Мәзір: Маффин

Маффин — дөңгеленген томпақ әрі алақанға сыйып кететін тәтті кекс түрі. Маффиннің негізгі 2 түрі бар: ағылшын және американ. Ағылшын түрі ашыған қамырдан дайындалса, американ түріне қопсытқыш не ас содасын қосып дайындайды. Менің нұсқамдағысы — американ маффині, тез әрі оңай мәзір.
Әдеттегідей…

1. Тазалық!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Мәзір құрамы:
  • 1 құты қойылтылған сүт;
  • 2 дана жұмыртқа;
  • 1 шай қасық қопсытқыш;
  • 2-2,5 шай қасық мак;
  • ванилин, какао;
  • 5-6 ас қасық ұн;
  • даршын және қант ұнтағы.

4. Дайындалуы: Аталған заттарды үлкен ыдысқа ретімен салып, жақсылап араластырамыз. Арнайы формаға жартылай құйып, ыстық пеште 180 градус температурада 20-25 минуттай пісіреміз. Пісу уақытында пешті ашпаған дұрыс. Маффин піскен соң, таза матаға аударып суытады және үстіне қант ұнтағы мен даршын себеді. Маффин дайын, ас болсын!

П.С. Дәл осы құраммен тек формасын өзгертіп пирог әзірлеуге де болады. Маффиндердің арасына түрлі құрғақ жемістерді турап не джем, тосап қосса тіпті әрлене түседі.
П.С.С. Аптаның үздіктерінен тыс жазба. Керектің «Аспаздық» блогы үшін
Бөлісу:

9 пікір

asaubota
басқа кекстерден айырмашылығы қандай? мак па?
neoaskar
мә, ораза кезінде мұндай жазбаларды жазбашы, қарынды одан сайын ашытып жіберді ғой,
жасағандар дәмді болсын. әдемі дайындалғаны көрініп тұр… қолыңа дерт бермесін
Aikona
АКА, жарайсың!!! Осы демалыста жасап көрем
bazuka
Ака күшті! Сәбізді үккіштен өткізіп қосқанда жақсы шығады, күшті дәм береді.
AidaKali
угу АКА алтын қызынан сол дәмді көрнед сұлу қыз бірақ бірақ менің қолымнан сол баяғы қамыр қиын жағдай жазда да печь қосып істей бересің бе ыстық нәрселерді? ал мен пешпен пісіруді қойдым неге кенен, үйге кеп не до печь очм от қыста печьпен ету қызық етін

жазда ажь істеген салат/жаңа тағамдардың пост ілуге, суретке түсруге ерніп кеттім сендердің ыстықпен кухняда тұрып үй-ішінді қуанту енді ерлік жаным
AKA
Ауызашарға дайындала бастағанда, қонақ келгенде мамаға көмектесем, керек емес десе де. Ыстық пештің «көкесі» де сол кезде болаД. Бірақ әлі қиналып, шөлдеп қалатындай болмадым қайта, шүкір.  Қазір қамырдан онша жасамайм қайта, араластырып-араластырып пісіре салатындар, рахат
Daniar-Alan
огго  жанкүйеріңмін