Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін

Психоанализ мектебінің қысқы сабақтарында курсымыздың бірер сағаты топтасып кино талқылауға арналған болатын.
Мен көрген процесс маған барынша қарапайым көрінді:

1. Кино қараймыз.
2. Топ ішінде өзара әсерімізбен бөлісеміз.
3. Маман (психоаналитик) қорытады.


Міне, осыны психологтар синемалогия немесе кинотерапия деп атайды. Тек оны кинотанумен шатастырып алмаңыз. Кинотану кино өнерін, кинематографтың тарихын, түсіру барысы мен техникалық егжей-тегжейін зерттейді.
Синемалогия термині Италиядан келген. Оған алғаш анықтама берген Антонио Менегетти — психолог, философ, суретші және тағы жеті кәсіптің иесі. Бұл амигоның кітабында синемалогия психотерапия тәсілі ретінде қарастырылады.
Стоп. Стоп.
Бәрі жақсы делік, ал психоанализ, психотерапияға қатысы жоқ адамға синемалогияның қандай пайдасы болуы мүмкін?
Синемалогия онымен айналысқандарға мынадай «бәліштер мен тоқаштарды» ұсынады:

• Қабылдау көкжиегіңіз кеңейеді. Мәселеге басқаша қарау қабілетіңіз дамиды.
• Шешілмей жүрген мәселеңіздің төте шешімі табылып, тығырықтан шығуға жігер пайда болады.
• Ішкі ресурстарыңыз оянады.
• Өзіңізге деген сенім артып, әрекетке ынта пайда болады.
• Қайғыдан аман өтуге, ауыр ақиқаттан қашпай, оны сабырмен қабылдай білуге көмектеседі.
• Жасқаншақтық пен жалған үрейлеріңізді жеңіп, сұлулық туралы кеңірек түйсік қалыптастырады.
• Тұлғалық ерекшелігіңді екшеп, мінез-құлқыңызға сырттан қаратады және т.б.

Ал біз болсақ, дәрістер бітіп, топтағы жұмыстар аяқталған соң, бөлек аудиторияға жиналдық. Бізге «1+1» француз фильмі көрсетілген болатын. Фильмде мүгедек миллиардер мен түрмеден кеше шыққан қаранәсілді жас жігіттің тағдырдың тәлкегімен пайда болған тандемі туралы баяндалады.
Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсінКиноны талқылаудың да түр-түрі бар ғой. Бір қарағанда, біздің талқылауымыз кез келген фильм талқысынан айырмашылығы болмады. Жамырап, мақтап, эмоцияға ерік бердік.

Ұстазымыз «хаостың» тынышталғанын біраз күтті де, кино қарау барысында неге көңіл бөлу керегін айтып, аудиторияға нақты сұрақтар қоя бастады:.

1. Фильмнің басты идеясы неде? Неге үндейді?
2. Басты кейіпкер кім, олардың әрекеті мен мінез-құлқында нендей қисын бар?
3. Басты оқиғалары не? Олар нені білдіреді?

Жауаптар әртүрлі болды.

Халипа: «Меніңше, фильм қоғамда өз орнын таппағандардың бірлесіп, бірін-бірі демеп жүрсе, өмірге оңай икемделетіні жайлы сияқты»
Уәлибек: «Нағыз сырттан екен ана афрофранцуз. Мүгедектерге „быригол ұстаған“ дұрыс емес, ғұӘ!»
Йемен: «Хи-хи, қара бала анаған бауыр басып қалған ба сонда?»
Нұртөре: «Ей, қасқа, өз басымен дәретке отыра алмай жүріп, жүгірмекке біраз дүниені үйретіп жатыр. Анау қызынан қайыр болмаса, қайтед енді!»
Ядвига: «Да-а, басты оқиға, әнебір қырыныватқанда Гитлер сияқты ғып қоятын жері. Ма*ма :D Күлкім кекетті, ажЪ!»

Әрине, дәл бұлай демедік. Саяси мүдде, діни уағыз бен тәңіршілдік нышандарын іздеу тұрғысында емес, жеке адамдардың қарым-қатынасы, олардың ішкі арпалыстары аясынан шықпағанымызды айтқым келеді. Соның өзінде, қорыққанға қос көрінеді демекші, бір ғана эпизодтан, әр адам басқалардың миына да кіріп шықпайтын дүниелерді байқайтынына куә болдық. Ішімізден кейбіріне, «бұл жолы қудың енді» деп, кейбіріне «шынымен-ақ, қалай дәл байқағансың-ей» дестік.

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсінӘр адамның түйгені өзіне хақ. Ұстаз басты кейіпкердің бірі қара нәсілді күтуші Дрисстің зайырлы шарттарды ұқпайтынын, нәпсісінен қымсынбайтынын, батылдығы мен өмірге жеңіл қарайтынын тілге тиек етіп, оның образы бейсанамыздағы сәби яки Идті бейнелеуі мүмкіндігін айтты.
Олай болса, мүгедек миллиардер Филипті, керісінше, қатал, барынша талғампаз, кірпияз супер-Эго яки ата-ана символы ретінде тәпсірлеуге болады.

Бір адамның бойында осы екеуі (бұзық бала образы мен қатал ата-ана образы) үнемі күресте болса, ол адам бақытты болмайды-мыс. Кино аяғында, екеуінің бірінсіз бірі жабырқау күйге түсетіні соны меңзегендей. Ал екеуінің тату болып, бірінің кемтігін бірі толықтырып, бірлескен әрекетінің нәтижесінде ересек тұлға яки Эго қалыптасады. Кинофильм соңында жаңа адамның пайда болуы — соның белгісі екен. Жарайды. Бүгіндікке осы спойлерлеткенім де жетер. Келесі бабыма көшейін.


Фильмді қалай таңдаған дұрыс?


"Қандай кино көрсем екен?" деген «фәлсафалық» сұрақ «Тарантино деген қайсысы?» деп өз уақытын қалай өлтіре аларын білмей дал болған дилетантты ғана емес, IMDB сайтының топ 250 фильмін мониторы тесілгенше зорлап, амалсыздан Болливуд шығармашылығына көшкен киноманды да кенет мазалауы мүмкін.

Алайда жай сауық үшін емес, өреңізді өсіру үшін фильм іздесеңіз, онда тіпті де мұқият болған жөн.
Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсінСинемалогияға кез-келген кино жарай бермейді.
Мысалы, сюжеті тым қарапайым, кейіпкерінің біріншісінде мін жоқ, екіншісі абсолют жауыздықтың көрінісі болатын туынды бірден «Нагорный Карабахқа» жаяу эротикалық серуенге кетеді.
Сол себепті фильм барынша терең мағыналы болғаны дұрыс. Бір шектен екінші шекке секіріп, дірілдеген камераға түсірілген екі шыбынның жыныстық қатынасын жарты сағат тамашалаудан терең мән ұғатын қиялиға айналу шарт емес. Себебі, кейбір блокбастерлерде мықты авторлық идеялар боп тұрады. Мәселен, Кристофер Ноланның "Қара серісі" басқа комиксшалыс шытпақтардан сонысымен ерекшеленеді. :>
Жә, мұны ұқтық делік.
Тек, жанр дегенде, кілең психологиялық триллер мен драманы ғана талдау керек деп қатып қалмаңыз, басқа жанрларда да таласты эпизодтар мен рухани байытатын идеялар жетеді.
Одан бөлек, жеке талғам мәселесі бар ғой.
Мәселен, танысыңыз өзіне керемет ұнаған бір фильмді «күшті» деп сізге ұсынады.
Сіз ол көркем туындыдан барынша ләззат алмақ болып жайғасып, «Play»-ді басасыз. Тек оның аузы кеуіп мақтаған картинасы сізді бір елі де түртпей, ақыры «пішту» дедіңіз де, ұйқтап қалдыңыз не, тіпті, лағынет айтып, құсарға шелек іздеп кеттіңіз.

Керісінше жағдай — кездейсоқ ортанқол кино түйсігіңіздің түндігін түріп, ішіңізге үңілді. Онымен қоймай, кеудеңіздегі ешкімге айтпай жүрген шеріңізді тарқатып, дүниеңізді астан-кестен етті.
Не болды?
Кинофильм сіздің… жо-жоқ, жанрлық талғамыңызға емес, интеллектіңізге не жасыңызға да емес, ең алдымен тап сол кездегі ішкі күйіңізге дәл келді. Былайша айтқанда, өзіңіз сезбестен, сол кинодан әсер алуға іштей дайын болдыңыз. Фильм тамырыңызды дөп басты.

Ендеше, кинофильмді жанры мен формасына қарай емес, тап қазіргі күйіңізге, басыңыздағы жағдайға қарай таңдауда көбірек мән бар.


Кинофильмдер тізімі

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
Жүрген жерінде «Секретті көрдің бе? Қарап көрсейші! Керемет!» деп елді мезі қылатындар бар ғой.
Соларға, төмендегі тізімнен бір-екі фильмді ұсынып көріңіз. Көңіл күйіңізге сай келсе, өзіңіз де қараңыз. Кейде, бұрын көрген фильмді қайта көргенде, оның бұрын елемеген тұстарын байқап, таң қалатынымыз бар ғой. Сондай-ақ, бір кездері өліп-өшкен фильмді бүгін қарап, «осының қай жері ұнаған?» деп таңырқап та жатамыз. Демек, бізге ол фильмнің өзектілігі жойылған. Әңгіме саяси не әлеуметтік өзектілік жайлы емес екенін сезіп отырған шығарсыз.
Сіздің ішкі күйіңіз бен дүниеңізден хабарым жоқ, бірақ қозғаған тақырыбы мен атмосферасына қарай, ұсынатын шешімі мен жалпы әсеріне қарай кейбір көркем фильмдерді төмендегіше топтастыруға болады.

Өмірге құлшынысыңды арттыру :

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Дон Жуан де Марко» / «Don Juan DeMarco»
2. «Жантиместер» / «Untouchables»
3. "Әрдайым «Иә!» де!" / «Всегда говори „Да!“
4. „Форест Гамп“ / „Forest Gump“
5. „Емші Адамс“ / „Patch Adams“ т.б



Сенімсіздікті жеңу, жігер ояту:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. „Рокки“ / „Rocky“
2. „Бақыттың соңында“ / „Pursuit of happiness“
3. „Корольдың сөйлеген сөзі“ / „The King's Speech“
4. „Жел шайғандар“ / „Gone with the Wind“
5. „Шөлмек ішіндегі хат“ / „Message in a Bottle“ т.б.



Жақынын жоғалтқандар:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. „Елес“ / „Ghost“
2. „Сиетлда ұйқысыз“ / „Sleepless in Seattle“
3. „Ақылды Уил Хантинг“/ „Good Will Hunting“ т.б.



Әйел мен еркек қарым-қатынасының дағдарысы:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. „Айқара жұмылған жанарлар“ / „Eyes Wide Shut“
2. „Өзгерістер соқпағы“ / „Revolutionary Road“
3. „Бұдан артық болмас, сірә“ / „As Good as it Gets“
4. „Әзәзілдің адвокаты“ / „Devil's Advocate“



Қарыздар, тәуелділік, „қораға кіру“:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. „Қаржылық құдық“ / „The Money Pit“
2. „Ине“ / „Игла“ (реж. — Рашид Нұғманов)
3. „Арман туралы азалы әуен“ / „Requiem for a Dream“



Ішқұсалық, суицид туралы ойлар:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. „Трасса 60“ / „Interstate 60“
2. „Аспандағы арман“ / „What Dreams May Come“
3. „Өлі ақындар қоғамы“ / „Dead Poet’s Society“
4.»Вероника өлмек болды" / «Veronica Decides to Die»



Бастауыш кәсіпкерлерге:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. "Әлеуметтік желі" / «The Social Network»
2. «Джобс» / «Jobs»
3. «Силикон алқабының қарақшылары» / «Pirates of Silicon Valley»
4. «Тамыз» / «August»



Әке мен бала қарым-қатынасы, аға буын мен жас толқын туралы:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Шал» (Иә, Ермек Тұрсыновтың шалы)
2. «Менің әкем» / «Мой папа»
3. "Өкіл әке" / «Godfather»
4."Үлкен балық" / «Big Fish»
5.«Шалдарға арналмаған мекен» / «No Country for Old Men»
6. «Гран Торино» / «Gran Torino»


Анасы мен қызының қарым-қатынасы:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Жаужүрек» / «Brave»
2. "Өгей шеше" / «Step mom»
3. «Күзгі соната» / «Höstsonaten»
4. «Адам атаның қабырғасы» / «Ребро адама»
5. «Тек мұнда емес» / «Anywhere But Here»


Ағалы-інілілер қарым-қатынасы:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Ағайынды» (қазақша сериал)
2. «Күз дастандары» / «Legends of the Fall»
3. «Бундок әулиелері» / «The Boondock Saints»
4. «Аға мен іні» / «Brothers»



Апалы-сіңлілілер қарым қатынасы:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Болейндердің басқа қызы» / «The Other Boleyn Girl»
2. «Практикалық магия» / «Practical Magic»
3. «Ханна және оның әпкелері» / «Hannah and Her Sisters»
4. «Рейчел байға тимек» / «Rachel Getting Married»
5. "Өр көкірек пен жаңсақ сенім" / «Pride & Prejudice»



Бала тағдыры, ауыр балалық шақ:

Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін
1. «Кардиограмма» (Қазақфильм)
2. «Көбелек эффекті» / «The Butterfly Effect»
3. "Ұйқыдағылар" / «Sleepers»
4. «Сибилла» / «Sybil»



Коллаж жасау кезінде allmovies.com, imdb.com, kazakh-films.net cуреттерін қолдандым.


Сана мен сезім: Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсінОсымен жетіп қалар. Сонымен не білдік?

Кемінде бұдан былай синемалогияны кинологиямен (кинология — ит өсіру туралы ғылым) не видеопоэзия сияқты бірдеңемен шатастырмаймыз деп ойлаймын. Синемалогия (кинотерапия) ғылым емес. Ол — психотерапиялық әдіс. Фильмді құр қарап қана қоймай, оны топта талқылау арқылы, киноның танымдық, рухани ағартушылық әсерін еселеуге болады. Енді сізге тек осыны алдағы демалыстарда жақындарыңызбен сынап көру қалды.
Киноңыз құнды болып, талқыңыз таласты өтсін.
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    45 пікір

    abzalsariyev
    таңдаулыға жырқ!
    zholantai
    «Джо»-ны көрші, соңғы жылы шыққан тәуір кино
    Gastarbaiter
    Мақаланы оқымаған адам бірден білініп тұр.
    zholantai
    мақаланы оқыдым,
    Gastarbaiter
    Тақырыбын жазсайш ендеше. «күшті „деп қашып кетпей.
    Мысалы,
    “Гран Торино» — Әке мен бала, үлкен мен кіші, қазіргі тәрбие, ескі мен жаңаның күресі мен достығы мәселесін көтереді.
    Соңғы түзету:
    zholantai
    «Джо» — бывший зэк пен алқаш әкесі бар бала арасындағы ұстаз-шәкірт сипатындағы қарым-қатынас, Құдай ұмыт қалдырған қалашықтағы тіршілік, күндік еңбекақыға жалданып жұмыс істейтін жұмысшылар өмірі, көптің алдындағы жауапкершілік деген нәрсенің ауырлығы тым шынайы қалпында көрсетіледі.
    Rozatai
    Күшті жазғансыз, Гаста! Маған ұнады!
    Бір сұрақ: «Старикам тут не место» фильмін неге әке мен бала арасындағы қарым-қатынас деген қатарға қостыңыз?
    Тағы бір сұрақ: «Престиж» (Кристофер Нолан, 2006) фильмін ағалы-інілілердің арасындағы қарым-қатынас деген бөлімге қосуға бола ма, болмай ма?
    MERmukhanov
    Онда ағалы-інілі кім бар?
    Rozatai
    Сатыбалды және мен бармын
    Rozatai
    Ағайынды екі сиқыршыны Кристиан Бэйл алып шықпай ма? Бұл жерде ағайындыларды жалғыз әртістің сомдағаны маңызды емес деп ойлайм, ИМХО!
    MERmukhanov
    Сіз киноны мүлдем түсінбепсіз. Олар ағайындылар емес.
    Rozatai
    сен деп сөйлей бер. Түсіндіріп берші
    Rozatai
    Фелон (он же настоящий Альфред Борден) появляется без грима и говорит умирающему Колдлоу, что он и Фелон были братьями-близнецами, которые делили одну судьбу на двоих, любили обеих женщин. «Я любил Сару, он любил Оливию, у каждого из нас было по половине жизни и нам этого вполне хватало, но не им.»
    MERmukhanov
    Онда мен түсінбегем.
    Мен оны оның Тесла аппараты арқылы алған егізі — яки өзінің симулякры деп ойладым. Және солай сене бергім келеді
    Rozatai
    е, бәсе! "Қалай, бұл қалай болғаны, Құдайым-ау, мен қалай түсінбегем?" деп қатты ойланып кетіп едім, ахаха
    Gastarbaiter
    Бастысы образдар ғой, Розкабай, символдар. Кинода екі ағайынды жүріп, бірақ дым аға мен інінің арасында болатын қарым-қатынасқа жаңа көзқарас, жаңа шешім әкелмеуі мүмкін. Интелект деңгейінде бәрі керемет ойластырылған, бірақ дым әсер етпейтін тұстар болады.
    Бір кино көріп едім, шешесі мен қызы туралы. Бірақ шешесі бала сияқты, ал қызы керісінше, трезво ойлайды, типі образдары керісінше боп кеткен. Атын тапсам, қосам.
    Gastarbaiter
    Рахмет, Розкабай,
    Әйтеуір бір жерге тығу керек болды бұл фильмді, өзінше бөлек қоймай.
    Бұрыңғы ебі жоқ, өмірден шаршаған еркектер жайлы фильм осы қатарда тұру керек сияқты, білмеймін. Гранд Ториноны да, сонда тығар едім.

    «Престиж» фильмін көргенім есімде, екі фокусник жайлы емес пе, бір бірімен күндес? Әлде ол Иллюзионист екеуін шатастырам үнемі. Мүмкін болатын шығар. Оған тағы жақында «Now You See Me» деген кино қосылды. Фокусниктерден бас айналатын болды.
    Rozatai
    «Иллюзия обмана» (Now you see me) маған әлсіздеу болып көрінді. «Иллюзионист» те әлсіз мен үшін «Престижден»
    «Старикам тут не место» маған ұнаған күшті фильм, прям сильный, еркектерский, ахаха  Пенелопа Крусқа повезло, анадай мықты әртістің әйелі боп отыр  Хавьер Бардемді айтам басты рөлдегі.
    Тағы айтайын дегенім, «Престижде» басты рөлде ойнаған Кристиан Бэйлдің кейіпкері ең соңында екеу болып шығады. Тойыс, егіз жігіттер әлгі бәсекелес, қарсылас, күндес жігітті соншама уақыт бойы алдап келген боп шығады. Сөйтіп, біреуі өліп, бірі тірі қалады
    Gastarbaiter
    Есіме түсті, драмасынан детективі басымдау екен бұның. Әдетте, детективтерді тек соңында не болатынын көру үшін ғана көреді ғой. «Игра» деген кино да сондай, әлгі розыгрыш жасайтын ше? Мәссаған, мен алдандым! Деген эффектпен алатын. Фокусниктер жайлы киноның барлығы сол, детективообразный.
    «Соңында бәлен боп шығады» деген бір ауыз сөзбен киноның 2 сағат секең секеңін боққа тұрғысыз қылуға болады.
    Сол соңғы минуттағы шындықты ашуға бола көретіндіктен, ондай фильмдерді екінші рет көрген қызық емес.
    MERmukhanov
    Түйдек-түйдек, чух-чух, пойыздың вагондары сияқты кетіватыр

    Осы маған киноны аударғандағы еркін аударма кейде орынды емес сияқты «1+1» мысалы
    Бұрын Мальчишникті «Мальчишник в вегасе» деп аударғанда орыстар — екіншісі Таиландта боп қалып, «мальчишник в Вегасе: Бангкок» па бірдеңе деп кетіп ед ...)
    Gastarbaiter

    1+1 маған да ұнамайды. Бірақ логикасын түсіндім. Екі жарты бір бүтін
    Rozatai
    Ең бірінші фотоға қарап есіме түсіп кетті: былтыр Олег Борецкийдің киноклубында көріп, талқылаған мына фильм есімде қатты қалып қойды: «Jagten» (2012, Дания). Көруге кеңес берем! Дымын қалдырмай талдап едік соны.
    Gastarbaiter
    Таптым, әлгі фильмді, қосып келдім, «Тек мұнда емес» деген фильм екен ғой. Натали Портман мен Сюзан Сарандон.
    Мұндағы пікірлерді қарашы, недеген қайшылық.
    Өз өмірімен еш байланыс таппағандар құсып кеткен. Кей кинолар «вау» дегізу үшін емес, просто, бір ойды көрнекі жеткізу үшін түсіріледі.
    SaryQazaQ
    Психотерапиялық әдіске жараса, төмендегі фильмдерді қосуға болады:
    Ауыр балалық шаққа «Бегущий за ветром», «Шоу Трумана»
    Жақынын жоғалтқандарға «Ты мой дом»
    Бастауыш кәсіпкерлерге «Тинейджер на миллиард»
    Жігер ояту «Ип Ман»

    Ал мына фильмдер қай тақырыпқа жататынын білмедім: «Остров», «Поймай меня если сможешь», «Список Шиндлера», «Терминал», «Миллионер из трущоб»,
    Gastarbaiter
    «Арал» — бейстандартты ойлауға құлшындыратын фильм.
    "Қолыңнан келсе, ұстап ал" — Ата-ана мен бала тақырыбына келетін эпизоды бар.
    «Миллионер из трущоб» — әрбір қате, әрбір басыңнан өткен қиыншылық, әрбір ұятты оқиға түптеп келгенде елден ерек өмірлік тәжірибе. Бір күні болмаса, бір күні олар сенің артықшылығыңа айналуы мүмкін. Яғни қажырлық, итжандылық, табандылыққа үндейді
    «Ип Ман» — жай тырық адамның сиқырлы әдіспен он адамды шашып тастайтыны туралы патриоттық фильм. Екіншісінде патриоттық пафосы тіпті мүңсиді. Бір ғана төзімділікке үндейтін моменті, ашаршылық кезін бастан кешуі мен (неге екені «Жетімдер» есіме түсті) әйелімен керемет қарым қатынасы. Бірақ онда нәрсе басыңа төнсе, кез келген адам аман қалуға тырысады. Ал ішкі арпалыс, ұят жеу, намыстан жер болу, қиын сұрақтың алдында болу моменттерін байқамадым. Актердің жеке мотивтері жоқ. Барлығы ұлтым үшін деген сияқты. Ондайға бір эпизодында сенуге болады, тек үнемі періште болуы Ип Ман қанша «зрелищный» болса да, попкорндық фильм санатына жатқызуға мәжбүрлейді. Драмасынан пафосы көбірек деген желеумен наққа жіберуге мәжбүрмін.
    Қалғандарын көру керек. Шоу Труменаға қолым жетпей жүр, көп естіп, көп оқығанмын.
    ПС. Айтпақшы, ана переводчик бар екен ғой, вот соның рөлін талқылауға болады.
    Соңғы түзету:
    Zhan
    Ендеше, кинофильмді жанры мен формасына қарай емес, тап қазіргі күйіңізге, басыңыздағы жағдайға қарай таңдауда көбірек мән бар. Дәл айттың, соңғы кездері фильмді көңіл-күйіме қарай таңдайтын болыппын.
    ken
    «Яғни» дегенді неге «яки» дейтін болғансыңдар? Байқап жүрмін, соңғы уақытта кейбір блогшылар осылай жазатынды шығарыпты. Яки деген «немесе» деген мағынадағы сөз ғой. Түбірі парсының «я» («немесе» деген) сөзі. Дәл осы күйінде қазақ тіліне де енген. Екеуіміздің біріміз. Я сен я мен.
    «Ки» деген түркі тіліндегі жалғауы.

    Блогшылар жазбаларынан:
    Zhanның мына жазбасынан:
    Екіншісі, түбегейлі коммуникацияның философиясына, оның өзгеру метаморфозасына келіп тақалады. Яки, авторға, автор болуға қатысты көзқарастың өзгергендігі туралы

    satibaldi тіптен көп айтады. Мысалы, мына жазбасында:
    Сол жақтағы фотода – оң жақтағы әлде Ягода, әлде Ежов алынып тасталған. Яки, оның Жүсіп ағайға жақпай қалып, Аид патшалығына дамбалсыз аттанып кеткенін көті қарақты оқырман әлден шырамытып отыр

    Rozatai жазбасынан:
    Мен әкемнен 3 есе кішімін, яки ол кісінің 40 жасында көрген жалғыз қызымын

    timurrr депті:
    ...үлкен-кіші компаниялар бұл заңның қабылдануына қарсы тұрып жатқан себебі интернеттегі қарақшылық, яки біреудің интеллектуалды құқын аяққа таптауды қолдағандықтан емес...

    qisyq былай депті:
    Елдің киноға дубляждалған фильмді зерттеу мақсатында яки «қалай аударды екен, білейінші» деп емес, демалу үшін барғаны керек


    Дегенмен бұл сөзді дұрыс қолданып жүрген блогшылар да жоқ емес екен.
    katipash деген онша танымал емес блогшы мына жазбасында былай деп дұрыс қолданыпты:
    Әпкегеғ құрбыға сувенир немесе қол сағаты, ұялы телефон аксессуары яки болмаса кітап!
    Соңғы түзету:
    ken
    Соңғы түзету:
    ken
    Оффтоп үшін кешіріңдер.
    Gastarbaiter
    Бәрі дұрыс, мұндағы жазбаға не қатысы бар?
    ken
    Жаңа үрдісті сен де жалғастырыпсың. Басында тек бірінші абзацты ғана жазғанмын. Кейін «түзету» арқылы блоггерлерге сілтемелерді қойып едім, комментім үлкен боп кетіпті.
    Gastarbaiter
    Ештеңе етпейд, артық ақпар емес. Мұндағы контекст пен терминдердің спецификасы «якиді» «яғнидың» мағынасында емес, «немесе» мағынасында да мазмұнға қиянатсыз қолдануға мүмкіндік береді.
    ibnabbas
    Арабтардан бізге енген керемет мақал бар ғой. «Досыңды көрсет, ал мен сені қандай адам екеніңді айтамын». Бұл мақала заман талабына сай былай өзгерген. «Көретін бағдарламаңды(теледидардағы) көрсет, ал мен сені қандай адам екеніңді айтамын.»
    Негізі бір кино әркім әр қалай түсінеді. Кино көру ол суретшінің туындысына қарап отырып баға беру сияқты. Киноның өзін терапияға айналдыра білген психологтарға РЕСПЕКТ
    bizbike
    Маджид Маджидидің «Жұмақ бүлдіршіндері» ағайындылар мен бала мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас туралы. Тағы бір киносы «Жұмақ түсі» әке мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы.
    asaubota
    жалпы болмысым мәмбеттеу және көп оқымағанмын. бірақ көп нәрсені түсінемін, тек аттарын білмеймін. мына мақала менің кино туралы біраз түсінігімді жақсы айтып беріп тұр. рахаттанып қалдым, рахмет! пост — жоғары класс!
    KONILDI
    Барлығыңа бір сұрақ???
    -Осы сендердің басқа жұмыстарың жоқ па?
    П.С. Мен осы сендер секілді ғаламтор шарлап, пікір жазып, кино ақтарып, өлең жазып, ән айтып, доп ойнап, мал бағып, суға шомылып, ойын-сауық ордаларына барып жүргім-ақ келеді, алайда уақыт таба алмаймын. Аптаның 5 күні жұмыс, 2 күні жолда (Түркістан, Тараз, Шымкент) осы үш қаланың біріне жолға шығу.
    Gastarbaiter
    Әр адамнан әртүрлі жауап алатын сияқтысың. Аптаның 5 күні жұмыс, 2 күні жолда өтетін болса, жұмысыңның сен айтпаған басқа бір жақсылығы бар шығар. Былайша айтқанда, "қосалқы пайда".
    Adiletshu
    Сенімсіздікті жеңу, жігер оятуға «Төбелес клубын» қосар едім
    Arys_arlany
    Бугин исчеснувшая деген киноны тамашаладым. озим азаннан бери жогалып журмин. расымен конил куйыме байланысты бугин мен синемалогия издедим. ар турли киноны бир шатып шыктым да осы керектен издеп кореин деп осы постты тауып алдым. алги тизип корсеткен фильмдерден санаулысын гана корген екенмин. бирак бугинги бастан кеширип откан нарсемди исчезнувшая деген баса алмады.
    Gastarbaiter
    www.jinni.com/
    — осы сайтқа тіркел. Көңіл күйіңе орай кино рекомендейтін ең мықты веб-құрал.
    UlpanSamenkyzy
    кино туралы мәліметтер «в контакте» әлеуметтік желісіндегі группаларда орысша жазылған жазбалардың аудармасы) рақмет
    Gastarbaiter
    Синемалогияны мен ойлап таппағаным анық.
    Жазбаны жазуда бірнеше интернет ресурстың деректері қолданылды, бірақ ВКонтакте емес. Бәлкім, олар да мен қолданған ресурстарды қолданған шығар. Сілтемесімен бөліссеңіз, рахметімді айтар едім.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.