Бокс - денсаулық негізі
Жекпе-жек 13 секундқа созылуы керек: 2 секунд қарсыласыңа жақындауға, 1 секунд соққы жұмсауға, 10 секунд төрешінің санағына кетеді © Майк Тайсон
Біздің ауылымызда осы сөздің иесі Тайсон секілді боксшы боламын дейтін балалар мен жасөспірімдердің қарасы көп. Бұл жеткіншктері тәрбиелеу үшін, спортқа деген алғашқы қадамын бастыру үшін, қызығушылығы мен ынтасын ояту үшін спорт мектебінің орны орасан. Осы аптаның денсаулық тақырыбын осы бокспен байланыстырып көруге тырыстым.
Жалпы спорттың денсаулықпен байланысын жақсы білеміз, деніміздің саулығына қай спорт түрі болса да өзіндік оң әсері бар. Спорт — денсаулық негізі деген қысқаша әрі қарапайым ұран кез келген спорт мектебі мен ұйымдастырылатын жарыстардың төрінде ілініп тұруы осы сөзімізге дәлел. Жалпы спорт мектебін жасөспірімнің өмірлік бағыт ұстануына жол ашатын маңызды мектеп санаймын, деннің саулығына, бос уақытты тиімді пайдалануға спорттан артық тиімді құрал жоқ. Әлемде футболдан соң екінші орынды ойып тұрып алатын бокс екеніне де күмәнім жоқ. Бокс — шапшаңдыққа, төзімділікке, қайсарлыққа, өз — өзіңді қорғауға үйрететін керемет спорт түрі. Сонымен, ауылымның спорт мектебіндегі бокс секциясының тәрбиеленушілері қалай жаттығып жатыр екен, соны білмекке мектептің табалдырығын аттаған едім.
Мен барған сәтте тәрбиеленуші боксшылардың кеше түнде жарыстан келгенін, бүгін олар демалатындықтарын, тек жарысқа әр түрлі себептермен бара алмаған екі болашақ боксшымен жаттығу жасайтындарын айтты. Ауылымыздың намысын аудан, облыс және республикалық деңгейде қорғап жүрген боксшылар әрі жаттықтырушылар:
Жаттықтырушылар негізгі базалық жаттығулардың ретін түсіндіріп берді:
1. Жүгіру — бойды(денені) қыздыру үшін, тыныс жолдарын ашу үшін, организмді жаттығуға дайындау үшін жасалады
2. Скакалкамен(секірмек мына жерде солай аударыпты) секіру — негізінен аяққа арналған жаттығу, аяқ буындарын, аяқ бұлшық еттерін қозғалысқа түсіруге арналған жаттығу.
3. Приседание(
4. Серіппе ұру(
5. Штанга көтеру, штангамен отырып тұру — белге, аяқтың бұлшық еттеріне арналған, денеге біраз күш түсіретін жаттығу.
6. Груша ұру(бокс грушасы) — бокстағы жекпе жек үшін негізгі жаттығу, басты мақсат соққыны тиімді жұмсау, соққының күшін бағамдау.
7. Лапа ұру — нағыз шабуыл мен қорғаныс тактикасын үйренетін жаттығу, негізінен бапкермен жасалады. Соққыны тиімді жұмсау, ойлау қабілетін арттыру, шабуылда және қорғаныста қимылдау әдістері, қарсыластың тактикасын меңгеру үшін қажет жаттығу
8. Соңғы жаттығу — ең соңғы әрі шешуші жаттығу. Жоғарыда аталған жаттығу нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді
Бұл боксшылардың жаттығу күндерінде күнделікті қайталанатын жаттығу түрі. Арнайы жаттығу түрлері жарыстарға барар алдында өзінше бөлек жасалады дейді бапкерлер. Сосын біздің фотореп секілді жоғарыдағы шолуымызда байқаған екі жасөспірім:
Салық Бақтияр 2000 жылдың тумасы
Нақып Батухан 1999 жылдың тумасы
Бақтиярдың ағасы да боксер екен, ағасының ізімен жүргісі келетінін және осы жаттығулардың ішінде өзі үшін приседаниені ең қиын жаттығу деп білетінін айтып отыр. Ал, Батухан болса ешқандай жаттығу қиын емес екен, екеуіде Головкинді өздеріне үлгі тұтатындығын, сол батырдың ерліктерін қайталағысы келетінін маған сұхбаттасу үстінде айтып берді.
Ұлыңыз спортты сүйетін, өз-өзін қорғай алатын, денсаулығы мықты тұлға боп өссін десеңіз бокс секциясына беріңіз.
Төменде осынау фотошолу арқылы көрсетпек, түсіндірмек болған жазбамның бейнешолуы, тамашалап өз бағаңызды беріңіз:
Пікір жоқ әзірше