Қият
Өзгенің руын сұрағанды жақсы көремін. Алайда, біреу менің руымды сұрамай-ақ қойса екен деймін де тұрам. Себебі, оның арты көп сөзге ұласады. Жоқ, білетіндер де бар. Дегенмен, басым көпшілігі «А, естімеппін, қайдан тарайсыңдар» деп сұрақтың астына алады.
Сонымен, менің руым — Қият. Естімедіңіз бе? Жоғарыда айтқанымдай, сіз жалғыз емессіз. Қолданыстағы тарихтың көзімен қарасақ, қияттар — моңғолдар. Алайда, қазіргі моңғолдар арасында мұндай ру жоқ. Қияттарды қазақтардың, өзбектің, қарақалпақ пен татардың арасынан кездестіруге болады. Башқұрлардың елінде аттас өзен-көлдер де бар. Соған қарағанда түрік болсақ керек. Байқап отырсыз, бұл әлгі Шыңғыс хан моңғол, әлде түрік деген бітпес дауды қоздыра түсетін тұжырым. Сондықтан, аса көп тоқталмай-ақ қояйын.
Жалпы айтпағым, руды білгеннің артықтығы жоқ. Кімсің, қайдан келесің, қайда барасың, қызық қой, шынымен. Мысалға, Ақтөбеде қият руынан әрі кетсе 200 түтін бар. Бәрі де бір замандарда осы елге тұрақтап қалған Бейсен деген шалдан тараған ұрпақ. Сондықтан, арада қанша ата өтсе де қыз алыспайды. Соңғы он жылдың шамасында қияттардың Шымкент маңында, Қазалы мен Аралда, Өзбекстанда өте көп екенін білдік. Таныстық та.
Басқа да рулардағы секілді, әркімнің өз шежіресі бар. Кейбір ағаларымның «империялық амбицияларын» да көріп, миығымнан күліп қоямын. Хош, не керек, кімсің деген сұрақтарға жауап болсын деп және артымдағы іні-қарындастарым білсін деп, кішкентай ғана ролик жасадым. Енді қарап отырсам, қазақтың әр руы туралы шағын фильмдер түсіріп шығуға болады екен. Ақпарат үшін ғана.
Назарыңызға ұсынылып отырған ролик, үйдегі құрал-жабдықтың көмегімен ғана жасалды. Сондықтан кәсіби тележурналистің істегені мынау ма деп сөкпеңіз. Әй, қойш, сөккіңіз келсе — еркіңіз. Ролик өзіме ұнап отыр.
Қият атауының шығуына қатысты қызықты аңыз бар. Қият Домбауыл мергеннің туған баласы емес. Өзі мерген, өзі батыр, өзі әнші болған Домбауыл баласыз өткен екен. Күндердің күнінде бір досымен өзен жағасында балық аулап отырғанда, ағыс әкеле жатқан ағаш сандықты көреді. Досы екеуі оны жағаға алып шықпақ болады. Мерген Домбауыл жебені қиялай атып, сандықты жағаға тірейді. Ашса, ішінде ер бала жатыр екен. Мұны тәңірдің сиы деп түсінген Домбауыл, қиялап атқанына орай, Қияат (Қият) деп ат қойып, баланы бауырына басыпты.
Қиял жүйрік қой. Мына аңыздың негізінде ойша талай рет көркем фильм де түсіріп тастадым. Шындап келгенде, мұндай аңыздар қазақтың әр руында бар екені ақиқат. Білетініңіз болса — бөлісе отырыңыз.

Есесіне қазіргі қазақтарда бөржигийн деген ру жоқ, ал моңғолдарда бар. Сондықтан…
8-}
1817 жыл бойынша Қырымдағы елді-мекендер атауларында кездеседі екен — Кәрі қият, Қият ақтачи, Қият сарай, Қият сырче — карта
маған ролик ұнап отыр. Фондағы музыка мен дикция құдды Цивилизация ойыныныда бір артефакт тауып алғанда ашылатын ролик сияқты әсер қалдырды. Просто и со вкусом. дейтін бе еді.
Бірде Гладиаторды көріп отырсам, Беркуттың «Күн мен ай» дейтін өлеңіндегі әуен ойнап жатыр. Сөйтсем кинодан алынған екен.
тек музыкасы мен дауыс деп те ойламаймын, ну бірдеңесі бар,
деп отырм, біздің ұран дегенім ғо
мында түзету де істемей қалыпты, өйстед енді
"Қарабура" ұраны тек Тамада ғана бар шығар,
Әуелде Ергене-қоңнан шыққан бүкіл Қиян әулеті, оның ішінде Бөрте-Шене тұқымы түгелдей қият атанады. Алайда, Добұн-Баян-Алан-Құбадан соңғы заманда ел өсіп-өніп, көбейіп, әрбір ата жаңа есіммен жаңа, дербес руға айналады. Қият ныспысы көмескіленіп, есептен шыға бастайды. Ақыры, Боданшардың жетінші ұрпағы Қабұл хан кезінде қият атауы қайтадан жаңғырыпты. Қияттардың көпшілік бөлігі осы Қабұл ханнан тарайды дейді Рәшид-әд-Дин.
Шыңғыс хан романынан үзінді. Мұхтар Мағауин.
Өзімнен: Жалпы арамызда моңғолымыз да, татарымыз да, башқұрымыз мен арабымыз да бар. Бірақ бәріміз де қазақпыз. Заңдары бөлек штаттарымыздың жоқтығын санамағанда, америкалық секілді ұлт қалыптастыру жүйесі жағынан олардан айырмашылығымыз кемде кем. Сондағы діннен де еш кем түспейтін тілді айтам да.)