Сүзбелі нан (сырник)
Біздің "Қағанатта" 600-700 теңгеге жеп жүрген ет, тауық өнімдерін гарнирімен бірге өзімнің дайындағаным арзанға түсетін сияқты көрінді. (Дәмі дәл сондай болмайды, әрине). Тауық етін біресе болгар бұрышымен, біресе сәбізбен қуырып, гарнирге күріш пісірдім. Дәмді болған сияқты
(Болгар бұрышының килограмы 800 теңге деп тұр, ұжыс )
Негізі, айтпағым бұл емес. Инеттен қарап отырып, сырник (осының қазақша дұрыс баламасын аудармашылар айтып жіберсе, қатып кетер еді) дайындадым. Ол үшін:
— 250 грамм майлы сүзбе (сатушы маған обезжиренный сүзбе беріп жіберіпті);
— 1-2 дана жұмыртқа;
— жарты стақан ұн;
— 2-3 ас қасық қант;
— бір шымшым тұз;
— Тағам дайын болғасын, оны дастарханға тосап, қаймақ, қойылтылған сүтпен (сгущенка) бірге қойсаңыз болады.
Әуелі ұн, сүзбе, жұмыртқа, тұз, қантты бір ыдысқа салып, жақсылап араластырамыз. Майлы сүзбені алдын-ала миксермен араластырып алуға болады (Жатақханада қайдағы миксер )
Араластырғанда төмендегідей болады:
Сосын, осы қоспаны ұнға аунатып, дөңгелек формаға келтіреміз.
Сосын екі жағы қызарғанша жақсылап қуырамыз.
Қорытындысында:
Қаймақпен және тосаппен
Пыс: Инетте сырниктің әр түрлі, күрделі рецептері бар. Мынау — ең қарапайым түрі. Ас болсын!
Араластырғанда мынадай қойыртпақ қамыр емес, үгітілген басқаша болып шығады. Оны қасықпен алып, ұнға аунатамыз.
Сурет түсіруге ебім жоқ, айып етпе
Сырники деп қалдырсақ, қалай болады? Бұрын қазақтың дайындамаған асы болғандықтан, аударуды аса хош көрмей тұрмын.
Мен бәрін араластырғаннан кейін құрғақ ұнға былғамай, былайша салады екем. Енді сенің тәсіліңмен жасап көрмесем…