"Ас Кок" жылдам тағамдар байқауы!!!
КерекИнфолық қолданушылар бес, кейде алты, тіпті жетіаспап болып шығып жатады. Көбісінің ат қып мінівалған шеберліктерінің бірі — аспаздық. Керекинфоға салынған тамақ рецепттерін көрген «Мишлень эль Селер де кан Рока»ресторанының бас аспазы Брутто Нетто мырза әдемі фрагын киіп шығып, клиентінің «Бентлиінің» астына түсіп өліпті деседі аңыз. Ендеше осы өнерді дәріптеу әрі шеберліктің көкесін көру үшін «Ас Кок» жылдам тағамдар байқауын жариялап отырмыз.
Байқаудың тақырыбы: 15 минут ішінде дайын болатын кез-келген тағам (халал!) түрін дайындау.
Байқаудың мақсаты: Домбыра Пати сияқты — мақсатсыз.
Шарттар:
- Тағам бас-аяғы он бес минут ішінде дайындалу керек.
- Мейлінше қарапайым ингредиенттерден жасалуы тиіс. Қарапайым деп ең алдымен арзандығын айтып отырмыз.
- Рецептте тағам дайындаудың әрбір сатысы уақытпен және суретпен көрсетілуі тиіс: мысалы, «4 минут бұқтырвалып» немесе «2 минут қуырып» деген сияқты. Көрсетілген уақыттардың сомасы — 15 минуттан аспауы тиіс.
- Авторлық рецепттерге басымдық беріледі.
- Пайдаланылатын ингредиенттердің аздығы;
- Пайдаланылатын ингредиенттердің арзандығы;
- Пайдаланылатын ингредиенттерді түнгі 01:00-ден кейін дүкеннен табу мүмкіндігі;
- Пайдаланылатын ингредиенттерді көршіден қарызға сұрап алу мүмкіндігі;
- Дайындауға кететін уақытының аздығы;
- Рецепттің ұғынықты жазылуы;
- Пайдаланылатын ыдыстардың аздығы және қарапайымдылығы;
- Дәмділігі.
Қазылар алқасы:
Оразов Аршат Мұратұлы — «Туризм және қонақ үй менеджменті» маманы;
Алан Данияр — тарихшы-дизайнер;
Сағынған Маралбек — журналист;
Кербабаев Сатыбалды — IV санаттағы электрик.
Қазылар алқасы мен оларға сыбайлас тұлғалар байқаудан тыс формада ғана қатыса алады.
Жүлделер:
I орын — 7(жеті) дана бейшпакет (жеделлапша)+1 банка кола + КерекИнфо атынан жүлдегер сертификаты:
II орын — 5(бес) дана жылдам картоп пюресі +1 банка кола+КерекИнфо атынан жүлдегер сертификаты:
III орын — 3 (үш) дана сыртында жылдам көже+1 банка кола+ КерекИнфо атынан жүлдегер сертификаты:
Аймақтан шыққан жүлдегрлерге сыйлық пошта арқылы жіберіледі.
Қолданушы рецептті осы қауымдастықта өз бетінше жариялауы тиіс. Жазба — кез келген мүмкін формада (мәтін, сурет, таспа, тіпті подкаст) қабылдана береді.
Байқау қорытындысы 2013 жылдың 20 тамыз күні шығады.
Барлығыңыздың қатысуларыңызды сұраймыз! Назарбаударып оқығандарыңызға рахмет!
— тек қана осы қауымдастыққа салынуы керек жазбалар
— жасалған тамақтың дәмінен бұрын эстетикалық әдемілігі маңызды (әрине лоқсымай, іш кетпей желінетіндей болуы да керек)
— посттың орналастырылуы да маңызды
— суреттерді мейлінше эффектілер арқылы орналастырыңдар инстаграмдарыңдыссс
— қатысушылардың жынысы тек еркек немесе әйел болуы да шарт, басқа жыныс түрлерінікі қабылданбайды
ЕСКЕРТУ: байқауға қатысқан тамақтарды жасаған кезде зардап шегіп жатсаңыздар біз жауап бермейміз.
Әлбетте, бірнеше мәзір ұсынып, бақталастарыңды боз-боз жылатуға мүмкіндік бар!
сынау ма, мінеу ма бірдеңе секілді көрініп бараТ