Мәзір: «Чебурек»

Менің нұсқамдағы чебурекке қажетті заттар:
Қамыр үшін:
- 4 стакан ұн;
- 0,5 шәй қасық қант;
- 1 шымшым тұз;
- 3-4 ас қасық сұйық май;
- су (қамырдың иленуіне қарай).
Салынды үшін:
- пісірілген тауық еті;
- 2 дана жуа;
- аскөк, тұз, бұрыш.
Дайындалуы:
Алдымен аталған заттармен қамыр илейміз. Қамыр қатты да, тым жұмсақ та болмауы керек. Ашытқысы болмағандықтан ұзақ күтпейміз, тек 10 минутқа жылы жерге бетін жауып қоямыз.

Сол аралықта пісірлген тауық етін (дайын гриль пайдаландым) және аскөк, жуаны ұсақтап тураймыз. Аскөктің көп болғаны жақсы. Тұз, бұрыш басқа да дәмдеуіштермен дәмін келтіреміз.

Салынды дайын болған соң, қамырды бірнеше кішкентай бөліктерге бөліп жаямыз. Қамырдың жұқа жайылғаны дұрыс.

Қамыр арасына салынды салып, жиектерін шанышқымен басып жабыстырамыз. Піскенде түрі де әдемі көрінеді әрі қамырдың салындысы шашырап кетпейді.

Енді ыстық майға екі жағын аунатып пісіреміз.


Сарғайып піскен соң чебуректің майын сіңдіріп алу үшін таза салфетка үстіне қойып алған жөн.

Чебурек дайын, артық қалған қамырды ұзыншалап кесіп, былайынша да қуырып алсаңыз болады.
Ас болсын!


П.С. Чебуректің қамыры жұқа және салындысында жуа мен аскөктің мол болғаны жақсы. Салынды ретінде пісірілген жұмыртқаны майдалап турап дайындауға да болады. 15 минут болмаса да, ең жеңіл әрі тез дайындалатын мәзір!
қамырдың иін қандыру керек, сонда піскенде қамыры қытырлап, жұқа болып піседі. 1 қасық қант қосса өзгеше дәм береді.