Рейтинг
0.00

Аспаздық

24 оқушы, 19 тақырып
/ / 14 / 5435 / 0
Мәзір: "Қуырдақ"

Сәлем бердік, достар! Керектің асханасына келмегелі біраз болыпты. Бүгін бұл "қателікті" түзеп жіберейін. Қуырдақтың мәзірімен таныстырмақ ниеттемін. Жалпы, мәзірдің құрамы мен дайындалуы көпшілікке таныс. Қосымша...

/ / 11 / 8702 / 0
Мәзір: «Чебурек»

Чебурек (түрікше «çiğ börek» ) – түрік және моңғол халықтарының ұлттық тағамдарының бірі. Ашытқысыз қамырға ұсақтап туралған ет салындысын қосып, ыстық майда қуырып дайындайды. Ет орнына қой майы мен жуа, бұрыш қосып әзірлейтін түрі де кең таралған. Менің нұсқамдағы чебурекке қажетті заттар : Қамыр үшін: 4 стакан ұн; 0,5 шәй қасық қант; 1 шымшым тұз; 3-4 ас қасық сұйық май; су (қамырдың иленуіне қарай). Салынды үшін:...

/ / 52 / 8232 / 0
Лағман

Шынымды айтсам, лағманды Алматыға келіп бір-ақ жеген шығармын. Біз жақта лағман созбайды, дайындамайды. Сол себепті де мен лағман соза білмеймін әлі күнге дейін. Алматы бізді көп нәрсеге жаман үйретін тастады ғой. Бұрын жемеген тамақтарымызға да үйірсек боп алдық. Мына досымның үйіне барған сайын «Лағман жасап берші» деп миын ашытып жіберемін. Бұл жігіт — осында жарияланған "Қара ала сырмақ" деген өлеңнің авторы («Болайын деп...

/ / 9 / 3537 / 0
Мәзір: Маффин

Маффин — дөңгеленген томпақ әрі алақанға сыйып кететін тәтті кекс түрі. Маффиннің негізгі 2 түрі бар: ағылшын және американ. Ағылшын түрі ашыған қамырдан дайындалса, американ түріне қопсытқыш не ас содасын қосып дайындайды. Менің нұсқамдағысы — американ маффині, тез әрі оңай мәзір. Әдеттегідей… 1. Тазалық! 2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде! 3. Мәзір құрамы: 1 құты қойылтылған...

/ / 0 / 2038 / 0
Бұрынғы қазақ халқының жылдық тамақтану үрдісі.

Біздің ата — бабаларымыз, яғни қазақ деген халық дұрыс тамақтанудың адам ағзасына қаншалықты тікелей әсер ететінін ешбір өзге халықтардан кем білмеген. Сол сияқты жылдың төрт мезгілінің де ағзаға қаншалықты әсері бар екенін,қай мезгілде қалай тамақтану керек екенін өте жақсы білген. Барлық дәрумендер тек қана көкөніс пен жеміс-жидектерде, болмаса балық, бақа-шаяндарда деген түсінік біздің аталарымызда ол заманда болмаған. Сонда да ғасырлар бойы өз...

/ / 17 / 19533 / 0
Тағамдар шеруі

Сәлем бердік, керекші жамағат!  «Аспаздық» қауымдастығын тағы бір жазбамен толықтырмақ ниеттемін. Көп адамдар керекинфодағы ас мәзірлерді оқып, пайдаланып тұрады екен. Қуанышты жағдай, әрине!  Осыдан біраз уақыт бұрын да жекеде мәзір сұрағандар да болды. Қажеттілік барда неге жазбасқа?! Бірақ, байқауымша, көбісі күнделікті мәзірлердің құрамы, дайындалуы, кейбір артықшылықтары туралы сұрайды. Соған сәйкес, ендігіде жеңіл, тез әзірленетін және...

/ / 60 / 4631 / 0
Иристен жасалған тәтті дәм

Мынау аспаздықта не жоғалтты демеңдер Жасаған мен емес, Әбіләкімнің жерлесі. Бұл тәттіні жасау өте оңай. Дүкеннен кәнігі ирис кәмпитін алып, оны қысқа толқынды пеште ерітеміз. Сосын шемішкінің дәнегін немесе жаңғақ араластырып, оны домалақтаймыз. Бітті, енді шаймен бұрқырата беруге болады. Біздер үйде желінбей қалған мюслиді араластырып жібердік. Сосын мынадай ірімшік пирогын жасады. Бұл енді маған қиындау, дайындалу жолы есімде қалмады....

/ / 34 / 4661 / 0
Әрі тәтті, әрі тиімді

Кокос жапсырылған, глазурьленген, қызыл, жасыл, сары түсті, не дәмі керемет емес, не сыртқы түрі онша емес пешенейлер болады ғой. Шамамен, мынадай: Дастарханда көп адам қол созбағасын, тұрып-тұрып көнеріп кететін де осылар. Бұларды не істейміз, тастаймыз ба? Біздің бөлмеде кокос жапсырылған печенье көөөп екен, оны ешкім жемейді. Тастауға обал деп ойланып тұрғанымда, есіме кішкентай кезімде анам жасап беретін тағам түсті. Ол өте жеңіл...

/ / 43 / 3523 / 0
Сүзбелі нан (сырник)

Үш күн демалыста достарымды бір тойдырайын дедім де, инет ақтардым. Біздің "Қағанатта" 600-700 теңгеге жеп жүрген ет, тауық өнімдерін гарнирімен бірге өзімнің дайындағаным арзанға түсетін сияқты көрінді. (Дәмі дәл сондай болмайды, әрине). Тауық етін біресе болгар бұрышымен, біресе сәбізбен қуырып, гарнирге күріш пісірдім. Дәмді болған сияқты (Болгар бұрышының килограмы 800 теңге деп тұр, ұжыс ) Негізі, айтпағым бұл емес....

/ / 26 / 3718 / 0
Қытырлақ тауықтар

Бөлмеде аз болатындығым себепті, қазанның қасында да көп жүрмеймін. Кеше инеттегі қазақша блогтарды ақтарып отырып, солақай қолдарыммен мына тағамды дайындап көрдім. Айта кетейін, қыздар, вордпрес ашылғалы бері мына блогтарға қайта кіруге мүмкіндік туды: 1. Аспаздық ; 2. Ақбантиктің дастарханы ; 3. Дәмді . Сонымен, кеше мен мына рецептімен қытырлақ тауықтар қуырдым. Мөлшерін көрсетпеймін. Мен де көз шамамен жасадым....

/ / 25 / 16302 / 0
Мәзір: "Зебра" пирогы

Сәлем бердік «Керекинфо» қауымы.  Бүгін сіздермен бірге дайындайтын мәзіріміз: «Зебра» пирогы. Жылдам әрі дәмді пісетін тәтті пирогтың мен жасаған нұсқасын назарларыңызға ұсынайын. Онда, бастадық.   1. Тазалық! 2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде! 3. Құрамы: — 4 дана жұмыртқа; — 50-70г сары май; — 200г қаймақ; — 300г қант; — 2 стакан ұн; — сірке суына басылған ас...

/ / 22 / 10442 / 0
Мен сізді жақсы көремін...

Жұма… Далада шелектеп жаңбыр жауып тұр. Көңіл-күйім күндегідей көңілді емес, сәл де болса жабырқау бар. Себебі, сағындым… Жаныма жігер, күш, сенімділік, бойыма қуат беретін, көңілімді көтеріп, бірге қуанатын, жылайтын да жан жырақтау болып тұрғаны… «Анашым! Сізді қатты сағыныппын, кеше ғана көрсем де, біраз уақыт көрмегендей күйде болам. Сіз сырқаттанып, ауырғанда жаным жай таппады. Іштей жылап, сыртымнан оны еш білдірмедім. Бар болғаны дұға...