Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!

Адам бойында 5 литрдей қан болады екен. Осы мөлшердің жартысы ғана денені қоректендіруге жұмыс жасайды, ал қалғаны «резервте» тұрады екен. Резервте тұрған дүниенің сиқы келісті болмайды ғой. Тұрған қан ұйып, қою тартады екен. Жүрекке артық жұмыс жасау осылай басталады.

Ауырады… Шаншиды… Артық жұмыс жасау кімге оңай болсын. Мұсылмандар шариғатта сүннет етілген нәрсенің бірі — хиджама дейді. Яғни, денеден қан алдыру. Бастан, аяқтан, арқадан, жалпы қай жеріңізде ақау бар сол жердің бәрінен қан алуға болатын көрінеді.
Аллаға шүкір, мен осы кезге дейін ауырып көрмегем. Денсаулығым да өте жақсы. Бірақ, Ғаділбек қыста келгенде хиджаманың кереметін айтып кеткен. «Түнде жортып, күндіз ұйықтайтын болып кеткеннен ұйқы бұзылған, өмір сүру режимі өзгерген. Салғырт, ұмытшақ, ұйқым келе беретін» дейді братым. Содан хиджама жасаған соң ұйқысы тез-ақ қанатынын айтты. Менің шешімге келуім үшін ұйқы туралы айтқаны жеткілікті болды Жаңа жұмысқа тұрғалы сегізде тұру қажет боп жүр. Өмірі тоғызда жұмысқа барып көрмеген мен үшін қиындау бұл. Сонымен не керек, кеше Қанат деген жігітке хабарластым.
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
Орыстілді екен, әйтіп-бүйтіп түсіністік әйтеуір Үйіне барып, ұзақ әңгімелестік. Қан қысымы, денсаулықтағы ақаулар туралы сұрады. Сосын барып іске кірісейік деді.
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
Әуелі осылай… Арнайы пластикалық тостағандарды арқама төңкеріп, ішіндегі ауасын сорып алды. Сол кезде тері де көтеріледі, тостаған астына қан толады. Аздаған әңгіме, жалпы Қанат әңгімешіл жігіт екен. Өзі қазақ емес, төре тұқымы. Біздің халық туралы да біледі екен Жаңаөзенді сұрады
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
… Арада аз уақыт өтті. Қанат арқамды босатты да, «Ал, бала, дайындал, қазір маса шағады» деді. Білінген де жоқ. Қайтадан тостағандарды төңкерді… Бұл жолы қан алына бастаған екен…
Қызығы қанның түсі еді. Қан қап-қара! Таңғалдым! Және өзі қоп қою… Қорқынышты.
Айтпақшы, Қанат алдын-ала ескерткен: Нашарлап бара жатсаң айт деп. Бірінші 10 тостағанмен қан алған соң, күрт басым айналды. Айттым, бетім су бүрікті, нашатыр иіскетті. Оһооо, мен бұндайды өмірімде сезініп көрмеппін Таңғалдым)))
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
18 нүктеден қан алғаннан кейін денеде 4 литрдей қан қалады екен! Дененің жеңілдеп, қан айналымның жөнделіп, қанның сұйылып, тамырлар бойымен жүйрік жүйткуі содан болса керек.
Хиджамадан кейін көңіл көтеріледі екен! Кәдімгідей себепсіз қуанасың, шынымен жеңілдеп кеткендей боласың! Таңертең тұрғанда аса байқалған жоқ, десек те, бір жеңілдік бар бойымда
Блог - aza: Жүрек жиі ауырмасын десек... Жүйкесі нашарларға арналмаған!
Алғысымды жаудырып, Қанатты ауызашарға шақырғам. Ол бірден бас тартты. Қоғамдық, көпшілік жердің тамағына сенбейтінін айтты. Бірақ, келесі аптада Абай-Сембинов көшелерінің қиылысындағы Стамбұл кафесіне апарамын деп ойладым.
Айтпағым осы еді, жігіттер!
ПыСы: Айтпақшы, үгіт жоқ, таза өз басымнан өткен нәрсе ретінде бөлісіп отырмын. Бірақ, алда жалда хиджамаға көңілдерің кетіп жатса, хабарласыңдар, Қанат братпен сөзсіз таныстырамын! Рамазан мүбәрак болсын, брозесссс!
Бөлісу:

63 пікір

dark_nazgul
Менің жеңгем балтырынан алдырып жүреді. Қан қысымы тым жоғары, мұрнынан қан тоқтамайды.
Nurgisa
Мұндай методтарға сенімім аз. Астана-аренаға барар жолда "Қан орталығы" бар, сонда маманданған дәрігерлердің көмегімен плазмоферез жасатқан абзал меніңше.
VKM
Қосыламын пікіріңізге.
Marco
Мұндайға барып көргем жоқ. Бірақ ара-тұра кәдімгі медцина орталықтарына барып қан тапсырып тұрам. Донор деген куәлігім бар. Ол қан біреуге қажет болар, болмас. Әйтеуір бір жақсы іс жасағандай болып жүресің. Өзіңнің жағдайың да едәуір жақсарып қалады.
Marco
Қаным сирек кездесетін де емес. Ең көп тараған 1 топ + резус) Либойыңа құйып беруге болады)
Tyulpan
инязда менің группаластарым да донор күніне баратын еді қан тапсыруға. сонда өздері общягта тұрады, ақшадан қысылып жүреміз, бірақ олар баратын. риза боласың енді оларға))
Adiletshu
Менің танысым ба. Медицинскийда оқиды. Айына бір рет сперма өткізіп тұрам дейт. Өздері общага тұрады
aza
Ақтауда құрметті донор ем. Кезексіз тапсыратын ем. Былтырдан бері қан тапсырмағам, мынау жақсы болды. Жалпы, донор болып та сауапты іс тындыруға болады, бір сенбіде жиылып, Қан орталығына барып, тапсырып кетейік, жігіттер!
dark_nazgul
Мына тостағандар қазақша «лоңқа» аталады.
Marco
Негізі бар ғой, осындай әдіспен алынатын сұйықтық таза қанның өзі емес сияқты. Денедегі су ма, тұз ба бірдеңе шығар.
dark_nazgul
анау бұрынғылар, бастан алады екен ғой, қандауырмен тесіп лоңқа төңкеріп.
Мен үш жыл бұрын басым ауырғанда, соған бара жаздадым, бірақ, қан алмай, жай ғана тамырларымды үздірдім.
aza
Таза қан емес дегеніңнің жаны бар секілді… Қойыртпақ, бірдеңке
Tyulpan
млиииин фотолар ыстрашный екен...((

аза, мына процедура ауыртады ма?
aza
Ауыру сезілген жоқ, маса шаққандай ғана. Но айттым ғой, қан көп кеткен кезде бас айналды, салқын тер шықты…
omarbirat
Сүлікпен алдырып та жатушы еді.
Көру керек екен деп ойлап отырмын, бірақ маған рекоменделе ме, жоқ па, ол жағын білмей тұрғаным.
Abilakim
Шашты тақырлап тастап басына сүліктерді «жайылтып» жібергендерді көріп едім. Бір сүлік 500 теңге ме сондай әйтеуір біз жақта. БАяғыда өзенге сүңгіп шыққанда денеге жабысып шығушы еді. Оларды да ақшаға айналдырып отыр қазір
Abilakim
Қан қысымының жоғарылауының көбеюі бит тапшылығынан шығар. Аз да болса бастағы арам қандарды сол пәлелер сорады ғой.
Менің ағам да емханаға айына бір рет қан тапсырып отырады. Әйтпесе қан қысымы көтеріліп кетеді ме бірдеңе.
Мына әдісте тазалық сақталады ма? Алынған қанның нақты тамырдан алынғанына сенім бар ма? Әйтпесе инемен шұқи салған жердің өзінен қан шығады.
Бастысы сенім ғой бірақ.
Aldeken
Жалпы қан алдырудың түрі көп, дәстүрлі емес медицинада. Сүлік салдыруды өзім бастан өткердім. 2 жылда шамамен 700-дей сүлік салдырдым. қанның түсінің өзгергені кәдімгідей көрінеді. Басында, қанды сорып болған сүліктер қанды қайта құсқанда қою қара түстес болады қан. кейінгі жақтарда алқызыл түстес қанды құсып жатады. Сосын, кез-келген сүлік емдік қан алдыруға жарамайды деп естігенмін, сондықтан, сүлік салдырам дегендерің болса, арнайы орталықтарға жүгінген дұрыс. Әйтеуір, мен барған жердегілер сүлікті арнайы Алматыдағы орталықтан алдыратын және бір рет қолданған сүлікті екінші рет қолданбайды (ия, көзіңше тұзға салып, құстырып, кейін хлор ертіндісіне салып, өтіріпцтайд).
Сосын, осыдан 15 жылдай бұрын, Ақтөбеде, тамыр кесушінің жұмысын көрдім, негізінен қан қысымы жоғарылайтындарға қолданылады-ау дим. бірақ, жалпы денсаулықты жақсарту үшін де тамыр қиғанын көрдім. Опшым, бір ақсақал, тамыр қидырам деп барған кісіні, қарсы алдына отырғызды да, алдына, жартылай су құйған шылапшынды (леген, шұңғыл табақ, тазик, астау) қойып, науқастың мойнына орамалды орап, сәл қысып, құлағының түбін саусағымен ұстап тұрды да, кеңсірігінің үстінен екі тамыр білеуленіп шыққан кезде, ұстарамен біреуін, тесіп жіберді. Ана жерден қанның атқылағанын көргенде, хоррор жанрындағы киноларың далада қалад, киностанынсссс… Шал, саспайд, әңгімесін айтып, науқастың құлағының түбін ұстап, тұрды, шамамен 10 минуттай өткенде, орамалды босатты да, жаңағы қиылған тамырдың үстін саусақпен басып, күбірлеп, дұға қылды да, бинтпен басын орап берді, болды. жаңағы атқылап жатқан қан да жоқ, 1 сағаттан кейін дәкені шешкенде, орнында тырнақпен жырып алғандай сәл тыртық, дәкеге шамалы жұққан қан болды, болды. Ана кісі, қан қысымы туралы содан кейін есіне алуды қойды дейд, көргендер.
Tyulpan
сүлік салдырғаннан кейін бірдеңе байқай алдыңыз ба денсаулығыңыздан? не жақсарды, не жаман болды дегенди — айтывжерес па?
Aldeken
жеңілдейсіз, ұйқы жақсарады. ну енд, Азаныкіндей, себепсіз эйфория болад деп айта алмаймын. но біраз құрыс-тырыстарыңыз жазылады.
sakenspb
описание огонь екен
bakytzhan
Қанат досыңыздың Петропавлда таныс әріптестері жоқ пе екен? Біліп бере аласыз ба? Жасатқым келеді ақ.
Aldeken
Аза, шаштаразға барғанда, по ходу, арқаңды да былай, неткізіп алад шығарсың, ия?
Tyulpan
тестостерон )) Аза, қызғаншақсыз ба?
aza
Менікі қатты байқалмайды. Мені қызғанады көбірек.
Tyulpan
aza, сіз сондай серісіз ))
Edu
Санитарлық-гигиеналық жағы күмәнді екен. Ең дұрысы — донор болу(гепатит, ВИЧ жоқ болса әрине). Таза әрі біреуге пайдаң тиеді.
Edu
Сосын жаңағыдай бас айналу, естен тану боп жатса, жәрдемің дайын.
Edu
тағы бір плюсі — тегін
Edu
Өзі қазақ емес, төре тұқымы
Төрелердің басқа тайпалармен бірге қазақ ұлтына біріккеніне 5 ғасыр өтіп кетті
kariim
Көне қазақтарда да болыпты бұл. Банкінің орнына "қарықтық" деп аталады мүйіздер қолданылған екен. Шариғатта мұны «хижама» дейді. Деректердің бірінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзіне хижама жасатқандығы және хижамашы кісіге ақысын бергендігі айтылады.
Anar70
массаж жасай ма екен а?
Korkem
Түнеугүні диогностикаға түскенімде «внутричерепное давление» деді, ие миым жиі ауырады, көңіл-күйім де содан болмай жүреді. Енді невропатологқа жіберді, кезекке жазулымын. Не істеу керек? Көмегі бар ма мынаның? Кейде қан қысымым 150/90 көтеріледі. Гипертония(((
Соңғы түзету:
Aldeken
болуы керек, әйтеуір зияны болмайтынына сенімдімін.
konvict
Менің қайта қан қысымым түсіп кетіпті. Жүрегім де жиі-жиі ауырады
Abilakim
Қан қысымы түскенде де осы әдіс қолданылады. Қанат ағайға барсаң тура осы әдісті кеудеңе жасап береді
Соңғы түзету:
Adiletshu
Арқаң жүн-жүн ғой
Gulistan
Басқа айтатын ештеңе жоқ па?
Adiletshu
Біліп жүрсін дегенім ғой
aza
Қыздар көп айтатын еді. Еркек кіндіктен бүгін өзің ғана айттың
aza
Түскі ас үстінде «Хиджама жасаттым» деп бір братыма хабар айтып отсам, «ол не житін зат па» дит))))))))))))))))
Соңғы түзету:
Xansha
«Тибетское лечение» деп естігенмін бұл туралы. Мамам бірнеше жыл бойы сырқатына дауа таппай жүрген. Бармаған дәрігерлері де қалмаған еді… Сол кезде осындай бір қарт адамға барып, тура осы әдісті жасады. Дәл осылай, тіпті бұдан да кесек-кесек боп ұйыған қан түсті. Ол кезде баламын, көріп шошып кеткенім бар… Содан кейін ғана жазылды. Бірақ оны кейін жоғалтып алған едік… Номерын алып қалайыншы?
Соңғы түзету:
aza
8702 315 34 18 Қанат Хиджама
ken
Бағасы қанша?
aza
Бағасын анау-мынау деп кесіп айтпады, қалағаныңды тастап кетесің өзің.
araika
Страшно екен! Анау алынған қан қайда кетеді?
aza
Үйінде бір «жасы 75 ке келген кәрі вампир бар» екен…
torgai
Вампирге өте жас қой 75 деген)))
abzalsariyev
«денеден 400 грамм қан кетсе, адам есінен танып қалады, өлім халіне түседі» дегенді естіп ем…
torgai
қазір көзге де, құлаққа да сенуден қалдық қой
aza
Донор әр тапсырғанда 400 тапсырады ғо
abzalsariyev
ия, бірақ одан артық емес! Мемстандарт солай!
bizbike
кім айтты төре тұқымы қазақ емес деп? Өзі ма?
sakenspb
менде қан алдырғанмын. осындай суреттер менде де бар.
omarbirat
Қан қап-қара! Таңғалдым! Және өзі қоп қою… Қорқынышты.
Менікі сияқты екен…
aikarakoz
Май соратындары жоқ па екен?
Қыздар топырлап қалар еді бұ кісіге
aikarakoz
Аза, бірге барайықшы мына кісіге. Мен қорыққанда қасымда отырасың
Aidakonya
Жігіттер, бұлар не? темекі мен ішімдікті тастаңдар, түнде комптын алдында отырмай ұйықтаңдар және спорт, спорт, спорт!!! Ешқандай артық қан, ауру, мазасыздық болмайды
Adiletshu
Құпия белгілер. Шал массондардың мүшесі