Мен неге үнемі тек өз атымнан жазамын?

ОҒМ жазбалары: Мен неге үнемі тек өз атымнан жазамын?Осы кезге дейінгі виртуал өмірімде бір де бір жалған аккаунт ашып көрмеппін. Барлық форум, блогтұғыр, әлеуметтік желілерде сол Әйгерім Кеулімжай деген бір атым. Себебі:

1. Саясатта шаруам жоқ

Байқағаным, саяси көзқарасын тықпалау үшін немесе қоғамдағы кейбір болып жатқан құбылыстарға қатысты ойын қызмет бабына байланысты ашық айта алмайтындар фейк аккаунт қолданады. Кейбірінің әрекеті тіпті арандатушылыққа әкеліп жатады. Ондаймен шаруасы жоқ, жөніне жүрген адам ретінде маған фейк-аккаунттың керегі жоқ.
Иә, айтпақшы, сосын біздің ұлттық менталитетке және қызметіме сай келмейтін табу тақырыптарға да әңгіме қозғамауға тырысады екем.

2. Өзім туралы негативке төзе аламын

Осы жерде тым бөсіңкіреп кеттім-ау деймін. Әрине, төзе алмай қалуым да мүмкін. Оны жақсы білемін. Сондықтан көбіне таяқтың ұшы өзіме тиіп кету ықтималдығы бар жағымсыз жазбаларды айналып жүремін. Әлеуметтік желіде жазбаларыма қалдырылған сүйкімсіздеу пікірлерді өшіре саламын. Енді қайтем? Бірақ фейк-аккаунт ашпаймын.

3. Ешкімді аңдымаймын

Иә, біреулердің (мысалы бұрын жүрген жігітін) өмірін жасырын бақылау үшін де жалған аккаунт ашатындар бар. Немесе біреудің қаҺарына ұшырап банға кетіп қалып, басқа аккаунтпен достасып алатындар болады. Жооқ, мені жақтырмаған адамның жеке өмірі мен үшін де қызық емес.

4. Жарнамамен айналыспаймын

Есі дұрыс, жұмысбасты адам әлбетте фейк-аккаунтты қандай да бір қызмет, тауар ұсыну немесе SММ мақсатында, яки әлдебір әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін ашады. Форум, блогтұғыр админдері сайтты қыздыру үшін жалған аккаунттар қолдану мүмкін. Бұлар енді фейк-аккаунттарды ақтауға болатын азғантай себептер деп есептеймін.
Бірақ менің жұмысым, өмір салтым қызметтің мұндай түрімен еш қиылыспайтындықтан, фейк-аккаунтқа қажеттілігім жоқ. Интернет әзірге мен үшін жай ғана байланыс құралы.

5. Троллинг жасамаймын

Мүлде троллинг жасамаймын дегенім артық болар, былай өз атымнан-ақ кейде біреулердің жынына аздап тиіп қоятыным бар енді. Ал фейсбуктас достарыма сауалнама жүргізгенімде көбінің әлеуметтік желілерде және блогтұғырларда фейк-аккаунттары бар немесе болған болып шықты. Және көбісінікі троллинг пен көңіл көтеру үшін ашылған аккаунттар екен. Әлбетте кейбірі жалығып немесе фантазиясы таусылып, ал кейбірі паролін ұмытып, ол аккаунттар аса белсенді емес көрінеді. Өз басым да біреуге аноним «бригол» ұстап тырқ-тырқ күліп отырудан кетәрі болмас ем, егер келесі пункт болмағанда.

6. Ерінемін

Иә, қарапайым еріншектік. Жаңа аккаунтқа жаңа пошта ашу керек. Оны тағы жүргізу керек. Фантазия керек. «Бір аккаунтты жетістіре алмай жүргенде» деп бір ағам айтқандай… Не керегі бар соның?



Өз атымнан жазғанымды қайтейін, көбіне басы артық әңгіме айтпайды екем. Әсіресе педагогтық қызметке ауысқалы.
Қозғайтыным көбіне нейтрал немесе позитив тақырыптар. «Бетперде» дейсіздер ме? Келісемін.
Айтпақшы, кейде әлеуметтік желіде әбден өзіммен-өзім мұңайып алғым келеді, жәй ғана статустатып. Тіпті жауаптың да керегі жоқ, болады ғой сондай бір кездер. Жооқ, фейсбук кәментшілері тым жылдам, дереу көмекке жүгіріп келеді. Отыр сосын түсіндіріп…
Твиттер жақсы еді, бос бөлмем сияқты. Тырс жауап болмайтын. Сондықтан шығар, көбіне жылаңқы твиттерімді сонда жазатынмын. Тек бір күні Есаға «қарындасым-ау, саған не болды?» деп сұрағанда, «все-таки» ол жақта да адамдар көріп отыратынын ойлап, өзім ұялып қалдым. Сөйтіп қайтадан мықты қыздың бетперд… Ой, жоға, мен шынымен мықтымын ғой...)))))))))))
Бөлісу:

26 пікір

Rafaello
Тук-тук-тук… Сәәмацыз ба, апай? Блогиада финалы осында өтіп жатыр деп еді…
Gastarbaiter
Шынайы жазба, айттым ғой, «Нұрберген в юбке» деп. Блогерлер оқырманмен осындай жақындығы үшін блогер болады. Интимділігімен, жылылығымен баурап алғанский жүректі. Танкідегі бала-шағаға һәм мәмбеттерге: интим тек сексуалды мағынада қолданылмайды.
AKY
«Нұрберген в юбке»
Бұдан артық кәмплимент жоқ екенін баяғыда-ақ айтқан болатынмын)
Aya
Түу, Акы, жарайсың! :)
MERmukhanov
осы сен сын не комплимент жазғанда, тем более Әкуге — ваще сенбей, күмәнмен қарайтын болыппын :)
Даже шынымен осы сөзге лайық болса да, уаще сенім ұялатпайсың :)
AKY
Жай поддержка жасауда тұрған не бар? )))
MERmukhanov
)))) жалпы алғанда, ештеңе.
Но…
AidaKali
)))))))) да прям щас, ия, сен нұрберген етектісің))) еркінсің, еркек сияқтысын)))) очм ұятсыз апашкі)))) сол үшін іздейді сені ел)))) жүре бер, еш өзгерме!!!)))
Zhan
Жазғандарыңның почти бәрі маған арналғандай екен. Өтірік аккаунт ашпаппын, мені жақтырмайтындармен менде дос болуға құштар емес екем, ұрыс-керіс бірін-бірі балағаттап жататын жазбалардан айналып өтіп кетемін. Себебі, қатты сөз көтере алмаймын, сондықтан менде біреудің жанын сөзбен жаралағым келмейді. Ал троллинг жасау тіпті ойыма келмепті. Ол жасағым келген күннің өзінде қолымнан келмес еді.
Фб-да біреудің жай ғана қате жазғанын айтам деп, әлгі жазба иесінің соншама «ыстықтағанын» көріп таң қалдым да, оны банға жібердім. Бір ауыз сөзді көтере алмаған оның деңгейіне таң қалмасқа шарам қалмады.
Ottegin
Соңғы айларда оқуға татырлық бірен-саран посттардың қатарында, Әйгерімнің бұл жазбасынан нәзік бір мұңның, ашық көңілдің, тағы да көптеген нәрселердің лебі сезіледі. Маған солай көрінді. Общым, қатты ұнады :-)
Gastarbaiter
ненавязчивый текст с неуловимым но изумительным вкусом. Браво! ))
zholantai
Фейсбукта Серік Аббас-Шахтың банындамын, содан ойладым, тағы бір аккант ашып, қайта достық ұсынып көрейін бе деп, енді Серік Аббас-Шахтың жазғандары тәуір еді, оқуға болады, сөйтіп тағы бір аккаунт ашайын деп ойлап жүріп, ну и нафиг, олай өзімді төмен түсірмейін,
Жооқ, мені жақтырмаған адамның жеке өмірі мен үшін де қызық емес.
деген сықылды ойлап, Серік Аббас-Шахты оқымаған күйі қала бердім, содан келе-келе Серік Аббас-Шахтың да жазғандарын оқуға деген қызығушылық та жоқ болып кетті, бүгінде тағы бір аккаунт ашпағаныма қуанамын,
ken
Не үшін бандаған?
zholantai
анық білмейм, ойлайм: квн туралы ойларымыз сәйкес келмей қалд ма деп,
SaryQazaQ
Айтпақшы, кейде әлеуметтік желіде әбден өзіммен-өзім мұңайып алғым келеді, жәй ғана статустатып. Тіпті жауаптың да керегі жоқ, болады ғой сондай бір кездер.
Болып тұрад осындай кездер
Arys_arlany
3. Ешкімді аңдымаймын
Сөйтіп қайтадан мықты қыздың бетперд…
Мен үшін мықты қызсың. Қыздың мықтылығы физткалық күш-жігерінде мес, нәзіктігінде дер едім. ал сенде сондай нәзіктік бар!
AKY
Рахмьет :)
Arys_arlany
комментімде бір қате кетіп қапты ғой)))))))))
MeihuaZheng
менікі фейк боп санала ма екен әлде натюрлих?
ademi_alem
Менің бетпердесіз бейнем өмірде емес, осы ғаламторда, дәлірек айтқанда Керекинфода болған кездер болды. Өмірде ешбір жанға қандай күйде екенімді білдірмей (әркімнің менсіз де проблемалары көп қой), Керекинфоға тіркеліп, жан дүниемнің шынайы көрінісін өлең, жазба арқылы қалдырып отырдым. Кейбір қолданушылар оның өзін бетперде санады, кейбір қолданушылар қолдау білдірді, кеңес айтты, ой бөлісті. Сол кездерде өмірде біреулер үшін де, өзім үшін де бар болғаны бала күтушісі болсам, осы жерде өзімнің ойым, көзқарасым, мақсатым, арманым бар АДАМ екенімді сезініп, түсіне бастадым. Осы жердегі қолданушылармен ой бөлісу, пікір алысу арқылы өмірде не қалайтынымды, нені өзгертуім керек екенін, ол үшін не істеу керек екенін, ең бастысы ӨЗІМДІ, ІС-ӘРЕКЕТІМДІ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК екенін ұқтым. Себебі қай қалаға, қай далаға қашсаң да өз өзіңнен қашып құтыла алмайсың. Соны түсінген соң қашып кеткен жағыма қайтып оралдым. Қазір Аллаға шүкір, бәрі өз қалауымдай болып жатыр. Сол кезде менің өз өзімді табуыма айналамдағы достарым да, туыстарым да емес, осы ғаламтордағы бұрын соңды көрмеген бейтаныс адамдар көмектесті. Блогқұрылтайда олардың біразын өмірде көрудің де сәті түсті.