Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!

"Әйел баласы көлікті дұрыс айдай алмайды," деп жатады ерлер қауымы. Тіпті, «көлік тізгініндегі әйел — граната ұстаған маймыл» екенін айтып, өзара қарқылдасып алады. Иә, иә, сіз де дәл қазір бас шұлғып оқып отырсыз.

Ха!

Осы неге екенін қайдам, көшеде жол ережесі бұзылып жатса, «рөлде „точно“ әйел отыр» деп, көріпкелдігіне салып жатады көп кісілер. Әлбетте, сол көліктің жанына барып, болжамының рас-өтірігіне көз жеткізеді. Көкелерім-ау, машина айдаған қыз-қырқынды сырттай сыбай бергенше, алғаш рөлге отырған әйелдің қандай пайда әкелгенін біліп алмайсыздар ма?


Көлік рөліне отырған бірінші әйелдің пайдасы

Қазіргі талайдың махаббатына айналған, «сән-салтанаттың белгісі — Мерседес Бенц» көлігін ойлап тапқан Карл Бенцтің әйелі Берта Бенц (жаңылпаш боп кетті ғой ) — алғаш рет бензинмен жүретін көлікті жүргізген әйел. Ол күйеуіне айтпастан екі ұлын қасына ертіп, көрші ауылға үш дөңгелекті машинамен кетіп қалады. Жолда көлік өшіп қалады, бұзылады. Сол кезде Бертаның шаш қыстырғышы бітеліп қалған жанармай құбырын тазартуға пайдаланылса, шұлығының резіңкесін оталдыруда қолданады. Пәлі, әйелдің мотор-потордан хабары бар боп тұр ғой  Әрине, сырттан көмек те көрсетіледі. Сонда Карл Бенцке Берта «беріліс қорабын» (коробка передач) орнату туралы кеңес берген екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Әйелдер жол ережесін сирек бұзады

Рас, қазір жүргізуші әйелдер көбейіп кетті. Әкімшілік полиция Басқармасының статистикасына сүйенсек, Астанада әр бесінші көлікті әйелдер жүргізеді екен. Жол ережесін бұзған 30 көлік тоқтатылса, оның ішіндегі бір жүргізуші ғана әйел жынысты болып шығатын көрінеді. Бұл — Жол Патрульдік Полициясының мәлімдемесі.
Демек, әйелдер тірлікке ғана емес, автоға да өте ұқыпты қарайды. Анда-санда жол үстінде «бұзық боп қойған» қыздың қылығын өмір бақи ұмытпай, барлық қыздың бетіне салық қылады да жүретіні несі екен осы жігіттердің?  Ал, еркектердің трассадағы «оқалақтығы» назарға да ілінбейді…

Рөлде боянады дейсіз бе? Қыздар рөлге отырған былай тұрсын, жаяу жүріп келе жатып бояна алмайды. Өйткені, бетке сурет салу үшін тоқтау керек, артық қимыл болмау керек . Ал, бағдаршамға не тығынға тоқтағанда ерін бояй салғанды есепке алмаса да болады. Өйткені, көлік тоқтап тұр — ешкімге зиян келмейді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Кілең әйел жынысты жүргізушіден тұратын таксопарк

"Әйелдер көлік жүргізе білмейді" деген стереотип шытынап, тіпті, қирап бітті-ау. Өйткені, кілең әйел жүргізушіден тұратын таксопарк Қазақстанда да көбейіп келеді. Алматыда 2 жыл жұмыс істеп, жабылған «Леди» таксопаркін есепке алмасақ, Қарағанды мен Шымкентте «күлгін көлікті такси» қызмет көрсетеді.

Биыл маусым айында ғана қызмет көрсетуге кіріскен Шымкенттегі «Айсұлу» таксопаркінде 11 көлік бар. Жұмысқа алынған 11 бикештің еңбек өтілі 4-5 жылдан кем емес. Әрине ер-азаматтар сенімсіздік танытып, ол сұлулардың қызметіне жүгінуге қорқатын болар, сондықтан көбіне «Айсұлу» таксиге тапсырыс жасы үлкен кісілерден түсетін көрінеді.
Оны айтасыз, ендігісі 68 жасқа келген оралдық Оразхан апаның өзі аталған стереотипіңіздің қирауына үлес қосқан жоқ па?
Зейнетке шығып, үйде отырған әжелерге кеңес беріп өткенім ұят бола ма деп отырмын.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Такси ұсынатын жаңа қызмет — "әйел жүргізуші"

Тіпті, «шопыр әйелге» деген сұраныс күн өткен сайын артып келе жатқан сияқты. Өйткені, жәй ғана таксилер ұсынатын тағы бір қызмет пайда болды: "әйел жүргізуші". Әйел жүргізуші барлық таксиде бар деп айта алмаймын, сирек кездеседі. Интернетті ақтарып отырып, Астана қаласы бойынша таксиді тізгіндеген 7-8 бикешті ғана таптым. Сұраныс болмаса, бұл қызмет пайда болмас еді

Таксидің қызметіне көп жүгінетін әйел баласы үшін нәзік жан жүргізетін темір тұлпарға отырған анағұрлым сенімді. Бұл қызмет шетелде ертеректен етек жайған. Мысалы, Ресейдің Қазан қаласында әйелдерге арналған мұсылмандық такси бар екен. Жүргізушілері, сәйкесінше — әйелдер. Олар клиенттерін бір межеден екінші межеге жеткізіп қана қоймай, жол үстінде босанып қалған әйелдерге алғашқы көмегін көрсете біледі екен
Ал, Мумбайда (Үндістан) әйел-таксист әдеттегі жүргізушілерден 15 пайызға қымбат ақы алады екен.
Гомельде (Беларусь) әйел жүргізушілердің міндеті — көлігіне мінген адамдарға жанын тыныштандыратын атмосфера құру-мыс. Сондықтан көліктерінде үнемі релакс-бағдарламалар, релакс-музыкалар қосылып тұрады екен.

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!


Өзім әлі машина айдай алмайтындықтан, постымды көлік жүргізетін қыздардың сөзімен аяқтағым келеді

Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әсел:
— Мен көлік жүргізіп отырып боянбаймын. Тіпті, күнделікті өмірдің өзінде боянғанды ұната бермеймін, айтулы іс-шара болмаса. Көбіне машинамды қара көзілдірігімді киіп алып жүргіземін
"Қыздар көлік жүргізе алмайды" деген стереотиппен келіспеймін. Сол келіспегендігімнің әсерінен, темір тұлпарға деген махаббатымның мықтылығынан рөлге еш қорықпай отырдым.



Блог - aikarakoz: Көлік тізгініндегі әйел - граната ұстаған маймыл? Ха!



Әйгерім:
— Рөлде отырып боянбаймын. Егер көлік тығынында тұрсам, боянуым мүмкін. Соғұрлым уақыт бос өтеді ғой.
Қыздар көлікті жүргізгенде қандай, тіпті, жігіттердің өзінен артық жақсы жүргізеді. Айдауды енді үйреніп жүрген болар деп ойлаймын, ара-тұра ереже бұзатын қыздар кездесіп жатады. Үйренеді ғой.



Дереккөздер: mojazarplata.kz, otyrar.kz, drive2.ru, ru.wikipedia.org, dvdt.kz
Бөлісу:

35 пікір

MamaAya
«Айызым қанып қалды»-деген сезім осы блогты оқып болғаннан кейінгі менің сезімімді жеткізу болса керек?!) Ия, рас, айызым қанып қалды))) Кәрі әжеміз ауылдан келгенде ешқай немерелерімен жүргісі келмейді, мені таңдайды… Соған қарағанда еркектерден қарағанда артықшылығым болғаны шығар көлік айдауда?! (Маған арналып жазылғандай сезімде отырғанымды-ай)
aikarakoz
Саған арнап жазғам ғой
qonyrbai
Сол кезде Бертаның шаш қыстырғышы бітеліп қалған жанармай құбырын тазартуға пайдаланылса, шұлығының резіңкесін оталдыруда қолданады.
aikarakoz
Иә, мен де күліп алғам  Бірақ, сол кезде мұқтаждық болған да енді
MamaAya
соған жеткен басты айтсайш))) Әйелдің басы ғой, Алтын басты әйелдің басы)))
qonyrbai
Кеш те болса жолда көлігі бұзылған кезде әлгі жүргізуші қыздардың әрекеті қандай болғанын блогыңызға қоса аласыз ба? Маған қызық боп тұр.
aikarakoz
Арнайы қызмет көрсететін орындар көп қой қазір, соған не досына хабарласады да
qonyrbai
"Інім, қайда оқисың? Телефон нөміріңді тастап кетпейсің бе?" деп азғыратын жүргізуші әйелдер көбейіп кетсе...
MamaAya
Менде мындай прикол болған. магазинге бардым. Машина көп, өзімше елден ақылдырақ болып әлгі жерде магазинге жетпей көп қабатты үйлердің арасына 1 аулаға машинамды қойып жатқанда звонок болды, сөйлесіп жүріп машинамды қойып, шығып, жауып ана магазинге барып аралап керегімді алып, әле телефонмен сөйлесіп жүріп ана жерден шыққанда машинамды қай дворға тастап кеткенімді таба алмай қалғам.))) Сонымен телефонды қойып күйеуіме машинамды жоғалтып алдым деп звондағам))))))
Anar70
Мамаая қатырасың)))))) тәк, сақтаныңдар мен рөлге отырам)
qonyrbai
Anar70 , құжаттарыңызды бола ма? Капитан Мәңгір берген Берді оңғарып! ©
Anar70
сол құжаттарды Капитан Мәңгірге көрсетпей кеттім ғой((((10 жыл өтіп кетіпті, ауыстыруға тура келді)
MamaAya
Бүгін маған біреу светофорда: ҚАРЫНДАААС,,, ПОВОРТНИКТІ ӨШІРСЕЙ!!! деп кетті ғой. Қосып алып кете бергеніме ол біреу түгілі өзім таң қалдым… Вот, ақымақ қатындар, машина не керек?!- деп кетті ғой точно, мягко говоря))))
Gastarbaiter
Мама Айя, не пали контору, тақырып керісінше, мифты бұзуға арналған
MamaAya
Поворотникті қоспай бұрыла беретін талай еркекті көргем))) Так что, біздікі НОРМА!
VKM
жігіттер көбіне өздері ғана машина айдай алатындай болып,үйрете кетеді Мен оларды түсінемін: жейде, шалбар, галстук, шортыларын алып алдық, машина түгіл әйелдер самолет айдап жүр)))
Ottegin
Меніңше, әйел баласыныңи машина жүргізгеніне ер адамдардың тіксіне қарау себебінің бірі — әйелдер қиын моменттерде абдырап, асып-сасып қалатыны, мысалы, тайғақ жолда сырғанаған машинаның рулін неге ұстап отырғанын ұмытып кетуі мүмкін, екіншіден, қарапайым есептеутлердің әйел баласына қиын тиуі (бір машина мен 2-машинаның арасындағы қашықтықты мөлшерлеу, алада келе жатқан екі машинаның ортасына сыю я сыймауын түсінбеуі, үшіншіден, ер адамдардың заманында қалыптасқан, жазылмаған, бірақ әрбір еркек түсінетін ережелерді түсінбеуі, ұстанбауы.
patick
Әйелдердің жол ережелерін сақтаудағы жауапкершіліктерін мойындау керек. Бірақ ситуациялық жағдайларда, қаңтару кезінде өте өрескел қателер жібереді.
zholantai
Айелдер коликти кала ишинде жаксы баскарад, автобанда, узак трассада катырмайд ма дейм
SaryQazaQ
Әйелдер көлікті жақсы (жай) жүргізеді, бірақ авариялық ситуациядан шыға алмай қопырап қалатындары рас