Тағамдар шеруі

Сәлем бердік, керекші жамағат!  «Аспаздық» қауымдастығын тағы бір жазбамен толықтырмақ ниеттемін. Көп адамдар керекинфодағы ас мәзірлерді оқып, пайдаланып тұрады екен. Қуанышты жағдай, әрине!  Осыдан біраз уақыт бұрын да жекеде мәзір сұрағандар да болды. Қажеттілік барда неге жазбасқа?! Бірақ, байқауымша, көбісі күнделікті мәзірлердің құрамы, дайындалуы, кейбір артықшылықтары туралы сұрайды. Соған сәйкес, ендігіде жеңіл, тез әзірленетін және қолжетімді заттардан дайындалатын мәзірлерді назарларыңызға ұсынбақпын. Сонымен бастайық…



Ескерту: Мәзірлер өз дайындау әдісім бойынша жазылды.
«Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен және тазалықпен бастаймыз.

1. «Бауырсақ және жеті шелпек»



Құрамы:
— 5-6 стакан ұн;
— 1 стакан жылы су немесе сүт;
— 1 шәй қасық ашытқы;
— 1 шымшым тұз.
Дайындалуы: Аталған заттарды үлкен ыдыста араластырып, қамырды жылы жерге көтерілгенше қоямыз. Қамыр ашып, көтерілген соң, ыстық майда қуырамыз.
Қосымша: Кейде қамырға қант қосатындар да болады. Бірақ қантты көп салу, бауырсақтардың сыртының қүйіп пісуіне әкеледі. Қамырға қаймақ, сұйық май да қосуға болады.

2. «Ет»



Құрамы:
— ет (сиыр, қой, жылқы, тауық т.б еті, қазы-қарта, жал-жая т.с.с.)
— 4-5 дана картоп;
— 2-3 дана сәбіз;
— тұздық (жуа+сорпа);
— қамыр (ұн+су+тұз+жұмыртқа).
Дайындалуы: Қазанды сумен толтырып, етті саламыз. Ет пісуге аз уақыт қалғанда, аршылып тазаланған картоп пен сәбізді қосамыз. Барлығы піскен соң, ыдысқа сүзіп алып, қамырды жайып, оны кесіп, ет піскен сорпаға саламыз. Қамыр піскен соң, табаққа қамырды сүзіп аламыз да, үстіне тұздық құямыз. Сонан соң ет, картоп пен сәбізді турап салады. Сорпа кеселерге құйылып, таратылады.

3. «Расстегай» немесе «Самса»



Құрамы:
— қамыр (ұн, ашытқы, жұмыртқа, тұз, су)
— қоспасы/начинка (фарш, жуа, тұз, бұрыш, жұмыртқа)
Дайындалуы: Қамырды аталмыш заттардан дайындап, жылы жерде 30 минут ұстаймыз. Жарты сағаттан соң қамырды тағы бір қайтарып, 1 сағатқа жылы жерге қоямыз. Қамыр көтерілген соң, қоспаны арасына салып, бүреміз. 180 градус ыстық пеште пісіреміз.
Қосымша: Қоспа ретінде үккіштен өткен асқабақ, сәбіз, туралған қырыққабат т.б. пайдалануға болады.

4. "Қуырылған балық пен картоп"



Құрамы:
— балық;
— 5-6 дана картоп;
— 2 дана сәбіз;
— 1 дана жуа;
— қырыққабат;
— аскөк, тұз, бұрыш, қызанақ.
Дайындалуы: Тазаланаған балықты ыстық майда ұнға аунатып алып, қуырамыз. Картоп, сәбіз, жуа, қырыққабатты орташа ірілікте турап, майда шамалы қуырып, тұз, бұрыш, қызынақ саламыз. Үстіне ыстық су құйып, бұқтырамыз. Бұқтырылып піскен көкөністер дәмді әрі балыққа таптырмас дәм болады.
Қосымша: Көкөністерді ірілеп турау арқылы езіліп кетуден және олардың өз сөлінде жақсы пісуіне мүмкіндік болады.

5. «Палау»



Құрамы:
— 3 кесе күріш;
— 3-4 дана сәбіз;
— ет;
— 1 дана жуа;
— тұз.
Дайындалуы: Алдымен ыстық суға күрішті тазалап, салып қоямыз. Қазнға май құйып, етті, жуа мен сәбізді қуырамыз. Біраз қуырылған соң, үстіне су құйып, бұқтырамыз. Сәлден соң, ыстық судағы күрішті алып, қазанға саламыз да, тегістеп жаямыз. Суы біраз тартылғаннан кейін, күріштің әр жерінен ойық жасаймыз. Газды басып, күріштің пісуін күтеміз.
Қосымша: Күрішті салғаннан кейін араластырмаған дұрыс. Оның орнына әр жерінен ойық қалдырған жөн. Сол кезде еті астында, үстінде күріші болып піседі. Бұл әрине сәбізді онша жемейтіндер үшін жақсы.

Пы.сы. Бұл мәзірлерді Сіз білуіңіз мүмкін, бірақ жоғарыда айтып өткендей, кейде қарапайым болып көрінетін мәзірлердің де жасалуы жайлы білмей қалатынымыз бар. Қажет деп тапсаңыз түртіп аларсыздар. Келесіде тәтті тағамдар жайлы сөз қозғамақ ниет бар. Амандықта жүздескенше!
Бөлісу:

17 пікір

Erkekyz
Не ғой, булочканың дайындау рецептісі бар ма? Мүмкіндігінше оңай, әрі жылдам дайындалатын.
AKA
Маған да сол керек еді негізі, бірақ бұрын мына әдіспен дайындап көргем, тез және оңай екен.
Korkem
Не ғой, булочканың дайындау рецептісі бар ма?
Бар! )))
AKA
АйтҚойдым ужі
Korkem
ой)) байқамаппын)
ken
ештеңе етпейді
Korkem
Екі жылдан кейінгі жауап))))
Aikona
Торт, құймақ, пирогтар, бәліштер салшы көп қып
bazuka
пирог. құрамы: печенье(ұнтатылып қалғанбола береді), сары май, сүт, 4 жұмыртқа, шекер 0,5 стакан, сұйық май 0,5 стакан, жылытылған сүт. Жасалуы: печеньені ұнтатып, сары май және сүтпен араластырып жақсылып, пирогты пісіретін ыдысқа қалыпқа келтіріп саласыз да салқындатып қойңыз тоңазытқышқа,(уақытын есептемеппін, мен начинкасын жасап алғанша қоямын 10-15мин) сосын 4 жұмыртқаға шекер, сұйық май, сүт араластырып жаңағы пирогтың үстіңе құясыз да пешке қоясыз, пешке жай қызуға қойсаңыз жарай береді. айтпақшы мейіз, өрік, жаңғақ қосуыңызға болады өз қалауыңызға орай.
bazuka
Ака өте пысықсыз! Күрішті әртүрлі әдіспен әзірлеп жүргем, мына рецептіңіз бойынша әзірлеймін енді.
jako_83
ыстық майда ұнға
ұнды ысытама?
AKA
Ұнды ысыту?!  Балықты ұнға аунатып, ыстық майда қуырады.
VKM
АКА, жарайсың! Тәтті піскен шығар.
Мен де 1 оңаааай пирогтың рецептін жаза салайын,қыздарға керек болар:
2 жұмыртқаға 1 стакан қант қосып, блендермен жақсылап араластырып аласыз.1 стакан қаймақ қосып, кішкене соданы уксуспен сөндіріп аласыз да,2стакан ұн қосасыз. Табаны майлап алып, жылы духовкаға ,180 градусқа қоясыз.20 минуттай тұрсын, сосын температураны біраз азайтуға болады, Мен бетіне ерінбегенде крем жасай саламын, ал былай сгущенка жаға саламын.
Тееез жасалады, дәмді)))
ruben
Етте бадырайған «ЕТ» деген жазу неге жоқ? Соған қарағанда, тиісті бағасы алынбаған ба?  Әлде қалған суреттерді ажырата алмай қалармын деп қорықтыңыз мы?
AKA
Сіз бар ғой…  Басқаларында 2-3 фотодан болған соң, коллаж жасадым, сосын жаза салғам ғой. Ет асу осал тұсым, мойындаймын, бірінші рет жасадым ғҰә. Сосын ғой картоп көп боп тұрғаны
aizhanka
rahmet sizge, palaudi duris azirlei almauwi edim,