Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.
… Алып ұшақ ақ бұлттарға соғылып, дірілдеп, қалтырап жерге жақындады… Оймақтай терезеден тысқа үңілгенде алғаш көзге ілінгені сұп сұрғылт дала… Салған жерден ыстық тартқаны, Маңғыстауға ұқсастығынан деп түйдім. Ақтауға төбеден төнгенде жанарыңды еріксіз алып қашып, лықылдап Каспий жатар ды… Мұнда да таспадай тартылып, ирелең қаққан су көрінді. Бұл Сырдария екен. Қарсы ал, бізді Қызылорда!
Тарих Қызылорданың бір кезде Ақмешіт болғанын, ал Ақмешіттің астана болғанын айтады. Бүгінгі Астанадан өткенгі астанаға сапар шыққанда, жай сапар емес, блоггерлер мен журналистер басын қосқан ілкі сапарға аттанғанда қуандым. Жастау күндері Алматы шыққанымызда үстінен өтпесек, арнайылап ат басын бұрмаған жеріміз.
Сонымен, Астанадан түс әлетінде «Қазақ радиосы» мен «Алаш айнасының» тілшісі Жарқын Түсіпбек, «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Нұрбек Бекбау, тәуелсіз журналист, саясаттанушы Артур Нығметов және біз бармыз, ұшып кеттік. Бір сағаттан аз көбірек ұштық, «Эйр Астананың» ұшағы Қызылорданың қону жолағына шүйіліп келе жатты…
«… Қызылорданың әуежайы сән сәулетімен мақтана алмайды екен» деп ойлап, үлгермедім. Тура ұшақ трапынан қарсы алған әуежай бастығы бізді әуежайдың екінші қабатына бастады. Жұмыс тап осы кезден басталды. Екінші қабаттағы кең фойеге әлдебір құрылыстың макеті қойылыпты.
Жақын келгенде «Қызылорда» халықаралық әуежайы» деген жазу өзіме оттай басылды… Охооо… Мен бұл тақырыпты түсінем
Қызылордада бұған дейін халықаралық әуежай болмапты. Қазір жұмыс істеп тұрған Қорқыт Ата әуежайы 2011 жылы күрделі жөндеуден өткен. Нысан үлкен сыйымдылықтағы ұшақтарды қабылдауға қабілетті болғанымен, халықаралық әуежай санатына жатпайды.
Ал, мынау макет шын әуежайға айналар болса сағатына 250 адамды жөнелтуге жағдайы жететін әйдік ғимарат боолғалы тұр. Болашақ әуежайдың сметалық құны 5,8 млрд теңгені құрайды. Қыркүйек айында жобаның сметалық құжаттары бекітілсе, жаңа әуежайдың құрылысы басталып кетеді деп күтілуде.
Бізден тура бір сағат кейін Алматыдан ұшып келген «Абай» ақпараттық порталының тілшісі Өміржан Әбдіхалықовты алдық та, Қызылордаға тарттық. Әуежай мен қаланы жалғайтын жол күрделі жөндеуде екен. Жартысы ғана біткен, қалған жерінде құрылыс жүріп жатыр.Айналма жолмен шықтық қалаға.
Аздап кешіккеніміз себепті, облыс әкімінің қабылдауына бірден кіретін болдық…
… Қырымбек Көшербаев Қазақстандағы жоғары билік эшелонында есімі елеулі тұлға. Өзі осы Сырдың жігіті екенін де білуші едік. Бұған дейін Батыс Қазақстанды, Маңғыстауды басқарған. Сол туралы бір сыр тартып көрмек боп отырғам. Күттірмеді, облыс әкімі де кіріп келді. Әкіммен арадағы әңгімені жігіттер маған бастатуды ұйғарған. Амандықтан кейін, «өзіңіз бас болған өңірлер ішіндегі жаныңызға ең жақыны қайсысы еді» деп, әңгіме бастадым.
«Алмас, сенің Сабыр ағаңның сөзі бар ғой, «… әр қазақ менің жалғызым» деген. Маған өзім болған жердің бәрі ыстық, бәрін бауырымдай жақсы көрдім...» Мұндай жауаптан кейін алдымызда облыс әкімі емес, аралас ағамыз отырғандай сезініп қалдық…
Бұрын да қызметтік дәліздерде аз мұз ұшырасып қалғанбыз, Қырымбек Көшербаев ашық әңгімені ұнататын ды… Бұл жолы да солай болды. Екі сағаттық сұхбат кезінде, облыстың экономикалық дамуы, әлеуметтік жағдайы мен жаңа өркендеу жолындағы жоспарынан бастап, Көшербаевтың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызметтік жолындағы кездескен қызықты сәттері туралы көөп нәрсе айтылды…
… Құрылысшылар күні Қызылордада үлкен мереке екен. Сол күні кешкілік қаланың Орталық алаңында тамаша концерт болды. Әкімнің жылы қабылдауы, тамызда Қызылордада аса сирек кездесетін қоңыржай ауа райы, қаланың жайбарақат бір аурасы тамаша көңіл күй сыйлады.
Келесі күні жұмысқа ерте кірістік. Қызылордада жылу мәселе болып көрмепті, десек те жаңа әкім келгелі барлық салаға жасалған қамқорлықпен бірге қаланың орталық жылу жүйелеріне де күрделі жөндеу басталыпты.
Жылу орталықтарының қазандықтары жаңартылғаны өз алдына,
қала ішіндегі құбырлар да алмастырылып жатыр екен.
Және Астанадағыдай жерді, жолды қазып тастап емес, құбырды биік колонна үстімен жүргізгені ұнады.
Көгілдір отынды қала көптен тұтынады екен. Десек те, қыс қақап кеткенде қалаға газ айдайтын стансалардың жұмысында жиі ақау шығып, Орданың шеткі аудандарына газ жетпей қалатын жайттар кездесіп жүріпті. «Қазтрансгаз» АҚ қолдау білдірген екі млрдқа жуық қаржы жұмсалып отырған Қызылорда айналма газ құбырлары жобасы осы мәселені шешуге арналған жоба екен.
Дәл осы айналма құбырлардың арқасында құбырдағы газдың қысымы бір қалыпты болмақ. Күзде барлық жұмыс бітеді, алдағы қыста қала жанындағы елді мекендер көгілдір отынның жетіспей қалуынан зардап шекпейді.
Бұдан кейін арнайы бұрылған нысанымыз Абай Құнанбаев атындағы мың екі жүз орындық үлкен мектептің құрылысы болды.
1 млрд 650 млн теңге теңге жұмсалған құрылыс биыл бітеді екен.
Жалпы, байқағаным, Қызылорда білім мен денсаулық сақтауға қаржыны аяп жатырған жоқ. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтың айтуынша,
қалада жүріп жатқан тоқсанға жуық құрылыс нысандарының көбі әлеуметтік нысандар.
Облыс әкімдігінің жаңа ғимараты да еңсе тіктеп қалыпты. 3 млрд 886 мың теңге жұмсалған бұл құрылыс биылғы жылдың соңында пайдалануға берілмек.
Қаланың жаңа орталығы болады деп күтілген бұл ауданда Шығармашылық үйі, Назарбаев зияткерлік мектебі, Жастар сарайы, Облыстық әкімшілік үйі секілді жаңа ғимараттар бой түзеп қалыпты.
Облысқа жаңа әкім барғалы жасалған жұмыстардың ішіндегі ең елеулісі, әрі Қазақстанды елең еткізгені Қызылордалық «Қайсар» футбол клубына жасалған өзгерістер еді.
Жаңа әкім келе сала клубтың үйіліп қалған 700 миллион теңгелік қарызын өтеп берді. Бұдан кейін ақ, бұрын өзін әрең алып жүрген «Қайсар» бірінші лигадағы жағдайын жөндеп алды. Әкім «елде жұмысы өрге басып тұрған шетелдік компаниялар көп екен, «Қайсарды» аз жылда солардың біреуіне тапсырамын» деп отыр… Бұл біз үшін шынымен-ақ тосын жаңалық болды.
«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бұл — Қытайдан Еуропаға тауар тасымалдаудың ең қысқа жолы. Халықаралық көлік дәліздің қазақстандық учаскесінің ұзындығы 2 787 км құрайды, ал, Қызылорда облысы бойынша өтетін бөлігінің ұзындығы 812 шақырым.
Біз көрген бөлік Сырдария өзенінің үстінен өтуі тиіс көпірдің құрылысы болды.
Жол құрылысына 5 бас мердігер және 20 қосалқы мердігер ұйым тартылған.
Магистральді жобалау барысында Қызылорда, Жаңақорған, Арал қалалары мен Шиелі және Жусалы ауылдарын айналып өту жолдары қарастырылған.
«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Қызылорда облысы бойынша өтетін учаскесінің құрылысына 22624 жұмысшы тартылса, мұның ішінде 15686 — жергілікті тұрғындар екен.
Сапардың соңғы күні, Қызылордадан жүз қырық шақырым жердегі Ақшабұлақ кенорнына бардық.
Ақшабұлақтағы ілеспе газдан электр қуатын өндіретін стансалардың жұмысымен таныстық. Жалпы, ілеспе газ мәселесін оңтайлы шешу мұнай өндіретін аймақтардағы салалық мекемелердің басты мәселесі.
Мынау жапон стансасы Қызылордадағы қуат жетіспеушілігі мен эклогияға ілеспе газдан келетін залалдан қорғап отырған мекеме. Толық автоматтандырылған, осынау әйдік нысанда ауысымында отыздан астам маман ғана қызмет тетеді екен.
Ілеспе газды текке ауаға жағып жібергенше ел игілігіне жаратып жатқан жұмысқа разы болдық.
Қызылорда қазір қайнаған еңбек пен тынымсыз жұмыстың ордасы боп тұр екен. Жаңа басшының жапырып жасап жатқан жұмысына халық ырза. Көз қуанады қарап тұрып. Ел деген әкімі бар облыс бақытты ғой. Кезінде біздің басымызда да болған сондай бақ. Көшпелі нәрсе ғой бақ деген. Бүгін Қызылорданың басында тұр екен… Қызғанғамыз жоқ, қызығып қана, тамсанып қана қайттық.
Жалғасы бар…

Шынымен, әр өңір Астана жаңалықтарының көлеңкесінен шыға алмай жатқанда Қырекеңдікі, командасыныкі мықты/құптарлық пиар жүріс.
Депрессивті аймақ екені рас. Ресми түрде солай. Себеп, табиғат жағдайы, экологиялық ахуалы, соның есебінен әлеуметтік жағынан кемшін түсіп жатады. Мен білетін ақпар бойынша халықтың көші-қоны да толастамай тұр. Өз ойымша, алмағайып тоқсаныншыдағы тоқырауда, Қызылорда халқының көбі тек теміржолдың арқасында аман қалды. Негізгі елді мекендер темір жол бойына орналасып, соның бойынан күнкөріп бақты. Қазір жағдайы дұрысталып келеді, бірақ, бұл барлық жердегі үрдіс. Қарқынына баға бере алмаймын.
Көшербаев.
Қырымбек Елеуұлы шынымен де білікті, ең бастысы қажырлы топ-менеджер.
2000 жылдары Батыс Қазақстан облысын басқарған кезде Оралдағы қазақтардың да, казактардың да ықыласына бөлене білген жалғыз басшы. Сонымен қатар, дандайсып кеткен шетелдік мұнай компанияларын да аймақтың мүддесімен санасуға мәжбүрлеген жалғыз лауазым иесі. СОндықтан Қызылордалық "Қайсарды" шетелдік компаниялардың біреуіне артам дегені бос сөз емес деп сенем. Қолынан келеді. Маңғыстау еліндегі басшылық қылғанда Жаңаөзен оқиғасы кезінде де, бұқпайнтайламай өз еркімен облыс әкімдігінен отставкаға кетті. Біреулер, бұл қадамын сатқындық пен қашқындыққа да балады. Мен азаматтыққа санадым. Сәл де болса, абыройын сақтауға тырысты. Одан кейін карт-бланш есебінде берілген осымен екінші лауазымды абыроймен атқарып келеді. Бұның өзі ойландыруы керек, меніңше…
Алмас Алтай.
Мадис, брәтішке! Жазбаның тілі жатық. қабылдануы керемет.
Құндылығына келсем, субъекивизммен берілген ақпаратқа негізделген объективті пиар.
Пы.сы. Күстаналап отырғаным жоқ, Аза, өз ойым! Ал, өзің айтпақшы, менің ойым-ол менің ойым.
Бұл жақтың жерінен емес, халқынан сескенетінім бар аздап…