Математика жайлаған апта

Иә, бұл апта расында да математика жайлаған апта болды өзі. Қайда барсам — математика… Жә, басынан бастап айтайыншы.

Бұлдыр математика
Бұлдыр математикаға дүйсенбі күні-ақ тап болдым. Кафедрамыздың шақыртуымен бізге дәріс оқуға түу Жапониядағы Осака университетінен профессор Умано Мотохидо келіпті.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Курс атауы — «Бұлдыр жиындар және олардың қолданылуы» және ол бұлдыр көрсеткіштер, бұлдыр талдау, сараптамалық жүйелердегі бұлдыр жиындар, бұлдыр жағдайда шешім қабылдау сияқты сұрақтарды қамтиды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мұндай пайдалы дәрістерден шет қалмауды жөн көріп алғашқы күннен қатыса бастадым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Шыны керек, бастапқыда аздап миымыздың ашығаны рас.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Бернұр тіптен мұңайып кетті. Ал сендер «математика — нақты ғылым» дейсіңдер.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен, есепті шығарған сияқтымыз.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Мына екі магистрант мәз, әйтеуір.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал профессорымыз болса бұлдыр жиындардың жапондық Matsushita компаниясының кір жуатын машинасы программасына қолданылуы туралы сөз қозғады.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Оның айтуынша, машинадағы кір жуу уақыты бұлдыр басқарумен анықталады екен.
Ғылыми жетекшім «сөйлеуді тануды бұлдыр логикаға салуды үйреніп ал» деп тапсырған еді. Тура мағынасында бұлдыр, бұлыңғыр болып тұрғаны…

«Былдыр» математика

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Былдыр» математика мені жұма күні өзім 4-курсқа оқитын «Сөйлеу технологиялары» пәніндегі «Марков жасырын моделдері» тақырыбына арналған дәрісімде күтіп алды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Студент аз екен» деп таң қалмаңыздар, себебі пән өте тар профилді және оны тек қана «Компьютерлік лингвистика» мамандандырылуын таңдағандар ғана оқиды. Қас қылғандай топтағы жалғыз ұл да сол күні сабаққа келмей қалыпты.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
«Сөйлеуді қандай да бір Марков процесінің туылуы ретінде қарастыра аламыз. Біздің сөйлеу мүшелеріміз сөйлеу дыбыстарын шығара отырып түрлі күйлердің тізбегінен өтеді, мысалы тілдің орналасуы, жақтың ашылуы, дыбыс трактісінің формасы және тағы басқа. Әр күйде шығарылатын дыбыстарды қандай да бір бақыланатын символдар тізбегі ретінде сипаттауға болады. Жасырын Марков моделдерінде күйлер тізбегін тікелей бақылай алмаймыз, сондықтан модель жасырын деп аталады. Біз тек қана қандай да бір ықтималдықпен таратылған сәйкес символдарды бақылай аламыз» деп отырмаймын ба :-b

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал Дина болса… Сонда қалай, бұларға ештеңе қызық емес пе?

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Дегенмен қызығушылық танытып отырғандар бар екен, сұрақ қойып жатыр :d Менің «былдыр» деген математикам бұларға бұлдыр болып отыр екен. Мотохидоның дәрісіндегі өзімнің түрім есіме түсіп жымиып алдым да, қайта түсіндіре бастадым.

«Нағыз» математика

Сабақтан соң кабинетіме келіп поштамды ашсам, университет бойынша ғылыми-зерттеу институттарын бақылау нәтижесінің рейтингі келіп тұр екен. Біздің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтымыз ашылғанына 2-ақ жыл болғанына қарамастан, бірінші санатты ұйымдар қатарына еніпті. Ал рейтинг басында жоғары санатты ұйым ретінде 9,31 баллмен «Теориялық математика және ғылыми есептеулер» ғылыми-зерттеу институты көш бастап тұр екен. «Бұл — белгі» деп ойладым мен: «нағыз математиктер бар ғой онда. Ол ұйымды кезінде математикалық анализ пәнінен коллоквиумға дайындалғанымда кітабын жастанып оқыған профессор Темірғалиев басқарып отырған жоқ па? Барып, институтпен танысып, әрі ол кісіден студенттерді қалай математикалық ойлауға үйрету керектігін сұрап қайтайын.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Содан бүгін, яғни сенбі күні институт орналасқан оқу-лабораториялық ғимаратқа қарай бет алдым.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Келсем, профессор Темірғалиев шәкірттерін жинап алып семинарлатып жатыр екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Аз уақытта семинарды аяқтап институтпен таныстыруға көшті. Институт небәрі үш кішкентай кабинетте орналасқан екен.
Екі кабинетте институт қызметкерлері таңнан кешке дейін жалпы сомасы 1 жылға 44 миллион құрайтын 7 ғылыми жоба бойынша жұмыс жасайды.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Институтта талантты жас ғалымдар жетерлік. Солардың бірі — PhD Нұрлан Наурызбаев. Ол Thomson Reuters рейтингісі бойынша 2-орында тұрған «Foundations of Computational Mathematics » атты жоғары импакт-факторлы басылымға 34 беттік мақала жариялаған. Мұндай рейтингілі мақаламен оған енді кез-келген шетелдік ғылыми орталықтың есігі ашық. Ал ол болса ЕҰУ-да.
«Мақалада атауынан көрініп тұрғанымыздай, жалпы сандық интегралдауда қорытындылар беріледі. Математика мен информатикада дискрепанс дейтін орталық ұғым бар, яғни жақсы таралудан ауытқу.»

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Болашағынан үміт күттіретін жас ғалымдардың бірі — ақтөбелік жерлесім, PhD — Ақсәуле Жұбанышева. Импакт-факторлы мақала саны — 3. Ақсәуле докторант кезінде-ақ Германиядағы дүниежүзілік математикалық орталықтарының бірі болып табылатын Иена университетіне барғанда әуелі студенттік семинарға қойған баяндамасын ол жақтағылар өздері сұрап профессорлық семинарға ауыстыртқан екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ал мынау – Нұрлан Темірғалиевтің кабинеті. Көзіме түскені – барлық кабинетте тақталар. Иә, математиканы тақтасыз елестету қиын.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Маған коллоквиумда көмектесіп, кейін емтиханнан «автомат» алуыма себепші болған «Математикалық анализ» кітабы көзіме оттай басылды. Бұл кітабы туралы профессор «Бейнелі сөзбен айтсам, қасқыр отарға шапқанда бір ғана қойды жеп кете бермей, артындағы күшік қасқырларға, үйіріндегі әлсіз қасқырларға да жемтік даярлау мақсатымен алдында кездескен қойлардың барлығын бауыздап қырып кететіндігін исі қазақ баласы біледі. Біздің институттың да қойып отырған есептері осындай, ары қарай жалғастырып кетуге мүмкіншілік береді. Ал қасқыр қойды жеу үшін оның азуы қандай рөл атқарса, біздің ұсынып отырған «Математикалық анализ» оқулығымыз да сондай рөл атқарады. Ол ғылымға ауыз салатын – «азу» дейді.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
»Оқулық" демекші Нұрлан Темірғалиевтің мектептердегі қазіргі математиканы оқыту үлгісіне мүлде көңілі толмайды. Сол себепті Теориялық математика институты "Қазақстанның инновация-өндірістік дамуына – математикалық қолдау" жалпыұлттық жобасын ұсынып отыр, ол жоба аясында институттың мектеп математикасы бойынша жаңа методология мен методикалары негізінде бүкіл Қазақстан мұғалімдеріне бағдарлама мен оқулықтар толық көлемде дайындалмақ. Ол үшін 2 миллиард теңге көлемінде қаражат керек екен.

ОҒМ жазбалары: Математика жайлаған апта
Ақыры әңгіме орайы келіп тұрғасын, дайындап келген математикалық ойлау туралы сұрағымды қойып жібердім.
«Математикалық ойлауға баулу мектеп жасынан бастау алуы керек. Баланы жастайынан автоматты түрде жаттауға емес, шығармашылыққа бейімдеу керек. Мысалға қарапайым көбейту кестесін үйретуді айтсақ, біздің мұғалімдер бірден дайын кестені жаттатуға құмар. Одан да алдымен бір мысалда көбейту мағынасын түсіндіріп, ары қарай кесте мәндерін өзі жазып шығатындай ету керек. Сол кезде бала үшін ол жаңалықпен тең, ол оны түсініп тұрады, математикалық ойлау, анализ деген осыдан шығады. Содан кейін ғана кестені жаттата беруге болады. Мектеп математикасының негізгі жүгі «есеп шығару» емес, болашақ мамандығына қатыссыз әр адамға қажетті «математикалық жетілуге» жеткізу болып табылады» деді профессор.



Үйге келе жатып Темірғалиевтің «негізі, адамға отансүйгіштікке қоса қажетті деңгейдегі білім де керек» деген сөзін есіме алып бір күліп алдым. Алда әлі Мотохидо дәрістерінің бір аптасы бар. Қажетті деңгейдегі білімімді алып қалудың бір аптасы…
Бөлісу:

78 пікір

VKM
математика да қызық бола алады екен)
Marco
Иә, математиканы тақтасыз елестету қиын.
Суреттен көріп тұрғанымыздай, дивансыз тоже
aikarakoz

шынымен, ана тақтаға қалай есеп шығарған, диванның үстіне шығып?
AKY
Өзім де соны ойладым, но, факт есть факт.
zholantai
көбейту кестесін қай сыныпта жаттатын еді өзі, әйтеуір бастауышта болатын, маған жаттау деген әрекет ұнамайтын, торкөз дәптердің артындағы көбейту кестесін жаттап, тақтаға шығып, мүдірмей айтып беру деген мұң болатын, көбейту кестесін мүдірмей жатқа соға алмайтындарды сабақтан соң алып қалып, қас қарайғанша отырғызып қоятынын қайтерсің,
ал, мен үшін жаттау деген — азап еді, Темірғалиевтің мына айтқаны өте-мөте қарапайым әрі маңызды педагогикалық шешім:
Одан да алдымен бір мысалда көбейту мағынасын түсіндіріп, ары қарай кесте мәндерін өзі жазып шығатындай ету керек.
алгебраны да геометрияны да сүйдім, көңіл күйден түссем түрлі есептердің шешіп, тынышталатын едім, бірақ дарынсыз математик болатынымды білгендіктен де математиканы таңдамадым,
AKY
Иә, жобасы қолдау тапса, тура осындай методикалармен оқытатын қылар еді мектептерде.
Бірақ ол кісі шырылдап бармаған жері жоқ екен, әлі жөнді жауап жоқ.
zholantai
жекеменшік, ақылы мектептерге ұсынған жөн шығар,
zholantai

оң қолдың бас бармағын осылай бүгіп алу — есеп соғып кеткендерге тән бе дейм, физик апайымыз да сөйтетін ед
ken
тоңып тұр
Соңғы түзету:
zholantai
Ал ол болса ЕҰУ-да.
жаман ба не? жаман болса, онда неге ЕНУ-да?
zholantai
яғни «ЕНУ-да жүргені жаман ба?»
AKY
Жәй патриоттығына тамсанып жатырмын)
Ottegin
«негізі, адамға отансүйгіштікке қоса қажетті деңгейдегі білім де керек»
керемет сөздер)))
zholantai
әбден айтылған сөздер))))
asaubota
неткен көңілді математиктер

жалығып, мұңайып, бітіп отырған бір адам баласы жоқ ей фотоларда
Gastarbaiter
Сол себепті Теориялық математика институты "Қазақстанның инновация-өндірістік дамуына – математикалық қолдау" жалпыұлттық жобасын ұсынып отыр, ол жоба аясында институттың мектеп математикасы бойынша жаңа методология мен методикалары негізінде бүкіл Қазақстан мұғалімдеріне бағдарлама мен оқулықтар толық көлемде дайындалмақ. Ол үшін 2 миллиард теңге көлемінде қаражат керек екен.
;g
Ицы хай факкиң тайм, білә!:*)):*)):*))
Бірақ, сол 2 миллиардты, есеп білмейтін халықтан 200 миллиард өндіріп алмайынша, аудармайды ау.
satibaldi

Тақта таңдағанда — түсін кім таңдайтынын білуге бола ма? :*)):*)):*))
sammita
әдетте еденнен қалған бояуды үйкей салушы еді бізде:*)):*)):*))
satibaldi
Тап сондай жоқшылық көріңдер ме не? :*)) :*)) :*))
zholantai
бізде де сөйтетін,
AKY
Оқу ісі жөніндегі орынбасар Нәби Меркьюри таңдайт :*))
satibaldi

Тіпті біздің ауылда мектеп терезесін газетпен жабу базор әм ұят болып есептелед, жалюз не ролл сатып алад ақша қимаса да :*)) :*)) :*))
zholantai
газетпен жапқан күшті ғо,
Gastarbaiter
Загрузить
Gastarbaiter
Нұрлан Жанайқайдың оскалына ұқсап кетіпті.
qonyrbai
Мен де сол шығар деп ойлап қалғам. :*))
zholantai
лібә, осы фотоны посттан алғаш көргенде бір жерден көрген сияқты ма, әлде біреуге ұқсатқан сияқты ма болған едім, со Жанайқай екен,
Aya
Шымшық сойса да қасапшы сойсын деген осы болса керек! Акым менің, басы толған ми өзінің:x
AKY
Кенет дүние гүлденіп сала берсін.
zholantai
Акым менің
у қайда, у?
=))=))
AKY
Сендер ғо ол «у»-мен жазатын :*))

п.с.: бір кесе у в студию. Джанибек сұрап жатыр :*))
zholantai
Мен Аюдан сұрап отырм ғо :d:d

п.с: бір кесе су керек емес, пибім бар
AidaKali
АКУчкам/ау сүп/сұйкімді жүзіңді фотореп сылтауратып жиі көрсетіп тұрч осылай )))
үстінгі комент үшін қайта қарап шықсам расында байқамаппын, тақталар )))))
АКУчка апай, өмірде математиканы жоққа шығарып, жеп көруші едім, қалай, математиканы жақсы көретін, басты матикпен, матиза болып жүрмін а? ((((
AKY
;@;@;@
солай ғой өзі, «ешқашан ешқашан деме» деген сөз барр деп айтад дисің))))))))
zholantai
АКУчкам/ау
бөлшек белгінің орнына дефис тұрса түсінетін едік :*)):*))

АКУчка апай
бесікке бөленген кезім-ай ))
AKY
Төу, неғып жұрттың мені еркелеткенін көрәлмай отырсың сен? :*))
zholantai
өзім ғана еркелеткім келіп сол ;);)
VKM
:d тили-тили тесто))))
AKY
Өй қойш, фиктивный брак деп неғып отырсың ғо(((
zholantai
не боп кетті, шатасып кетті ғо, бәрін басынан бастайықЧ :d:d
AKY
бастап көр ал, бастай алсаңңң)))
zholantai
опыт жинап алайын :d:d
zholantai
неге мұңая қалдың? :-?
AKY
менің-ақ опытым екеумізге молынан жететін еді ғойй дейм :*))
zholantai
болмайд, жүрсең сосын: «маған келгенде сарыауыз балапан едің» деп мазақ қылып
AKY
е, все ясненько с тобоййй, ат-тоныңды ала қашыппп))))) әңгіме тәмам болсын осымен, хиххх
zholantai
өзің ғо фиктивныйға келіспей қойып, бездіртіп жіберген :d:d:d:d:d
Gastarbaiter
Не сдавайся Джони, қаншалықты напористый екеніңді сынап жатыр.
AKY
Бүйткен напоры бар болсын)))))))))
sammita
кіп-ішкентай болып ап, брактың түр-түрін қайдан білесіңдер ай
sammita
:*)):*)):*))
(түзету істемей тұр ғо)
AKY
гражданскиді де білеміз ал :*))
sammita
тағы қандайы бар:*))
AKY
однополый брак деген бар :*))
zholantai
көп әйел алу деген де бар :)
VKM
Бред Питт пен Анджелина Джоли сияқты көөп балалы болғанда үйлену бар)))
ken
тағы қандай түрлері бар
zholantai
жетпей қалды ма? :d:d:d
Arys_arlany
:d:d:d:d опытная екеніңді білмеппін
patick
Бұндай да сұлу болашақ бухгалтерлер болады екен
AKY
:*)) Иә, бухгалтер болады-ау, программист емес) Аман болсыншы өздері)
AKA
Бернұр тіптен мұңайып кетті. Ал сендер «математика — нақты ғылым» дейсіңдер.
:*)):*)):*)) Көңілді жазба шығыпты. ;g
Arys_arlany
Болашағынан үміт күттіретін жас ғалымдардың бірі — ақтөбелік жерлесім, PhD — Ақсәуле Жұбанышева.
маңыздысы бұл емес, маңыздысы «бракта» емес па? ;lv
Nodar
Нұрлан Наурызбаев бізге сабақ берді. Дым үйретпеді. Үйретем деген де желаниесі жоқ еді. Математика туралы блог болғанмен, математиканы дым сезіне алмадым. Вдохновение бермейді.
AKY
Сіз оның диссертация қорғайм деп басы қатып жүрген кезеңіне тап болған шығарсыз)))
Nodar
Туууу, ЕНУ((((( Менің төрт жылымды ұрлаған, әдемі сенімімді алдаған ЕНУ-ай. Дым білім бермедің, кеңестік системамен оқытасың әлі. А ешкім мойындамайды