#ББББ. Ақтық айқастар не әкеледі?
Көз майлары мен көт майларын компьютер алдында (күйік, смартфон демеңдерші тек) тауысып отырған жамағат!
Игигай, гигай, гигок, халайық! Блогиада ақтық мәреге шықты!
Жартылай финалдық кезең түгесілді,
4 блогер жалғайды тігес… тіг… күресіңді!-демекші, еркін сілтеп отырмын. Себебі, соңғы тур да кез-келген формат, қалаған тақырыпқа мұрша берген болатын.
Кейде… еркін тақырып қиынырық түседі. Біз, қазақтар, сондай халықпыз. Төбеңнен тоқпақпен ұрып, міне, келі, міне келсап, тарыны шоланнан ал деп жол сілтеп тұрмаса, ләйліп жүре беруге бейілміз. Ал біздің блогерлер қандай екен?
Блогиада.кейзед көмбеге келер осы тұста мәймөңкелеп жатпай, екі тамаша блогермен (біреуі оның үстіне әдемі нақ) қош айтысатынымыз түсінікті. Ернар Бекенов осы Блогиада бойына (деп қырта берейін, негізі, соңғы жұмыстарын ғана жіті оқығам) өзіндік стилімен, қолтаңбасымен ұнады. Айнұр — сүйкімді посттардың авторы, өзінің басым тұстарын өзі біледі. Қарабайыр қасқалдақ, әлеуметтік жіктелудің төменгі һәм төменнен сәл жоғары топтарының атынан оқырмани алғысымды айтып жібергім келіп тұр. Осы жерде екі тамырым, бір прорабым да "Қосыламыз" деп тілек айтып отыр. Рақмет, қолдарыңа, миларыңа қуат берсін! Осы тойғандарыңмен барыңдар! Кеп тұрыңдар! Админ, демеуші, мен — бәріміз осы маңдамыз.
Жө-ғи, шеккем жоқ. Оның дәлелі — алдағы шолу, жұмыстардың сүбесі мен үлесін сүзгілеу. Сонымен…
Ернар Бекенов,«Бақсы-шмақсы» ©. Ереке, «бұл пост өзің туралы материалдар сериясының соңғысы болсыншы». Хехе!
Посттың тілі жеңіл. Көркемдік тұрғысынан жұтаңдау. Тақырып — біршама өзекті. Азэ куэшнс?
Кешіріңіз, бірінші сурет… Хехехе! Иә, өзіңіз білесіз ғой. Сонда да тығып жіберіпсіз.
Ой, ал тақырыпты (атауды) қызық ойлап тауыпсыз. Оны бірақ жазбада мүлдем пайдаланбапсыз. Неге, м? Шиыстырып, ширатып, дік етіп логикалық қайталау қып тығып жібермейсіз бе?
Жалпы, атауынан соң, жалпы бақсылық, емшілік, т.б. айтыла ма деп қалдық қой. Жоға, жеке дара нағашы атаңыз жайлы екен. Сондықтан, білмеймін, креатив болғанымен, атаулық-сюжеттік байланысты сәл жоғалтып алдым. Яки, классикалық мағынасындағы бақсы емес болғандықтан шығар. Жө, жазба атауынан адамдардың кірпияз әнд надандау категориясына деген сарказмдік мүңк иіс байқалып тұр. Десе де… "… тақырыпты сәл тереңірек қаузау үшін ізденбеген" деген Еркімбай мырзаға қосылуға бейілмін.
Мәтін ішінде "… тәуіптер (ғылымға белгілі сырқат түрлерін халық тәсілімен емдеу)" дегеніңде, қара басыма («в натуре» қап-қара) күмәнді-күлкілі естелік түсті. Жай, анау Нұржан Төлендиевтің миниатюрасы солай аталып еді, стереотип болып тұр. Ноқалай қуғынбайлар жайлы сияқты боп. Яки, сіз айтқан алаяқтар сияқты. Ал жалпы "ғылымға белгілі сырқат түрлерін халық тәсілімен емдеу" жасайтындарды тәуіп десе, біздің Бай-Өлкеде жай емші деп айта береді.
Мәтіндесек: «Біздің сенімде ем-дом үшін ақы алуға қатаң тыйым салынған» — неткен мәрттік! Шын айтам, ризамын.
Ал мында: "… бірақ аталған қасиеттердің өтірік екеніне ешбір нұқсан келтіре алмайды." — Сорри, сөйлем құрылымыңызда қандай кінәрат бар екенін өзіңіз сездіңіз ғой деймін?
Жалпы, суреттеген оқиғалар қызық екен. Демде оқып шықтым. Шамасы, мазмұндық салмағы онсыз да терең болғандығынан болса керек. Атаңыздың қасиетіне күмәнсіз сендім. «Алланың өз шапағатын берген адамдары болады» дегенді имамдардан естігем. Соның діннің өзге, бұған қайшы кеп қалатын догмаларымен қалай үйлесетінін білмедім. Әйтсе де, атаңыз кәнігі сынықшылық+энергетикалық+аруақтық қабілеттің бәрін жиған сияқты. Осындай пост жазуға шешім қабылдағаныңызға сізге де телпегімді аттым. Менсінбей, һәм ауру жұғады деп кимей қоясыз-ау деймін бірақ.
Осымен, қош… Сіз менің ең сүйікті блогерлерімнің бірі боп қалдыңыз. Бірақ «Бекенов Блогиаданы немен аяқтады?» деп сұрағандарға, «Бақсылықпен!» деп айтсам, не ойлайды?! © :*))
Енді Эльвира Ерғалинамен бірге күздік образ: белдемше және мойынға тағатын бант тігеміз.
Ой, Элеке, сізге бір кәйіп шығар? Өзіңізге ұнайтын тірлікпен айналысасыз. Сіңліңізді (осылай жазылады бұл сөз, Еркімбай ағаңа да дұғай сәлем) қуантасыз. Соның негізінде пост жазасыз. Мықты. Мына бірінші және үшінші факттар қолыңыздың иығыңыздан өскенін дәлелдейді.
Бірақ осы постыңа қалай талдау жасарымды білмей отырмын, жарықтық! Еркін тақырып, еркін стиль. Ойнақы тіл. Қатыни тірліктерге араласпай-ақ қояйын, бірақ ана бір сурет үстінен сантиметрлеп сызық көрсеткеніңіздің өзі — құнттауыңыздың белгісі. Пішік те болса, еңбек бұл.
"— Матаның метрі — 1200 тг х 1,2 = 1440 тг
— матаның метрі — 1200 тг х 1,2 = 1440 тг;
— резіңкенің метрі — 600 тг х 60 см = 360 тг;
— жіп — 50 тг;
— керек-жарақ (әрбір үйде болуы керек негізі) — 500 тг (боп қалар)." дейсіз-ау. Ары қарай тағы сол сүйкімді бла-бла… І-і… Бұл жақсы ғой, тек Математика деген өткен турдың тапсырмасына осы неге миыңызға келмеді, а?
«Сүндеттелген соң ышқынып кіш ет» деген мұқият инструкция сияқты, керекинфо адамға, түсінетін жанға тәптіштеп-ақ түсіндірген екенсіз. Ал мен өзіме бұл жазбадан бір пайдалы ақпарат білдім. Сіңліңіздің белі 60 см екен. Эх! Тек қалған 90-дары жайлы ашып айта кетпепсіз.
Жазба ұнады, әрине. Сонда да маған постыңызға шолуды аяқтау таңертең жеген селедкам сияқты болып отыр. Қалай қорытарымды білмей отырмын...
Ал кеулі жайланып жүретін Әйгерім есімді блогершә тоғызқұмалақтағы кейбір амалдар жайлы жазыпты. Бұл да математика тақырыбына жақын пост екен. «Вас с Эльвирой заклинило, да?» :)
Тақырып бәріне қызық бола бермеуі мүмкін. Қоғам — отар қой ғой, не сұрайсың олардан? Сондықтан арбаны да сындырмай, өгізді де Стикс өзенінен өткізіп жібермей жазып шығу қиындау болған сияқты.
Автор жазбасын естеліктерімен тұздықтай (втему термин, дә?) отырып, ойын шарттарын, әдіс-тәсілдерді жақсы түсіндіріпті. Бажаңды ғана, сенсеңіздер, түгел оқып шықтым. Қазір ойланып отырмын, менің шолуым қиынырақ па оқуға, сіздің жазбаңыз ба деп…
Алдыңғы ауысымда бірге жұмыс жасаған Қамит досым сіздің оқу орныңыздың тапсырысы бойынша тоғызқұмалақ қазандықтарының мүсінін құйғандарын айтып еді. Ендеше, аруым, есік алдындағы ескерткішке барып, есінен тандыра түсіріп алуға, енін өлшеп постқа салуға не кедергі болды?
Мәтінін мыжғыласам, "...«кесекке» кіреді екен" деген тіркесіңіз жөйт екен, көңілім құлап отыр. Ну, кеуілім, кеуілім… Сізляр хәммаңыз аңладыңызлар, уащым…
"Қазір де факультет атынан үнемі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген жайымыз бар." — Ой, епті әрі факультетіңе септі қыз екенсің. Жатпайды әйтеуір жұрт. Ата-ананың мифологиялық фольклорында айтылатын «Жұрттың қызы» деген сіз болдыңыз ғо өзі. Тыпыр-тыпыр…
«Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.» — Охохохо, осы жерде Айқындық капитаны орнынан түрегеліп келіп, өз фуражкесін мына тіркестің авторына кигізіп кетті.
Жалпы, ережесін, жеңіс стратегиясын тәптіштеп тұрып түсіндірген екенсіз. Сүйегін шағып, сүйек майын қағып, сүйектің өзін Ақтөске тастапсыз.
Видеоңыз да жазбаға қосымша реңк беріп тұр. Ютубтағы кеңес беретін орыстар сияқты сіздің де маман құсап қалғаныңызға күмән жоқ. Ал тоқетері, жазбадан «Басы бардың ғана тасы бар» деген тұжырым жасай беруге болады екен (Белден төмен қиялдарыңа болайын!).
Жалпы, ми-маньяктарға арналған жазба екен. «Нудный» енді, ол рас. Танымдық болғанда да тап-танымдық, өте пайдалы пост көрінді. Жазып тұрыңыз!
Маралбек Сағынғанов. "Қият".
Ох! Еркін тақырып дегенде аяйсың ба? Шынымен, нағашы ата жайлы, ру жайлы жазып қалу керек. Қашан, қазір емей? Жұрт құмалақ пен белдемше жайлы ұра берсін, шаруамыз қанша, дә? :)
Жазбадағы "Қолданыстағы тарихтың көзімен қарасақ..." дегеніңіз ерекше тіркес екен. Не журналистік тіл кінәраты бар, не, керісінше, креатив ойлап табылған сирек тіркес. Өзім түсінбей отырғаным қайсы екенін…
Ролик те үй жағдайында жасалған еңбек үшін ұрып тұр екен. Дауысыңыз орнықты, музыка сәтті. Сонда да хронометраж кемшін көрінді өзіме. Сол, жюридегі арман менде де… Тарихын тәптіштеп, музыкасын меймілдете, сөзін сүрлей фильмдесе, ә?..
Сосын… Цинизм үшін кешіріңіз. Бірақ Қият Домбауылдың белінен тарамаған болса, кез-келген ру не халықтың қаны болуы мүмкін ғой,ә? Қызық, интрига ғой. Әкеңнің аңызын ұрайын деп сүйсіне айтып отырмын да осы жерде… :)
Мәтіндік жағы мен видео жеке-жеке аз секілді, ал біріккенде көркем «месиво» беріп тұр. Жазбаңыз жалпы қызықты шығыпты.
Барлық елдердің қияттары, бірігіңдер!
Айнұр Ракишева "Қарттардың жағдайын суреттер айтсын" атты еңбек жазыпты. Фоторепортаж.
Айнұр, сізді фотошебер деп мақтап жатады. Ендеше еркін көсіліңдер деген турда ең үздік қабілетіңізді пайдаланатыныңыз семіздікті қой, баланы әйел көтеретіні қаншалықты рас болса, соншалықты ақиқат емес пе?
Суреттер сапалы демес бұрын, көп дер едім. Бірақ ешқайсысы артық боп тұрған жоқ сияқты.
Ал мәтінде: «Ондағы мақсатым жалғыз қалған қарттардың жағдайын білу еді…» депсіз ғой. Ой, мимими… Не деген нәзі-і-і-і-і-ік жүре-е-е-екті қыз едіңіз.
«Сонымен қатар қарттар мен мүгедектер белсенді түрде спортпен айналысады. Сәйкесінше, бұл мекемеде медальдар мен жүлделер де көп.» — Логикаға сай тұжырым. Сонда да сөйлемді қарапайым құрау тәсіліңізге, тілдік байланыстарыңызға әлі үйрене алмай келемін. Үйрене алмай-ақ, басыма кірпіш құлаған күні ана жаққа кете берем шығар. :)
"Қолөнермен айналысып, гүл өсіріп, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойнайды." — О, талай жүректердің әміршісі Айнұр ханым! Қазақ лингвист ғалымдары сіздей блогер өз жазбаларында пайдалансын деп, шашки сөзіне дойбы деген балама ойлап тауып қойыпты. Оларға да бір назар салып қойсаңыз.
Ал жалпы, «суреттер сөйлейді» деп осындайды айтса керек. Алған субъектіңіз өзі-ақ адамға әсерлі дүние, оның тұтас бейнесін көрсете алған екенсіз. Әрине, сандық жағынан басымдық беріп болса да.
Бассейн… Ммм, менің өзім ондайды өмірімде бір-ақ рет көргем.
Эх, білесіз бе бұл жұмыстың әлеуметтің маңызы қаншалықты зор екенін!? Барлық қарттар мен мүгедектер үйі осындай болса екен… Астананың өзінде бұл жалғыз емес қой деймін. Қалғандары қандай екен, білмедіңіз бе?
Содан кейін «Былай, ол жерлердегі жағдай бармаған адамға да шамамен қандай екені түсінікті шығар. » деген жюри, білмеймін, тақта туған шығар. Маған неқұрма түсініксіз болатын бұған дейін, енді ғана көзім ашылды.
Паразит пиғыл мен күлә көңілді су сепкендей басып тастадыңыз. Блогиаданы тақырып мұңы мен сюжет қуанышына малып тәмамдап барасыз. Әркез жолыңыз болсын!
Асқар Базарбай, "«Азғын» қиялды қоздырудың алты амалы" деген эстафета ұсыныпты. Не бәле ол тағы?
Ееее… Мына турды құдайыңыз бере салған екен. Он екі гүлінің он екісі де ашылып кеткен, оған қосымша он үшінші, он төртінші өскіндерді егіп, олары да өсіп шығып ашылып кеткен қыз құсап, еркін-ақ көсілген екенсіз.
Жұмыста алты тәсілмен шектелсеңіз де, алтауы да құнтталған екен. Есіме түскені, кесеге қатысты. Тіпті қиял да емес. Сүндетке отырып қалған бала кезімде ағаш кесені анабір жерді тұмшалау үшін пайдаланғам. :)
" Анау да апандай аранымен ернімді беті-аузыммен қоса жұлып ала жаздады. Кеш біткенде қашып, әзер құтылғаным есімде қалыпты…" — ой, пхахахахаха.
Эстафета жанрын шаң басқан шкафтан қайта шығарып алуға тырысқан екенсіз. Қаншалықты жалғасады, Шопан атам түлігі біліп пе? Бірақ ниетіңіз бен әдеттегідей шеберлігіңізге (бір жағынан, шолу сайын саусағыңыз алақаннан түзу шыққанын айта-айта жалықтым негізі) рақмет.
Жалпы, тізгеніңіз блогерлік шеберлікті дамытуға таптырмас тәсілдер екен. Тіпті жұртқа жариялағаныңызға орай, ішім күйіп қызғанып отырмын. Ертең бәрі жазғыш боп кетеді, ал маған бәсекелестер керек емес! Не увлекайтесь!
Осымен, блогиаданың соңғы айналымына келдік. Ақтық айқастар не әкеледі? Оны көре жатармыз.Маралбек, айырып алшы бәрін! Үздік төрттікке сәттілік пен жюридің оң қабақтары жар болғай!
Қалай болғанда да, финалдағылар қазіргі статустарына лайықты. Сондықтан, лайықтылар соңғы шайқастарды әсерлі бітіреді деген сенімдемін. Әсерлі бітірген қай жерде де жақсы, негізі.
Мен де әсерленіп, өлеңдетейін:
Блог болсын әлемде,
Блог болсын елімізде!
Аман бол, халқым, халқым менің!
Блог болсын әлемде,
Блог болсын елімізде!
Аман бол, халқым, халқым менің!
пы.сы. Әуенімен айттыңдар ма, ей?.. Болдым. Кеттім нақ. Кеше терезе қондырғанбыз, шаршадым. Ұйықтаймын. Келесі жексенбі, жаңа тур аяқталғанда оятып жіберіңдер.
Суреттер Медет Жансановтікі ма, Қоңырбай Қазақтікі ма, біреудікі әйтеуір.

«Сүндеттелген соң ышқынып кіш ет» деген мұқият инструкция сияқты, керек

Осымен, блогиаданың соңғы айналымына келдік. Ақтық айқастар не әкеледі? Оны көре жатармыз.
Қалай болғанда да, финалдағылар қазіргі статустарына лайықты. Сондықтан, лайықтылар соңғы шайқастарды әсерлі бітіреді деген сенімдемін. Әсерлі бітірген қай жерде де жақсы, негізі.
Мен де әсерленіп, өлеңдетейін:
Блог болсын әлемде,
Блог болсын елімізде!
Аман бол, халқым, халқым менің!
Блог болсын әлемде,
Блог болсын елімізде!
Аман бол, халқым, халқым менің!
пы.сы. Әуенімен айттыңдар ма, ей?.. Болдым. Кеттім нақ. Кеше терезе қондырғанбыз, шаршадым. Ұйықтаймын. Келесі жексенбі, жаңа тур аяқталғанда оятып жіберіңдер.
Суреттер Медет Жансановтікі ма, Қоңырбай Қазақтікі ма, біреудікі әйтеуір.
Э.Е.: «Мен жеңем бәрібір».
Ә.К.: «Мына екеуін қалай жеңсем екен?..»
М.С.: "Әрең жеттім-ау!"
А.Р.: «Рақмееееет!»
Е.Б.: "..."
Шымылдық.
Мүмкін Блогиаданы айырып тастамас, бірақ мына сөздерің үшін сені айырыпцайТ :*)):*)):*)):*))
қорҚкетті уэхэхэхэхэхэхээээ :d:d:d
ҚАЙ жепрді қырысып отырғаныңд сұрауға ұялып отырғаным =))=))=))=))=))=))=))=))
Блогиаданың 50 пайыз қызығы да, скандалдары да, жаға жыртысы да, иыққа бас қойып қорсылдап жылап алулары да сол жақта )))
Сексбомба замедленного действия деп =d>