз
  • сұйық май, тұз, бұрыш

Аспаздық: Мәзір: Қуырдақ
Дайындалуы:
Қазанға сұйық май құйып, қыздырамыз. Етті турап, бауырдан өзгесін қуырамыз. Тұз салуды ұмытпаған жөн.

Аспаздық: Мәзір: Қуырдақ
Сәбіз бен пиязды ұсақтап турап, қуырылған еттің үстіне саламыз. Бұрыш сеуіп, жәй отта бұқтырамыз.

Аспаздық: Мәзір: Қуырдақ
Картопты турап, оны салмас алдында бауырды қосып қуырамыз. Сәл қуырылғаннан кейін картопты салуға болады. Үстіне жарты стақан ыстық су құямыз. (бұрын суды көп қосып жібереді екенмін)

Аспаздық: Мәзір: Қуырдақ
Жәй отқа қойып пісіреміз. Қуырдақ дайын! Үстіне пияз турап ұсынуға болады.

Аспаздық: Мәзір: Қуырдақ
Ас болсын! :)

P.S. Ағамнан күшті сыйлық! Енді менің балапандарым бар, яхуууу :))) Ол туралы кейінірек…
Бөлісу:

14 пікір

ken
осы бауыр, өкпе, бүйрек, жүрек дегендерді онша жей алмаймын.
өзіме ішкі органдардан көрі кәдімгі ет қосып дайындалған қуырдақ ұнайды, әсіресе қойдың қабырғаларынан жасалғаны
bizbike
өкпені қашан салған дұрыс?
AKA
Етті қуырамын, артынша өкпені де қосып жіберемін.
MamaAya
мен өкпені алдымен бөлек кішкене уақыт қайнатып аламын, неге екені белгісіз, мамам солай пісіретін, соны көшіру ғой біздікі… Және бауырдыкартоптан кейін саламын… Пісуге өте жақындағанда…
Arys_arlany
Мен 3-4 жыл бұрын ауылдан свежі ет әкеліп істеп көргенмін қуырдақ. Бауырды ең соңынан салған едім, одан сондай дәмді қуырдақ жеп көрмеппін ))))))))))))
пысы. қазір қайдан, асханаға жақындамаймын. Жұмыстан келгенде бірінші мойнымды асханаға жаққа бұрамын, иісі мұрынға келмесе, көңіл күй 0 ге түсіп кетеді.
zholantai
күні кеше бөлем екеуміз үйде қуырдақ жасау туралы айтқан едік
MamaAya
Аппетитно! Аранды ашарлық екен!)))) Жегім кеп отыр.
satibaldi
Өкпені қайшымен турай ма сендерде де? «Ет-қайшы» дегендер бар ма, әлде тырнақ алатынды шайып жіберіп, ұра бересіңдер ме?
AKA
Қайшымен өзіңіз турай беріңіз
Arys_arlany
расчетныйды алған соң істеп көрмесем
Anar70
тух, әпитет ашылып кетті)))) қуырдаққа сәбізді қоспасаңыздар керемет болады)