Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап

  • KazNET
Желтоқсанның 3-4 Павлодарда «Білім және бизнес» форумы өтіп жатыр. Еліміздің 4 аймағынан келген студенттер, «Енактус» ұйымының мүшелері. Алғашқы күні тренингтер мен кездесулерден құрылды. Кездесулердің ішіндегі үздік деген, нақты жұмыс жасап жатқан идеялармен таныс болғайсыңдар:
1. «Грантовый калькулятор»
www.ineu.edu.kz/ru/?option=com_gcalc
KazNET: Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап
Алғаш болып сахнаға Инновациялық Еуразия Университетінің құрамасы шықты. Жобасы «Грантовый калькулятор» деп аталады.
Сипаттамасы: 11-сынып бітірген түлектердің қайда тапсырарын білмей қиналатыны бар емес пе. Бұл жоба бойынша жинаған ұпайың мен 5-пәніңді белгілеп, түсу мүмкіндігі жоғары еліміздің университеттері мен мамандықтар тізімін алуға болады.
Қаржы: жобаны жасауға 50 мың теңге кетіпті, бағдарламаның кодтарын украиндық жігіттер жасаған екен. Себебі, елімізде осындай бағдарламаны жасайтын мамандар жоқ-мыс. Тиген кіріс те аз емес — 300 мың теңге университет әкімшілігі бөлсе, Ресейдің бір университетіне 500 мыңға осы бағдарламаны сатыпты.
Бағдарламаның қалай жұмыс жасайтынын ineu.edu.kz сайтынан көре аласыздар.

2. FoodGo.kz
KazNET: Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап
Бүгінгі таңда Павлодардағы ең үздік интегратор. Қолданушылар саны мен қолдануға мүмкіндік беретін ұйымдардың санын есепке алар болсақ.
Сипаттамысы:: фудгоу өз дамуының алғашқы сатысында ғана, бұл — тамақты интернет арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік беретін сервис, сайт. Андройд пен апстордан да жүктеп алуға болатын қосымша. Қаламыздың 18 қоғамдық тамақтану орындарымен жұмыс жасайды. Сіз тапсырыс бересіз, 5 минуттан соң сізге фудгоушылар хабарласып, тапсырысты нақтылайды және 1 сағат ішінде тапсырыс дайын болады. Акциялар мен скидкалар да жиі жүріп тұратынын тағыда бар. Айта кетерлік жайт, «Чоколайф» болсын, басқа да сайттар болсын дәл «фудгоу» секілді ассортиментімен мақтана алмайды.
Қаржы: жоба жетекшісі Ержан Алимовтың айтуынша жобаны жасауға қаражат кетпеген екен. Сатып алынған доменді есептемегенде, әрине. Алайда, қанша пайда табатынын жасырып қалғанды жөн көрді. Әрбір тапсырыстан шамамен 10 пайыздың маңайы болуы керек деп топшылады білетіндер.

3. geohunt.kz
KazNET: Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап
Еліміздегі ең тазалығы нашар қалалардың бірі — Семей. Семейлік жігіттер ренжімес, алайда, шыны сол. Осы мәселені шешу мақсатында «Енактус Семей» өкілдері осы бір әлеуметтік жобаны жасап шығарды.
Сипаттамасы: қаладағы шашылып жатқан қоқысты, я басқа да проблеманы көріп, сайтқа жазасыз. Сайтты қадағалап отыратын заңгер сіз ұсынған проблеманың бағытын анықтап, тиісті орындарға хат жазады. Құзыретті органдар 15 күн ішінде мәселені шешуі тиіс.
— Шешілмеген жағдайда не істейсіздер?
— Ондай жағдайда өзгеше амалдар қолданамыз, — дейді. Қандай амалдар екенін айтқан емес.
Бұл жоба әлеіметтік маңызға ие болғандықтан, үстінен кіріс түспейтіні белгілі. Алайда, сайт өзінің қарапайымдылығымен Сіздерді қуантары анық.

Еліміздің көптеген қалаларына фудгоу мен геохант секілді жобалар керектігі сезіліп жүр. Әзірше олардың орнын әлеуметтік жобалар атқарып келеді. Алайда олар осындай қосымшалардың орнын баса алмас.

Пы.сы: «Бизнес және білім форумы» Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында өтіп жатыр. Форумда Астана, Алматы, Семей және Павлодар қалаларының «Енактус» ұйымдары қатысуда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше