#ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?

Барлық игі жақсы атеистер мен активистерге дұғай сәлем!
Барлық игі бақсы, адвентистерге дұға сәлем! Сақалы балағынан төмен бауырларға да хай, мэн!
Білгір блөгірлер, амансыңдар ма? Оларды оқып жүрген, нокиа ұстап, роллтон жеген қарапайым қазақтар, есенсіңдер ме? Көптен жазыспадық, оқыспадық.
Ой, тым эмоционалды амандасып жіберіппін. Енді, түсінесіздер ғой… Өзім аман-сау, шүкір. Ажалым жалқаулықтан болмасы анық деп, екі апта еңбек демалысында жүрмін. Қайбір ресми еңбек демалысы дейсің, сол өзіме өзім жасап алған, прорабты ескертіп кеткен жай-дағы. Біз блогер емеспіз ғой, ресми жұмысымыз да, біз үшін тұрып беретін эстрада тобы аттас ұйымымыз да жоқ.
Ал Блогиадада атышулы жеті апта басталды. Жиналатын да, қиналатын да кезең — финал атында. Тақырыпты білесіздер. Былш еткізіп жазуға беті жоқтардың бетперделері жайлы. Бетпердундар! Фейктер, кейіпкерлер, образдар. Жыным келеді негізі фейктерге. Олар дегенде валерианка ұрттаған мысықтай тіксініп қалам. Аямай артын ашып тастасаңыздар екен!
Оның үстіне, шаршаусыз шабатын соңғы аламан емес пе?!
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Ақырғы аламанның алғашқы айналымы: Қай блогыңды қыршиын?
Жалпы, финал келгеніне мен де қуанам, негізі. Төртеудің тақпағын талқылау алтаудың аманатын арқалағаннан оңайырақ қой. Шолақ тізім — ниқұрмовый, қысқасы.
Енді, шолақты шолайық…
Маралбек Сағынғанов виртуал бетпердені шығармашылық қайнары деп санайды екен.
Бұл жөнінде жазылған жазбаның тілі жетік, стилистикалық мүдіру жоқ. Баяндау, танымдық стиль. Жинақы. Ха, жоқ, қазір бір нәрсе табам.
«Виртуал бетперде әлдебір мақсатты көздеген болса ғұмыры ұзақ болмайды. Ал егер, нақты нысанасыз, тек өз кайфы үшін жазса ұзаққа шабады» — осы тұжырымыңыз ұнады. Ақылға қонымды.
Ал 37-нің сеңгіріндегі арыз жазғыш аноним көршілер жайлы абзацта «Бірақ, бұл анонимдер немесе бетперделі тұлғалар бірінші кезекте өзінің артын жабу үшін ұзақ өмір сүре алмайтыны түсінікті» деген сөйлемді шайнап, ыждаһаттай алмай отырмын. Өз артын жабу үшін бетін ашып қояды дегеніңіз бе, әлде шынымен өліп қалады дегеніңіз бе? Айтылмақ ой ең сәйкес, орнықты тәсілмен жеткізілмеген сияқты. Сосын жалпы «Виртуал бетперде — шығармашылық қайнары» деген тақырып контексінде солақай арыз иелерін біртүрлі қабылдап отырмын. Қаз… Цинизм мен шығармашылық еркіндікке салып көрейін… О, енді «нәрмәлні» қабылдап отырмын. :)
«Алайда, бұл жерде де бетперде кию талап етілгенде ақырына дейін жанталасатындардың саны көп болар еді деген күдігім бар.» — Солай ма, Михалыч! Мхм… Негізі, иә, келісемін. Ойыңыз жөн, анонимдік байқау көрігін қыздырып, әділетке жақынырақ келуші еді. Бірақ қтөнің қтө екенін стилі, қолтаңбасына қарап-ақ тауып алар едік пе, кім білсін, ә? :)
Иә, не ғой, сіз жариялаған байқау не болып жатыр? Біреу-міреу жұмыстарын жіберіп жатыр ма? Жалпы, поштаңызды жазбасаңыз, бәрі біледі дегенге сенімдісіз бе? :) Кәментшілер көлденең бөрене (бұтақ деп оқу мұстаһап) қойып кеткен секілді көрінді.
Пост бетперделілердің бетмоншағы үзілмейтіндігі, шығармашылық беталыстары басым болатындығы жайлы қозғалыпты.Тақырып терең қаузауды талап етпесе де, жазбаңызда сараптау шеберлігінің ұшқыны көрініп тұр. Найс.
Мәке, мен сізге сенем! Қияттармен туыстығымыз бар. :)
Әйгерім Кеулімжай неге үнемі тек өз атынан жазады?
Себебі, сен крутаясың! Әлде жазбада басқаша себептер бар ма? Қарайық…
«Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым.» — Қое, Кеулімжай деген псевдоң емес пе не? :) Қалайша осындай блогерде фейк не мәскі жоқ? Пара алмайтын маишник сияқты екенсіз-оу… :)
Жылы, «свойский» пост. Постша. «Кел-кел, бырат, ішеміз» деп шақырып алатын Нәкөштің аурасы… Фррр, не деп кеттім? Жазба тілі еркін. Ал тақырып таңдалуы еркіндіктен емес. Маралбек жазбай кеткен қырларыңызды жазып тастапсыз. :) Сонда да соны жазайын-ау деп таңдағанызға күмәнім бар. Тақырып тамырыңызды баспаған сияқты. Дамбалшаң жүргеннен классикалық джинсиде неше түйме болатынын сұрап не керегі бар дегендей… Өзіңіз айтпақшы, сіз бетпердесіз болғандықтан, бетпердесізДІК жайлы жазбасқа не шара...
"Әлеуметтік желіде жазбаларыма қалдырылған сүйкімсіздеу пікірлерді өшіре саламын. Енді қайтем? " дейсіз-ау. Шынымен де ей, заңмен тыйым салынбаған нәрсені жасауға кім кедергі, иә? :)
"Өз басым да біреуге аноним «бригол» ұстап тырқ-тырқ күліп отырудан кетәрі болмас ем, егер келесі пункт болмағанда." Егер келесі пункт болмағанда! — Охо, осынау өткеліңіз ұнады. Стилистикалық, құрылымдық көркем боп көрінді.
Сосын ше, мен бақылау құрметіне ие жалғыз жюридің (төраға оның үстіне) кәментіне қаттым. күмәнсіз, мәнді, мағыналы, болашақта сіздің шығармашылығызға пайда тиетіндей ақыл-кеңеске толы кәмент. :) «Иии, мұрныңнан шымшып алса осы». :)
Меніңше, сауалнама жүргізген еңбегіңіз бағалауға лайық. Оған аз-ақ рөл бергеніңіз, бір жағынан — кемшілік. Екінші жағынан, тақырып аясында дұрыс та сияқты. Жазбаңыздағы тұжырымдар логикаға сай, сенбеске шара қалдырмайды. Жалпы, тәп-тәуір, пәшти автобиографиялық жазба. Алдағы жазбаларға әлде де ізденіс қосыңызшы, иә мә? :) Әйтпесе ана сайтан қыз озып кетеді :)
Ә, иә, айтпақшы, классикалық джинсиде 5 түйме болуы тиіс.
Эльвира Ерғалина виртперде деген спруттың сегіз аяғын бір жіпке буыпты.
Бууын буған ғой, негізі, осы постта ше, факт жүзінде екі атау болған кезде, «немесенің» алдында үтір болуы керек пе? Соны әйел қазыдан сұрай салыңдаршы, мыңжасағырлар, иә мә?
Мә-ә, ең басындағы шынайылығыңыз ұнап қалды. Өзіңіз де сау сусиырдың сирағы емес екенсіз ғой. :) Бәсе деймін-ау, қайдан шыққан энерджайзер бұл деп…
«Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек». Мағынасын түсініп алдық, ұғынықты. Бірақ бұрқылдар болсақ, осы сөйлемдегі соңғы екі сөз бірыңғай сөйлем мүшелері ретінде: бірі жоғалса да, екіншісі жеке тұрып та сол мағынадан ауытқымау керек екенін айтар ек. «Сенімдірек» жалғыз қалса, кішкене қисынын кетіріп тұр.
Жазбаңыз маған ұнады. Әлде де мәйекті тілмен беруге болар еді, бірақ ол шарт емес. Жеткізілуі тиіс ойдың қалыс қалуы жоқ. Тек, классикалық тролльдар жайлы ойландырып тастадыңыз. Осындай жеке категорияға кіре ме екен олар, м? Бір жағынан, ойландырып тастасаңыз, бей-жай қалдырмаған жазба болғаны ғой. :)
Тағы не? Жіктеу посттары сізде бұрыннан бар, игергенсіз. Біршама құрылымды, сапалы жіктепсіз. Ал цитаталар күлкі ұялатты. Бетперделілер түрлерін сипаттаудағы сықақтау стилі сізде бұрын қатты дамымаған сияқты еді, осы жолы «прям-прям» салмақты.
Психологыңыз да жарайсец екен, барлық типке сипаттама беріпті. Үйлесімді, қисынды. Өзім қатты сенбеймін, бірақ бәрібір маман деген аты жазбаға масса қосқан екен. Так держать!
Пост жақсы. Тек тақырыпты қорыту, тоқетері, көрерменге сауал, қалжыңды тұжырым жетпей тұр. Соңы бір категорияның емімен бітпеуі тиіс сияқты. «По крайней мере, мы, работяги, так не поступаем». :)
Асқар Базарбай бетперде сататын дүкен ашып жібере жаздағанын еске түсіреді
Содан ғой, "ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" деп ақырғаны. Не болды соншама, тақырыбын жазғанда капслогыңызға тоғын қыстырылып қалды ма? :)
Айтпақ ойыңызды түсіндім. Жарайды, мен оқуды доғара тұрайын. Таңертең келіп, тағы оқимын бірақ.
… Жазбаның соңғы жағы ұзақ сөйлемдерден тұратындықтан, ауыр көрініп кеткені рас. Қазір таза баспен келіп, тым тәуір пост екенін түсініп отырмын.
Білесіз бе? Интернеттегі жалпы бетпердені сыпыра отырып, өзіңіздің сол интернеттегі, оның салдары ретінде өмірдегі адами қатынастар туындысы есебіндегі өзге адамдардың сізге көзқарасы алдындағы бетпердені сыпырыпсыз (фуууф, не деген ұзақ сөйлем). Осыған тәнтімін. Гаста Терминатор, Робокоп, Халк, монстр емес екен ғой. Асқар да қолдау, қолпаштау, өзгелер пікірінің жайлылығын іздейді екен. Шынайылығыңыз үшін, өзіңіздің де өлімді өрмекші екеніңізді жасырмастан айқарғаныңыз үшін ризашылығым арта түсті. Әку қандай мықты екенін жазса, сіз соған керісінше жасапсыз. :)
Жалпы, эго жайлы айтқаныңызбен келісемін. Ол аш қасқыр, тамақтандырып отыру керек. Тек инет маскасы мен өмірдегі рөлдердің параллельдігі ондай сәтті теңеу емес секілді көрінді. Рөлдер адами борыштан туады, ал виртперде — … аздап басқа себептерден. Жалпы рөлдік сыртқы ұқсастығы жазсаңыз, онда жарайды.
Айтпақшы, «Интернет-бетперденің ерекшелігі» деген бөлімше атауы не жазып қойды? Кіші әріппен жазатындай… :)
Жазбадағы сенімді кеңес бергендей тұжырымдар — бір жағынан класстың көрінісі де, екінші жағынан кәдімгідей психология, кәдімгідей тәжірибе. Алты аккаунт дегенін жасайды ғой енді :)
Жазба тілі жағынан жеңіл де емес, бірақ күрделі тағы ештеңесі жоқ сияқты. Суреттік безендіру көңілден шығып тұр. Қорытынды ой орнында. Меніңше, жеке басқа қатысты болғасын, ең терең тінткен пост болды. Постты үсті-үстіне жетілдіре беру қасиетіңіз де қатты ұнайды. Рақмет!

Болдық қой, иә? Сонымен, маған финалдың бастамасы жаман емес сияқты. Төрт жазбаның біршама тар ауқымды тақырыпта айтар ойы әртүрлі болғаны тәтті, сәтті, шатты. Блогерлер ешкімнің бетпердесін шешуге ұмтылмайтынын былай да сезгем (қайда-аа ол, білмесең қиын, білсең — антиморали ғой), әйтсе де жалпы виртперделіктің сипаты мен себебін, салдары мен салмағын саралайтынына күмән болған жоқ. Шын, жазбалар оқырмандық қарапайым миыма ұнады.
Енді бір қарапайым оқырманнан көтініш тыңдасаңыздар екен. Осы жерде мен нұрлы жүзді төрттікке базыналайын деп едім. Сіздер — финалиссіздер. Алты Алашты ауыздарыңызға саусақтарыңызға қаратып отырғандықтан, жазба тиянақтылығын максималды сақтасаңыздар екен. Пунктуацияға дейін жіті қарасаңыздар екен. Яки, сипаты суық, идеалға жуық қылып салсаңыздар уәжіп секілді, Назгүлжарболғырлар дейм де! :) «Ачепятка» сөздер, қақыр-шүкір, дефис-үтірге дейін қарап қойыңыздар. Сосын кей блогердің (2 де 2 делік) суреттермен әспеттеу жағы да көңілімнен шықпады. Мұны сіздерге талай тұсқағаз жапсырған, талай қасбет сылаған маман айтып отыр деп қабылдаңыздар :))) Сосын жюри де тезірек бағалап отырса күшті болар еді. Олардың пікірін шолып қояйын деген сұмпайы ниет қой сол баяғы. Әйтпесе, олар менің шолуымды күтіп жүр, ориентир алу үшін деп ойлап қалам. :))) Уф, болды. Миии, айтып-айтып тастадым-ей… :)

Осымен, тайм-аут. Гендерлік теңдік жағдайында аламанның ақырғы айналымы келіп жетті. «Екі блогердің екеуі де тамаша болса, төсі үлкенірегін таңда» деп бабам Фрейд айтып кетпекші, енді тек кілең тамаша посттар күтеміз. Арда емген арғымақтар, шә-әп деймін! Сіздерге сериозни сәттілік!
Кеттім, сіздердің саулықтарыңыз үшін аздап сыралатып қайтайын. Көріскенше!
p.s. Менің атым Бөрібай, және мен террорист бетперде емеспін!

Сурет Сальвадор Далидің жеке мұрағатынан алынды.
Әрі қарай

"ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?!" Жасанды кейіп: реалда һәм интернетте

Оcылай екен...: ҚАЙ БЕТПЕРДЕМДІ ШЫМШИЫН?! Жасанды кейіп: реалда һәм интернеттеӘлдекімдердің әлеуметтік желідегі парақшасын мұқият қарап, суреттері арқылы оның болмысы жайлы пікір тудыруға тырыссаңыз, кілең патиден патиге, отырыстан отырысқа, жетістіктен жетістікке, марапаттаудан саябаққа, саябақтан саяхатқа секіріп жүруден қолы бір сәт босамайтын, бақытты жанды көрер едіңіз. Кім терезе бетін тозығы жеткен дамбалымен жапсын, оюлы перде қоямыз да көбіміз. Ол бізге тиісті ортаға тиісті әсер тудыруға көмектеседі. Біреуге жасқаншақтықты бүркеуге, алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді, ал біреуді бетпердесінің құлына айналдырады.
Әрі қарай

Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Әлеуметтік желіге бас сұқпақ боп, смартфонымды қолға алғаннан кейінгі әрекетім – «онлайни бетпердемді» киіп алу. Көңіл-күйім жоқ па – позитивтісін, ашулымын ба – сабырлысын, жалғызсырап отырмын ба – бақыттысын, кейде бәрі керісінше. Тұрақтысы жоқ, білетінім, «мендегі күйді ешкім сезбеу керек».
Сол секілді кейбіреу жан-дүниесін жасыру үшін, әлдебіреу болмысынан әлдеқайда жақсырақ көріну үшін, ендігісі өз-өзін мойындамастан басқаға ұқсап бағу үшін бетперде тағып алады. Әркімнің талғамына қарай.
Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек. Сондықтан болар, әлеуметтік желідегі біраз қолданушы қиялындағы образды өзіне қаптап алады. Өмірде екі адамға өткізе алмаған күйін виртуалда екі жүз адамға жайып салу тым оңай, аз ғана тырысса болғаны.

Виртуалда өзім көріп жүрген бетпердені 8 топқа бөлдім. Оқырманым, өзіңізді көріп қаларсыз, бәлкім)


Әсіредіншіл


Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Біреудің суреті не жазбасынан жиі күнә көріп қалады. Оның ақыретте қалай қиналатынын айтып, қорқытады. Оның ойынша, жұрттың бәрі намаз оқуға, хиджап киюге міндетті. Алланың жазалағанын тілеп, қарғағыш. Мешітте орамал не тақиямен суретке түсіп, жұма сайын жұма намазға баратынынан хабар беріп отырады. Кейде хадисті түгел жатқа білетін адамдай кез келген жағдайға дінмен, хадиспен баға беріп кетеді. Қай жерде, қай уақытта болсын өзінің «дұрыс жолда» екенін айқайлап көрсетіп жүруге тырысады. Ал, өмірінде ол намаз оқымауы мүмкін, тіпті, ара-тұра достарымен бірге стақан соғыстырып қоятыны бар. Онлайнда имам, оффлайнда Иван. Оны қойшы, беті ашылған, арты ашылған жаңалықтарды біріші боп оқиды және порно сайтта голд аккаунты бар.

«Иншаллах, ифтарға бара жатырмын. Оразаны бір жыл бойы асыға күттім ғой».
«Жұма мүбәрәк болсын! Жұма намазға бармаған қазақ – қазақ емес».

Динара Болат, психолог:
— Олар — жасөспірім кезінде өз қатарластарынан оқшауланған немесе өткен өмірінде бұзықтық, тіпті, моралды-құқықтық нормаға қайшы жүріс-тұрыста болған адамдар. Олардың мақсаты — ендігі кезекте өзінің сүттен ақ судай таза, ешкімнің ала жібін аттамайтындай түзу жүрісін жариялау. Және осы образын нығайту үшін қоса, өзінің ілімімен көлгөсір бөлісу.
Емі: діннен алшақтау. Әрине, ол екіталай нәрсе.



Табысты



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Әлеуметтік желідегі парақшасына кіре қалсаңыз, бірден өмірде де, қызметте де табысқа жеткен жан екен деп ойлайсыз. Гламур отырыстар, гламур киімдер, iPhone, күзен тон, керемет сыйлықтардың суреті. Бақыттан басы айналып отырып жазған посттары. Өмірі – өмір емес, ертегі дерсің. Виртуалдағы супертабысты жан. Алайда, өмірде пәтер жалдап тұрады, басында екі кредиті бар, кейде ақшасы таусылып қалып та жатады.Бетперде кигендегі мақсаты – мақтану, ауылда қалған сыныптасы мен мектепке мұғалім боп орналасқан группаласының көзін қыздыру.
«iPhone6-ға берген тапсырысым қашан келер екен, асыға күтудемін...»
«Осы базардан жұрт киім ала ма? Тіпті Меганың өзінен сапалысын табу қиындау. Арзанның сорпасы татымайды ғой».

Динара Болат, психолог:
— Негізі ешкімге өкпесі жоқ, ешкімге ешнәрсе дәлелдеуге мұқтаж емес, қалыпты жолмен жетістікке жеткен табысты жандардың интернетке өз-өзін жариялауға көп құлқы да, уақыты да бола бермейді. Ал, біз интернеттен көретін еш проблемасыз, шалқып өмір сүріп жүрген табысты жан қазіргі жетістікке тар жол тайғақ кешумен жеткен болуы керек. Мәселен, кедей отбасы, толық емес отбасы, сол себептен кезінде қатарластарының, не айналасындағылардың күлкі, мысқылдау обьектісіне айналған оның бойында «Мен сендерге көрсетемін!», «Мен әлі бай боламын!», «Менің алдыма келесің әлі..» секілді амбиция қалыптасады. Сонымен қатар, кезінде оның сезіміне жауап қатпаған адамына "Әлі-ақ өкінесің!" секілді агрессияны қозғаушы күш еткен табысты жан ғана жан-жақты өзінің жетістіктерімен бөлісіп отырады.
Емі: басындағы жағдайдың өзгеруі, шын бақытқа кеңелуі немесе үлкен ғашықтық сезіміне бөленуі.



Бейшара



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Бұл – табысты жан киіп алған бетперденің антиподы. Үнемі жолы болмайды, сәтсіздікке жиі ұшырағыш. Көңілсіз, мұңды жазбаларымен жұрттың аяушылық сезімін оятып, өзіне назар аудартқанды жаны қалайды. Айлығының аздығына, азық-түліктің қымбаттағанына жиі шағымданады, аурудың кесірінен жиі өлім аузында жатады, ауылын не алыстағы туысын жиі сағынады, жылайды, жалғызсырайды. Ал, шындығында ол өмірде сізден де, менен де көп табыс табуы мүмкін. Талай жоспары алға жүріп, мақсаттарына қол жеткізген болып та шығады.
«Дәл осындай ауырған сәтте жағдайыңды жасайтын шынайы достың жоқ екенін түсіндім».
«Балам алып бер деген қымбат ойыншыққа ақшам жетпейтінін қайдан білсін, кейін деп құтылдым...»

Динара Болат, психолог:

— Өзіне үнемі аяушылық сезімін тудыртқысы келіп, көптің назарын мүсәпірлікпен аударатын жан — балалық шағында ата-анасының мейіріміне қанбаған адам. Отбасында, бауырларының арасындағы ала қарға кейпіне кейіп, ата-анасы бұл баладан гөрі басқасын ерекше көріп, ол сырттай сол көріністі бақылап, ішіне мұң-өкпесін тығып өскен адам.
Емі: өзінің балалық шағын ойдағыдай өткізуге кедергі болған адамдарды кешіру. Оларды кешірген кезде тек виртуалды емес, жалпы өмірдегі позициясы өзгереді.


Псевдопатриот



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Ол үшін қазақ – әлемдегі ең қасиетті, ерекше ұлт. Қазақ болып туғанына мақтанады, бүкіл ұлт үшін өмірін қиюға даяр. Қазақтың судай мөлдір, бөтен қылықтан жат болуын қадағалап жүреді. Қазақ қыздарына ақыл айтып, қазақ жігіттеріне жөн сілтеуді әу бастан міндеті етіп арқалап алған. Қазақ тілі дегенде жанын беруге дайын, шалақазақтарды атып кетуге жиі жоспар құрады. Ал, монитордан екі қадам аттап, дүкенге бара қалса, нанды орысша сұрайды. Ұлын орыс сыныбына бергелі тіпті үйде де нанды алып беруін орысша сұрайтын болған. Күннен-күнге семіріп бара жатқан әйеліне енді қысқа көйлек жараспайтынын айта алмай жүргеніне үш жыл болып қалыпты.
Шетелде тұратын псевдопатриот ағамызды айтсаңызшы… төрінде домбыра мен ту ілініп тұр, қасқайып. Па, шіркін! Туған жерін сағынғаннан еңірейді де отырады. Бірақ, Қазақстанға келуге құлқы жоқ. Ол елде жұмыс істеу туралы ойласа, құсып қоюға шақ қалады.

«Көктем келсе, қаракөздеріміздің етегі қысқара бастайды. Қазақ қызына жарасатын қылық па сол?»
«Ұшақтағы қазақша жазулардың қатесін өйтіп-бүйтіп түзедік, енді стюардессалар шықты қазақша сұраққа орысша жауап беріп. Қор болған қазақ, қор болған қазақ тілі».

Динара Болат, психолог:

— Бұл типті адамдардың басымы — ерлер қауымы. Жасөспірім кезінде тобырмен жүріп, мысы басым досының ықпалына түскендер. Өзіне сенімсіз, тұла бойы тұрған комплекс, жалған намыс.Кезінде мойындалмаған бозбаланың қазір де не әйеліне, не балаларына оңайлықпен сөзі өтпейді. Осы себептен де, сырт көзге өзін қазақшыл, отбасы жағдайында ыссы болып көрінуге тырысады. Себебі, ол — «патриот!»
Емі: сөзден амалға көшіп, айналасындағылардың мойындауын ер азаматқа тән іспен жаулау.


Интеллектуалды



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Қандай да бір пост жазбас бұрын Гугл арқылы нақыл сөздерді бір шолып шығады. Абайдың, Далай Лама не Омар Хаямның айтқандарынан үзінді келтірсе, тіпті аз-маз өзгеріспен өз атынан ұрып жіберсе, анағұрлым білімді көрінетіні сөзсіз. Посттарында жалпақ жұрттан ерекшеленгісі келіп, бәріне түсініксіз терминдерді жиі қолданады. Жұрттың жазбасына тым биіктен қарайды, кекесін, мысқылға толы пікірді үйіп-төгіп тастап кете салады. Ал, өмірде бір кітапты аяғына дейін аяқтай алмай, сериал көріп кетуі мүмкін.

«Дедлайн жақындап қалыпты, овертайм қосу керек, меніңше».

Динара Болат, психолог:
— Интеллектуалды адам — ол мектептегі ботаник. Оның басты қаруы, бойындағы көзірі — жиған білімі. Сондықтан өзгелерден қорғану механизмі кезінде орынды-орынсыз білген білімін тықпалай береді. Оған қоса, шамадан тыс жиналған білім қорын іске асыру, қолдану санаасты деңгейінде өзі сұранып тұрады.
Емі: өзіне үйреншікті өмір дағдысын алмастыру. Мәселен, қатып қалған қағидаларға сыймайтын экзотикалық жерге саяхатқа шығып, тұрақты қысым жағдайындағы миын босаңсыту.


Суперана



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Үш жасар сәбиі он үштегі баланың сөзін айтады. Өте ақылды, тәртіпті, өнерлі, өзгеше жаратылған. Тіпті, вундеркинд. Бөбегі туралы посттардан «көрдің бе, мен қандай ақылды ұрпақ тәрбиелеп отырмын» деген месседж аңқып тұрады. Арасында баласы айтты қылып, өз ойын да жаза салады. Үнемі томпиып қана ойнап отыратын, үнемі мәз боп жүретін балақайының суретін жиі салып, балалы болудың тек қана бақыт әкелетінін, қылаудай қиындығы жоғын көп жазады. Өзін балаға да қарап, шаруаны да атқарып, бәріне үлгеретін суперана қылып көрсеткісі келеді. Ал, тасып кеткен сүті, баласы т**ып қойған кілемі, ол ауырғанда түн ортасындағы айқайы, бәрі-бәрі монитордың ар жағында қалып жатыр.
«Димашым: — Мына сериалды көргеннен не пайда бар, жазуыңды аяқтасаңшы,» — деді. Иии, төрт жасында мұндай, өскенде президент болатын шығар».

Динара Болат, психолог:

— Ана мен қыз арасындағы институты, яғни байланысы кезінде дұрыс орнамаған жандар. Бірінші, өз анасының оған берген тәрбиесіне, үйде жасаған жағдайына көңілі толмауы.Сол себептен өзіне жасалмаған оңтайлы жағдайларды өз баласына жасап, баптап қолы жетпеген күндердің орнын толтыру. Екінші нұсқасы — анасының қызының қабілеттеріне сенбей өсіруі. Осылайша анасына өзінің қаншалықты дәрежеде үй шаруасына, бала тәрбиесіне, бабына мықты екендігін дәлелдеу мақсаты қозғаушы күшке айналады. Үшінші себебі — өзінің қызметте жүрген құрбыларына өзінің отбасы, бала-шаға арасында бақытты екендігін дәлелдеуге тырысуы.
Емі: балалардың өсуі немесе қызметке шығуы.



Қыдырымпаз



Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Парақшасына пост жазғаннан гөрі жиі сурет салады. Үнемі не түнгі клубта, не пабта жүреді. Күнде жиын, күнде той. Өнер адамдарымен суретке түсіп, алғаш көріп тұрса да, «Мейрамбек досыммен», «Қайрат бауырыммен» деп жазып қоюға құмар. Қаладағы мейрамханалардың бәрінен хабары бар. Алайда, күні бойы кеңсесінде басы ауырып, көңіл-күйі болмай отырғаны туралы әріп те жазбайды. Кейде ішкен-жегеніне төлер ақшасы болмай, масқара болғаны туралы есіне де алмайды. Таныстары қарыздарын сұрай берген соң телефонының номерін жиі ауыстырып тұрады.
«Бүгін Әjet барда тегін коктейльдер үйлестіретін күн екен. Есімнен шықса да, дәл келіппін (Қолымен лайк көрсетіп тұрған суреті)
Мен және Айгуля (Екі қыздың суреті)

Динара Болат, психолог:

— Бұл топтағылар — көптің ойына тәуелді, өздеріне сенімсіз адамдар. Олар белгілі бір топпен жүргенде ғана өздерін солардың ығында өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол беделді адамның аясында «бауырым, ағам» деп өзіне күш қосып, көптің алдында халықтың сол беделді адамдарға деген ілтипатын өзіне қоса жамылып, өзін жұбатады. Ішіндегі аласапыран күйді күнде қыдырып, у-шумен басып, өзін-өзі алдайды.
Емі: Отбасылы болу немесе өмірге көзқарасын өзгертетіндей жағдайды кешу арқылы өмірдің шын ләззатына бөлену.


Мимими


Блог - aikarakoz: Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi

Виртуалдағы ең мейірімді, ең ізгі жан. Күн сияқты айналасына позитивті пікір шашып жүреді. Ол жазба жазғаннан гөрі, біреудің суретін «сұлуым, лапуська, ерекше әдемісің, жаным, күнім, ғажапсың» сияқты пікірді көп жазады. Бәріне жақсылық тілегіш, көмектескіш. Ал, монитор алдында қызғаныштан өртеніп, өзінен озған адамды жек көріп, сәтсіздік тілеп отырады. Ути-путилатып, шаруасы біткен соң «жанын» ұмытып кетуі мүмкін.
«Жаным, бүгiн ерекше сұлусың»

Динара Болат, психолог:
— Бұл типті адамдарды екіге бөлеміз. Біріншісі, өзінің мінез-құлқын, өмірге өкпесін белгілі бір білім арқылы жеңіп, жанына жай орнағандар. Әдетте олар — айналадан тек жақсы нышан іздеушілер. Сондықтан да, жаны әдемі адамнан тек жақсы сөздер шығады. Екінші түрі — жасандылық. Бұл жердегі негізгі күш — жағымпаздық.
Емі: емге жатпайды. Алайда, өзі үшін беделді адамның талабымен өзгеруі мүмкін.

Әрі қарай

Мен неге үнемі тек өз атымнан жазамын?

ОҒМ жазбалары: Мен неге үнемі тек өз атымнан жазамын?Осы кезге дейінгі виртуал өмірімде бір де бір жалған аккаунт ашып көрмеппін. Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым. Себебі:

1. Саясатта шаруам жоқ

Байқағаным, саяси көзқарасын тықпалау үшін немесе қоғамдағы кейбір болып жатқан құбылыстарға қатысты ойын қызмет бабына байланысты ашық айта алмайтындар фейк аккаунт қолданады. Кейбірінің әрекеті тіпті арандатушылыққа әкеліп жатады. Ондаймен шаруасы жоқ, жөніне жүрген адам ретінде маған фейк-аккаунттың керегі жоқ.
Иә, айтпақшы, сосын біздің ұлттық менталитетке және қызметіме сай келмейтін табу тақырыптарға да әңгіме қозғамауға тырысады екем.

2. Өзім туралы негативке төзе аламын

Осы жерде тым бөсіңкіреп кеттім-ау деймін. Әрине, төзе алмай қалуым да мүмкін. Оны жақсы білемін. Сондықтан көбіне таяқтың ұшы өзіме тиіп кету ықтималдығы бар жағымсыз жазбаларды айналып жүремін. Әлеуметтік желіде жазбаларыма қалдырылған сүйкімсіздеу пікірлерді өшіре саламын. Енді қайтем? Бірақ фейк-аккаунт ашпаймын.

3. Ешкімді аңдымаймын

Иә, біреулердің (мысалы бұрын жүрген жігітін) өмірін жасырын бақылау үшін де жалған аккаунт ашатындар бар. Немесе біреудің қаҺарына ұшырап банға кетіп қалып, басқа аккаунтпен достасып алатындар болады. Жооқ, мені жақтырмаған адамның жеке өмірі мен үшін де қызық емес.

4. Жарнамамен айналыспаймын

Есі дұрыс, жұмысбасты адам әлбетте фейк-аккаунтты қандай да бір қызмет, тауар ұсыну немесе SММ мақсатында, яки әлдебір әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін ашады. Форум, блогтұғыр админдері сайтты қыздыру үшін жалған аккаунттар қолдану мүмкін. Бұлар енді фейк-аккаунттарды ақтауға болатын азғантай себептер деп есептеймін.
Бірақ менің жұмысым, өмір салтым қызметтің мұндай түрімен еш қиылыспайтындықтан, фейк-аккаунтқа қажеттілігім жоқ. Интернет әзірге мен үшін жай ғана байланыс құралы.

5. Троллинг жасамаймын

Мүлде троллинг жасамаймын дегенім артық болар, былай өз атымнан-ақ кейде біреулердің жынына аздап тиіп қоятыным бар енді. Ал фейсбуктас достарыма сауалнама жүргізгенімде көбінің әлеуметтік желілерде және блогтұғырларда фейк-аккаунттары бар немесе болған болып шықты. Және көбісінікі троллинг пен көңіл көтеру үшін ашылған аккаунттар екен. Әлбетте кейбірі жалығып немесе фантазиясы таусылып, ал кейбірі паролін ұмытып, ол аккаунттар аса белсенді емес көрінеді. Өз басым да біреуге аноним «бригол» ұстап тырқ-тырқ күліп отырудан кетәрі болмас ем, егер келесі пункт болмағанда.

6. Ерінемін

Иә, қарапайым еріншектік. Жаңа аккаунтқа жаңа пошта ашу керек. Оны тағы жүргізу керек. Фантазия керек. «Бір аккаунтты жетістіре алмай жүргенде» деп бір ағам айтқандай… Не керегі бар соның?



Өз атымнан жазғанымды қайтейін, көбіне басы артық әңгіме айтпайды екем. Әсіресе педагогтық қызметке ауысқалы.
Қозғайтыным көбіне нейтрал немесе позитив тақырыптар. «Бетперде» дейсіздер ме? Келісемін.
Айтпақшы, кейде әлеуметтік желіде әбден өзіммен-өзім мұңайып алғым келеді, жәй ғана статустатып. Тіпті жауаптың да керегі жоқ, болады ғой сондай бір кездер. Жооқ, фейсбук кәментшілері тым жылдам, дереу көмекке жүгіріп келеді. Отыр сосын түсіндіріп…
Твиттер жақсы еді, бос бөлмем сияқты. Тырс жауап болмайтын. Сондықтан шығар, көбіне жылаңқы твиттерімді сонда жазатынмын. Тек бір күні Есаға «қарындасым-ау, саған не болды?» деп сұрағанда, «все-таки» ол жақта да адамдар көріп отыратынын ойлап, өзім ұялып қалдым. Сөйтіп қайтадан мықты қыздың бетперд… Ой, жоға, мен шынымен мықтымын ғой...)))))))))))
Әрі қарай

Виртуал бетперде - шығармашылық қайнары

Өмірдің өзі театр болса, жұрттың бәрі бетперде киіп жүруі заңды емес пе? Мысалға, мені көп жұрт сыпайы, сабырлы адам деп ойлайды. Оған, сірә, жазбаларым себеп болса керек. Ендеше, рөлде отырғанда қасымда болып көріңіз — боғауыздар коллекцияңыз байып қалар мүмкін.
Әрі қарай

Қият

Өзгенің руын сұрағанды жақсы көремін. Алайда, біреу менің руымды сұрамай-ақ қойса екен деймін де тұрам. Себебі, оның арты көп сөзге ұласады. Жоқ, білетіндер де бар. Дегенмен, басым көпшілігі «А, естімеппін, қайдан тарайсыңдар» деп сұрақтың астына алады.
Әрі қарай

"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен. Бәлкім, бұл да стереотип шығар. Бірақ, қиялды түртпектейтін жаттығулардың, тіпті арнайы жазушылық қабілет дарытатын сабақтардың болуы — соның дәлелі.
Мен өзім адамда қиял өрбіту қасиеті әу бастан жоқ болса, оның кенет талантты болып кетуіне ешқандай курс та, жаттығу да көмектеспейтініне көзім жетті. Дегенмен, титімдей ғана ұшқын болса, оны әр-алуан өмірлік тәжірибе арқылы һәм қатемен жұмыс арқылы біршама тартымды дәрежеге жеткізуге болатынын да көріп жүрмін.
Әрі қарай

Тоғызқұмалақтағы кейбір амалдар

ОҒМ жазбалары: Тоғызқұмалақтағы кейбір амалдарҚазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты білмейтіндеріңіз кемде-кем болар. Иә, баяғыда ата-бабаларымыз қой бағып жүргенде жерді қаза салып қойдың құмалақтарымен осы ойынды ойнап, өз математикасын дамытқан-мыс. Кейін түрлі бағалы ағаштардан әдемі тоғызқұмалақ тақталары жасала бастаған. М.Әуезовтың «Абай жолында» осы тоғызқұмалақты ойнау барысы әдемі суреттелген.
Әдіптелген тақтасын қайдам, өзіміз осы ойынды ең алғаш үйренгенде мектепте қарапайым пластмасса тақта да болмаған. Әйтеуір 7-класста оқып жүрген бір күні дене шынықтырудан беретін Марат ағай класқа кіріп келіп мұғалімнен «математикаға мыналардың қайсысы жақсы?» деп сұрағанда ол Еркебұлан екеумізді көрсетіп, бізді спортзалға дедектетіп ертіп әкеткені есімде. Ол жақта алдында көп-көп түйме, моншақтар үйілген бізден бір класс жоғары оқитын Қаламқас отыр екен. Түсінгеніміз мынау – ертең жарыс, ағайымыз шұғыл тоғызқұмалақ командасын құрып, соған дереу қатыстырмаса, «кесекке» кіреді екен. Басшылық ұлттық құндылықтарға жаппай назар аудара бастаған кез болса керек сол. Содан ағайымыз дем арасында тақтаны қайдан таба қойсын, үйіндегі түйме, моншақтан түк қоймай алып келіпті. Не керек, өзінің де ойын ережесінен хабары шамалы адам, бізге үйрете бастады. Шын тақтаны ертесіне жарысқа барғанда бір-ақ көрдік. Әрине ойсырата жеңіліп қайттық. Кейін ғой ол, 60 мектеп ішіндегі топ-ондықта жүргеніміз. Тақтадан да таршылық көрмедік. Қазір де факультет атынан үнемі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген жайымыз бар. Енді өз басым осы ойын барысында қолданатын айла-амалдарыммен бөліссем деймін.




Ойын ережесі

Айла-амалдарға кіріспес бұрын, алдымен білмейтіндер үшін ойын ережесіне тоқтала кету артық болмас.
Негізі, қазақ интернеті тоғызқұмалақ ойыны жайындағы ақпараттан кенде емес екен. Тіпті «Тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының» ресми сайты да бар екен. Ол сайтта ойын ережесі толық жазылған. Үзінді келтірсем:
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

Иә, бәрі де дұрыс, яғни басты мақсат — өз отауларыңдағы тастар санын жұп күйінде сақтай отыра, қарсыластың отауындағы құмалақтарға шабуыл жасау. Түсініксіздеу болып жатса, мына видеоны көріңіз:


Бастапқы жүріс жасау ережелерімен таныстық па? Ары-қарай кішкентай қулықтарға көшейік.

Атсырау

Екі ойыншының бірінің ұпай саны 82-ге жетпей жатып-ақ ойын аяқталып қалуы мүмкін. Мұндай жағдай ойыншылардың бірінің жүрерге тасы қалмай қалғанда орын алады және ол «атсырау» деп аталады. Сіз атсырауға ұшырасаңыз қарсыласыңыздың ойын тақтастында қалған тастары автоматты түрде оның қазанына түсіп, ұпай болып жазылады және ол жеңіске жеткен болып есептеледі.
Атсырауға ұшырамау үшін ойын соңына қарай жүрісті үнемдеп жүру керек.
Енді ешқандай ұпай жинау мүмкіндігі болмай, тек жүріспен шешілетін ойын болса келесідей ережелерді ұстанған ләзім:

1. Қарсылас жаққа бір де бір тас жібермей барлық тасты 9-отауға жинаған жөн.

2. Жүріс барысында тастарды таратқан кезде қарсыластың территориясына бір тас болса да шығып кетпеуін қадағалап санап отырған жөн. Ол үшін отауларға артық тас жинамау керек. Мысалы бесінші отаудағы тастар саны бесеуден аспаған дұрыс, себебі ол отаудан жүріс жасасаңыз, ең болмаса 6 тас болған жағдайда бір тас қарсылас жаққа түсіп, ол онымен ең көбі 9 жүріс жасай алады.

3. Егер қандай да себеппен ортадағы бір отауда көбірек тас жиналып қалса оған жинай бермей, бірден таратып тастаңыз. Бұдан былай мүмкіндігінше бір отауда екі тастан артық болмайтындай таратып-таратып жүріс жасап отырыңыз.

Тұздық

Ойын барысында қарсыластың бір ұяшығында екі тас болып, сіз жүріс жасағанда соңғы тасыңыз сол отауға дөп келсе, ол отау сіздің қосымша ұпай жинау қорыңызға айналып шыға келеді және ол «тұздық» деп аталады.Бұдан былай ойын барысында ол отауға түскен әрбір тас сізге тиесілі болып, қазаныңызды толтыра бермек. Яғни:



Тұздық ашу бойынша келесідей ережелер бар:
1. Тұздықты ойын барысында әр ойыншы бір-ақ реттен аша алады.
2. Тоғызыншы отаудан тұздық ашуға болмайды.
3. Бірдей отаулардан тұздық ашуға болмайды. Яғни сіз қарсыласыңыздың 7-ұяшығынан бірінші болып тұздық ашып алсаңыз, қарсыласыңыздың сіздің 7-ұяшығыңыздан тұздық алуға құқығы жоқ.

Тұздықты ойын барысында бір-ақ рет ашатын болғандықтан кез-келген отауға жүгіре кетпей тиімді жерден ашып алған жөн әрине.
Ең тиімді тұздық – 7 немесе 8-отаулардан ашылған тұздық. Себебі жүріс солдан оңға қарай жасалатындықтан, қарсыласыңыздың жүрісінен тас жиірек түсіп отырады. Әрі ойын соңына қарай қарсыласыңыздың түрлі айла-амалдарына кедергі болады, жүріс санын азайтады.
Одан бөлек:
1-отаудағы тұздықтың артықшылығы – оған қарсыласыңыздың жүрісінен ұпай қосыла қоймағанымен, өзіңіздің жүрісіңізден ұпай қосылып отырады. Ойын соңына қарай тіптен өзіңіз әдейілеп бір-бірлеп салып отыруыңызға болады. Ол әдетте ойын соңында жеңіске 5-6 тас жетіспей қалмауына көмектеседі және жүрісіңізді көбейтіп атсыраудан қорғайды. Ойын соңында әр ойыншыда санаулы тастар қалған кезде жүрісті санап ойнау керек болатындығын бұған дейін айтқан болатынмын. Сол кезде бірінші отауда тұздығыңыз болса сіздің үнемі бір жүрісіңіз артық болады.
2-отаудағы тұздықтың артықшылығы – ол да ойын соңына қарай шым-шымдап ұпай жинауға септігін тигізеді. Ол үшін тоғызыншы ұяшығыңызға 2 тас жинап алып, кезекті жүрісте сол отаудағы бір тасты қарсыластың бірінші ұяшығына жүресіз. Қарсыласыңыз оны өз қолымен сіздің тұздығыңызға салуға мәжбүр болады, себебі қарсы жағдайда сіз ол тасты бәрібір тоғызыншы отаудағы бір таспен алып қоясыз. Яғни:


Қалған 3, 4, 5, 6 отаулардан тұздық алудың ондай амалдарға аса көмегі жоқ, тек екі жақтың жүрісінен ұпай жиналып отырады.
Бірақ тәжірибелі ойыншылармен ойнаған кезде тұздық алудың өзі мұң болып кететіндіктен, көбінетұздықты орайы келіп қалған кезде шансты жібермеу үшін ашып алып жатамыз. Яғни тұздықтың болғаны жақсы, болмаса несі жақсы?

Ескерту:
Ешқашан қарсыласыңызға ойын басында 7-8 ұяшығыңыздан тұздық алуына мүмкіндік бермеңіз. Тіпті оның орнына басқа отаудан ұпай алып қою мүмкіндігі болып тұрса, одан да соны құрбандыққа шалыңыз. Себебі ол тұздық ойын барысында сіздің адымыңызды аштырмай тастайды. Бұл отаулардан ашылған қарсыласыңыздың тұздығы сіздің әр жүрісіңізден ұпай жинап отыруынан бөлек, комбинация жасауға мүмкіндік бермейді. Ал «комбинация» туралы алдағы тақырыпшадан оқисыз.

Комбинация

Мықты қарсылас болса, сізге ойын бойы зар қақсатып тұздық бермеуі былай тұрсын, үнемі отаудағы тастарын жұп күйінде ұстап қайта-қайта артын жауып отырады.
Сондай кезде аз-аздап болса да ұпай жинаудың әдісі – комбинация. Ол үшін соңғы жақтағы яғни 6,7,8,9-отауларыңызда тас аз болғаны жөн. Жалпы ойын барысында соңғы отауларда көп тас ұстамаған жөн, себебі ол сіздің түрлі айла-амалдарыңызға кедергі жасайды. Енді қарапайым комбинацияларға тоқталайық:

1. Кезекті жүрістермен соңғы, яғни тоғызыншы отауға 2 тас, ал сегізінші отауға 4 тас жинап аласыз. Содан соң жүріс кезегі келгенде тоғызыншы отаудағы 1 тасты қарсыластың бірінші ұяшығына тастайсыз. Қарсыласыңыз ол тасты сізге бермеуге лажы болмайды себебі сізден қашып ол тасты екінші отауға жылжытса, сіз сегізінші отаудағы 4 тасты жүріп алып аласыз. Ал оны жылжытудан еш мән көрмей орнында қалдырып басқа жүріс жасаса, тоғызыншы отаудағы бір тастың көмегімен ала аласыз. Түсініктірек болу үшін видеоны көрейік:



Қарсыласыңыз осы әдісті сізге де пайдалануы мүмкін. Ондай кезде тасты орнында қалдырмай жүріп тастаңыз, ең болмаса бір жүрісіңіз артық болады. Бұл атсырауға ұшырамас үшін өте-мөте қажет.

2. Қарсыластың бірінші ұяшығы бос болмауы мүмкін. Әлбетте көбіне ондағы тастар саны жұп болып келеді. Ондай жағдайда қазаныңызды 2 таспен толықтырып алу тіптен оңай. Соңғы отауға 2 тас жинап алып, кезекті жүріс кезінде 1 тасты қарсыластың алғашқы ұяшығына тастайсыз. Сол кезде оның тастар саны тақ болып қалады да ол сол отаудан жүріс жасауға мәжбүр болады. Ал сіз соңғы отауға қалдырған тасты ала қоясыз.


Тоғызқұмалақ ойынындағы бастапқы қарапайым амалдар осындай. Ал жүріс санын көзбен бағамдау, тез санай қою, жылдам жүріс жасау деген сияқты дағдылар тәжірибемен келеді. Негізінде шахматтағыдай үлкен стратегияны қажет етпейтін, тек арифметикаға құрылған ойын деп есептеймін өз басым. Сәттілік!

Сурет yvision.kz-ке тиесілі
Әрі қарай

Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Күн суытты, жылы киімдерді көбейту керек. Ақша мұндайда судай ағады. Алайда, қолыңыздан іс келсе, киімді өзіңіз тігіп алсаңыз, анағұрлым арзанға түсетіні сөзсіз. Киім тіге алмасаңыз, үйрену әсте қиын емес ;)

Сіңіліме тігіп берем деп шешкен белдемшеге (юбка) 1,2 метр мата алдым. Негізі 1 метрі де жететін еді, «а вдруг» деп ойладым, жетпей қалғаннан артылғаны жақсы :) Матаның түр-түрі бар, Меруерт екеуміз келісе келе, қалыңдауын, торлысын таңдадық.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бізге, ең алдымен, тігін машинасы керек. Одан соң мата, оның түсіне сай жіп, қайшы, резіңке, ұзындық өлшегіш, ілгектер және сабынның тұқылы керек (сызғанға) :d
Енді шығынды есептейік:
— матаның метрі — 1200 тг х 1,2 = 1440 тг;
— резіңкенің метрі — 600 тг х 60 см = 360 тг;
— жіп — 50 тг;
— керек-жарақ (әрбір үйде болуы керек негізі) — 500 тг (боп қалар).
1440+360+50+500=2350 тг
Сонымен жоғарыда аталған заттар, 2350 теңге және 2-3 сағаттық уақыт керек. Бастайық!



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Алдымен матаны төртке бүктеп, үстел үстіне жазамыз. Одан соң өлшемдерін сызып, белдемшені пішіп алу керекпіз.
Бізге етектің кең болғаны және 40-45 см ұзындықта болғаны керек.
Сондықтан матаның шеткі бұрышынан 42 см өлшеп аламыз. Мына жақ беті де дәл солай.

Қалған 18 см орны белге кетеді. Сол шеңбердің қақ ортасын тауып, 18 см төмен сызық жүргіземіз. 2 см артқа қайтып, 16 см ғана сызықты қалдырамыз. Ол етектің барлық ұзындығы тең болу үшін.
Сол бұрыштан шыққан 16 см ұзындықты жалғастырып, тағы 42 см есептейміз. Болмаса, бұрыштан 60 см өлшеп, сол нүктеден 2,5-3 см артқа қайтамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны қимастан бұрын барлық жеріндегі ұзындықтың бірдей екеніне көз жеткізу керекпіз. Ана басын да, мына басын да өлшеп шығамыз. Әйтпесе, етектің бір жағы ұзын, бір жағы қысқа болып қалады. Ондайда 1-2 сантимертдің өзі көрініп қалады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Сызған сызығымыздың үстінен матаны қатты көтермей, сырғытып алмай, қырқып шығамыз. Сосын бірден етектің астыңғы жағын оверлокпен тігу керек. Менде оверлок жоқ, соған ұқсас тігісті жүргіздім шетіне.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бел жағына келгенде мұқият болған дұрыс.
Сіңілімнің белі — 60 см екен. Киіп-шешкенге ыңғайлы болу үшін 70-75 см қалдыру керек. Демек, бел жақтағы шетін мұқият, бірдей қылып артқа қайтарып шығамын. Бұл — кәдімгі желбезек, біркелкі болуы керек. Оны ілгектермен белгілеп кетеміз. Сосын ақ жіппен көзге қатты көрінетіндей етіп, қолмен тігіп шығамыз. Қолмен тікпеуге де болады, алайда ілгектер машинаның жүруіне кедергі келтіреді. Кейін барлық тігіс біткенде ақ жіпті сөгіп тастай саламыз ;)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Резіңкенің екі басын біріктіріп тігеміз. Бұл тігістің мықты болуы керек, сөгіліп кету ықтималдығы өте жоғары жер.
Енді резіңкені тартып тұрып, етектің бел жағына қоса тігуіміз керек. Ең жауапты да қауіпті сәт: қатты тартсаңыз — ине сынып кетуі мүмкін, қатты тарпасаңыз — резіңке мен етек бір-біріне сәйкес келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнеше жерден белгі қойып, ілгекпен қыстыра кетіңіз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Белдемшеміз аяқталуға аз-ақ қалды. Енді етегін қайтарып тігіп шықсақ болғаны. Байқадыңыз ба, «юбкамызда» 2-ақ тігіс болады, жандары қырқылған да жоқ :)



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Етектің шетін 1 см етіп қайырамыз да, бір сызықпен тігіп шығамыз. Сосын тағы да ішке қарай 1 сантиметрдей қайырып, бір сызықпен тігіп шығамыз. Тігістің түзу болуын қадағалаңыз. Соңында тігісті жатқызып үтіктейміз :)

Белдемшеміз дап-дайын! =d> Бірақ, оны киіп көрместен бұрын оған аксессуар дайындап алайық. Қалған матадан «бабочка» тігеміз.

Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

15х6 және 28х15 өлшемді екі мата қырқып аламыз. Үлкенін бір-біріне беттестіріп, шетін тігеміз. Матаның оң жағы іште қалу керек.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Матаны оң жағына қарай аударамыз да, жан-жақтарын туралап, үтіктеп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді матаның екі шетін ішке қарай қайырамыз, тігіс іш жақта қалу керек. Ал, тең бөлінгенін білу үшін өлшеп көрейік. Дұрыс екеніне көз жеткізген соң екі шеттің біріккен жерін оверлокқа ұқсас зиг-заг тігіспен жүргізіп шығамыз. Арғы бетінен тігістің көрінгені ештеңе етпейді, бірібір беті жабылады.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Кіші матаның да екі шетін біріктіріп, тігіп шығамыз. Оң жағына аударған соң үтіктеудің қажеті жоқ.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Енді тік төртбұрыш қылып тіккен матадан «бабочканың» кескінін жасайық. Ол үшін инені сабақтап алып, қолмен тігіп шығамыз. Сосын екінші тіккен «бау тәріздесті» ортасынан артқа қарай қайырамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Бір-бірінен жылжып кетпес үшін жақсылап, бірнеше қайтара тігеміз. Матаның шеті сетінемес үшін ол жерін де бірнеше қайтара тігіп шығамыз.



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, мойынға тағатын бант әп-әдемі боп шықты ;lv:-@d Оған жейденің жағасына тағатын бау жасайсыз. Ерінсеңіз, түйрегішпен тағып алуға да болады :d



Блог - aikarakoz: Күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз

Міне, күздік образ дайын :-@d Бұл киімді студенттер де, қызметінде «арнайы формамен жүріңдер» демейтін қыздар да кие алады. Тез және арзан! :)

Айтпақшы, белдемшенің ұзындығын өз талғамыңызға қарай таңдайсыз ;)
Әрі қарай

#БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?

#БББББлагослави вас, мүміндер!
Дүдәмал шолушыларың сіздермен бірге. Сонымен, айналым 3, тур 7. Алғашқы блогиаданың алысқақтары «Математика» тақырыбын фоторепортаж түрінде көрсету қажет еді. Көрсетті де.

Посттарды қарай отырып, не ой келеді? Тақырып пен формат біршама шекті көрінгенімен, тым қатты ноқалай болмасаңыз, шын мәнінде біршама аясы кең екенін ұғуға болады. Осы жағдайда әр блогер өз түсінігіне, шешіміне, көзқарасына орай, белгілі бір бағытпен пост жазады (кэпіңді ұрайын!). Себебі, екі шарт: фоторептігі мен математикаға байланысы орындалып тұр.
Алайда, қазылардың өз көзқарасы болатынын да ұмытпау керек. Олар белгілі бір межедегі, критерийдегі жұмыс күтеді. Ол орындалмаса, баға да ең жоғарғы болмайды.
Мәселенки, фоторепортаж болғандықтан, бірінші кезекте фотолар сапасы, қанықтығы, мазмұндылығы рөл ойнай ма? Мәтінсіз-ақ негізгі ойды сап етіп ұқтыра алуы шарт па? Себебі, ФОТОреп қой. Жоқ?
Математикаға формальды не жанама жанасып, не абстрактілі байланыспен шексіз қиял мен тың көзқарас теліген материал жазуға бола ма? Жоқ, әлде математикалық процесс жүруі тиіс, қимыл қозғалысты, белгілі бір дәрежеде инертті, процесстің өзі болуы тиіс жұмыс болуы шарт па? Себебі, МАТЕМАТИКА ғой. Жоқ әлде процесс пост барысында емес, тек сыртынан бақылап, сипаттап көрсететін де блог қолтық болмақ па? Сауал көп, және қалай болғанда да, блогердің өз еркі, қайдан құлақ қылтитса…
Және қазылар көзқарасы біртекті болмайтыны түсінікті, себебі, мыжылған талаптар көрсетілген жоқ. Қатысушылардың қай жолмен кетсе де бұрыс еместігі айқын болмақ керек. Дей тұрғанмен, бір блогердің постын оқып, екіншісінде осы талаптар (өзіне-өзі қойған талаптар, өзі таңдаған жол, факт жүзінде) орындалмағанын көрген соң, оның жұмысын кем-кетікті секілді көруге, төменірек санауға болатындай ма… Бізге, қарасүйек оқырманға солай көрініп қалады. Сізге ше, қазылар? Және, қандай жауап болмасын, бұл қаншалықты дұрыс екен, ә?..
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?
Напарнигім Қоғабайдың қолындағы құрылыс көбігі секілді запырандатып алдық. Енді, посттарды шолайық.
Ернар Бекенов. «Баспаналы болудың есеп-қисабы».
Практикалық пайдалылығы жөнінен — ең озық пост. Және ііі… қазір, қазір, сөздік қорыма тәу етіп алайын. Жұп-жұмыр, тиянақты пост. Бір де бір артық ақпарат көріп тұрғам жоқ. Кемшін, жетпей тұрған ақпарат? Бәлки, бар. «Бірақ бүкіл әлемнің дерегін дамбалыңа сыйдыра алмайсың». :)
Өткен шолуда постыңызда сіз болатыңыз, жылылық, шынайылық, парадоксальды объективтілік бар екенін айтып едім. «8 ұпай — мөлдір шынайылығыңа. Бұл жағынан саған тең келетін блогиадашы емес, жалпы қазнетші көрмедім», «Шынайылығыңыз үлкен құрметке лайық» деген қазылар менің сол кездегі ойларымды қағып кетті деп тұрмын. :d Иә, тәрк! Бұған дейін де айтып па еді осы сыңайда? Сорри, ештеңе білмеймін, мен бұған дейін шолу жасамағам.
«Бұл математика тақырыбына қаншалықты жақын екенін білмедім, «Блогиада» дәуіріндегі соңғы жазбамның жоғары баға үшін емес, оқырманға көбірек пайдасы болғанын қаладым.» — оооөөұұүүү… мимими.
Суреттер қанық емес, алайда, пост мақсатына орай ол міндет тұрмаған да секілді.
Математикаға тура қатыстылығы жөнінде сын айта алмаймын. Себебі, есептеу бар, бәрі шартты, бұл да — математика. Егер кәдуілгі математикаға байланыс (формула, теңдеу, теорема, Фермаңды!) сұрасам, калькалық, шаблондық, тынысты шарықтауға тұмылдырық салу секілді болады. Анық, оқырманыңыз емес, сұраса, қазыларыңыз сұрауға құқылы.
Жазба тілі — қарапайым, ұғынықты. Ұнады.

Асқар Базарбай. "Қажетті һәм қажетсіз математика".
Жұмыс барысында айтқысы келген ойы әу бастан түсінікті. Репортаж жай репортаж емес, бір нәрсені дәлелдеу бағытында болғаны құптарлық секілді. Тілі — бұрынғыдан гөрі сұйықтау. Фоторепке бола береді.
Фотоларды таңдауда безендіріп, орналастыруда жауаптылықты атап өткім келеді. Тек… неге қара рамка?
«Пернебек аға есептерді мұқият қарап, шығаруға тырысқанымен, біреуінің де шешімін дұрыс таппады, кілең жобамен ұра берген. Дебет пен кредитті келістіруде бұлай жаңылмайтынына сенгім келеді.» — упс! :*)):*)):*))
«Егер біз бесінші сыныптан кейін математика оқымасақ, онда қарапайым арифметиканы да осы уақытта ұмытып қалар едік. » — Имам знает, что говорит! Они, вообще, фильтруют свой базар!
"«Осымен болар» деп үйге қайтып келе жатып, жол бойындағы компьютер клубына соғып, иесімен кездестім. Иә, оған да математика туралы сұрақ қою мүмкіндігін жібермедім. Жоспардан гөрі, инерциямен кетіп қалды." — Осы сөйлемдерді оқи отырып, менің телпекті басыма не ой келді? Білесіздер ме, осы жерде еш комментарийсіз-ақ, не жоспар бойынша сапарлағандай қып көрсетуге болар еді. Құрғақ, автоматты, ретімен. Алайда, осы бір шынайылық факті һәм акті — блогердің журналистен айырмашылығын көрсеткендей болды маған.
Аса жюрикелі қауsм қатарынан "Өткенде автоматпен 10 қоямын деп едім, келесіде бос кеңістік жарияаласыңыз да 10 қоямын" дейді Ерлан Оспан. Қой десеңізші, жыртылып өлетін болды ғой көкем! Келесіде «Осы өмірде Асқар Базарбай бар деген хабар келсе, 10 қоям» жүрмесін. :*))
Меніңше, Еркімбай мырза діттеген пікірде ұйытқы бар сияқты. Егер ақырғы (басты) сұрағыңыз екеу боп кетсе, екеуін де айқын көрсетіп, не бір ойға ұйыстырсаңыз деген бір тілек. Одан бөлек, ақыры алып келген ойыңыз — өз басыма дұрыс. Бірақ, жалпыға күмәнді, даулы, айқын жөн деуге келмейтін тұжырым.
Сіз математикалық ситуацияны қолдан тудырған, модельдеген жалғыз блогер болдыңыз. «Егер тау Магометке бармаса...» Яки, фотореп жанрынан тыс шығып, сауалнама жанрын да эксперименталды пайдаланылғанын айтам. Жарайды, енді, кім "қой" дейді сізге?
Жұмысқа тұруға сұхбаттасуда:
— Атыңыз?
— Бөрібай.
— Фамилияңыз?
— Бекарыс.
— Неменеге мәз боп отырсыз?
— Алғашқы 2 сұраққа дұрыс жауап бергеніме.
Ана алғашқы үш сұрағына бәрі жауап бергенде, осы сақалы ағарған анекдоттағыдай жағдай болмады ма?
Жазба гәпті, стилистикалық жинақы. Тарс-тұрс! «Постты тапсырдым» дейтұғын автоматты тіркес әскердің сөзі емес, сіздікі секілді. Алғыстаймын!

Әйгерім Кеулімжай. «Математика жайлаған апта».
«Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика…» Түһ, жолы болатын арудың тақырыбы шығар алдынан. Тура келе қапты ғой, ә?
Бұлдыр математикаға — бұлдыр емес суреттер. Бұл — дыр… айвово! Бұл — дұр… ыс!!!
"Ғылыми жетекшім «сөйлеуді тануды бұлдыр логикаға салуды үйреніп ал» деп тапсырған еді. Тура мағынасында бұлдыр, бұлыңғыр болып тұрғаны…" Мына жерде айтқыңыз келген ойдың сүдінін ұққаныммен, алғашқы сөйлеміңізге арбалып қалдым. Уат зе факт?
Білесіз бе, бір сәтке сіздің мына жұмысыңыздың басқалардікінен басымдығы — тура кәнігі математика жайлы болғандығы тәрізді көрініп кетті. Шын айтам. Оған, әрине, сіз де бақтысыз, жюри де елтіді, қарсыластардың өз шаруасы.
Жалпы, негізі, жазбадағы процесстің, математиканың (бастапқы екі тақырыпшада) ішіне ене алмадым. Басқа жұмыстардың мазмұнын түсіну деңгейімен салыстырғанда, сіздің анау ілкіғылыми атаулы терминдеріңіз бен тақырыптарды да түсінуге тиісті болғам және түсінгім келген. Дегенмен, сіз оны тысынан сипаттауды міндет қойған секілдісіз. Иә, ішіне кіргізіп түсіндірсеңіз де, бәрібір миым қабылдамас еді.
«Былдыр», «Бұлдыр» деген терминологияны арнайы алып, сөзбен ойнаймын деп, кішкене ой тұтқыны болып қалған секілдісіз. «Осыған орай бір тіркестер байланыстыра қолдансам, ә» деп.
Жоғарғы ғылым… Біз секілді қара жұмысшыға қайдан бағынсын? Сіздермен ортақ жеріміз — терезеге газет жабуымыз ғана…
Мықтысыз, негізі. Етекті еркек!..
«Ақыры әңгіме орайы келіп тұрғасын, дайындап келген математикалық ойлау туралы сұрағымды қойып жібердім». Хехе, басында айтып алып, қоймай кетсеңіз, қызық болар еді ғой. :)
Пост бойында кәдімгідей үш актіден тұратын сюжет байқалады. Және олар тым байланыссыз емес, кейінгі актілерінде алдыңғыларға сілетем жасалып, ескңе алып отырасыз. Орнықты. Жазба тілі — қарапайым. Жалпы, қарапайым тілдісіз бе деймін. Блогерлік, тірі тіл.
Рақмет сізге!

Маралбек Сағынғанов. «Жаңалықтар математикасы».
Әдеттегідей, жазбаның стилі — журналистік баяндау түрінде. Алғащық үздік деп табылған үш жазбадан кейін оқыған сіздің жұмысыңыз қандай эффект береді екен деп ойлап едім. Жоқ, салыстырмалы пәстік, сапалық төмендікті санам аса байқай қоймады.
"Қарапайым арифметика математикадан гөрі қисынға айналатын шығар. Әңгіме математика туралы емес, қисын туралы" деген пікір білдірген қазымен келіспеймін. «Times New Roman 14 қарпімен жазылған бір жол 4 секундқа тең. Төмендегі суреттегі репортажда жүргізуші сөзімен қоса есептегенде 24 жол мәтін мен 3 синхрон бар. Ендеше, 24*4+25*3=171 секунд (2 минут 51 секунд)» деген сықылды ми ашытуларыңыз математика емей немене? Әлде қотангенс функциялары берілуі керек пе еді? Охохо, өзің де бұлданып апсың ғой, жаңа көріп отырмын.
Ішкі асхананың қыр-сыры қаншалықты қызық болатынын білмедім, бірақ, сіздің орныңызда болсам (эх, бола алмаймын ғой ешқашан!) мен де осындай материал дайындар едім. Міне, қисын осы жерде деп айтар едім.
Суреттердің алып бара жатқан ештеңесі жоқ екен. Айтпақшы, суреттік «Айтпақшыңыз» неге екеу? :*))
Міне, үшіншісі: «Айтпақшы, бағдарламаға енбей қалған материалдар, өкінішке орай, «шіріп кетті». Жаңалықтар деген атымыз бар ғой енді. Олардың есебі де жүргізілмейді.» — оооой, әбидні екен. Келесі, қарапайым «Жаңалықтарға» салуға келмей ме?
Қызықтығы жөнінде талас тууы мүмкін. Бірақ тамаша танымдық пост болды деп ойлаймын. Іс жүзінде минут, сандары бізге қызық емес, бірақ жұмыс ретін, қиындығы мен қызығын түсіндіріп кеттіңіз деп ойлаймын. Зор!

Эльвира Ерғалина. "Өмірдің өзі — математика".
Сіздің өлеңге ебіңізді бірінші рет байқап тұрмын. Бұрын танытпаған селфиіңіз қырыңыз екен.
Дегенмен, блогиаданың соңғы кезеңіндегі екі бірдей сәтті өлеңдетуден кейінгі жыр-посттың жюри тарапынан аса жоғары бағаланбасы күтілсе керек. Оның үстіне, фоторепке әкеліп тоқайластырылса.
Әнебір қоюланып, терең ойлар түйіліп кететін тіркестеріңіз болушы еді. Бірақ ол сирек болатын, мына жерде өзіңізге ұқсамай, сәл жиілетіп жіберген екенсіз. Өлеңдегі жолдар құрылымдық жетік, тағылымды, қорытынды ойы бар. Жоқ, шыныңызды айтыңызшы, тәжірибелі біреуге тексерттіңіз ғой, ә? Дау жоқ, күшті өлең!
Суреттелетін өмір сатылары реттілігіне күмән бар. Бірақ бұны айып емес, өзіңіздің тәуекели батылдығыңыз деп қабылдаңыз. Себебі, тұтас өмірді математикамен көрсетуде барлық қажетті кезең, барлық қисынды ситуацияны қамти алмасыңыз әу бастан түсінікті болатын.
Есесіне, барлық фоторептердің ішінде сіздің суреттеріңіз ең алуан боп шықты. Бір бағытқа, тақырыпқа, арнаға түйіліп қалмағаны ерекшелейді.
Рақмет айтам сізге! Идея келсе, сіз кәсіби орындап шыға аласыз кез-келген жазбаны, басыңыз!

Айнұр Ракишева. «Астанаға саяхат».
Жазба — танымдық, бірақ құрғақ. Математикаға қалай байланыстырғаныңызды түсініп отырмын. Тура түсініп, визуалды әсерге ден қойған екенсіз. Соған барлық бәсті тіккен екенсіз. Және 2 мағынада: 1) Математиканың өзін визуалды түсініп 2) Оны визуалды айрықша көрсетіп.
Өзге жұмыстармен салыстырғанда, жазбаның айтар ойы болмай тұр.… Астана әсем екенін… Ол енді… Cіз түсіндіңіз ғой деймін.
Айеке, Айеке! Фотореп… Фотореп… утация. Иә, фоторепутация. Сіздің фишкаңыз боп кеткен фотолар, иә? Сіздің суреттеріңіздің озық екенін айтып тұрмыз!
Алайда, фотореп аталғанымен, блогиада жағдайында материал тек содан тұрмасы белгілі болса керек. Әрі, сіздің тіліңізге майлылық, мәйектілік жетіспейді. Тіпті, мына жерде де байқалады. Мүмкін, осы жолы шынымен қажетсіз шығар, сонда да…
Жарайды, жарайды. Әрине, безендіру мен түс қанықтығы жөнінен гиперфотолар ішінен мына суретті мен де пайдалабасам, болмас.
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?

Сонымен, бұл апта көрсеткендей, кәнігі математиканың бетін ашып, түймесін шешкендер жоғарырақ бағаланды. Жұмыстар сипаты да, стилі де, формасы да, тақырыбы да әртүрлі болды. Қарап тұрсаң, не алуандық болуы мүмкін, иә? Қайдағы бір «Математика, фотореп». Не тут-то было.
Өткен жолы не деп ем? Интрига ұрып тұр демеп пе ем? Мәселен, екінші орынға талас дәл қазір өрши түсті. Өз есебі мен кәдуілгі ми құрғататын есепті білетін бір блогер қыз Блогиаданың да есебін біліп тұр. Онысы рейтингіне майдай жақты, ұпайды байдай қақты. Математика ғой тұнған бұл да, миыңды! Асқар да тур үздігі атанған жоқ. Хаха!
Сосын, бір аптада Нұрғиса, бір аптада Назгүл, уақытында баға қойсаңыздар екен… Бұл іс-шарада Бөрібайды ойлайтын біреу бар ма өзі? :*))
Алда менің майлы басымды жайлы һәм сайлы посттар күтуде деп ойлаймын. Сіздердің де. Төрттіктегі шайқастар табан қыздырады. Жюри саны қатысушылардан артық болатын ерекше құрметті кезең, түсініктеріңмолболғырлар!
Ал әзірге — еркін тақырып. Еркінсіп кетпеңдер! Еркіндікті еркекше пайдаланайық!

Болдым, бірақ болдырмадым. «Жаман иттің атын Бөрібасар,
Жаман шолушының атын Бөрібай қояды» демесеңдер болды. Сіздерге деген сүйіспеншілікпен, Боря.
Әрі қарай

Жаңалықтар математикасы

Кез келген өнім секілді тележаңалықтар да тұтынушы, яғни көрерменге дайын күйінде жеткізіледі. Бірақ, ең қысқасы бес минут, ұзақ дегенде бір сағатқа созылатын жаңалықтар бағдарламасының дайындалуы да тұнып тұрған математика. Енді, күн сайын түбір астын шығарып, матрица түзіп жатқанымыз шамалы. Дей тұрғанмен, математика элементтері біздің жұмыста жетерлік.
Әрі қарай

Қажетті һәм қажетсіз математика (эксперимент)

Армысыңдар, достар!

Осы аптаның тақырыбына сәйкес, «5-сыныптан кейін математиканы өмірде қолданасыз ба?» деген сауалға математикаға тікелей қатысы жоқ кәсіп иелерінен жауап алу қызық болды. Оған қоса, кейбірінің математикаға жақындығын кішігірім тест арқылы сынауға болады.
Сонымен, екі сұрақ, үш есептен тұратын 5-8 сынып бағдарламасынан алынған төмендегі шағын тест жасалды.
Әрі қарай

Математика жайлаған апта

Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика… Жә, басынан бастап айтайыншы.

Бұлдыр математика
Бұлдыр математикаға дүйсенбі күні-ақ тап болдым. Кафедрамыздың шақыртуымен бізге дәріс оқуға түу Жапониядағы Осака университетінен профессор Умано Мотохидо келіпті.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Курс атауы — «Бұлдыр жиындар және олардың қолданылуы» және ол бұлдыр көрсеткіштер, бұлдыр талдау, сараптамалық жүйелердегі бұлдыр жиындар, бұлдыр жағдайда шешім қабылдау сияқты сұрақтарды қамтиды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мұндай пайдалы дәрістерден шет қалмауды жөн көріп алғашқы күннен қатыса бастадым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Шыны керек, бастапқыда аздап миымыздың ашығаны рас.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Бернұр тіптен мұңайып кетті. Ал сендер «математика — нақты ғылым» дейсіңдер.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен, есепті шығарған сияқтымыз.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мына екі магистрант мәз, әйтеуір.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал профессорымыз болса бұлдыр жиындардың жапондық Matsushita компаниясының кір жуатын машинасы программасына қолданылуы туралы сөз қозғады.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Оның айтуынша, машинадағы кір жуу уақыты бұлдыр басқарумен анықталады екен.
Ғылыми жетекшім «сөйлеуді тануды бұлдыр логикаға салуды үйреніп ал» деп тапсырған еді. Тура мағынасында бұлдыр, бұлыңғыр болып тұрғаны…

«Былдыр» математика

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Былдыр» математика мені жұма күні өзім 4-курсқа оқитын «Сөйлеу технологиялары» пәніндегі «Марков жасырын моделдері» тақырыбына арналған дәрісімде күтіп алды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Студент аз екен» деп таң қалмаңыздар, себебі пән өте тар профилді және оны тек қана «Компьютерлік лингвистика» мамандандырылуын таңдағандар ғана оқиды. Қас қылғандай топтағы жалғыз ұл да сол күні сабаққа келмей қалыпты.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Сөйлеуді қандай да бір Марков процесінің туылуы ретінде қарастыра аламыз. Біздің сөйлеу мүшелеріміз сөйлеу дыбыстарын шығара отырып түрлі күйлердің тізбегінен өтеді, мысалы тілдің орналасуы, жақтың ашылуы, дыбыс трактісінің формасы және тағы басқа. Әр күйде шығарылатын дыбыстарды қандай да бір бақыланатын символдар тізбегі ретінде сипаттауға болады. Жасырын Марков моделдерінде күйлер тізбегін тікелей бақылай алмаймыз, сондықтан модель жасырын деп аталады. Біз тек қана қандай да бір ықтималдықпен таратылған сәйкес символдарды бақылай аламыз» деп отырмаймын ба :-b

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал Дина болса… Сонда қалай, бұларға ештеңе қызық емес пе?

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен қызығушылық танытып отырғандар бар екен, сұрақ қойып жатыр :d Менің «былдыр» деген математикам бұларға бұлдыр болып отыр екен. Мотохидоның дәрісіндегі өзімнің түрім есіме түсіп жымиып алдым да, қайта түсіндіре бастадым.

«Нағыз» математика

Сабақтан соң кабинетіме келіп поштамды ашсам, университет бойынша ғылыми-зерттеу институттарын бақылау нәтижесінің рейтингі келіп тұр екен. Біздің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтымыз ашылғанына 2-ақ жыл болғанына қарамастан, бірінші санатты ұйымдар қатарына еніпті. Ал рейтинг басында жоғары санатты ұйым ретінде 9,31 баллмен «Теориялық математика және ғылыми есептеулер» ғылыми-зерттеу институты көш бастап тұр екен. «Бұл — белгі» деп ойладым мен: «нағыз математиктер бар ғой онда. Ол ұйымды кезінде математикалық анализ пәнінен коллоквиумға дайындалғанымда кітабын жастанып оқыған профессор Темірғалиев басқарып отырған жоқ па? Барып, институтпен танысып, әрі ол кісіден студенттерді қалай математикалық ойлауға үйрету керектігін сұрап қайтайын.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Содан бүгін, яғни сенбі күні институт орналасқан оқу-лабораториялық ғимаратқа қарай бет алдым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Келсем, профессор Темірғалиев шәкірттерін жинап алып семинарлатып жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Аз уақытта семинарды аяқтап институтпен таныстыруға көшті. Институт небәрі үш кішкентай кабинетте орналасқан екен.
Екі кабинетте институт қызметкерлері таңнан кешке дейін жалпы сомасы 1 жылға 44 миллион құрайтын 7 ғылыми жоба бойынша жұмыс жасайды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Институтта талантты жас ғалымдар жетерлік. Солардың бірі — PhD Нұрлан Наурызбаев. Ол Thomson Reuters рейтингісі бойынша 2-орында тұрған «Foundations of Computational Mathematics » атты жоғары импакт-факторлы басылымға 34 беттік мақала жариялаған. Мұндай рейтингілі мақаламен оған енді кез-келген шетелдік ғылыми орталықтың есігі ашық. Ал ол болса ЕҰУ-да.
«Мақалада атауынан көрініп тұрғанымыздай, жалпы сандық интегралдауда қорытындылар беріледі. Математика мен информатикада дискрепанс дейтін орталық ұғым бар, яғни жақсы таралудан ауытқу.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Болашағынан үміт күттіретін жас ғалымдардың бірі — ақтөбелік жерлесім, PhD — Ақсәуле Жұбанышева. Импакт-факторлы мақала саны — 3. Ақсәуле докторант кезінде-ақ Германиядағы дүниежүзілік математикалық орталықтарының бірі болып табылатын Иена университетіне барғанда әуелі студенттік семинарға қойған баяндамасын ол жақтағылар өздері сұрап профессорлық семинарға ауыстыртқан екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал мынау – Нұрлан Темірғалиевтің кабинеті. Көзіме түскені – барлық кабинетте тақталар. Иә, математиканы тақтасыз елестету қиын.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Маған коллоквиумда көмектесіп, кейін емтиханнан «автомат» алуыма себепші болған «Математикалық анализ» кітабы көзіме оттай басылды. Бұл кітабы туралы профессор «Бейнелі сөзбен айтсам, қасқыр отарға шапқанда бір ғана қойды жеп кете бермей, артындағы күшік қасқырларға, үйіріндегі әлсіз қасқырларға да жемтік даярлау мақсатымен алдында кездескен қойлардың барлығын бауыздап қырып кететіндігін исі қазақ баласы біледі. Біздің институттың да қойып отырған есептері осындай, ары қарай жалғастырып кетуге мүмкіншілік береді. Ал қасқыр қойды жеу үшін оның азуы қандай рөл атқарса, біздің ұсынып отырған «Математикалық анализ» оқулығымыз да сондай рөл атқарады. Ол ғылымға ауыз салатын – «азу» дейді.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
»Оқулық" демекші Нұрлан Темірғалиевтің мектептердегі қазіргі математиканы оқыту үлгісіне мүлде көңілі толмайды. Сол себепті Теориялық математика институты "Қазақстанның инновация-өндірістік дамуына – математикалық қолдау" жалпыұлттық жобасын ұсынып отыр, ол жоба аясында институттың мектеп математикасы бойынша жаңа методология мен методикалары негізінде бүкіл Қазақстан мұғалімдеріне бағдарлама мен оқулықтар толық көлемде дайындалмақ. Ол үшін 2 миллиард теңге көлемінде қаражат керек екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ақыры әңгіме орайы келіп тұрғасын, дайындап келген математикалық ойлау туралы сұрағымды қойып жібердім.
«Математикалық ойлауға баулу мектеп жасынан бастау алуы керек. Баланы жастайынан автоматты түрде жаттауға емес, шығармашылыққа бейімдеу керек. Мысалға қарапайым көбейту кестесін үйретуді айтсақ, біздің мұғалімдер бірден дайын кестені жаттатуға құмар. Одан да алдымен бір мысалда көбейту мағынасын түсіндіріп, ары қарай кесте мәндерін өзі жазып шығатындай ету керек. Сол кезде бала үшін ол жаңалықпен тең, ол оны түсініп тұрады, математикалық ойлау, анализ деген осыдан шығады. Содан кейін ғана кестені жаттата беруге болады. Мектеп математикасының негізгі жүгі «есеп шығару» емес, болашақ мамандығына қатыссыз әр адамға қажетті «математикалық жетілуге» жеткізу болып табылады» деді профессор.



Үйге келе жатып Темірғалиевтің «негізі, адамға отансүйгіштікке қоса қажетті деңгейдегі білім де керек» деген сөзін есіме алып бір күліп алдым. Алда әлі Мотохидо дәрістерінің бір аптасы бар. Қажетті деңгейдегі білімімді алып қалудың бір аптасы…
Әрі қарай

Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

Бұл постты оқып отырғандарыңыздың көпшілігі өзге елдердің тағамдарын қаладағы кафе, ресторандардан немесе фастфудтар арқылы таныдыңыз десем қателеспейтін шығармын. Бүгінгі күні әлемнің кез-келген елінің асханасының тағамдарын қарапайым фасфутарда да қолжетімді бағамен дәмін татып көруге болады.

Пицца, спагетти десе бірден ойымызға Италия, суши десе Жапония, грек салаты десе Грекия, ал дөнер десе Түркияны ойлаймыз. Ал шындығында қалай?


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықАҚШ
Сосa-Cola, хот-дог, гамбургер десе бірден Америка құрама штаттары ойымызға келеді. Бұл тағамдар бізге АҚШ-тан келген деген стереотип қалыптасқан. Ал шындығында хот-дог – Францияда, картошка-фри Бельгияда, гамбургер – Германияда дүниеге келген.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ҮНДІСТАН
Үнділердің тағамы түрлі қызылды-жасыл көптеген дәмдеуіштермен жасалады деген стереотип бар. Ал шындығында ол олай емес екен. Үндістандықтар белгілі бір дәмдеуішті тек бір тағамға ғана арнап қолданады. Бізде біртүрлі үнді тағамын жеп қалсаңыз ол үнді асханасының жамандығы емес.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ИТАЛИЯ
Италиялық спагетти мен фрикадельки бұл елдің өзіне қарағанда Америкада танымалдырақ. Италия асханасына тамыры терең сіңген пицца Италияда дүниеге келген деген стереотипке қарамастан, оның дүниеге келген жері Греция болып табылады. Ал танымал италиялық неке сорпасы – Испанияда ойлап табылған.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ГРЕКИЯ
Аты танымал «Грек салаты» әлем бойынша түрлі құрамда дайындалғанымен, оны гректердің асханасынан таба алмайсыз. Сонымен қатар, грек жаңғағын біз Грекиядан деп ойлаймыз. Өйткені ол өзге елдерге Византия арқылы тарай бастаған. Алайда оның Отаны Азия саналады. Ежелгі грекиялық ғалым Теофраст оны парсы жаңғағы деп атаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық
Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТАИЛАНД
Таи тағамдары көбіне батыстықтарға икемделіп дайындалады. Ал шындығында ол тағамдар өз Отанында үндістандық тағамдарға қарағанда да ащы болады.

Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық

ТҮРКИЯ
Дөнер десе ең алдымен түрік елі еске түседі. Алайда оның дүниеге келген жері Берлин. Дөнерді ең алғаш рет 1971 жылы Берлинде тұратын Махмұт Айгүн есімді түрік азаматы жасаған.



Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындық


Блог - rakisheva: Танымал тағамдар: стереотиптер мен шындықЖАПОНИЯ
Бүгінгі күні әлем бойныша Жапонияның ең танымал ұлттық тағамы ретінде танымал сушидің дүниеге келген жері Қытай. Б.з.д 4 ғасырда қытайлықтар балықты ұзақ сақтау үшін оны тазалап, күрішке салып қояды екен. Алайда балықты жейтін кезде сыртындағы күрішті алып тастайтын болған. Дәл осы тәсілден дүниеге суши келген.



Ал сіз тағамдарға байланысты қандай стереотиптерді білесіз? :)

Фото сурет: Jonathan Icher

P.S. Стереотиптерді бұзу тақырыбында тағамдар туралы жазуыма жарты әлемді аралап келген құрбым Гүлмираның әңгімесі арқау болды.
Әрі қарай

Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!

"Әйел баласы көлікті дұрыс айдай алмайды," деп жатады ерлер қауымы. Тіпті, «көлік тізгініндегі әйел — граната ұстаған маймыл» екенін айтып, өзара қарқылдасып алады. Иә, иә, сіз де дәл қазір бас шұлғып оқып отырсыз.

Ха!

Осы неге екенін қайдам, көшеде жол ережесі бұзылып жатса, «рөлде „точно“ әйел отыр» деп, көріпкелдігіне салып жатады көп кісілер. Әлбетте, сол көліктің жанына барып, болжамының рас-өтірігіне көз жеткізеді. Көкелерім-ау, машина айдаған қыз-қырқынды сырттай сыбай бергенше, алғаш рөлге отырған әйелдің қандай пайда әкелгенін біліп алмайсыздар ма?


Көлік рөліне отырған бірінші әйелдің пайдасы

Қазіргі талайдың махаббатына айналған, «сән-салтанаттың белгісі — Мерседес Бенц» көлігін ойлап тапқан Карл Бенцтің әйелі Берта Бенц (жаңылпаш боп кетті ғой ) — алғаш рет бензинмен жүретін көлікті жүргізген әйел. Ол күйеуіне айтпастан екі ұлын қасына ертіп, көрші ауылға үш дөңгелекті машинамен кетіп қалады. Жолда көлік өшіп қалады, бұзылады. Сол кезде Бертаның шаш қыстырғышы бітеліп қалған жанармай құбырын тазартуға пайдаланылса, шұлығының резіңкесін оталдыруда қолданады. Пәлі, әйелдің мотор-потордан хабары бар боп тұр ғой  Әрине, сырттан көмек те көрсетіледі. Сонда Карл Бенцке Берта «беріліс қорабын» (коробка передач) орнату туралы кеңес берген екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Әйелдер жол ережесін сирек бұзады

Рас, қазір жүргізуші әйелдер көбейіп кетті. Әкімшілік полиция Басқармасының статистикасына сүйенсек, Астанада әр бесінші көлікті әйелдер жүргізеді екен. Жол ережесін бұзған 30 көлік тоқтатылса, оның ішіндегі бір жүргізуші ғана әйел жынысты болып шығатын көрінеді. Бұл — Жол Патрульдік Полициясының мәлімдемесі.
Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды. Анда-санда жол үстінде «бұзық боп қойған» қыздың қылығын өмір бақи ұмытпай, барлық қыздың бетіне салық қылады да жүретіні несі екен осы жігіттердің?  Ал, еркектердің трассадағы «оқалақтығы» назарға да ілінбейді…

Рөлде боянады дейсіз бе? Қыздар рөлге отырған былай тұрсын, жаяу жүріп келе жатып бояна алмайды. Өйткені, бетке сурет салу үшін тоқтау керек, артық қимыл болмау керек . Ал, бағдаршамға не тығынға тоқтағанда ерін бояй салғанды есепке алмаса да болады. Өйткені, көлік тоқтап тұр — ешкімге зиян келмейді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Кілең әйел жынысты жүргізушіден тұратын таксопарк

"Әйелдер көлік жүргізе білмейді" деген стереотип шытынап, тіпті, қирап бітті-ау. Өйткені, кілең әйел жүргізушіден тұратын таксопарк Қазақстанда да көбейіп келеді. Алматыда 2 жыл жұмыс істеп, жабылған «Леди» таксопаркін есепке алмасақ, Қарағанды мен Шымкентте «күлгін көлікті такси» қызмет көрсетеді.

Биыл маусым айында ғана қызмет көрсетуге кіріскен Шымкенттегі «Айсұлу» таксопаркінде 11 көлік бар. Жұмысқа алынған 11 бикештің еңбек өтілі 4-5 жылдан кем емес. Әрине ер-азаматтар сенімсіздік танытып, ол сұлулардың қызметіне жүгінуге қорқатын болар, сондықтан көбіне «Айсұлу» таксиге тапсырыс жасы үлкен кісілерден түсетін көрінеді.
Оны айтасыз, ендігісі 68 жасқа келген оралдық Оразхан апаның өзі аталған стереотипіңіздің қирауына үлес қосқан жоқ па?
Зейнетке шығып, үйде отырған әжелерге кеңес беріп өткенім ұят бола ма деп отырмын.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Такси ұсынатын жаңа қызмет — "әйел жүргізуші"

Тіпті, «шопыр әйелге» деген сұраныс күн өткен сайын артып келе жатқан сияқты. Өйткені, жәй ғана таксилер ұсынатын тағы бір қызмет пайда болды: "әйел жүргізуші". Әйел жүргізуші барлық таксиде бар деп айта алмаймын, сирек кездеседі. Интернетті ақтарып отырып, Астана қаласы бойынша таксиді тізгіндеген 7-8 бикешті ғана таптым. Сұраныс болмаса, бұл қызмет пайда болмас еді

Таксидің қызметіне көп жүгінетін әйел баласы үшін нәзік жан жүргізетін темір тұлпарға отырған анағұрлым сенімді. Бұл қызмет шетелде ертеректен етек жайған. Мысалы, Ресейдің Қазан қаласында әйелдерге арналған мұсылмандық такси бар екен. Жүргізушілері, сәйкесінше — әйелдер. Олар клиенттерін бір межеден екінші межеге жеткізіп қана қоймай, жол үстінде босанып қалған әйелдерге алғашқы көмегін көрсете біледі екен
Ал, Мумбайда (Үндістан) әйел-таксист әдеттегі жүргізушілерден 15 пайызға қымбат ақы алады екен.
Гомельде (Беларусь) әйел жүргізушілердің міндеті — көлігіне мінген адамдарға жанын тыныштандыратын атмосфера құру-мыс. Сондықтан көліктерінде үнемі релакс-бағдарламалар, релакс-музыкалар қосылып тұрады екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Өзім әлі машина айдай алмайтындықтан, постымды көлік жүргізетін қыздардың сөзімен аяқтағым келеді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әсел:
— Мен көлік жүргізіп отырып боянбаймын. Тіпті, күнделікті өмірдің өзінде боянғанды ұната бермеймін, айтулы іс-шара болмаса. Көбіне машинамды қара көзілдірігімді киіп алып жүргіземін
"Қыздар көлік жүргізе алмайды" деген стереотиппен келіспеймін. Сол келіспегендігімнің әсерінен, темір тұлпарға деген махаббатымның мықтылығынан рөлге еш қорықпай отырдым.



Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әйгерім:
— Рөлде отырып боянбаймын. Егер көлік тығынында тұрсам, боянуым мүмкін. Соғұрлым уақыт бос өтеді ғой.
Қыздар көлікті жүргізгенде қандай, тіпті, жігіттердің өзінен артық жақсы жүргізеді. Айдауды енді үйреніп жүрген болар деп ойлаймын, ара-тұра ереже бұзатын қыздар кездесіп жатады. Үйренеді ғой.



Дереккөздер: mojazarplata.kz, otyrar.kz, drive2.ru, ru.wikipedia.org, dvdt.kz
Әрі қарай