Болмысты боямалау немесе Әлеуметтік желідегi бетперденiң 8 түрi
Әлеуметтік желіге бас сұқпақ боп, смартфонымды қолға алғаннан кейінгі әрекетім – «онлайни бетпердемді» киіп алу. Көңіл-күйім жоқ па – позитивтісін, ашулымын ба – сабырлысын, жалғызсырап отырмын ба – бақыттысын, кейде бәрі керісінше. Тұрақтысы жоқ, білетінім, «мендегі күйді ешкім сезбеу керек».
Сол секілді кейбіреу жан-дүниесін жасыру үшін, әлдебіреу болмысынан әлдеқайда жақсырақ көріну үшін, ендігісі өз-өзін мойындамастан басқаға ұқсап бағу үшін бетперде тағып алады. Әркімнің талғамына қарай.
Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек. Сондықтан болар, әлеуметтік желідегі біраз қолданушы қиялындағы образды өзіне қаптап алады. Өмірде екі адамға өткізе алмаған күйін виртуалда екі жүз адамға жайып салу тым оңай, аз ғана тырысса болғаны.
Виртуалда өзім көріп жүрген бетпердені 8 топқа бөлдім. Оқырманым, өзіңізді көріп қаларсыз, бәлкім)
Біреудің суреті не жазбасынан жиі күнә көріп қалады. Оның ақыретте қалай қиналатынын айтып, қорқытады. Оның ойынша, жұрттың бәрі намаз оқуға, хиджап киюге міндетті. Алланың жазалағанын тілеп, қарғағыш. Мешітте орамал не тақиямен суретке түсіп, жұма сайын жұма намазға баратынынан хабар беріп отырады. Кейде хадисті түгел жатқа білетін адамдай кез келген жағдайға дінмен, хадиспен баға беріп кетеді. Қай жерде, қай уақытта болсын өзінің «дұрыс жолда» екенін айқайлап көрсетіп жүруге тырысады. Ал, өмірінде ол намаз оқымауы мүмкін, тіпті, ара-тұра достарымен бірге стақан соғыстырып қоятыны бар. Онлайнда имам, оффлайнда Иван. Оны қойшы, беті ашылған, арты ашылған жаңалықтарды біріші боп оқиды және порно сайтта голд аккаунты бар.
Емі: діннен алшақтау. Әрине, ол екіталай нәрсе.
Әлеуметтік желідегі парақшасына кіре қалсаңыз, бірден өмірде де, қызметте де табысқа жеткен жан екен деп ойлайсыз. Гламур отырыстар, гламур киімдер, iPhone, күзен тон, керемет сыйлықтардың суреті. Бақыттан басы айналып отырып жазған посттары. Өмірі – өмір емес, ертегі дерсің. Виртуалдағы супертабысты жан. Алайда, өмірде пәтер жалдап тұрады, басында екі кредиті бар, кейде ақшасы таусылып қалып та жатады.Бетперде кигендегі мақсаты – мақтану, ауылда қалған сыныптасы мен мектепке мұғалім боп орналасқан группаласының көзін қыздыру.
Емі: басындағы жағдайдың өзгеруі, шын бақытқа кеңелуі немесе үлкен ғашықтық сезіміне бөленуі.
Бұл – табысты жан киіп алған бетперденің антиподы. Үнемі жолы болмайды, сәтсіздікке жиі ұшырағыш. Көңілсіз, мұңды жазбаларымен жұрттың аяушылық сезімін оятып, өзіне назар аудартқанды жаны қалайды. Айлығының аздығына, азық-түліктің қымбаттағанына жиі шағымданады, аурудың кесірінен жиі өлім аузында жатады, ауылын не алыстағы туысын жиі сағынады, жылайды, жалғызсырайды. Ал, шындығында ол өмірде сізден де, менен де көп табыс табуы мүмкін. Талай жоспары алға жүріп, мақсаттарына қол жеткізген болып та шығады.
— Өзіне үнемі аяушылық сезімін тудыртқысы келіп, көптің назарын мүсәпірлікпен аударатын жан — балалық шағында ата-анасының мейіріміне қанбаған адам. Отбасында, бауырларының арасындағы ала қарға кейпіне кейіп, ата-анасы бұл баладан гөрі басқасын ерекше көріп, ол сырттай сол көріністі бақылап, ішіне мұң-өкпесін тығып өскен адам.
Емі: өзінің балалық шағын ойдағыдай өткізуге кедергі болған адамдарды кешіру. Оларды кешірген кезде тек виртуалды емес, жалпы өмірдегі позициясы өзгереді.
Ол үшін қазақ – әлемдегі ең қасиетті, ерекше ұлт. Қазақ болып туғанына мақтанады, бүкіл ұлт үшін өмірін қиюға даяр. Қазақтың судай мөлдір, бөтен қылықтан жат болуын қадағалап жүреді. Қазақ қыздарына ақыл айтып, қазақ жігіттеріне жөн сілтеуді әу бастан міндеті етіп арқалап алған. Қазақ тілі дегенде жанын беруге дайын, шалақазақтарды атып кетуге жиі жоспар құрады. Ал, монитордан екі қадам аттап, дүкенге бара қалса, нанды орысша сұрайды. Ұлын орыс сыныбына бергелі тіпті үйде де нанды алып беруін орысша сұрайтын болған. Күннен-күнге семіріп бара жатқан әйеліне енді қысқа көйлек жараспайтынын айта алмай жүргеніне үш жыл болып қалыпты.
Шетелде тұратын псевдопатриот ағамызды айтсаңызшы… төрінде домбыра мен ту ілініп тұр, қасқайып. Па, шіркін! Туған жерін сағынғаннан еңірейді де отырады. Бірақ, Қазақстанға келуге құлқы жоқ. Ол елде жұмыс істеу туралы ойласа, құсып қоюға шақ қалады.
— Бұл типті адамдардың басымы — ерлер қауымы. Жасөспірім кезінде тобырмен жүріп, мысы басым досының ықпалына түскендер. Өзіне сенімсіз, тұла бойы тұрған комплекс, жалған намыс.Кезінде мойындалмаған бозбаланың қазір де не әйеліне, не балаларына оңайлықпен сөзі өтпейді. Осы себептен де, сырт көзге өзін қазақшыл, отбасы жағдайында ыссы болып көрінуге тырысады. Себебі, ол — «патриот!»
Емі: сөзден амалға көшіп, айналасындағылардың мойындауын ер азаматқа тән іспен жаулау.
Қандай да бір пост жазбас бұрын Гугл арқылы нақыл сөздерді бір шолып шығады. Абайдың, Далай Лама не Омар Хаямның айтқандарынан үзінді келтірсе, тіпті аз-маз өзгеріспен өз атынан ұрып жіберсе, анағұрлым білімді көрінетіні сөзсіз. Посттарында жалпақ жұрттан ерекшеленгісі келіп, бәріне түсініксіз терминдерді жиі қолданады. Жұрттың жазбасына тым биіктен қарайды, кекесін, мысқылға толы пікірді үйіп-төгіп тастап кете салады. Ал, өмірде бір кітапты аяғына дейін аяқтай алмай, сериал көріп кетуі мүмкін.
Емі: өзіне үйреншікті өмір дағдысын алмастыру. Мәселен, қатып қалған қағидаларға сыймайтын экзотикалық жерге саяхатқа шығып, тұрақты қысым жағдайындағы миын босаңсыту.
Үш жасар сәбиі он үштегі баланың сөзін айтады. Өте ақылды, тәртіпті, өнерлі, өзгеше жаратылған. Тіпті, вундеркинд. Бөбегі туралы посттардан «көрдің бе, мен қандай ақылды ұрпақ тәрбиелеп отырмын» деген месседж аңқып тұрады. Арасында баласы айтты қылып, өз ойын да жаза салады. Үнемі томпиып қана ойнап отыратын, үнемі мәз боп жүретін балақайының суретін жиі салып, балалы болудың тек қана бақыт әкелетінін, қылаудай қиындығы жоғын көп жазады. Өзін балаға да қарап, шаруаны да атқарып, бәріне үлгеретін суперана қылып көрсеткісі келеді. Ал, тасып кеткен сүті, баласы т**ып қойған кілемі, ол ауырғанда түн ортасындағы айқайы, бәрі-бәрі монитордың ар жағында қалып жатыр.
— Ана мен қыз арасындағы институты, яғни байланысы кезінде дұрыс орнамаған жандар. Бірінші, өз анасының оған берген тәрбиесіне, үйде жасаған жағдайына көңілі толмауы.Сол себептен өзіне жасалмаған оңтайлы жағдайларды өз баласына жасап, баптап қолы жетпеген күндердің орнын толтыру. Екінші нұсқасы — анасының қызының қабілеттеріне сенбей өсіруі. Осылайша анасына өзінің қаншалықты дәрежеде үй шаруасына, бала тәрбиесіне, бабына мықты екендігін дәлелдеу мақсаты қозғаушы күшке айналады. Үшінші себебі — өзінің қызметте жүрген құрбыларына өзінің отбасы, бала-шаға арасында бақытты екендігін дәлелдеуге тырысуы.
Емі: балалардың өсуі немесе қызметке шығуы.
Парақшасына пост жазғаннан гөрі жиі сурет салады. Үнемі не түнгі клубта, не пабта жүреді. Күнде жиын, күнде той. Өнер адамдарымен суретке түсіп, алғаш көріп тұрса да, «Мейрамбек досыммен», «Қайрат бауырыммен» деп жазып қоюға құмар. Қаладағы мейрамханалардың бәрінен хабары бар. Алайда, күні бойы кеңсесінде басы ауырып, көңіл-күйі болмай отырғаны туралы әріп те жазбайды. Кейде ішкен-жегеніне төлер ақшасы болмай, масқара болғаны туралы есіне де алмайды. Таныстары қарыздарын сұрай берген соң телефонының номерін жиі ауыстырып тұрады.
— Бұл топтағылар — көптің ойына тәуелді, өздеріне сенімсіз адамдар. Олар белгілі бір топпен жүргенде ғана өздерін солардың ығында өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол беделді адамның аясында «бауырым, ағам» деп өзіне күш қосып, көптің алдында халықтың сол беделді адамдарға деген ілтипатын өзіне қоса жамылып, өзін жұбатады. Ішіндегі аласапыран күйді күнде қыдырып, у-шумен басып, өзін-өзі алдайды.
Емі: Отбасылы болу немесе өмірге көзқарасын өзгертетіндей жағдайды кешу арқылы өмірдің шын ләззатына бөлену.
Виртуалдағы ең мейірімді, ең ізгі жан. Күн сияқты айналасына позитивті пікір шашып жүреді. Ол жазба жазғаннан гөрі, біреудің суретін «сұлуым, лапуська, ерекше әдемісің, жаным, күнім, ғажапсың» сияқты пікірді көп жазады. Бәріне жақсылық тілегіш, көмектескіш. Ал, монитор алдында қызғаныштан өртеніп, өзінен озған адамды жек көріп, сәтсіздік тілеп отырады. Ути-путилатып, шаруасы біткен соң «жанын» ұмытып кетуі мүмкін.
Емі: емге жатпайды. Алайда, өзі үшін беделді адамның талабымен өзгеруі мүмкін.
Сол секілді кейбіреу жан-дүниесін жасыру үшін, әлдебіреу болмысынан әлдеқайда жақсырақ көріну үшін, ендігісі өз-өзін мойындамастан басқаға ұқсап бағу үшін бетперде тағып алады. Әркімнің талғамына қарай.
Бетперденің әшкере болу пайызы өмірден гөрі монитордың арғы бетінде аздау, сенімдірек. Сондықтан болар, әлеуметтік желідегі біраз қолданушы қиялындағы образды өзіне қаптап алады. Өмірде екі адамға өткізе алмаған күйін виртуалда екі жүз адамға жайып салу тым оңай, аз ғана тырысса болғаны.
Виртуалда өзім көріп жүрген бетпердені 8 топқа бөлдім. Оқырманым, өзіңізді көріп қаларсыз, бәлкім)
Әсіредіншіл
Біреудің суреті не жазбасынан жиі күнә көріп қалады. Оның ақыретте қалай қиналатынын айтып, қорқытады. Оның ойынша, жұрттың бәрі намаз оқуға, хиджап киюге міндетті. Алланың жазалағанын тілеп, қарғағыш. Мешітте орамал не тақиямен суретке түсіп, жұма сайын жұма намазға баратынынан хабар беріп отырады. Кейде хадисті түгел жатқа білетін адамдай кез келген жағдайға дінмен, хадиспен баға беріп кетеді. Қай жерде, қай уақытта болсын өзінің «дұрыс жолда» екенін айқайлап көрсетіп жүруге тырысады. Ал, өмірінде ол намаз оқымауы мүмкін, тіпті, ара-тұра достарымен бірге стақан соғыстырып қоятыны бар. Онлайнда имам, оффлайнда Иван. Оны қойшы, беті ашылған, арты ашылған жаңалықтарды біріші боп оқиды және порно сайтта голд аккаунты бар.
«Иншаллах, ифтарға бара жатырмын. Оразаны бір жыл бойы асыға күттім ғой».
«Жұма мүбәрәк болсын! Жұма намазға бармаған қазақ – қазақ емес».
Динара Болат, психолог:
— Олар — жасөспірім кезінде өз қатарластарынан оқшауланған немесе өткен өмірінде бұзықтық, тіпті, моралды-құқықтық нормаға қайшы жүріс-тұрыста болған адамдар. Олардың мақсаты — ендігі кезекте өзінің сүттен ақ судай таза, ешкімнің ала жібін аттамайтындай түзу жүрісін жариялау. Және осы образын нығайту үшін қоса, өзінің ілімімен көлгөсір бөлісу.Емі: діннен алшақтау. Әрине, ол екіталай нәрсе.
Табысты
Әлеуметтік желідегі парақшасына кіре қалсаңыз, бірден өмірде де, қызметте де табысқа жеткен жан екен деп ойлайсыз. Гламур отырыстар, гламур киімдер, iPhone, күзен тон, керемет сыйлықтардың суреті. Бақыттан басы айналып отырып жазған посттары. Өмірі – өмір емес, ертегі дерсің. Виртуалдағы супертабысты жан. Алайда, өмірде пәтер жалдап тұрады, басында екі кредиті бар, кейде ақшасы таусылып қалып та жатады.Бетперде кигендегі мақсаты – мақтану, ауылда қалған сыныптасы мен мектепке мұғалім боп орналасқан группаласының көзін қыздыру.
«iPhone6-ға берген тапсырысым қашан келер екен, асыға күтудемін...»
«Осы базардан жұрт киім ала ма? Тіпті Меганың өзінен сапалысын табу қиындау. Арзанның сорпасы татымайды ғой».
Динара Болат, психолог:
— Негізі ешкімге өкпесі жоқ, ешкімге ешнәрсе дәлелдеуге мұқтаж емес, қалыпты жолмен жетістікке жеткен табысты жандардың интернетке өз-өзін жариялауға көп құлқы да, уақыты да бола бермейді. Ал, біз интернеттен көретін еш проблемасыз, шалқып өмір сүріп жүрген табысты жан қазіргі жетістікке тар жол тайғақ кешумен жеткен болуы керек. Мәселен, кедей отбасы, толық емес отбасы, сол себептен кезінде қатарластарының, не айналасындағылардың күлкі, мысқылдау обьектісіне айналған оның бойында «Мен сендерге көрсетемін!», «Мен әлі бай боламын!», «Менің алдыма келесің әлі..» секілді амбиция қалыптасады. Сонымен қатар, кезінде оның сезіміне жауап қатпаған адамына "Әлі-ақ өкінесің!" секілді агрессияны қозғаушы күш еткен табысты жан ғана жан-жақты өзінің жетістіктерімен бөлісіп отырады.Емі: басындағы жағдайдың өзгеруі, шын бақытқа кеңелуі немесе үлкен ғашықтық сезіміне бөленуі.
Бейшара
Бұл – табысты жан киіп алған бетперденің антиподы. Үнемі жолы болмайды, сәтсіздікке жиі ұшырағыш. Көңілсіз, мұңды жазбаларымен жұрттың аяушылық сезімін оятып, өзіне назар аудартқанды жаны қалайды. Айлығының аздығына, азық-түліктің қымбаттағанына жиі шағымданады, аурудың кесірінен жиі өлім аузында жатады, ауылын не алыстағы туысын жиі сағынады, жылайды, жалғызсырайды. Ал, шындығында ол өмірде сізден де, менен де көп табыс табуы мүмкін. Талай жоспары алға жүріп, мақсаттарына қол жеткізген болып та шығады.
«Дәл осындай ауырған сәтте жағдайыңды жасайтын шынайы достың жоқ екенін түсіндім».
«Балам алып бер деген қымбат ойыншыққа ақшам жетпейтінін қайдан білсін, кейін деп құтылдым...»
Динара Болат, психолог:
— Өзіне үнемі аяушылық сезімін тудыртқысы келіп, көптің назарын мүсәпірлікпен аударатын жан — балалық шағында ата-анасының мейіріміне қанбаған адам. Отбасында, бауырларының арасындағы ала қарға кейпіне кейіп, ата-анасы бұл баладан гөрі басқасын ерекше көріп, ол сырттай сол көріністі бақылап, ішіне мұң-өкпесін тығып өскен адам.
Емі: өзінің балалық шағын ойдағыдай өткізуге кедергі болған адамдарды кешіру. Оларды кешірген кезде тек виртуалды емес, жалпы өмірдегі позициясы өзгереді.
Псевдопатриот
Ол үшін қазақ – әлемдегі ең қасиетті, ерекше ұлт. Қазақ болып туғанына мақтанады, бүкіл ұлт үшін өмірін қиюға даяр. Қазақтың судай мөлдір, бөтен қылықтан жат болуын қадағалап жүреді. Қазақ қыздарына ақыл айтып, қазақ жігіттеріне жөн сілтеуді әу бастан міндеті етіп арқалап алған. Қазақ тілі дегенде жанын беруге дайын, шалақазақтарды атып кетуге жиі жоспар құрады. Ал, монитордан екі қадам аттап, дүкенге бара қалса, нанды орысша сұрайды. Ұлын орыс сыныбына бергелі тіпті үйде де нанды алып беруін орысша сұрайтын болған. Күннен-күнге семіріп бара жатқан әйеліне енді қысқа көйлек жараспайтынын айта алмай жүргеніне үш жыл болып қалыпты.
Шетелде тұратын псевдопатриот ағамызды айтсаңызшы… төрінде домбыра мен ту ілініп тұр, қасқайып. Па, шіркін! Туған жерін сағынғаннан еңірейді де отырады. Бірақ, Қазақстанға келуге құлқы жоқ. Ол елде жұмыс істеу туралы ойласа, құсып қоюға шақ қалады.
«Көктем келсе, қаракөздеріміздің етегі қысқара бастайды. Қазақ қызына жарасатын қылық па сол?»
«Ұшақтағы қазақша жазулардың қатесін өйтіп-бүйтіп түзедік, енді стюардессалар шықты қазақша сұраққа орысша жауап беріп. Қор болған қазақ, қор болған қазақ тілі».
Динара Болат, психолог:
— Бұл типті адамдардың басымы — ерлер қауымы. Жасөспірім кезінде тобырмен жүріп, мысы басым досының ықпалына түскендер. Өзіне сенімсіз, тұла бойы тұрған комплекс, жалған намыс.Кезінде мойындалмаған бозбаланың қазір де не әйеліне, не балаларына оңайлықпен сөзі өтпейді. Осы себептен де, сырт көзге өзін қазақшыл, отбасы жағдайында ыссы болып көрінуге тырысады. Себебі, ол — «патриот!»
Емі: сөзден амалға көшіп, айналасындағылардың мойындауын ер азаматқа тән іспен жаулау.
Интеллектуалды
Қандай да бір пост жазбас бұрын Гугл арқылы нақыл сөздерді бір шолып шығады. Абайдың, Далай Лама не Омар Хаямның айтқандарынан үзінді келтірсе, тіпті аз-маз өзгеріспен өз атынан ұрып жіберсе, анағұрлым білімді көрінетіні сөзсіз. Посттарында жалпақ жұрттан ерекшеленгісі келіп, бәріне түсініксіз терминдерді жиі қолданады. Жұрттың жазбасына тым биіктен қарайды, кекесін, мысқылға толы пікірді үйіп-төгіп тастап кете салады. Ал, өмірде бір кітапты аяғына дейін аяқтай алмай, сериал көріп кетуі мүмкін.
«Дедлайн жақындап қалыпты, овертайм қосу керек, меніңше».
Динара Болат, психолог:
— Интеллектуалды адам — ол мектептегі ботаник. Оның басты қаруы, бойындағы көзірі — жиған білімі. Сондықтан өзгелерден қорғану механизмі кезінде орынды-орынсыз білген білімін тықпалай береді. Оған қоса, шамадан тыс жиналған білім қорын іске асыру, қолдану санаасты деңгейінде өзі сұранып тұрады.Емі: өзіне үйреншікті өмір дағдысын алмастыру. Мәселен, қатып қалған қағидаларға сыймайтын экзотикалық жерге саяхатқа шығып, тұрақты қысым жағдайындағы миын босаңсыту.
Суперана
Үш жасар сәбиі он үштегі баланың сөзін айтады. Өте ақылды, тәртіпті, өнерлі, өзгеше жаратылған. Тіпті, вундеркинд. Бөбегі туралы посттардан «көрдің бе, мен қандай ақылды ұрпақ тәрбиелеп отырмын» деген месседж аңқып тұрады. Арасында баласы айтты қылып, өз ойын да жаза салады. Үнемі томпиып қана ойнап отыратын, үнемі мәз боп жүретін балақайының суретін жиі салып, балалы болудың тек қана бақыт әкелетінін, қылаудай қиындығы жоғын көп жазады. Өзін балаға да қарап, шаруаны да атқарып, бәріне үлгеретін суперана қылып көрсеткісі келеді. Ал, тасып кеткен сүті, баласы т**ып қойған кілемі, ол ауырғанда түн ортасындағы айқайы, бәрі-бәрі монитордың ар жағында қалып жатыр.
«Димашым: — Мына сериалды көргеннен не пайда бар, жазуыңды аяқтасаңшы,» — деді. Иии, төрт жасында мұндай, өскенде президент болатын шығар».
Динара Болат, психолог:
— Ана мен қыз арасындағы институты, яғни байланысы кезінде дұрыс орнамаған жандар. Бірінші, өз анасының оған берген тәрбиесіне, үйде жасаған жағдайына көңілі толмауы.Сол себептен өзіне жасалмаған оңтайлы жағдайларды өз баласына жасап, баптап қолы жетпеген күндердің орнын толтыру. Екінші нұсқасы — анасының қызының қабілеттеріне сенбей өсіруі. Осылайша анасына өзінің қаншалықты дәрежеде үй шаруасына, бала тәрбиесіне, бабына мықты екендігін дәлелдеу мақсаты қозғаушы күшке айналады. Үшінші себебі — өзінің қызметте жүрген құрбыларына өзінің отбасы, бала-шаға арасында бақытты екендігін дәлелдеуге тырысуы.
Емі: балалардың өсуі немесе қызметке шығуы.
Қыдырымпаз
Парақшасына пост жазғаннан гөрі жиі сурет салады. Үнемі не түнгі клубта, не пабта жүреді. Күнде жиын, күнде той. Өнер адамдарымен суретке түсіп, алғаш көріп тұрса да, «Мейрамбек досыммен», «Қайрат бауырыммен» деп жазып қоюға құмар. Қаладағы мейрамханалардың бәрінен хабары бар. Алайда, күні бойы кеңсесінде басы ауырып, көңіл-күйі болмай отырғаны туралы әріп те жазбайды. Кейде ішкен-жегеніне төлер ақшасы болмай, масқара болғаны туралы есіне де алмайды. Таныстары қарыздарын сұрай берген соң телефонының номерін жиі ауыстырып тұрады.
«Бүгін Әjet барда тегін коктейльдер үйлестіретін күн екен. Есімнен шықса да, дәл келіппін (Қолымен лайк көрсетіп тұрған суреті)
Мен және Айгуля (Екі қыздың суреті)
Динара Болат, психолог:
— Бұл топтағылар — көптің ойына тәуелді, өздеріне сенімсіз адамдар. Олар белгілі бір топпен жүргенде ғана өздерін солардың ығында өздерін қауіпсіз сезінеді. Сол беделді адамның аясында «бауырым, ағам» деп өзіне күш қосып, көптің алдында халықтың сол беделді адамдарға деген ілтипатын өзіне қоса жамылып, өзін жұбатады. Ішіндегі аласапыран күйді күнде қыдырып, у-шумен басып, өзін-өзі алдайды.
Емі: Отбасылы болу немесе өмірге көзқарасын өзгертетіндей жағдайды кешу арқылы өмірдің шын ләззатына бөлену.
Мимими
Виртуалдағы ең мейірімді, ең ізгі жан. Күн сияқты айналасына позитивті пікір шашып жүреді. Ол жазба жазғаннан гөрі, біреудің суретін «сұлуым, лапуська, ерекше әдемісің, жаным, күнім, ғажапсың» сияқты пікірді көп жазады. Бәріне жақсылық тілегіш, көмектескіш. Ал, монитор алдында қызғаныштан өртеніп, өзінен озған адамды жек көріп, сәтсіздік тілеп отырады. Ути-путилатып, шаруасы біткен соң «жанын» ұмытып кетуі мүмкін.
«Жаным, бүгiн ерекше сұлусың»
Динара Болат, психолог:
— Бұл типті адамдарды екіге бөлеміз. Біріншісі, өзінің мінез-құлқын, өмірге өкпесін белгілі бір білім арқылы жеңіп, жанына жай орнағандар. Әдетте олар — айналадан тек жақсы нышан іздеушілер. Сондықтан да, жаны әдемі адамнан тек жақсы сөздер шығады. Екінші түрі — жасандылық. Бұл жердегі негізгі күш — жағымпаздық.Емі: емге жатпайды. Алайда, өзі үшін беделді адамның талабымен өзгеруі мүмкін.
Өтініш: мақала еш жерде шейр жасалмасын. Қазнет құлайды, өмір тоқтайды
Мынаны Айкона жазды десе, сенер едім!..
егер барлық нәрсеге «мүмкін» деп қарайтын болсақ, кез-келген нәрсеге күмән тудыруға болады.
жалпы, жазбаның өзі бетперде тақырыбына сай келмейді, менің ойымша. мысалы, «Табыстыда» жазылғандар бетпердеден гөрі мақтануға көбірек келеді. Айфоны, гламур киімдері, күзен тоны шынымен де бар ғой. Пәтер жалдап тұру, кредиті болу дегендер міндетті түрде жағдайы нашар дегенді білдірмейді. Ақшасы жетпей қалу байларда да болады.
Оқып отырып, «сонда бетперделі болмаймын деп, гламур фотоларын жарияламай, тек кредиті барын, пәтері жоғын жазып жариялап отыру керек пе?» деген сұрақ туындады да.
егер кеше ғана Астананың бір кафесінен өзінің гламур фотосын жүктегенАйнұр Рақышева ФБ парақшасында «артымда ИМ баскесері тұр» деген пост қалдырса.Темекіге қарсы күресіп жүр ол Путин ағасымен, не до вас :)
Парақшасында айфон, гламур отырыстар тб орналастырса, дейді: бұның кредиті бар, пәтер жалдап тұрады тб. «Табысты» бетпердесін жамылған етіп тастайды.
Ал егер пәтер жалдап тұратынын, кредиті барын жазса, тағы да дейді: бұның айфоны бар, қашаңгөрсең гламур отырыстарда жүреді тб. «Бейшара» бетпердесін жамылған етіп тастайды.
Отырсаң — опақ, тұрсаң — сопақ
— дегенді осындайда айтатынбед?
Әсіредіншілден бастағаныңа қарағанда, солардан әбден зәрезап болған сияқтысың ғо, әсіредіншілден кейін псевдопатриоттардың тұрмағаны нес екен, :)
мына мысалынан-ақ Эльвираның соңғы бір жылдан алдындағы кейпі жарқ-жұрқ етті
Өзімді ешқайсынан таба алмадым. Еее, мен деген бетпердесіз жүрген жан екенмін ғой))…
мына постқа «айырывалды» деуге қорқып отырмын ;)