Pizza!!!

Армысыздар ағайын! Сіздерге ұсынар бүгінгі дәмпицца! Достармен басымыз қосыла қалғанда да, туылған күндерде де, жұмыста отырып түстікке алдыртатын да, ең қолайлы және танымалдылығы төмен түсе қоймаған астың бірі десек болады. Осы жеңіл тағамды менің нұсқамда жасап көріңіздер, онда бастайық!
Құрамы:
— қамырға: ұн, тұз, қант, жылы су, ашытқыш (дрожжи), зәйтүн майы, жылы су. Осы заттардан жұмсақ етіп қамыр илейміз.

— қоспаға: қияр, қызанақ, ірімшік (сыр), халал шұжық, ас көктер, кетчуп, майонез, жұмыртқа, тұз, бұрыш.

1. ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Алланың атымен бастаймыз міндетті түрде!
3. Қамырды дөңгелектеп жаямыз да, аталған заттарды тураймыз.

4. Қамырдың үстіне әр түрлі етіп туралған заттарды қоямыз. Бөлек ыдысқа жұмыртқа жарып, майонез, кетчуп, тұз, бұрыш қосып соус дайындаймыз.



5. Табаға орналастырып, ыстық пешке қоямыз.

6. Бірнеше минуттардан кейін пиццамыз дайын болды.




Міне, ағайын, көптен күткен пицца осы! Дәмі тіл үйіреріне кәміл сенімдімін, быкусна болады!  Жасап көріңіздер, астарыңыз дәмді болсын! Дастархандарыңыздан дәм кетпесін жамағат!
Пы.Сы. Анау-мынау қателіктер болып жатса кеЧірім сұраймын. Мықты аспазшы емес ем. Қолда бар дүниелермен жасалынған ас болатын. Сіздер де пиццаны жасап тұрыңыздар.
Бөлісу:

93 пікір

konvict
Мынаны жаттап алсам да жасай алмаймын. Дұрысы жасай алатын адам тауып алу керек екен
meirzhan
Кідааай. Дәмді шығар ә
satibaldi
600 теңгенің шұжығы тіпті де халал болуы мүмкін емес. Мұны осыдан төрт жыл бұрынғы «Ет комбинатының ышқырынан» атты еңбегімде дәлелдеген болатынмын.
600 теңгеге — килосы 1 000 теңге тұратын ет салу — кәсіпкер ретінде өз еркіңмен асылып өлу деген сөз.
Ал қаззақтардың кәспкерлері 500-600% процент пайда болмаса көтін көтермейтінін ескерсек… очм, хрю-хрю, жама'ат, Исажар болсын асқазандарыңа!
sammita
оны айтсың 450 т халал шұжықтар бар, мысалы «Тұлпар» СҮ-де. Пашкесі (10 штук) 100 т. сосиска ше((((
satibaldi
Қазақтар
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 09:13
saken
мал етінің орнына соя етін салатын шығар… соя еті харам болып есептелінеді ме?
sammita
өзі соя болса, ол қалай ет болады) Білмеймін, соядан жасалған шұжық естімеппін.
AKA
Бұрын бір алып көрген ем «не зат?» деп, ошм түк дәмі жоқ енді алмаспын, тек приправалар мен көкөністерді мооол қосып, «Оо, ет!» деп көзді алдау үшін болмаса…
satibaldi
Жұмыртқа, яғни тауықтыкі керек қой?
Altygradus
сюретте қаздыкі емес сияқты, сосын перепелиное де емес, қалатыны сол тауықтыкі
AKA
Бөдененікі де болады
Altygradus
АКА қолдарың дерт көрмесін
асқабақпен пицца жеп көрмедің бе? қатты ұнап қалды маған Былайынша аса көп түк те жоқ ішінде, сол асқабақ, әр жерінде бір колбаса, сосын базиликтің жапырағы ғана, немесе щавель болды ма, екі шөптің бірі ұмыттым, қайсы болса да жарап кетеді менше. Келесіде бір жасап керерсің мүмкін. Былай өте ерекше екен енді дәмі, былай күндері деп жүрген пиццаларға қарағанда. Идея болсын деп жатырмын саған, эксперимент ретінде көрерсің мүмкін келесіде кішкенесін жасап
AKA
Рахмет әпке, жақсы идея, жасап көру керек екееен…
sammita
тойдым, рахмет)) Пысықтығың арта берсін
monti
менің Зеренің туған күніне арналған пикникте пицца жасамақ ниетте көбрек(өзіме ұнайд) сыр салып пісірмек болғам))) енді дәмін татқан адамдардың түрін көрсең ғой)))) неге қамырым қатып қалд? сосын, бетіндегі сырдың тас болып қалғанын бірінші көруім, сырды кажся кейін салу керек шығар? былай қарасаң оңай тамақ сияқт((( нан ашыту деп түсіндім мен кажся((( дрож қос деген сөзд(((( үсті басым күйіп пісірген пиццамды достарым бағалады әйтеуір үйіме қайтып келген жоқ

Сіздер де пиццаны жасап тұрыңыздар.
жоқ әлгі алғашқы соңғы экспериментен кейін қорқып қалдым))) былай айтқанда тауым шағылд
sammita
мен де сырды пісерге таяу себу керек шығар деп ойлаймын.
Қамырдың құрамын ұқтық, мөлшерін нақтылап жіберсең АКА.
monti
негізі менде мындай вариант бар еще))) пиццаны жақсы көретіндер, бірақ істей алмайтындарға))) лаваш сияқты, жұқалау келген дайын қамырлар сатылад, соның үстіне қойып нете салса болад, болмаса жұқалау лавашқа)))
менен басқада адамдар бар ма? қамырдан тамақ істей алмайтын? чет комплекс
асқабақ дегенді істеп көру керек екен
sammita
ия, дайын қамырдың түр-түрі бар. Қолдан жасауы қиын емес екен бірақ. Үстіне саңырауқұлақ, тұздалған қияр, баклажан т.б. қоса берсек болады да.
satibaldi
Қанша өзіңді алдап, басқа пікірлер жазғаныңызбен, халал-харам мәселесе ашық күйінде қала береді
sammita
осы халал тағам/су/ауа дегендер бертін шықты. Бәлен жыл ақмайды ағызып жеп келдік, несін жасырамыз. Енді кеп бәрі, оливьені шанышқымен шұқып шұжықтың шығу тегін сұрастырады кеп өңшеңдер))
Altygradus
Бәлен жыл ақмайды ағызып жеп келдік, несін жасырамыз. Енді кеп бәрі, оливьені шанышқымен шұқып шұжықтың шығу тегін сұрастырады кеп өңшеңдер))
ес білгенімде жеген емеспін колбасаны, апаның тәрбиесі видимо, халал шықпайынша.Ал шығу тегін сұраған дұрыс, тем более қазір доступно ғой халал
sammita
сұрағанда да халал еместігін айтпайды ғой. Мектеп асханасында сосиска, колбаса қосып гарнирмен, сосиска в тесте, колбасадан жасалған салаттар, солянка… общым жедік қой, несін айтасың
Altygradus
ааа иә мектептеріңде сондай тамақтар болған екен ғой…
сұрағанда да халал еместігін айтпайды ғой.
ну бастысы сұрау парыз ғой, ал халал еместігін айтпаса өтірік айтқандардың мойнында
satibaldi
Шымкентте бір жама'аттың жетекшісі өзінің шәкірттеріне самса алып береді екен.
Анадан алып, мынадан алып, бір күні бір әжейдің самсасына тоқтайды. Содан сегіз ай бойы самса алып жүріпТ.
Бір күні әжей самсаханасын кеш ашыпТ. Анау тұр дейд.
— Көкем, басқалардан ала беретін адамсыңғой, мені күтпей.
-Ой әже, тек Сіздікі жақсы: суып қалса да жұмсақ боп тұрад, майы қатпайд, қолдарыңыз алтын ғой!
Сүйтсе, шелек бов кеткен әжей:
— Иии құрғыр, сол жұрттан артық не білед дейсің мені, қатпайтыны — ақ қойдың майы болғасын ғой — депТ.
sammita
жоқ, менің азаннан айтып отырғаным: дүкеннің өзінде халал деп сататын, яғни өндірушіден сондай маркировкамен шығатын шұжықтың өзі халал емес. Мейлі, сертификат соответствиясын сұрат, онда жазулы тұрса да. Общым, әркім өзі біледі ғой.
sammita
мектептеріңде
сен мектепте оқымадың ба, әлде тамақ ішпедің бе
Altygradus
сосиска, колбаса қосып гарнирмен, сосиска в тесте, колбасадан жасалған салаттар,
пыросто менюда мұндай заттар болмапты.
ауылдағы мектепте ондай заттар болмайды ғой, ну по крайней мере бұрында ондай заттар болмайтын, там котлета дегендер болмаса ал кейін қаладағы мектепте менюлары калорийный деп сосын диетический деп бөлінетін заттар болатын, 7 күнге бөліп пайдалы, әрі арзан тағамдар. Одан кейінгі КТЛда подавно болған емесЕң соңғы мектебім сол алдыңғы қаладағы мектебім
Солянканың өзін жұмысқа тұрғанда ғана алғаш ішкен шығармын
satibaldi
Одан дайынын сатып алып жей салса қайтеді?
monti
Одан дайынын сатып алып жей салса қайтеді?
магазиндегі дайын пиццалардың көбі қызық емес, мысалы уақыты өтпеген болсада, мұздатқышта тұрып, картонның дәмі шығад ал, кафетерилерде, білмейм өзіме қатты ұнамайд((( бұрын қаты ұнайтын((( изжога болатындай бірдемесі бар әйтеуір(((, неде болса қолдың жақсы пиццасын көріп қалған адамдар, тек солай қолдың/үйдің пиццасын аңсайыд)))
AKA
Мен қамырды адам санына қарай, көз мөлшерімен жасай беретін болғам ғо . Айта кетейін: ұн — 2-3 стакан (350-400г), қант — 1 шәй қасық, тұз — 1/2 шәй қасық, ашытқыш — 1 шәй қасық (5-10г), зәйтүн майы — 1 ас қасық, жылы суды қамыр қолға жабыспай, жұмсақ болғанша құямыз ғой
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 16:14
VKM
Тым ыстық температураға қойғансың духовканы, мен сырды бірден салам, үлкендеу теркамен үгітіп алып.Күйген емес.
Қамырды әртүрлі қыла берем, ашытпай айранға илеп те, ашытқы қосып та, слоенный, біраз май қосып та. Жұқа болса болды. Піседі
satibaldi
"Қоқыс жәшігінен ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді". ©Гийом Апполиниер, «Транснонген көшесі».
VKM
Сатыпалды,катись колбаской по Малой Спасской
Altygradus
осы температура режимын айтыңдаршы АКА, @VKM қаншаға қоясыңдар, сіңліммен бір жасап, ну көбіне ол, мен жәй қасында  сонда наны қаттылау боп кетіп еді
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 13:06
Gulistan
180 мен 220 аралығы сияқты, пирог пісетін температураға пицца да келеді.
Gastarbaiter
Мә, қыздар мыналарыңа қарап, әйел түгіл еркек тасым мен ұялып отырм. Мен пиццаны көзімді жұмып пісірем. Температураны сипап, нанның піскенін көзбен мөлшерлеймін. Бір-ақ рет көрген адам пиццаны үйреніп алады. Тіпті Бешбармактан оңай қоқсық тағам ғой.
Бір ғарыш кемесінің құрылысындай қылып жібердіңдер ғой…
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 13:38
Gulistan
Енді әйелдер бұған да ерекше шығармашылық деп қарайды ғой
Gastarbaiter
Солай ма? Бәлкім содан шығар ең мықты ресторандардың Шеф-Поварлары еркектер.
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 23:04
Gulistan
Осы жерден "Әйел мен ердің айырмашылығы, ерекшеліктері" деген бір тақырып бас қылтитып тұр. Негізі әркім өз-орнын білген дұрыс.
Мә, қыздар мыналарыңа қарап, әйел түгіл еркек тасым мен ұялып отырм.Мен пиццаны көзімді жұмып пісірем.
Пиццаны көз жұмып пісірсең, қатып қалған бір рецепт болар айналдыратының. Асханада жүргенде мысалы тек бір пиццаның өзін пісіруде дәмі, құрамы өзгеруіне байланысты дайындалу жолдары құбылып отырады. Айтып жатқанымыз — сол!
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 10:33
Gastarbaiter
Қатсын қатпасын, наны мен соусы дұрыс дайындаса дайын кетчуп -петчупты фигарить ете бермей. Сол база. Қалғаны опционально.
Лібә, жиналып алып, пиццадан «ракетостроение» жасамаңдарш деп тағы айтам.
Тіпті мақтанып жатқан түгім жоқ, СаянҮш те арнайы дайындықтан соң көзін жұмып пісіретін дүние. Менің шыт дамбалымнан да қарапайым дүние ғой нақ.
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 19:22
balzaminka
бес бидайың күйетіні бар, қыздардың жарасқан әңгімесіне кіріспей-ақ, теріс айналып кетсең де ешкім қарсы болмайтын сияқты ғой
Gastarbaiter
Кешірерсіз, адамзаттың эволюциялық теориясын балағаттайтын коменттерге немкеттілікпен қарай алмаймын.
Gulistan
Ал жасап көр, осы жерге рецептісін іліп. Жігіттердің де қолынан дәм татайық!
VKM
Ой, осы сен білгішсің. Қалай ғана жерде жүр екенсің, аспанға ұшып кетпей) Мақтаншақ
Gastarbaiter
Малика, отваали дедім ғо Не болды саған… СОл мақтаншақ болғаным үшін ұшып кетпей жүрмін. Сол кемшілігім болмаса, баяғыда ұшып кетер едім.
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 23:02
VKM
хехе))) анда-санда саған жыным келді))А так то жазғандарыңды мұқият оқимын ғой.Сөздікке қарап қойып(өзіңше болып, тілді бұрап кеткенде)
Altygradus
180 мен 220 аралығы сияқты, пирог пісетін температураға пицца да келеді.
аа ок. 220 макс сияқты ғой.180 боп қалар шынымен егер қатты ыстық болмайт десе.
Жазда барғанда асқабақпен жасап көрсем бе деп ойлап қоям
VKM
Басында 200 ге қоямын 5 минутке, сосын 180ге)
AKA
Иә, ашытқыш қосу керек, қамыр жұп-жұмсақ эластичное тесто болады, соған сәйкес пицца да көтеріліп әдемі піседі  Тек сырмен пісіретін болсаңыз онда қамырға тек соус жасап құямыз да, пісуге жақындағанда сыр қоса саласыз
asaubota
артық салмақ мәселесі барлар бұдан алыс болғандары жөн. ал, бізге бәрібір жей береміз
Gulistan
Күнде болмаса да, анда-санда жеп тұрған жақсы.Одан диетаға зиян келе қоймас
Gastarbaiter
Семіз Жолаушы: — Ей оңбаған мен сені сотқа берем бұзақылығың үшін!
Хэнкок: — Одан да Макдональдспен соттас, мына жағдайыңа жеткізген.
meirzhan
Қазақстанды жөнді Макдональдс та жоқ.
Gastarbaiter
"Қағанат", Макбургер, Кингбургер, МакДонер лер тасыңа тар келе ма? Соның өзі қоқсық тамақтың тарауына мықты үлес қосып жатыр.
meirzhan
Олар дәл нағыз Макдональдстай емес қой.
Gastarbaiter
Осындайда Кеңес өкіметінің темір пердесін сағынасың.
Сол макдональдс жайлы білмесең, көтіңді қысып, жеген шауырмаңа риза болушы едің. Енді қараш, бақытсызсың
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 13:43
meirzhan
Мәселе сапада ғой. Бізде сол фастфудтың өзінің сапасы төмен. дәмі де басқа.
Мына комментің әлгі мениаполистегі қуғынбайлар туралы посттағы архунның комментіне ұқсап кетіпті.
Маған ет жетеді қазақтың.
saken
рахмет! дәмді сурет екен!
Nurgisa
Жасалуы күрделі емес сияқты. @AKA, «ыстық пешке қоямыз» депсің, духовкіге ме? Духовкісі жоқтар не оны қалай пайдалануды білмейтіндер газплитаның өзімен дайындай берсе бола ма табаға салып? Осы жерін нақтылай өтсең. Істеп көргім келеді.
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 11:34
sammita
Одан дайынын сатып алып жей салса қайтеді?©))))
Плитада үсті піспей қалады ғой. Әңгіменің бәрі үстінде болғандықтан, екі жақтан қыздыру керек шығар.
Gulistan
Аспаз да осындай сұрақ қоя ма екен?
AKA
Иә, духовка ғой, «чудо печь» те, «микроволновая печь» те жарай береді, тек газ плитасы емес…
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 16:01
Gastarbaiter
Калорий санап жүргенде ең қиыны пиццаға төтеп беру. Оның үстіне қолдың дәмді пиццасы болса… Ммм қош бол диета!))
Nurgisa
Тирамису жасап көргендер бар ма екен осы? Гуглдатып табуға болады ғой, бірақ істеп көргендер бар болса, қалай жасағаны жөнінде бөлісе отырса жақсы болар еді.
Altygradus
Тирамису жағын @Simona білетінИнетке шығып жатса айтып қалар
balzaminka
ооо, тирамису, пицца дегендер біздің жұмыста әйбат еді, қазір сағынып жүрмін. Астанаға барғанда бірінші сонда барам ғой дим
Nurgisa
Қай столовыйда жұмыс жасадыңыз Астанада?
balzaminka
Асханада істемедім, алайда Сине Темпоренің, Венецияның асханасы мен істеген мекеменің қарамағында болды, иесі бір адам.
Gulistan
Тирамисуды жасауда көрсетілген ингредиенттерін ауыстырып алса немесе орнын алмастырса, тирамису болмай қалады. Бар білерім осы.
Ал мен лазанья жасаған адаммен дос болар ем!
satibaldi
Бізде «Тирамису» деген лақаппен аккумуляторға күкірт қышқылын ерекше дайындау түрін айтад. Гугльден алғаш кездескенін жасап көрңп тартжіверіп, жәһаннамға аттанып кетіп жүрмеңдер, пяншіктер.
sakenspb
қияр салынғанба? пицаңызды түсінбедім
AKA
Иә, қияр да бар, тоңазытқышта бар дүниелерді салдым…
Arhun
Тәубатті көрінеді… ням-ням
meirzhan
Бачкастый адам пысырған ғо
Arhun
meirzhan
Пысырған деппін. автоматты түрде.
AKA
Бачкастый адам
… осы мәлімет жөнінде толығырақ айтсаңыз
meirzhan
Максим Шевченкоға теңегенім ғой. Ақылды адам ол.
Айып етпе.
AKA
Ешкімге теңеудін қажеті жоқ, @AKA болып қала беремін...
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 22:19
meirzhan
жарайды, өнерлі, аспаз, бесаспап… АКА бола бер. Шевченко басқа біреу бола салсын онда.
meirzhan
Бәріне + қойып шыққаның пиццадан сыбаға, виртуалды бөліскеніңдей болды. Жарайсың, АКА!
AKA
Кідааай  біліп қойдыңыз даЧы…
meirzhan
Көп ойландым, кім екен деп. Көз алдымда сан түрлі аккаунттар елестеді. Бірақ осындай тоқтамға келдім: «Сіз мафиясыз!», яғни плюс қойған. Мен Комиссармын.
Мафия ойынын білмесеңіз жауап бермей-ақ қойыңыз. Қалжың ғой бәрі. немесе + жинаудың сәті
Пікір түзетілген: 19 шілде 2011, 22:23
AKA
«Сіз мафиясыз!»
 неткен мейірбан едіңіз…
bazuka
АКА сіңлімнің пиццасын жасаймын бүгін)
ken
біраз қолданушылар сайтқа кірмей кетіпті.
неге?