Мәзір: 12,7 минуттық десерт
Әлемдегі ең қымбат балмұздақ 25000 доллар тұрады екен. Нью Йорк қаласындағы мейрамханада дайындалатын бұл балмұздақ «Frozen Haute Chocolate» деп аталады екен.
Мен сіздердің назарларыңызға ең арзан, тәтті әрі жылдам дайындалатын десерт ұсынбақпын. Ең қымбат балмұздақтан кем емес! Гордон Рамзи, Ален Дюкасстардың өзі уішеД
Құрамы:
- 2 балмұздақ («Ностальгия» балмұздағы);
- 2 дана печенье;
- 2-3 дана шоколад кәмпит;
- 25гр «Snickers» шоколады.
Құны:
2 балмұздақ — 40теңге х 2 = 80 теңге
2 дана печенье — 16 теңге (бір қорабы 80 теңге/10дана)
25гр «Snickers» — 50 теңге (жартысы ғана керек, жалпы құны — 100 теңге)
2-3 шоколад кәмпит — 30 теңге
Барлығы — 176 теңге
Дайындалуы:
Шамамен 4,2 минутта печенье мен шоколадты үккіштен өткізіп аламыз.
5,6 минут десертті ыдысқа салып, әрлеу жұмысына кетеді. Алдымен, балмұздақты бірнеше бөліктерге бөліп саламыз, үстіне печенье + шоколад + кәмпит үгіндісі. Дәл осы ретпен екі қатар жасаймыз. Ең үстіне қалған балмұздақты құйып, шоколад үгіндісімен әрлейміз.
Қалған 2,9 минутта десертті тоңазытқышқа қойып аламыз. Десерт дайын, ас болсын!
П.С. Печенье мен кәмпит кез келген үйде табылады деп ойлаймын, мейлі ол қандай болмасын. Кейде тіпті желінбей біраз тұратындары да бар. Жоқ деген күннің өзінде суреттегідей арзан, шағын түрін табуға болады. Сол үшін сізге тек балмұздақ алу ғана қалды. Ал, балмұздақ жаз айларында кез келген дүкеннен табылады. Бастысы, кафеге барып осындай десертті 600-700 теңгеге сатып алғанша, максимум 200 теңге + 12,7 минут шығындап дайындасаңыз болғаны.
П.С.С. Десертті екі қабаттан жасағандықтан тым тәтті болыпты, сол үшін бір ғана қабатпен жасай беруге кеңес беремін. Байқау негізі тағамдар туралы екен ғой, менікі десерт болғандықтан байқаудан тыс болып қала берсін. Оразаларыңыз қабыл болсын!
"Өнер-халықтыкі" ©В.И. Ленин.
кеше Эпол'ь-ға жасап бердім, супер семейка пломбирдан) ұнаттым дид тек бәрі жұмсақ + бірден қатты болып кетеді сникерсті жері дид ұнатпадың ба десем, жоқ ұнайды тек келесіде сникерссіз жаса деді, бірақ өзім дәмін көрмедім қалай болды кен, үстіне, осылай оформление деп балмұздақ үшін, абрикостар салдым, цвет.гамма жақсы шықты.
АКА мәзірге көп рахмет