"Азғын" қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)

Шешендер сайысы: Азғын қиялды қоздырудың алты амалы (эстафета)
Бізде тұрақты әңгіме жазып жүрген адам өзін біраздан соң априори «таланттымын» деп есептей бастайтын сияқты. Жалпы, ақын, жазушы біткен бірден өзін құдайдан ерек туған уникум деңгейінде қабылданатынына көзім үйреніп кетті. Ал батыста, қалам тербеушілерге кәдімгі даяшы немесе шаштаразға қарағандай қарайды екен. Бәлкім, бұл да стереотип шығар. Бірақ, қиялды түртпектейтін жаттығулардың, тіпті арнайы жазушылық қабілет дарытатын сабақтардың болуы — соның дәлелі.
Мен өзім адамда қиял өрбіту қасиеті әу бастан жоқ болса, оның кенет талантты болып кетуіне ешқандай курс та, жаттығу да көмектеспейтініне көзім жетті. Дегенмен, титімдей ғана ұшқын болса, оны әр-алуан өмірлік тәжірибе арқылы һәм қатемен жұмыс арқылы біршама тартымды дәрежеге жеткізуге болатынын да көріп жүрмін.
Әрі қарай

"Тодлер Уоркаут" жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Армысыңдар, достар!

Соңғы уақытта жаттығу залымның жабылып қалғаны, жұмыс орнымның барлық өркениет ошақтарынан шалғай жерде орналасуы бейдәстүрлі жаттығу тәсілдеріне қызығушылығымды оятты. Жұмыста арнайы жабдықтардың орнына кәдеге түрлі құбырларды, бөренелерді, тіреуіштерді жаратсам, үйде батпанның қызметін балаларым атқарды. Бірақ, осы тұста жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жаңалығымды жар салмас бұрын, фитнес қауымдастықтарын аралап, балаларын штанганың орнына қолданатын әуесқойларды іздегенімде, жалғыз емес екенімді білдім.

Әрі қарай

Бокс - денсаулық негізі

Жекпе-жек 13 секундқа созылуы керек: 2 секунд қарсыласыңа жақындауға, 1 секунд соққы жұмсауға, 10 секунд төрешінің санағына кетеді © Майк Тайсон

Блог - Ispek92: Бокс - денсаулық негізі

Біздің ауылымызда осы сөздің иесі Тайсон секілді боксшы боламын дейтін балалар мен жасөспірімдердің қарасы көп. Бұл жеткіншктері тәрбиелеу үшін, спортқа деген алғашқы қадамын бастыру үшін, қызығушылығы мен ынтасын ояту үшін спорт мектебінің орны орасан. Осы аптаның денсаулық тақырыбын осы бокспен байланыстырып көруге тырыстым.
Әрі қарай

Алғашқы дәнекерлік тәжірибем

Әуесқой дәнекерші жабдығын («сварка») сатып алғалы бері алғашқы еңбегім.
Қағаз бен «клаваны» балға мен орақ қылып жүрген маған шынымды айтсам дәнекерлеу кәсібін үйрену қиынға соқпады. Әрине, әлі біраз үйрену керек.


Міне держакты қолыма алдым, ішіне электрод салдым. Қысқашын бір кесек темірге бекіттім. Тоққа қостым. Қараңғылатқыш пен қолғапты кидім.
Жұмыстағы сварщик шал үйреткендей, әлгі кесекке бір екі рет ұрып көрдім.

Сатыр-сұтыр жарқышақтар. Артым дір ете қалды. Белгісіздік үрей ұялатады, бірақ тәуекел мен жас баланың қызығушылығы басым. Тағы да бір-екі рет жүргізіп өттім.
ӘРі тызылдатып, бері тызылдатып, арасында атыңнан айналайын ютубтан видеосабақтарды қарап, жарты қорап электродты боқтан өзгеге жаратып, ақыры меңгеріп алғандай болдым.
Әрі қарай

4,5 айдағы нәтиже

Тренажерға барып жүргеніме 4,5 айдан асты. Арық, дым бұлшықет жоқ болатын. Қазір шүкір, бұлшықеттерім кішкене өскені байқалады. Бұрын кішкене семіріп алған соң тренажерға барам деп жүретінмін. Бірақ, уақыт өтсе де cалмақ қосқан жоқпын.Темір--терсек көтергелі бері салмағымда кішкене өсті. Киімдер қонымды тұратын болды.:)
Әрі қарай

Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
Әрі қарай

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат



Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады.

Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а деп мұңайғаннан басқа ештеңе қалмайтын сияқты.
Әрі қарай

Жаттығу аталары: Тұра тарту


Тұра тарту (становая тяга,deadlift) — бұл жаттығуды штангамен орындайды. Бұл жаттығу пауерлифтинг дисциплинасының үш негізгі жаттығуларының бірі. Орындалу ережелерін бұзбаған жағдайда, бұлшық ет дамуына сұмдық импульс береді. Адам еттерінің каркасы мен іргетасын нығайтады. Тұра тарту — бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, техникасына мұқият көңіл бөлуді қажет ететін күрделі жаттығу. Бұнда дененің барлық еттері іске қосылады. Артқы еттер көтеруге, алдыңғы еттер салмақты тұрақтандыруға қатысады.
Төменде Бенедикт Магнуссон жабдықсыз тұра тартудан рекорд қойып жатыр. Штанга салмағы 442 кг.
Менің көрсеткішім бұдан 4 есе кіші)).
Әрі қарай

Таңғы жүгіру

Әскери салада жүргенде аптасына 3-4 мәрте жауынгерлермен қосылып жүгіріп алушы едім. Аптасына бір рет 3 шақырымды ойнатып отырушы едік.Сымдай жігіт едік тростқа айналып бара жатырмыз байқасам. Ескіше көктемнің басы деп бүгін бір бастама бастадым. Алты жарымда тұрып алып жетіге дейін жүгіріп келдім. Бой жазатын жаттығулар да жасаған болдым. Мойындау керек шамамен 1 шақырымдай ғана жүгірдім. Осының өзінде өкпем «ысқырып» қалды. Дегенмен қазір өзімді сергек сезініп отырмын. Кешке жүгіруге жұмыстан, қоғамдық көліктен қажып қайтатын болған соң беттей алмадым. Ағзам демалып тұрған кезде азанда жүгіріп отыруды ұйғардым.Сәуірдің 14-і күні Алла жазса 3 шақырымды ойнап жүгіретін дәрежеге жетуім керек.
Әрі қарай

ВИТ-пен танысу немесе тренировкадан құсып жібердім...

Бүгін Жұмыс біткен соң, жаттығуларыма өзгеріс енгізбек болғанмын. Алдында Жоғары Интенсивті Тренинг Стероидсыз Бодибилдинг — деген бір кітапты түсіріп алып, ішіндегі жаттығу жүйелерін сынап көрмек болдым.

Сол кітапты оқып бастағаннан, «сен жаттығудан құсқың келетіндей күйге түсіп көрмесең, сен нағыз тренингтің не екенін білмейсің» деген екен.
Әрі қарай