Ертегі әлемі

Жаздың 3 ай демалысында үйде қолөнермен айналыспақ боп біраз әуреленгенім бар еді. Осыдан біраааз уақыт бұрын «Матаға салынған суреттер» тақырыбымен жазба жариялаған болатынмын. Жасаған дүниелерімнің бәрі сақтаулы, бірақ ораулы күйде қала бергеннен гөрі рамкаға салып қойғанды жөн көрдім. Сөйтіп аулада жиналып тұрған ағаштар арасынан «жарап қалар-ау» дегендерін алып, тазалап, бұйымдарымды қағып қойғаным бар еді.  
Әрі қарай

Ақтөбе!

Блог - AKA: Ақтөбе!
Сәлем бердім, керекшілер! Әне-міне дегенше жаздың соңғы айы да аяқталып қалды. Биылғы жаз да әсерлі әрі қызықты өтті, шүкір!
Әрі қарай

КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

Блог - asaubota: КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

КерекИнфо сайтының және бұдан кейінгі өнімдерінде қолданылу үшін жаңа логотип іздейміз.

Басты шарт: ешқандай шарт жоқ. (логотип жасай алатын адам өзі түсінеді бәрін)

Соңғы күн: 15 қыркүйек 2013

Жүлде: 10.000 теңге

Жұмыстарды asaubota@gmail.com адресіне (mail.ru почтасынан жіберілгендер қабылданбайды) JPG, PNG, CDR форматтарында жіберіңіздер. Жеңімпаз 17 қыркүйек күні анықталады.
Әрі қарай

Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.

… Алып ұшақ ақ бұлттарға соғылып, дірілдеп, қалтырап жерге жақындады… Оймақтай терезеден тысқа үңілгенде алғаш көзге ілінгені сұп сұрғылт дала… Салған жерден ыстық тартқаны, Маңғыстауға ұқсастығынан деп түйдім. Ақтауға төбеден төнгенде жанарыңды еріксіз алып қашып, лықылдап Каспий жатар ды… Мұнда да таспадай тартылып, ирелең қаққан су көрінді. Бұл Сырдария екен. Қарсы ал, бізді Қызылорда!
Блог - aza: Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.
Әрі қарай

Мәзір: «Чебурек»

Аспаздық: Мәзір: «Чебурек»Чебурек (түрікше «çiğ börek») – түрік және моңғол халықтарының ұлттық тағамдарының бірі. Ашытқысыз қамырға ұсақтап туралған ет салындысын қосып, ыстық майда қуырып дайындайды. Ет орнына қой майы мен жуа, бұрыш қосып әзірлейтін түрі де кең таралған.
Әрі қарай

Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!

Адам бойында 5 литрдей қан болады екен. Осы мөлшердің жартысы ғана денені қоректендіруге жұмыс жасайды, ал қалғаны «резервте» тұрады екен. Резервте тұрған дүниенің сиқы келісті болмайды ғой. Тұрған қан ұйып, қою тартады екен. Жүрекке артық жұмыс жасау осылай басталады.
Әрі қарай

Қарсы алыңыздар - Xansha

Блог - Daniar-Alan: Қарсы алыңыздар - Xansha

Xansha — 19.04.1990. Қарағанды тумасы, Астана тұрғыны. Мамандығы: журналист

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға жастар.біздің дәурені өткеннен кейін, таныстардың ұсынысымен тіркелдім. Виртуалды болса да осында жүрген біраааз адамдарды танимын. Мәссаған, сосын солай.де, жастар.бізде жүретінмін. Ойлап отырсам, солай.денің орта кезі мен жастар.біздің аяқ жағында ғана жазып жүрдім. Басқа уақытта басқаларды ғана оқып, бақылап жүре беретінмін. Қазір де солай, керекке анда-санда кіріп қызығын қызықтап, пікірлерді оқып тұрамын.
Әрі қарай

Тез, 10 минутта істелетін "тамақ"

Сіз үйге шаршап келдіңіз дейік, ал тоңазтқышта қатып тұрған етті шығарып, одан дені дұрыс тамақ істегенге дейін шыдамыңыз жетпейтін болса, мынандай «тамақ» істеулеріңізге болады:1 кесе сүтке,2 жұмыртқа езесіз, сәл ғана тұз салып, жақсылап арластырасыз.Нанды кішірек қылып турап(кесіндіні 4-ке бөлсе,қуыруға да оңай, түрі де әдемі шығады), жаңағы езіндіге батырып аласыз.Тезірек болу үшін табаға сәл өсімдік майын қыздырып қойсаңыз, соған екі жағынан қуырасыз.Үстіне біраз пияз бен укроп турап сеуіп жесеңіз, тез тоясыз.
Ас болсын!
Әрі қарай

Мәзір: Салындысы бар қызанақ

Сәлем
Менің мәзірім тақырыпта тұрғандай «Салындысы бар қызанақ» деп аталады. Өте аз уақытта жасалатын мәзір керек болғандықтан, мен ең қарапайым түрін жасап көрдім.
Ол үшін:
  • 2 қызанақ
  • 1 жұмыртқа
  • 1 қияр керек
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Мәзір: Салындысы бар қызанақ
Әрі қарай

12 жастағы қари Құран хатым етуде

Блог - totiya: 12 жастағы қари Құран хатым етуде

Қарағанды облыстық орталық мешітінде Рамазан айы басталғалы бері Құранды әуелетіп орындайтын, жасбаланың дауысын естиміз. Үлкен аға-апаларымыздың, жамағаттың өтінішін жерге қалдырмай, Әбду Мәлік күнде Құран хатым қылады. Жас қари бәрін ұйытып Құран оқыған кезде, махаббат пен рақымдылықта қалқып, рамазан айының хош самалында сырт көзге қиын, бірақ көңілге қонымды мезеттерді бастан өткеріп жатқаны сөзсіз. Бұрындары басқа елдерде ең жас қари деп, балаларды көрсетіп жатқанда таң қалатын едік. Міне біздің арқа елінде де, ең жас қари маңдайымызға туа бітіпті.
Әрі қарай

Мәзір: Маффин

Маффин — дөңгеленген томпақ әрі алақанға сыйып кететін тәтті кекс түрі. Маффиннің негізгі 2 түрі бар: ағылшын және американ. Ағылшын түрі ашыған қамырдан дайындалса, американ түріне қопсытқыш не ас содасын қосып дайындайды. Менің нұсқамдағысы — американ маффині, тез әрі оңай мәзір.
Әдеттегідей…
Әрі қарай

Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Админнің бөлмесі: Аптаның үздіктеріне сыйақы!

Бүгіннен бастап аптаның үздік 3 постына және ең көп плюс жинаған пікірге 500 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Әр дүйсенбі Астана уақытымен 10:00-де үздіктер анықталып, ақша қолданушылардың қалаған ұялы оператор номеріне аударылады.

Үздіктер тек жазба рейтингі бойынша ғана емес, оқылуы саны, пікір саны, мақаланың дұрыс орналастырылуы сияқты бірнеше критерий бойынша есептеледі.

Сәттілік!
Әрі қарай

Туит Пост. Оқып уақыт өткізбей-ақ қойыңыз ;)

Соңғы күндері пост жазбай кеттім. Еш жерде. Керекинфода да, Смартшоу, тіптім Майкрософттың өзінде де. Оның басты себебі және сылтауы: «Диплом»! Неге? «Диплом» деген ойдың өзі адамды шаршатып жібереді. Сол себепті 27-і күні диломымды қорғап болғаннан кейін, бизнеспен айналысып кетпесем, посттарды жазуды жалғастырамын.

Қандай бизнес? Өзім де анықтай алмай жүрмін. Әрі бері «нишаларды» көріп жүрмін. Қайсысынан телефон қоңыраулары көп болады сонымен айналысатын шығармын деп ойлап жүрмын.

П.С.
«Егер сіз бизнеспен айналысқыңыз келсе, өте қиын болатынына дайын болыңыз!» — деп миллионер секілді айтып кетейін)
Әрі қарай