Қисаңдатып жүруші едік

Кезінде «Love is...» деген сағызды қисаңдатып, дәмі кеткеніне бір жылдан астам уақыт болса да шайнап жүруші едік қой. Нағыз ауызымыз талып қалса, құлақтың артына жапсырып, іш пысқанда алып жіберіп тағы да қисаңдатуды бастайтынымыз тағы бар.
Әрі қарай

Бала махаббат...

Екеуі колледжден бүгін де бірге қайтты.Әдеттегідей алдымен қалалық саябақтың адам аз жүретін жолдарымен қол ұстасып келеді. әлденені айтысып күлісті. содан кейін тұра қалып көзбен өбісіп, еріндері еріндеріне тие бергенде сарғайған күзгі жапырақтың бірі үзіліп түсіп екеуінің еріндерінің ортасында қалды…
Оянып кетті.Бұның бәрі бала жігіттің түсі еді. Иә, бұл оған ғашық.Ол қызды ұнатпайтын жігіт кемде-кем.Бірақ, ешбірі дәл бұл тәрізді сүйе алмас.Дәл түсіндегідей қол ұстасып жүргісі келеді,қосыла күлгісі келеді, бірақ, жеме-жемге келгенде қызға батып сөз айта алмай қалады.Қыздың қай аялдамадан түсетінін де біледі. Алдынан гүл алып шығып тосып алмақ та болған.Гүлді алды да, тосып та алды.Бірақ көзімен ғана тосып алды.Көзімен шығарып салған соң гүлді қоқыс жәшігіне лақтырып жіберді. Өзінің дәрменсіздігіне ызаланып қоқыс жәшігін аяғы ауырғанша тепті. Тағы бірде қолына екі балмұздақ алып алдынан шықты.Қыздың үнемі қандай балмұздақ жейтінін де біліп алған еді.Бұл жолы да ішкі сезімін жеткізе алмады.
Ендігі күйі мынау.Күнде бір түсті көретін болыпты.Қыздың нөміріне смс жазып сезімін білдіруге жігіттік намысы жібермейді.Жоқ, қалайда бүгін өз сезімін білдіру керек.Білдіре алмаса ше? Көзі кеше өзіне даярлап қойған, кереуеттің астында жатқан қысқа арқанға түсті…
Әрі қарай

Балмұздақтың туған күні құтты болсын!

Бүгін яғни маусымның 8 — ші жұлдызы барлығымыз жақсы көретін БАЛМҰЗДАҚТЫҢ туған күні екен шын жүректен құттықтау жолдаймыз. Жалпы өмірінде балмұздақ жемегенадам қазіргі уақытта жоқта шығар. Сондықтан балмұздақтан дәм татқандар, күнде жейтіндер
Әрі қарай

Эстафета. Эпатажды эпопея - қызыл балық.

Дінмұхаммед ұсынған трапеза-кезек. Тамара Тамақ асар.

Істелуіне аз уақыт, минимум еңбек жұмсалатын әрі тез дайын болатын ауқатқа зәруміз делік. Тоңазытқышта тіскебасар провианттан қызыл балық бар деп қиялдайық. Төменгі сөрелерінде гарнирге лайықты кәкір-шүкір. Болды, енді турау-отқа қоюға ыңғайласамыз.

Аздап қыздырылған табаққа майдалап туралған пияз, ол қызғылт түске ауыса берген тұста орташалау туралған картопты үйеміз үстіне. Қалауымызша тұздаймыз. Ортадан жоғары отта 20 минуттай уақыт ішінде пісуі керек. Түбі қатып қалмауы үшін араластырып тұрыңыз.

(1133.63 Kb, 2592x1944)

Балбырап тұрған қызыл балықты жуып аламыз.
Әрі қарай