#БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?

#БББББлагослави вас, мүміндер!
Дүдәмал шолушыларың сіздермен бірге. Сонымен, айналым 3, тур 7. Алғашқы блогиаданың алысқақтары «Математика» тақырыбын фоторепортаж түрінде көрсету қажет еді. Көрсетті де.

Посттарды қарай отырып, не ой келеді? Тақырып пен формат біршама шекті көрінгенімен, тым қатты ноқалай болмасаңыз, шын мәнінде біршама аясы кең екенін ұғуға болады. Осы жағдайда әр блогер өз түсінігіне, шешіміне, көзқарасына орай, белгілі бір бағытпен пост жазады (кэпіңді ұрайын!). Себебі, екі шарт: фоторептігі мен математикаға байланысы орындалып тұр.
Алайда, қазылардың өз көзқарасы болатынын да ұмытпау керек. Олар белгілі бір межедегі, критерийдегі жұмыс күтеді. Ол орындалмаса, баға да ең жоғарғы болмайды.
Мәселенки, фоторепортаж болғандықтан, бірінші кезекте фотолар сапасы, қанықтығы, мазмұндылығы рөл ойнай ма? Мәтінсіз-ақ негізгі ойды сап етіп ұқтыра алуы шарт па? Себебі, ФОТОреп қой. Жоқ?
Математикаға формальды не жанама жанасып, не абстрактілі байланыспен шексіз қиял мен тың көзқарас теліген материал жазуға бола ма? Жоқ, әлде математикалық процесс жүруі тиіс, қимыл қозғалысты, белгілі бір дәрежеде инертті, процесстің өзі болуы тиіс жұмыс болуы шарт па? Себебі, МАТЕМАТИКА ғой. Жоқ әлде процесс пост барысында емес, тек сыртынан бақылап, сипаттап көрсететін де блог қолтық болмақ па? Сауал көп, және қалай болғанда да, блогердің өз еркі, қайдан құлақ қылтитса…
Және қазылар көзқарасы біртекті болмайтыны түсінікті, себебі, мыжылған талаптар көрсетілген жоқ. Қатысушылардың қай жолмен кетсе де бұрыс еместігі айқын болмақ керек. Дей тұрғанмен, бір блогердің постын оқып, екіншісінде осы талаптар (өзіне-өзі қойған талаптар, өзі таңдаған жол, факт жүзінде) орындалмағанын көрген соң, оның жұмысын кем-кетікті секілді көруге, төменірек санауға болатындай ма… Бізге, қарасүйек оқырманға солай көрініп қалады. Сізге ше, қазылар? Және, қандай жауап болмасын, бұл қаншалықты дұрыс екен, ә?..
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?
Напарнигім Қоғабайдың қолындағы құрылыс көбігі секілді запырандатып алдық. Енді, посттарды шолайық.
Ернар Бекенов. «Баспаналы болудың есеп-қисабы».
Практикалық пайдалылығы жөнінен — ең озық пост. Және ііі… қазір, қазір, сөздік қорыма тәу етіп алайын. Жұп-жұмыр, тиянақты пост. Бір де бір артық ақпарат көріп тұрғам жоқ. Кемшін, жетпей тұрған ақпарат? Бәлки, бар. «Бірақ бүкіл әлемнің дерегін дамбалыңа сыйдыра алмайсың». :)
Өткен шолуда постыңызда сіз болатыңыз, жылылық, шынайылық, парадоксальды объективтілік бар екенін айтып едім. «8 ұпай — мөлдір шынайылығыңа. Бұл жағынан саған тең келетін блогиадашы емес, жалпы қазнетші көрмедім», «Шынайылығыңыз үлкен құрметке лайық» деген қазылар менің сол кездегі ойларымды қағып кетті деп тұрмын. :d Иә, тәрк! Бұған дейін де айтып па еді осы сыңайда? Сорри, ештеңе білмеймін, мен бұған дейін шолу жасамағам.
«Бұл математика тақырыбына қаншалықты жақын екенін білмедім, «Блогиада» дәуіріндегі соңғы жазбамның жоғары баға үшін емес, оқырманға көбірек пайдасы болғанын қаладым.» — оооөөұұүүү… мимими.
Суреттер қанық емес, алайда, пост мақсатына орай ол міндет тұрмаған да секілді.
Математикаға тура қатыстылығы жөнінде сын айта алмаймын. Себебі, есептеу бар, бәрі шартты, бұл да — математика. Егер кәдуілгі математикаға байланыс (формула, теңдеу, теорема, Фермаңды!) сұрасам, калькалық, шаблондық, тынысты шарықтауға тұмылдырық салу секілді болады. Анық, оқырманыңыз емес, сұраса, қазыларыңыз сұрауға құқылы.
Жазба тілі — қарапайым, ұғынықты. Ұнады.

Асқар Базарбай. "Қажетті һәм қажетсіз математика".
Жұмыс барысында айтқысы келген ойы әу бастан түсінікті. Репортаж жай репортаж емес, бір нәрсені дәлелдеу бағытында болғаны құптарлық секілді. Тілі — бұрынғыдан гөрі сұйықтау. Фоторепке бола береді.
Фотоларды таңдауда безендіріп, орналастыруда жауаптылықты атап өткім келеді. Тек… неге қара рамка?
«Пернебек аға есептерді мұқият қарап, шығаруға тырысқанымен, біреуінің де шешімін дұрыс таппады, кілең жобамен ұра берген. Дебет пен кредитті келістіруде бұлай жаңылмайтынына сенгім келеді.» — упс! :*)):*)):*))
«Егер біз бесінші сыныптан кейін математика оқымасақ, онда қарапайым арифметиканы да осы уақытта ұмытып қалар едік. » — Имам знает, что говорит! Они, вообще, фильтруют свой базар!
"«Осымен болар» деп үйге қайтып келе жатып, жол бойындағы компьютер клубына соғып, иесімен кездестім. Иә, оған да математика туралы сұрақ қою мүмкіндігін жібермедім. Жоспардан гөрі, инерциямен кетіп қалды." — Осы сөйлемдерді оқи отырып, менің телпекті басыма не ой келді? Білесіздер ме, осы жерде еш комментарийсіз-ақ, не жоспар бойынша сапарлағандай қып көрсетуге болар еді. Құрғақ, автоматты, ретімен. Алайда, осы бір шынайылық факті һәм акті — блогердің журналистен айырмашылығын көрсеткендей болды маған.
Аса жюрикелі қауsм қатарынан "Өткенде автоматпен 10 қоямын деп едім, келесіде бос кеңістік жарияаласыңыз да 10 қоямын" дейді Ерлан Оспан. Қой десеңізші, жыртылып өлетін болды ғой көкем! Келесіде «Осы өмірде Асқар Базарбай бар деген хабар келсе, 10 қоям» жүрмесін. :*))
Меніңше, Еркімбай мырза діттеген пікірде ұйытқы бар сияқты. Егер ақырғы (басты) сұрағыңыз екеу боп кетсе, екеуін де айқын көрсетіп, не бір ойға ұйыстырсаңыз деген бір тілек. Одан бөлек, ақыры алып келген ойыңыз — өз басыма дұрыс. Бірақ, жалпыға күмәнді, даулы, айқын жөн деуге келмейтін тұжырым.
Сіз математикалық ситуацияны қолдан тудырған, модельдеген жалғыз блогер болдыңыз. «Егер тау Магометке бармаса...» Яки, фотореп жанрынан тыс шығып, сауалнама жанрын да эксперименталды пайдаланылғанын айтам. Жарайды, енді, кім "қой" дейді сізге?
Жұмысқа тұруға сұхбаттасуда:
— Атыңыз?
— Бөрібай.
— Фамилияңыз?
— Бекарыс.
— Неменеге мәз боп отырсыз?
— Алғашқы 2 сұраққа дұрыс жауап бергеніме.
Ана алғашқы үш сұрағына бәрі жауап бергенде, осы сақалы ағарған анекдоттағыдай жағдай болмады ма?
Жазба гәпті, стилистикалық жинақы. Тарс-тұрс! «Постты тапсырдым» дейтұғын автоматты тіркес әскердің сөзі емес, сіздікі секілді. Алғыстаймын!

Әйгерім Кеулімжай. «Математика жайлаған апта».
«Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика…» Түһ, жолы болатын арудың тақырыбы шығар алдынан. Тура келе қапты ғой, ә?
Бұлдыр математикаға — бұлдыр емес суреттер. Бұл — дыр… айвово! Бұл — дұр… ыс!!!
"Ғылыми жетекшім «сөйлеуді тануды бұлдыр логикаға салуды үйреніп ал» деп тапсырған еді. Тура мағынасында бұлдыр, бұлыңғыр болып тұрғаны…" Мына жерде айтқыңыз келген ойдың сүдінін ұққаныммен, алғашқы сөйлеміңізге арбалып қалдым. Уат зе факт?
Білесіз бе, бір сәтке сіздің мына жұмысыңыздың басқалардікінен басымдығы — тура кәнігі математика жайлы болғандығы тәрізді көрініп кетті. Шын айтам. Оған, әрине, сіз де бақтысыз, жюри де елтіді, қарсыластардың өз шаруасы.
Жалпы, негізі, жазбадағы процесстің, математиканың (бастапқы екі тақырыпшада) ішіне ене алмадым. Басқа жұмыстардың мазмұнын түсіну деңгейімен салыстырғанда, сіздің анау ілкіғылыми атаулы терминдеріңіз бен тақырыптарды да түсінуге тиісті болғам және түсінгім келген. Дегенмен, сіз оны тысынан сипаттауды міндет қойған секілдісіз. Иә, ішіне кіргізіп түсіндірсеңіз де, бәрібір миым қабылдамас еді.
«Былдыр», «Бұлдыр» деген терминологияны арнайы алып, сөзбен ойнаймын деп, кішкене ой тұтқыны болып қалған секілдісіз. «Осыған орай бір тіркестер байланыстыра қолдансам, ә» деп.
Жоғарғы ғылым… Біз секілді қара жұмысшыға қайдан бағынсын? Сіздермен ортақ жеріміз — терезеге газет жабуымыз ғана…
Мықтысыз, негізі. Етекті еркек!..
«Ақыры әңгіме орайы келіп тұрғасын, дайындап келген математикалық ойлау туралы сұрағымды қойып жібердім». Хехе, басында айтып алып, қоймай кетсеңіз, қызық болар еді ғой. :)
Пост бойында кәдімгідей үш актіден тұратын сюжет байқалады. Және олар тым байланыссыз емес, кейінгі актілерінде алдыңғыларға сілетем жасалып, ескңе алып отырасыз. Орнықты. Жазба тілі — қарапайым. Жалпы, қарапайым тілдісіз бе деймін. Блогерлік, тірі тіл.
Рақмет сізге!

Маралбек Сағынғанов. «Жаңалықтар математикасы».
Әдеттегідей, жазбаның стилі — журналистік баяндау түрінде. Алғащық үздік деп табылған үш жазбадан кейін оқыған сіздің жұмысыңыз қандай эффект береді екен деп ойлап едім. Жоқ, салыстырмалы пәстік, сапалық төмендікті санам аса байқай қоймады.
"Қарапайым арифметика математикадан гөрі қисынға айналатын шығар. Әңгіме математика туралы емес, қисын туралы" деген пікір білдірген қазымен келіспеймін. «Times New Roman 14 қарпімен жазылған бір жол 4 секундқа тең. Төмендегі суреттегі репортажда жүргізуші сөзімен қоса есептегенде 24 жол мәтін мен 3 синхрон бар. Ендеше, 24*4+25*3=171 секунд (2 минут 51 секунд)» деген сықылды ми ашытуларыңыз математика емей немене? Әлде қотангенс функциялары берілуі керек пе еді? Охохо, өзің де бұлданып апсың ғой, жаңа көріп отырмын.
Ішкі асхананың қыр-сыры қаншалықты қызық болатынын білмедім, бірақ, сіздің орныңызда болсам (эх, бола алмаймын ғой ешқашан!) мен де осындай материал дайындар едім. Міне, қисын осы жерде деп айтар едім.
Суреттердің алып бара жатқан ештеңесі жоқ екен. Айтпақшы, суреттік «Айтпақшыңыз» неге екеу? :*))
Міне, үшіншісі: «Айтпақшы, бағдарламаға енбей қалған материалдар, өкінішке орай, «шіріп кетті». Жаңалықтар деген атымыз бар ғой енді. Олардың есебі де жүргізілмейді.» — оооой, әбидні екен. Келесі, қарапайым «Жаңалықтарға» салуға келмей ме?
Қызықтығы жөнінде талас тууы мүмкін. Бірақ тамаша танымдық пост болды деп ойлаймын. Іс жүзінде минут, сандары бізге қызық емес, бірақ жұмыс ретін, қиындығы мен қызығын түсіндіріп кеттіңіз деп ойлаймын. Зор!

Эльвира Ерғалина. "Өмірдің өзі — математика".
Сіздің өлеңге ебіңізді бірінші рет байқап тұрмын. Бұрын танытпаған селфиіңіз қырыңыз екен.
Дегенмен, блогиаданың соңғы кезеңіндегі екі бірдей сәтті өлеңдетуден кейінгі жыр-посттың жюри тарапынан аса жоғары бағаланбасы күтілсе керек. Оның үстіне, фоторепке әкеліп тоқайластырылса.
Әнебір қоюланып, терең ойлар түйіліп кететін тіркестеріңіз болушы еді. Бірақ ол сирек болатын, мына жерде өзіңізге ұқсамай, сәл жиілетіп жіберген екенсіз. Өлеңдегі жолдар құрылымдық жетік, тағылымды, қорытынды ойы бар. Жоқ, шыныңызды айтыңызшы, тәжірибелі біреуге тексерттіңіз ғой, ә? Дау жоқ, күшті өлең!
Суреттелетін өмір сатылары реттілігіне күмән бар. Бірақ бұны айып емес, өзіңіздің тәуекели батылдығыңыз деп қабылдаңыз. Себебі, тұтас өмірді математикамен көрсетуде барлық қажетті кезең, барлық қисынды ситуацияны қамти алмасыңыз әу бастан түсінікті болатын.
Есесіне, барлық фоторептердің ішінде сіздің суреттеріңіз ең алуан боп шықты. Бір бағытқа, тақырыпқа, арнаға түйіліп қалмағаны ерекшелейді.
Рақмет айтам сізге! Идея келсе, сіз кәсіби орындап шыға аласыз кез-келген жазбаны, басыңыз!

Айнұр Ракишева. «Астанаға саяхат».
Жазба — танымдық, бірақ құрғақ. Математикаға қалай байланыстырғаныңызды түсініп отырмын. Тура түсініп, визуалды әсерге ден қойған екенсіз. Соған барлық бәсті тіккен екенсіз. Және 2 мағынада: 1) Математиканың өзін визуалды түсініп 2) Оны визуалды айрықша көрсетіп.
Өзге жұмыстармен салыстырғанда, жазбаның айтар ойы болмай тұр.… Астана әсем екенін… Ол енді… Cіз түсіндіңіз ғой деймін.
Айеке, Айеке! Фотореп… Фотореп… утация. Иә, фоторепутация. Сіздің фишкаңыз боп кеткен фотолар, иә? Сіздің суреттеріңіздің озық екенін айтып тұрмыз!
Алайда, фотореп аталғанымен, блогиада жағдайында материал тек содан тұрмасы белгілі болса керек. Әрі, сіздің тіліңізге майлылық, мәйектілік жетіспейді. Тіпті, мына жерде де байқалады. Мүмкін, осы жолы шынымен қажетсіз шығар, сонда да…
Жарайды, жарайды. Әрине, безендіру мен түс қанықтығы жөнінен гиперфотолар ішінен мына суретті мен де пайдалабасам, болмас.
Блог - Boribay_Bekarys: #БББББұлдыр, #БББББаспана һәм #БББББасқалар: Блогиаданың есебін білетін қай блогер?

Сонымен, бұл апта көрсеткендей, кәнігі математиканың бетін ашып, түймесін шешкендер жоғарырақ бағаланды. Жұмыстар сипаты да, стилі де, формасы да, тақырыбы да әртүрлі болды. Қарап тұрсаң, не алуандық болуы мүмкін, иә? Қайдағы бір «Математика, фотореп». Не тут-то было.
Өткен жолы не деп ем? Интрига ұрып тұр демеп пе ем? Мәселен, екінші орынға талас дәл қазір өрши түсті. Өз есебі мен кәдуілгі ми құрғататын есепті білетін бір блогер қыз Блогиаданың да есебін біліп тұр. Онысы рейтингіне майдай жақты, ұпайды байдай қақты. Математика ғой тұнған бұл да, миыңды! Асқар да тур үздігі атанған жоқ. Хаха!
Сосын, бір аптада Нұрғиса, бір аптада Назгүл, уақытында баға қойсаңыздар екен… Бұл іс-шарада Бөрібайды ойлайтын біреу бар ма өзі? :*))
Алда менің майлы басымды жайлы һәм сайлы посттар күтуде деп ойлаймын. Сіздердің де. Төрттіктегі шайқастар табан қыздырады. Жюри саны қатысушылардан артық болатын ерекше құрметті кезең, түсініктеріңмолболғырлар!
Ал әзірге — еркін тақырып. Еркінсіп кетпеңдер! Еркіндікті еркекше пайдаланайық!

Болдым, бірақ болдырмадым. «Жаман иттің атын Бөрібасар,
Жаман шолушының атын Бөрібай қояды» демесеңдер болды. Сіздерге деген сүйіспеншілікпен, Боря.
Бөлісу:

13 пікір

Gastarbaiter
Жигулимен соқтықпалы соқпақсыз жолмен жүргендей боп ақыры жеттім-ау аяғына дейін. Шолу ұйқысы келіп отырған адамдыкіндей бопты. Оған жазбаларымыздың сылбыр көрінуі кінәлі шығар. Каламбурларың айуан, бірақ жазбаның ауанынан ойды лақтырып жібереді екен, басымды сілкіп-сілкіп, көзімді уқалап жіберіп, қай жеріне кеп едім өзі деп оқыған шолу болды.
Каламбур жақсы, бірақ фонетиканы алды артынан зорла бермей, семантикадан да сапыра отыр, Боря. Деккарттың координаттар жазықтығына көттің сызбасын сүйкегендей азғын теңеулеріңе тағы бір домалайық та, шөбересстің:*)):*)):*))
AKY
бірақ фонетиканы алды артынан зорла бермей, семантикадан да сапыра отыр
Фонетикамен ойнауға құмар, расында да)))
qonyrbai
10 минут ішінде асығыс жасалған мына сурет хит болды ма деймін. :d
zholantai
ойдың сүдіні
сүдіні деген сөз ұнап отыр, бұған дейін естімеген, еш жерден оқымаған сөз екен мағынасы қалай?
сөйлемдеріңіз құнарлы сөздерден құралған, қайдан пайда болған шеберлк бұл?
осында деген жазатын жігіт бар, сөйлемдері сауатты, канцеляриялық тілден ада.
Нұрберген Мақым мен Қисықтың да сөйлемдерінен жаңа сөз бен есте қалатын тіркестер табылатын. Міне, енді сіз келіп қосылдыңыз!
Тек Блогиадаға жазылған шолулармен шектелмей, басқа да тақырыптардағы посттарыңызды күтемін.
zholantai
ілінбей қалыпты ғо, Dzhonsaken деген жазатын жігіт
qonyrbai
Қара жұмысшының қолы тие бермейтін шығар пост жазуға. :*))
ken
тіпті үш деммен де соңына дейін оқи алмадым
AKY
Охохо, өзің де бұлданып апсың ғой, жаңа көріп отырмын.
=))=)):*)) ЖынД-әй, мынау таза)))))))))))))))
AKY
Толық бағалау аяқталмай тұрып тур үздігі, тағысын-тағы туралы сөз қозғау артықтау негізі ;)
MERmukhanov
Смайликтерге не боп қалған-ей, админ?
qonyrbai
кеше хостер пысықсынып РНР версиясын жаңартты, сол кезде кодтардың смайликке айналу функциясы наққа кетті