Arular.kz
image image

Қыз-келіншектерге арналған arular.kz сайты ашылды

Қазақ интернеті тағы бір сайтпен толықты. Arular.kz сайтын 2007 жылы бір топ блогер қыз ашқан болатын, алайда техникалық себептерге байланысты сайт 1 жылдан кейін жұмысын тоқтатты. Бұл жолы сайт жаңа айдарлармен, сапалы контентпен толығып, жаңа концепцияда ұсынылып отыр. Сайт дизайны да кез келген экраннан...
image image

10 сұрақта Klout

1. Klout деген не? Klout — 2008 жылы Сан Францискода құрылған әлеуметтік сараптама жасайтын компания. Әлеуметтік желі қолданушыларының белсенділік және ықпалдылық дәрежесін 1-100 арасындағы балл бойынша өлшейді. Жүйеге тіркелген қолданушы өзінің қаншалықты ықпалды екенін біле алады. 2. Klout-қа...

Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап

Желтоқсанның 3-4 Павлодарда «Білім және бизнес» форумы өтіп жатыр. Еліміздің 4 аймағынан келген студенттер, «Енактус» ұйымының мүшелері. Алғашқы күні тренингтер мен кездесулерден құрылды. Кездесулердің ішіндегі үздік деген, нақты жұмыс жасап жатқан
image image

BAQ.kz сайтына 5 жыл!

2010 жылдың күзінде Егеменнің веб-редакциясында қызметте жүрген кезім. Телефоныма бейтаныс номерден қоңырау келді: — Саламатсыз ба? Аршат Оразов деген сіз бе? — Иә, мен едім… — Сізді бір жобаға шақырсақ деп едік. Министрліктің арнайы тапсырмасы бар еді… — Толығырақ? — Бізге сіз сайт жасайды деп...
image image

Блогиада туралы естеліктерім

Боладысынан, керісінше, болғаны қызық сирек шаралардың бірі — блогиада да ақтық мәресіне жетті. Блогиаданы қорыту, мына пақырларыңыз үшін сонша қиын боларын өзі де білмесе керек-ті. Тақырыптың аты аталған сәттен бастап, ойыма түрлі идеялар мен естеліктер қаумалап қоя бергені сол, тіпті ішінен мен үшін ең...
image image

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы

"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді, өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына...
image image

Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

Қазнет (қазақша интернет) қазір күшейіп келе жатыр. Қолданушы да, сайт саны да, жасаушы да, жасау технологиясы да көп. Бірақ Қазнет бұрын да болды ғой, бұрын да жақсы сайттар көп болды. Тек түрлі себептерге байланысты жабылып қалды. Домен, хостинг ақысы төленбей жабылғандар болды, техникалық қолдау болмай...
image image

Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп...
image image

КерекИнфо чемпион!

Сайтымыз "Қазнет Дода" конкурсының «Мульти Юзерлік контент» номинациясында 1-ші орын алды.
image image

IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп

IT маман немесе қазақша айтқанда айтишниктер де қоғамның бір бөлшегі. 95 пайызы еркек жынысынан құралатын бұл санаттағы адамдар әлбетте басқа адамдар сияқты үйленеді, отбасы құрып балалы болады. Олар да адам екендерін еске алып тұрады. Бірақ әлі тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім — бұл типтерге күйеуге...
image image

Шымкент IT-Астана бола ала ма?

Биыл Шымқалаға 2 рет бардым. Шымкенттік жігіттермен де биыл жақын таныса түстім деп ойлаймын. Соңғы рет TechX форумында айтқанмын «Шымкент — еліміздің IT-Астанасы» деп. Неге бұлай ойлайтынымды айта кетейін. Ұйымдастырушы және тех күш Шымкентте ІТ саласында еңбек етіп жүрген біраз жігіт бар.

Қазақстан азаматымен бір күн: Аршат Оразов (ВИДЕО)

«Қазақстан азаматымен бір күн» айдарының қонағы белгілі IT маман, «КерекИнфо» блогтұғырнамасының әкімшісі Аршат Оразов. Ол Қазақстандағы IT саласының жай-күйі, қазақ блогосферасы мен қазақ блогшылары және ҚазНеттің сапасы жайында айтып, алдағы 5 жылдықта ҚазНетті күтіп тұрған өзгерістер жайында әңгімелейді.

Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін. Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады,...

Интернет журналистиканы дамыту керек!

«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында қазақ журналистикасына жаңа пәрмен беретін, қадамын ашатын интернет журналистиканы дамыту керектігі айтылды. Басқосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар талқыланды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдықты мамандар интернет журналистикамен байланыстырды.

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин: «Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек» Бұл сөздерді...

Латын қарпі: сарабдалдық қажет

Елбасы Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» десе, Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ,