Мәзір: 12,7 минуттық десерт

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: 12,7 минуттық десерт
Әлемдегі ең қымбат балмұздақ 25000 доллар тұрады екен. Нью Йорк қаласындағы мейрамханада дайындалатын бұл балмұздақ «Frozen Haute Chocolate» деп аталады екен.
Мен сіздердің назарларыңызға ең арзан, тәтті әрі жылдам дайындалатын десерт ұсынбақпын. Ең қымбат балмұздақтан кем емес! Гордон Рамзи, Ален Дюкасстардың өзі уішеД

Құрамы:
  • 2 балмұздақ («Ностальгия» балмұздағы);
  • 2 дана печенье;
  • 2-3 дана шоколад кәмпит;
  • 25гр «Snickers» шоколады.

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: 12,7 минуттық десерт

Құны:
2 балмұздақ — 40теңге х 2 = 80 теңге
2 дана печенье — 16 теңге (бір қорабы 80 теңге/10дана)
25гр «Snickers» — 50 теңге (жартысы ғана керек, жалпы құны — 100 теңге)
2-3 шоколад кәмпит — 30 теңге
Барлығы — 176 теңге

Дайындалуы:
Шамамен 4,2 минутта печенье мен шоколадты үккіштен өткізіп аламыз.

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: 12,7 минуттық десерт
5,6 минут десертті ыдысқа салып, әрлеу жұмысына кетеді. Алдымен, балмұздақты бірнеше бөліктерге бөліп саламыз, үстіне печенье + шоколад + кәмпит үгіндісі. Дәл осы ретпен екі қатар жасаймыз. Ең үстіне қалған балмұздақты құйып, шоколад үгіндісімен әрлейміз.

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: 12,7 минуттық десерт
Қалған 2,9 минутта десертті тоңазытқышқа қойып аламыз. Десерт дайын, ас болсын!

Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: 12,7 минуттық десерт

П.С. Печенье мен кәмпит кез келген үйде табылады деп ойлаймын, мейлі ол қандай болмасын. Кейде тіпті желінбей біраз тұратындары да бар. Жоқ деген күннің өзінде суреттегідей арзан, шағын түрін табуға болады. Сол үшін сізге тек балмұздақ алу ғана қалды. Ал, балмұздақ жаз айларында кез келген дүкеннен табылады. Бастысы, кафеге барып осындай десертті 600-700 теңгеге сатып алғанша, максимум 200 теңге + 12,7 минут шығындап дайындасаңыз болғаны.

П.С.С. Десертті екі қабаттан жасағандықтан тым тәтті болыпты, сол үшін бір ғана қабатпен жасай беруге кеңес беремін. Байқау негізі тағамдар туралы екен ғой, менікі десерт болғандықтан байқаудан тыс болып қала берсін. Оразаларыңыз қабыл болсын!
bk
Бөлісу:

24 пікір

Korkem
Біздің Ленгердің балмұздағы сіздер жақта жүр екен ғой, оның үстіне қымбат екен. Балмұздақтың отаны Леңгірде ностальгия 25 теңге тұрады))) Құштііі
Соңғы түзету:
toha9566
охо сен то же ленгерде турасын ба
Ispek92
Бізде 40-ақ теңге ол балмұздақ
AKA
Ом манэ, 25?! «Стаканчик» те 25 теңге емес бізде, сіздер енД Шымкент қой.
Aidakonya
бізде 90 теңге, маған өте ұнады бүгін істеп көремін)
satibaldi
Уау!!!
"Өнер-халықтыкі" ©В.И. Ленин.
Arys_arlany
AKA тәттісің! Мына десертің әскердегі «Дембелская кашаны» еске түсіріп жіберді
AKY
AKA тәттісің!
счечессе
Arys_arlany
AKY
счечессе
дегенің щещессе ма?
toha9566
Ана «Frozen Haute Chocolate» балмұздағын жеген адам дейістібителна жарым шығар нақ
zholantai
kushti,kuladym, nostalgiyanin ornyna baska balmuzdaq paidalanuga bolady goi,ia
AKA
Әрине болады.
Aya
Ұнады
kariim
жынД көрінеді екен. Бірақ жасалуы арзан емес.
saken
былай… Ностальгияның өзін жеп алсаң да жаман емес ))
Anar70
Рахмет! ертең істеп көрмесем)))))
Adiletshu
Мынаны жасап біткенше таусып қоятын сияқтысың ғой
ken
байқаудың нәтижесі не болды сонымен?
AKA
Байқауға жазбалар тамыздың 15-іне дейін қабылданады, нәтижесі 20-тамызда.
Xansha
Печенье мен балмұздақтың қосындысын ұната қоймаймын. Ал шоколадты қалдыруға болады. Жақсы мәзір!
monti
 сен менің інім ұқсап корректировака жасағыш екенсің, мүмкін ұнап қалар жасап көрсей

кеше Эпол'ь-ға жасап бердім, супер семейка пломбирдан) ұнаттым дид тек бәрі жұмсақ + бірден қатты болып кетеді сникерсті жері дид ұнатпадың ба десем, жоқ ұнайды тек келесіде сникерссіз жаса деді, бірақ өзім дәмін көрмедім қалай болды кен, үстіне, осылай оформление деп балмұздақ үшін, абрикостар салдым, цвет.гамма жақсы шықты.

АКА мәзірге көп рахмет
FIFA_UEFA
bizdin auldin dukeninde surettegiler 400 ten boladi eken, kimbatwilik