Ақтөбе!

Блог - AKA: Ақтөбе!
Сәлем бердім, керекшілер! Әне-міне дегенше жаздың соңғы айы да аяқталып қалды. Биылғы жаз да әсерлі әрі қызықты өтті, шүкір! Жаздың соңғы айының соңғы он күндігі сүйікті қалаларымның бірі Ақтөбеде өтті. Қазақтың тойы тоқтаған емес қой, бір жағынан соны сылтауратып қыдырып қайттым. Ақтөбеге осыдан 3 жыл бұрын барған ем, содан бері қаланың ажары ашыла түскендей. Берекелі. Зәулім. Әдемі.

Суреттермен жеткізіп көрейін... Әдеттегідей сапар вокзал һәм пойыз ішінен басталды. Батыс пойызы алғаш шыққанда қатты ұнап, бәрі кереметтей көрінген. Иә-иә, қазір де солай, бірақ шаршаған екен біраз. Кей функциялар істен шыққан, бірақ жақсы барып қайттық.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Купедегі сапарластарымыз да жап-жақсы екі үлкен ақтөбелік апайлар екен. Оййй, несін айтасыз, сұмдық әңгімелер айтты. Кейде батыстың диалект сөздерін ұғына бермеуші ем, бұдан кейін «қасқааа, мяяяя, -шиш» дегендерге де құлақ үйренді.  Ақтөбенің аудандары болса керек: Ойыл, Алға, Байғанин, Ембі, Қандыағаш т.б. әсіресе Шалқардың халқы жайлы сөз қозғалды. Халқы болғанда жігіттеріне, олардың кезінде және қазіргі «ерліктеріне» тоқталды апаларымыз. Оны жазсам роман болады енді…

Ананы-мынаны айтып әйтеуір жол қысқарды, күшті әңгімелер айтылды. Қандыағаштан өтіп әйтеуір Ақтөбеге жеттік. Мен бұл қаланы бала кезден білем, 3 ай демалысымда анам бәрімізді ертіп ап келетін, сондықтан да ыстық мен үшін. Жә, енді көргендеріммен бөліссем…

Менің мұндағы туыстарым қоныс аударып, Ақтөбедегі жаңа «Келешек» деген жерге көшіпті. Тамаша жер! Артық ешкімді мұнда кіргізбейді, барлық үйлер жаңа, жаныңа қажеттінің бәрі қолжетімді. Қала орталығынан сәл алыстау болса да, бұл жер маған қатты ұнады.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Айтпақшы, мұнда Ақтөбеге атақты «13 СЕКТОР» бар. Нағыз футбол фанаттарына арналған орын екен. Бұл жерге келетін адам саны да шексіз. Кешкілік осында келіп, үстел футболын, бильярд ойнап, футбол тамашалап ошым қызықты демалыс жасадық. Мен футболдан қатты хабарым болмағандықтан әр бұрышына мән бергенім жоқ, бірақ футбол фанаттары келсе мына жерде күшті пікірталастар болар еді. Сөздің қысқасы, аздап суреттерге түсіріп алғанмын, соны көріңіздер.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Одан кейін қала орталықтарында болдым біраз, ұнады! Таза. Жинақы. Көрікті.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Суреттердің әрқайсысына бір-бір мәтін жазуға болады, бірақ көзбен көрген әсерлірек. Ошым, қаланың орталықтарын,«Айна», «Дина», «Олжа», «Шығыс» деген сауда үйлерін аралап, суретке шырт-шырт етіп түсіріп шықтым барынша. Түсірілмей қалған әсем көріністер тіптен көп еді…

Орталықтан асып тағы 1-2 күнімізді қала сыртында орналасқан «ТАУ» демалыс кешеніне бардық. Мұндағы демалыс тіптен зор болды, үй алып кәуап пісірдік, мейрамханада қызықты отырыс ұйымдастырдық, атқа міндік, тауға шықтық т.с.с. демалыс түрлері болды.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Келесі суретте «ТАУ» демалыс кешеніне кіреберіс жердегі ғашықтарға, жас жұбайларға арналған «махаббат құлпы» бар. Осы жерге келіп, ағашқа құлып салып, оның кілтін құдыққа тастайды екен.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Күшті демалыстан кейін таудың төбесімен жүре отырып, қалаға келдік. Биіктен қарағандағы көрініс сондай ерекше!

Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Арасында Ақтөбенің мықты деген мейрамханаларында болып, той тойладық. Айтпақшы, мұнда той да сәл бізден басқашалау екен. Маған ұнағаны – дастархан жайып, бірінші және екінші тағамды беріп, тәтті шәйді бөлек жасайтындығы. Осы үрдіс біраз жерге таралып келеді, жақсы екен. Барлық 300 адамға тәтті жасағаннан, осылай шағын ғана 50-60 адам отыратындай бөлек үстелдің болғаны дұрыс сияқты, тиімді.

Солай уақыт та зуылдап өте шықты. Керемет демалып, еліме асыға қайттым. Жол-жөнекей Қорқыт Ата ескерткішін көріп шырт еткіздім. Алыстан болса да, маған анық көрінді.

Блог - AKA: Ақтөбе!
Блог - AKA: Ақтөбе!
Барарда "қисық", қайтарда «сау» тереземен қайттық
Блог - AKA: Ақтөбе!
Ұнайсың маған, сүйікті қала – Ақтөбе! Қайта айналып келгенше.

Блог - AKA: Ақтөбе!

П.С. «Мақтай беріпсің тек» деген де әңгіме болуы мүмкін. Бірақ дим да, жақсы адамдармен жақсы жерлерде болсаң, тек жақсыны ғана көресің. Ал, минус тұстары да бар, бірақ маған аса қатты сезілмеді. Осылай
Бөлісу:

63 пікір

asaubota
ақтөбеліктер Ақтөбені Ақтөбе дей ме екен, әлде басқаша естіле ме?
AKA
Ақтъие ма, ошм «б» айтылмайтын сияқТ. Таза ақтөбеліктермен көп сөйлеспедім негізі.  Маған бәрінен де ақтөбелік апайдың әңгіме арасында "қасқааа, не диТ?!" дегені ұнады
asaubota
иә, Б айтылмайд

Ақтьюе деп айтылады. мен өзім кейін байқадым. сосын ҒО дегенді көп қосады. қасқа көп қолданылады
Ispek92
Анау пойыз терезесі «Ақтөбе» ұтылған күні сынған деген сыбыс бар ел ауызында Өзіңіз дым түспепсіз да, шамалы фонды ашып тұрар едіңіз...
AKA
Жоқ, ол тезерені біз мінгенге дейін сындырыпТ. Пойызға мініватсақ полицей ағайлар дәл біздің купеге келіп суретке түсірватр. Алғашында түсінбей қалдым, сөйтсем терезе сынық. Тараз бен Шымкент арасында яки Арыстан өткенде таспен атыпты. Пойыздың мейрамханасының, біздің купенің терезелері сынған осылай. Бірақ екінші қабатына жетпепті қайта.
AKA
Айтпақшы, қайтарда екі ақтөбелік қыз мінді. Түнде Шалқардан түскен болатын  Солармен танысу барысында да біраз ақпарат алдым. Бірақ, олар менің сөйлегеніме "қызылордалықтар асықпай, нәзік сөйлеу ма?" дегендері бар. Мен норм сөйлегем кәдімгідей, соған қарағанда олар жылдам сөйлейді-ау деп ойладым.
Blogshy
шымкент пен қызылорда «ше» дегенді көп айтады
ereke_enu1
Shymkent ony kop kaitalaidy)
bazuka
Маа қай уақытта кеп кеттіңіз. Кольхозныйға бардыңыз ба)) Келешек деген де бар ма? Болашақ емес пе?
AKA
10 күндей болдым, уақыт тез өткетті.  Кольхозный дегенді білмедім  Болашақ емес, соның қасында ма ошым жаңадан ашылған шағын район. Анааау бір суреттегі схемадан таба аласыз бірден
Daniar-Alan
жираф бар кен ғоо
bazuka
арыстан да бар деп мақтанып қоянчы)
Daniar-Alan
бізде шымкентте де зообақ бар, бірақ жираф, пілдерді содержать ету қиын болғандықтан жоқ-тын (қазір алып келмесе), бац-та жираф асырағандары тамаша екен
Korkem
бар ғҰә жираф, жалғызсырап жүр бірақ…
ereke_enu1
Jiraftyn etinin dami bolek bolatyn shygar
AKA
Иә, ол бұрыннан бар, «Нұрдәулет» дегенде бірден алдындағы шағын зоопарк еске түсеД.
bazuka
Сіздің анаңыз ақтөбелік пе сонда?
AKA
Жоқ, анамның үлкен апалары бар, негізі қызылордалықтар ғой олар да. Кезінде сол жаққа көшкен болатын, бұрынғы үйлерінде болғанда күнде әскери қалашықты көретін ем терезеден.
Ispek92
Қызықорданың қай жерінде тұрасыз тәте???
AKA
Мұндай сұрақтарыңды жекеге, інім.
Daniar-Alan
інім інім дейсің шыряғым
bizbike
Келешек туралы осы посттан біліп отырмын, ұят-ай. «Тау» кешенінде де демалып көрмеппін сізден жиі барсам да Ақтөбеге ((((((
asaubota
ақтөбелік болсақ та біз де барып көрмеппіз Тауға. ал Келешекті бірінші рет естіп отырмын, Болашақ бар ед.
AKA
Келешекті көбісі білмейді, ол жаңа аймақ екен. Таксиге отырғанда біразы білмейтін, Жилянка жаққа барар жолда, қызыл үйлер деп әзер түсіндіретінбіз. Онда қытайлықтар да, орыстар да, қазақтар да бар, жаңа коттедждер салынуда. Сұмдық үйлері, маған қатты ұнады!
bazuka
Заречный екі жақта деп тұр ана картада. менде Болашақпен шатыстырған шығар деп отырғам
bizbike
негізі байқағаным Ақтөбеге көшіп келген қызылордалықтар көп, сосын риза болатыным олар тынымсыз ғой, пысық. Көшіп келмей жатып үй алып, алмаса салып алып жатады. Біздің жас күйеу баламыз үй салып жатыр, сіздің тумаларыңыздың да «Келешек» сияқты жерде тұрып жатқанына таң қалмаймын
AKA
 Олар баяғыдаааа көшіп кеткен ғой, жаңағы үлкен апамыз сол жаққа тұрмысқа шыққан болатын бұрын. Кейін інісі мен сіңлісі көшті ол жаққа. Бұрында Ә. Молдағұлованың ескерткіші бар аймақта 9 қабатты үйде тұрған, мында көшкендеріне көп болмады. Қазір олардың жастары үлкен, немерелерінің тойына бардық кеше. Келешек те сол кісілердің балаларыныкі десем де болады, бәрінің үйі сонда өйткені.
Ispek92
Сізді қайдан көрдім десем, 5 корпустан көрген екенмін
Rozatai
Ақтөбе маған қатты ұнайды. Отбасын құрып, жұмыс істеуге, өсіп-өркендеуге ыңғайлы қала. Таза әрі тұрғындарында әділеттілік бар.
AKY
Ақтөбеде тау барын білмеппін
AKA
Тау болғанда, андай* тау ғой, аты ғана да  Қыста джынды болаД, шаңғы мен канатная дорогасы күшТ, әйтеуір орын болмайД дейді ғой.
Anar70
сайтта 70-80 пайызы Ақтөбеліктер ғой дим ә))))
Ispek92
Қалған 20-30 пайызы сол Ақтөбеге жақын тұратын облыстардан тәте
danakyz
уйбааай әпшелер ше сонда??? бізге де қалдырыңдар пайыздарыңнан… бір қауым елміз а так)
Ispek92
1 пайыз жете ма???
danakyz
көптік қылад…
Edu
Анау бір суреттегі құлып салатын жер ме?
AKA
Иә, ағаш сынды темірден жасалған бұтақтарға құлыпты кілттеп, кілтін кішкентай құдыққа тастайды. Кортежге шыққандар келеДкен ғой осыған.
bizbike
не ғой, сосын бетін әрмен қылсын, ажырасып жатса ана құлыпты ашу үшін құдыққа түсіп кілтін іздей ме екен? осындай батыстан келген дәстүрсымақтарды түсінбеймін да. құлыптың түр түрін тапсырыспен жасайды ғой оның үстіне
AKA
Ол жағын өздері білер, бірақ кілттердің түр-түрі бар екен. Арнайы жасатып, аты-жөндерін де, тілектерін де жазғандар бар.
araika
Фотосетті пайдаланғаның дұрыс ед…
Алғашқы сурет сәтті шығыпты
Бір жолы Байқоңырдан келе жатып, Қорқытта болмағанымды естіген жездем дәл қақпасына дейін апарған. Асығыс болдық. Содан бері қаншама жыл өтсе де, дәл түбінде жүріп бармаппын әлі. Біз жақта үйлену тойы алдында сонда бару дәстүр боп кеткен. Бұйыртса, алдағы тойлардың бірінде жолым түсіп қалар)
Ал Ақтөбе менің есімде сол бір 99-жылдардағы бейнесімен екен, Ақтөбеліктер кешірсін!
kydyrbai
Ақнұр, Ақтөбеге келгесін, Ақтау жаққа да өтпедің ба? Батыстың сөздерін дұрыстап үйреніп кетер едің)))) Каспийде катермен жүзіп, тарихи ескерткіштерін көрер едің) «Маңғыстау ашық аспан астындағы мұражай» дейді ғой
Adiletshu
Барса қыдыртасың ба
kydyrbai
Келгесін көрерміз)) Келмейтіні белгілі ғо)
Соңғы түзету:
Adiletshu
«Иә» не «жоқ» деп жауап бер
kydyrbai
Келсе көрерміз. Қасына еріп кел )) Мен қыдыртпасам да қасында адам болады ғой,әйтеуір))
danakyz
 қыдыртасыңбаның астарында шағалавать еткенді көтересіңба деген азғын ой ғой…
kydyrbai
Демеушілері болса ерте келсін)))
danakyz
әй қу бала, әй қу Қыдырбай)
bizbike
Ақтауда болғаным жоқ, бірақ жақында қызым әжесімен қыдырып барып келді, қарайғанда енді көмір болып келген, өзі де әппақ емес еді )))))
AKA
Уже келтірмей тастапсыз ғой, бырат  Бұйыртқаны болар, жол түссе аралап қайтармын.
kydyrbai
Кел, кел… Мен де Қызылорданы тек вокзалдың сыртынан ғакна көрдім))) Қызылорданы аралайтын күн де бұйырар, маған да))
Korkem
Қызығып қалғаным-ай, шіркін…
MickThatsMyNick
Ақтөбенің географиясы басқа қалаларға қарағанда ерекше ғо, жан-жағынан ашық қала.)
ereke_enu1
Сүретте мен тұрған үйді қайта-қайта алыпсың да, көп нәрсе еске салдың, рахмет. Болашақ жарым сол жақтан болса қатып кетер еді…
asaubota
сен де Ақтөбеденсің ба?
ereke_enu1
Bir kezderi turgam. Ali gashykpyn
bazuka
11мкр. тұрады деп топшылай берейін бе))
Sashok
Ақтау туралы жазыңдарш. Ақтьюе қызықтырмайд.