КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

Блог - asaubota: КерекИнфо Лого байқауы - 10.000 теңге!

КерекИнфо сайтының және бұдан кейінгі өнімдерінде қолданылу үшін жаңа логотип іздейміз.

Басты шарт: ешқандай шарт жоқ. (логотип жасай алатын адам өзі түсінеді бәрін)

Соңғы күн: 15 қыркүйек 2013

Жүлде: 10.000 теңге

Жұмыстарды asaubota@gmail.com адресіне (mail.ru почтасынан жіберілгендер қабылданбайды) JPG, PNG, CDR форматтарында жіберіңіздер. Жеңімпаз 17 қыркүйек күні анықталады.
Бөлісу:

21 пікір

kariim
Жынды дизайнер бар еді, айтып көрейінші. Сонымен бірге он күн обед ішуіме болады ғой мына жүлдеге )))
torgai
Ең бастысы ол кісіге "Ұтыс — 5000 екен" демесеңіз болды. Нәпсіге ермеңіз)))
asaubota
мың теңге беріп үнді, хохол, орыс қайыршыларға жасатсаңдар да өздерің біліңдер
kariim
Жоғааа! Нәпсілесімді сатпайм ғой!
satibaldi
Жынды дизайнер бар еді
Ақыл-есі кірген сирек сәттерінде бақұлдасып қалатын боларсыз?
asaubota
қызыққа жіберіп көру деген болмасын. «мынау пәленше жіберген құсық» деп бүкіл жұртқа көрсетуім ммүкін, көрсетемін де
Ispek92
Немен салу қажет логоны?
satibaldi
Қолды пайдаланғаныңыз әрине, классика болар еді…
AKY
осындай скучный жазбада өрт каменттер өріп жүр екен
asaubota
басқа тақырыптарға өте бер, бұл маңызды емес
asaubota
Құрметті, осындай тез уақыт ішінде лого салып үлгеріп, почтаға жіберіп жатқан дизайнерлер!

mail.ru почтасынан жіберілген хаттарды ашпайтынымды ескерте кетуді жөн көріп отырмын. Бірден спамға кететін болғандықтан менің поштамда ол жақтан келген хаттар көрінбейді. Егер басқа поштаңыз жоқ болса Қазпошта арқылы дискке жазып, дәстүрлі пошта арқылы да салып жіберсеңіздер болады. Мекенжай:

Астана қ, Д.Қонаев к, 12/612
Аршат Оразов
Ispek92
Ағасы менің бағана жазғанымда осы секілді нәрсе еді, тек түсінбей қалды кей жұрттар. Сіздікін Сатеке тез түсініп қойды
asaubota
сені әлі толық зерттеп бола алмай жатырмыз қарағым
asaubota
уақыт болса өтіп жатыр. шынымды айтсам келіп жатқандардың ешқайсысы ұнамады әзірше. тың ой, креатив жоқ