Тер шығарар
Алдап тұрған жоқпын. Бұл шынымен тер шығаруға көмектесетін пост.
Жақсылап сорпа ішкің келетін, бірақ, кәдімгідей үлкеееен тамақ істеуге ерінетін кездеріңіз болатын шығар? Ондайда мынау бір таптырмайтын ас. Қарапайымдығы да Джейми Оливер ұялып қалатын деңгейде.
Керегі бір уыс күріш.
Үйдегі кастрюль/қазанның біреуін алып, ішіне толтырып су құйып, күрішті салып, қайнатасыз. Тұз саласыз, бұрышты қалауыңыз білсін. Сатырлатып қайната берсеңіз, күріш он-он бес минутта піседі.
Енді майға бөктірілген сардина керек.
Консервіні ашасыз да, қайнап жатқан күріштің үстіне құя саласыз. Тағы екі минут, сорпа дайын. Анау-мынау емес, балық сорпасы. Терлеп отырып, бір тілім нанмен соғып алыңыз.
Айтпақшы, фантазияңыз бен шкафтағы ингредиенттердің молдығы мүмкіндік беріп жатса сорпаны түрлендіре түсуге болады. Ең жиі кездесетін варианты жуа мен картоп қосып жіберу.

тек байқау шарттарына келуі үшін жасалған суреті керек еді.
а так, мен «тер шығарардың» бетіне кілкіп шыққан майды айтқам.
Сардинаны бір керегі болар деп алдын ала сатып алып қою есептеле ме?
ингредиенттерім:
2 орта картоп, 1 кеседей күріш, 1 консерві балық
суды қайнатып алдым да күрішті салып қоя бердім. ол пісе бергенше картоп аршып, тез піссін деп кішкентай кубик қылып кестім. универсал приправа да дайындап қойдым
сосын бәрін суға салып жібердім. балықтың бәрін салмай тамақ піскенше қалғанын нанмен жеп тұрдым. түк те экспресс тамақ емес екен, 40 минуттай уақытым кетті. рахаттанып соғып алдым бір тарелкасын. қалғанын ертең ішемін.
Бір уыс күріш ~ 150 гр. ~ 55 тг;
Сардин ~ 170 тг
БАРЛЫҒЫ: ~225 ТГ.
ИП «Манапова Зубайра»