Әрі тәтті, әрі тиімді

Кокос жапсырылған, глазурьленген, қызыл, жасыл, сары түсті, не дәмі керемет емес, не сыртқы түрі онша емес пешенейлер болады ғой. Шамамен, мынадай:

Дастарханда көп адам қол созбағасын, тұрып-тұрып көнеріп кететін де осылар. Бұларды не істейміз, тастаймыз ба?

Біздің бөлмеде кокос жапсырылған печенье көөөп екен, оны ешкім жемейді. Тастауға обал деп ойланып тұрғанымда, есіме кішкентай кезімде анам жасап беретін тағам түсті. Ол өте жеңіл жасалады. Құрамына желінбей тұрған шоколадты кәмпитті де, әлгіндегідей ешкім жемейтін печеньені де қосуға болады. Сонымен, құрамы:
— cүт;
— печенье үгіндісі,
— жаңғақ үгіндісі,
— тақта шоколад немесе оралған шоколадты кәмпиттер.


Әуелі кокос қосылған печеньені кокостан тазартып, үгіп алдым.

Одан кейін грек жаңғағын целлофан қалтаға салып, үстінен оқтаумен басып, майдаладым.

Сосын, жай отта пісіп тұрған сүтке «Рахат» тақта шоколадын бірнеше бөлікке бөліп, салдым.

Сүттің түсі мынадай болды.

Одан соң, печенье үгіндісін қостым.

Енді жаңғақ үгіндісін саламыз.

Нәтижесінде, тағам қойылып, мынадай болды.

Сосын, мен ерігіп жүріп, оны босаған кәмпит қорапшасына салдым да, тоңазытқышқа қойдым. (Тоңазытқышқа қойған пайдалы дейді).

Былай қарасаңыз, қойыртпақ тағам. Десе де, ысырап қылмау үшін және қолдағы бармен жасай салуға жақсы нәрсе. Ас болсын!
Бөлісу:

34 пікір

Korkem
Пәлі, Розатай, фантазияңыз джынД кен. Қолыңыз дерт көрмесін.
Rozatai
ел-жұрт Жалғастың үйінде қиқулап жатқанда, мен отырмын осының суреттерін салып
Korkem
мен уаще шәйнекпін
Gastarbaiter
Ыххахахаха))))
Korkem
еЖалғастың постын оқып, енД-енД миыма бірдеңке кірді) Оның несіне күлдіңіз?
Rozatai
күлкісі келгесін күледі да
satibaldi
Фэнь-шуймен айналысатындардан естігенмен: печеньеге не деп жазсаң, пешенеңе де сол жазылатын көрінеді.
Korkem
 әркім өз печенесін өзі пісіре ма?
satibaldi


Неткен жан тебірентерлік тәрелкі
Rozatai
Әбщагада тұрамыз, ағасы  Көбіне сынбайтын ыдыстар тиімді
satibaldi
Формасын айтам
Rozatai
иии, біліп отырмын. Формасын айтсам, бәрібір пластмасса болғанына прикол ұстайсыз, сосын жазғам
satibaldi
Не-не, бірақ қайыршыларға ешқашан күлген емеспін.
Rozatai
Қайыршылар? ааа?
AKY
алдоу, жәнем-ау
ken
ммм… жегім келіп кетті (негізі, кеткен жоқ. әлі жегіп келіп тұр)
AKA
Вааай, вай!  Таңертеңгілік сапарға алып барасың ба? Жолың болсын иии, жақсы демалыс тілеймін.
Rozatai
Сначала, кідәй жүрек!
Содан кейін: апармаймын, оны кімнің аузынан табамын, көзге тамызамын ба?
Nurshat
Неткен үнемшілдік, барған жеріңді бай қыларсың, қарағым…
Aikona
поварлық курс оқып жүрсің бе? че то дәмді посттар көп жазып жүрсің ғо
Rozatai
иии, жоға, желание ашылып жүр, көктем ғой
sammita
осыған ұқсас дәмді қоспа есіме түсіп отыр. Печеньені үгітіп, еріген сары май, қант қосылады. Печенье орнына қызыл ірімшік* қоссаң ващще күшті болады (бұны қоспа деп атаймыз). Қоспа қоймалжың емес, үгітіліп тұрады.
*- сүтті ірімшік сарғайғанша ұзааааақ қайнату.
Rozatai
рахмет, Саммита! Алдағы уақытта жасап көруге болады екен
Aya
Мяяя, Роз, ана бір төрбұрыштың біреуін лақтырсаң кәйтеді біз жаққа да))))
Жоқты бар ғып ұқсатқаның жақсы екен
Rozatai
барған жеріңді бай қыларсың, қарағым…
деген еді Nurshat
araika
Анау пешенейлер ауылдағы той-томалақтан қайтқан сөмкелерден көп шығушы еді, мен тастап жібереді екенмін
Rozatai
мен де лақтырам ғой, мынау тек еріккен кезде жасай салған показуха ғой