Қыз-келіншектерге арналған arular.kz сайты ашылды

  • KazNET
KazNET: Қыз-келіншектерге арналған arular.kz сайты ашылды
Қазақ интернеті тағы бір сайтпен толықты. Arular.kz сайтын 2007 жылы бір топ блогер қыз ашқан болатын, алайда техникалық себептерге байланысты сайт 1 жылдан кейін жұмысын тоқтатты. Бұл жолы сайт жаңа айдарлармен, сапалы контентпен толығып, жаңа концепцияда ұсынылып отыр. Сайт дизайны да кез келген экраннан оқуға ыңғайлы етіп жасақталған.

«Соңғы уақытта қоғамда орын алған тастанды балалар проблемасы, бойжеткендер арасындағы суицид, әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болуы, басқа да келеңсіз жағдайлар қыз-келіншектер арасында білімнің, психологиялық ақыл-кеңестің болмауынан хабар береді. Қазіргі таңда, бұл функцияны атқаратын қоғамдық институттар да, бұқаралық ақпарат құралдары да, тіпті ата-аналардың осы мәселеге келгенде салғытттық танытып отыр. Сондықтан да қыз-келіншектерге ақыл-кеңес беретін, қызықты материалдар ұсынатын сайт ашу көптен бері ойда жүрген жоспарымыздың бірі еді» дейді ұйымдастырушылар.

Сайт тек тәрбиелік-тағылымдық міндетін атқару үшін ғана емес, танымдық, коммерциялық мақсаттарда құрылған. Қазір сайтта «Сұлулық», «Сән», Отбасы", «Денсаулық», «Сезім», «Тағам» айдарлары бар. Сондай-ақ сайттың бұрынғы нұсқасындағы мақалалар да сақталған. Болашақта сайт аясында психологиялық кеңес, сұрақ-жауап бөлімдері ашылып, қыз-келіншектердің форумы құрылмақшы.

Сайт адресі: arular.kz
Бөлісу:

4 пікір

patick
Құтты болсын. Секс туралы мақалалар көбірек болса екен деген тілек.

Сәлеммен, секс туралы материалдардың болашақтағы тұрақты оқырманы.
MERmukhanov
Сәлеммен, секс туралы материалдардың болашақтағы тұрақты авторы
деуге болмай қалд дейсің…