Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"
Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
*** *** *** ***
Сәлем, Дәурен, ресмилікті аттап өтіп, бірден іске көшсем деп едім, қысқасы, сұхбатымызды анкета түрінде емес, әңгіме ағымымен өрбітіп жіберсек, уақытың бар ма?
Д.Ж.: Сәлем! Әрине, қарсы емеспін.
Бодибилдингпен ұзағынан айналысатыныңды қашан түсініп едің, содан бастайық.
Д.Ж.: Мен әрқашан тән сұлулығына ұмтылатынмын. Тіпті жеңіл атлетикамен айналысып жүріп, жаттығу соңында турникке бірнеше рет тартылып, бір ауық штангамен шынығатынмын… Біртіндеп, менің күшім мен бұлшық еттерім басқалардан жылдамырақ өсетінін байқадым. Әрекеттерімнің нәтижелі болғанына күннен күнге қуана түстім. Ақыры досым екеуміз жаттығу залына тұрақты қатыса бастадық. Алғаш жазылған күніміз 2001 жылдың 15 қарашасы екен. Айтпақшы, жақында ғана жаттығу залына барып жүргеніме 10 жыл толғанын тойладым! Алдымен, жеңіл атлетика мен жаттығу залын бірге алып жүрдім. Бірақ бұл мен үшін адам сенгісіз қиын шаруа болды. Ақыры, жүгіруден гөрі штангадан көбірек нәтиже шығаратынымды білген соң, жаттығу залына түбегейлі көштім.
Мерейтойың құтты болсын! Онжылдықты қалай тойлағаның қызық. Сигара шегіп, пицца жедің бе «Шварц» сияқты, әлде елу грам денсаулық үшін протеин «тартжівердің» бе?
Д.Ж.: Он жылдықта жаттығу залындағы жігіттерді тренер кабинетіне жинадым. Сол жерде екі тортты «жазаға тарттық». Әрине, алкогольсіз.
Он жыл бұрын зал есігін ашқанда, «бодибилдингтен сайыстарға қатысам» деген мақсат қойып па едің?
Д.Ж.: Негізі о баста отырып тұру, жатып сығымдау, түрегеп тартудан жақсы нәтиже көрсете бастағанмын. Бір жылдай тұрақты айналысқан соң, облыс біріншілігіне қатысып, пауерлифтингтен (жатып, отырып, тұрып зілтемір көтеруден күш сайысы) Спорт Шеберіне Үміткер атансам, екі жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып, Спорт Шеберінің нормативін орындадым. Жатып штанга сығымдаудан еліміздің екі рекордын жаңарттым. Бұл рекорд біздің атақты спортшы Алексей Сивоконьге тиесілі еді және маған дейін жаңартылмағанына 13 жыл боп еді.
Оның юниорлық рекорды 135 келі болды, мен 135,5 келіні сығымдап көтердім, ал екінші әрекетімде 138 келіні бағындырдым. Өзім 60 келі салмақ дәрежесінде сайысқан едім.
Керемет бастама! Олай болса, күштік үшсайыстан бодибилдингке неге көштің? Әлде жарақат алдың ба?
Д.Ж.: Жо-жоқ. Ол ғана емес. Менің бұрыннан бодибилдингпен айналысатын достарым бар — Марина және Олег Настретдиновтар. Солар үнемі мені бодиге шақыратын. 2005-ші жылы бодибилдингтен ҚР кубогы мен пауерлифтингтен ҚР кубоктарының арасы бір ғана күн болды. Тап сол күні бодиден алғаш шығуға бел будым. Алдымен пауерлифтинг болды, 67,5 кг салмақ дәрежесінде сайыстым… Таразыға тартылу таңертең, ал сайыс түсте өтетін болды. Салмағым 67 кг екен. Шықтым да жеңіп алдым. Кешке ертеңгі бодибилдингтен өтетін сайысқа салмағымды өлшеттім. Сөйтіп, кешкі таразыға мінгенде 65 келі болуым үшін біраз тер төгуге тура келді. Сол салмақ дәрежесіне әзер көшкен мен, келесі күні ҚР бодибилдингтен кубогын да ұтып алдым. Бұндай жағдай Қазақстанның спорт тарихында бұрын соңды болмаған еді.
Содан мен бодиге толығымен көшпек болдым. Маған бодибилдинг сайыстарында залда орнайтын жайлылық пен ілтипат атмосферасы ұнады. Сахнаға шыққан ұнады.
Сахна демекші, сахнада алған жүлде-сыйлықтарыңның қайсысы өзіңе ерекше қымбат?
Д.Ж.: Меніңше, әр қайсысының орны бөлек. Әр жүлдемді жатқа білемін. Әр медаль жаныма қымбат естелік.
«Көпшілік алдына әуретіңді бір жапырақ шүберекпен жауып сахнаға шығу, айнаның алдында керіліп тұру ерге ерсілік етеді» деген пікірлер бар. Сенің бұл әуестігіңе қарапайым «өлімділер» қалай қарайды? Көбіне тамсана ма, жоқ сынаушылар көп пе? Өзің ел арасындағы «моралисттерге» қалай қарайсың?
Д.Ж.: Енді спортшылардың арасында ондай пікірді көп кездестірмеппін, әзіл ретінде «тағы да айнаның алдында сыбанып тұрсың ба?» дейтіні болмаса. Ал спортқа қатысы жоқтарда ондай пікірлер айтылып тұрады. Бірақ, ол көбіне қызғаныштан туған әңгіме. Егер олардың денесі тап осындай болса, олар да айнадағы кейіпінен шошымай, ұзақ қараудан жалықпас еді. Жалпы, менің спортымда дұрыс тұрып, қозғала білу, өзіңді дүйім жұртқа ұтымды қырларыңнан ұсына білу сахнада өте маңызды. Сондықтан, бұл жерде ұтымды қырларыңды тану, ол үшін айнаның алдында әрбір позаны шыңдау да — біздің жаттығу барысымыздың ажырамас бөлігі. Ал айналамдағылар бұл әуестігімді негізінде оң бағалайды. Сондықтан, боди жөнінде хабары аз, біліктілігі төмендердің айтқандарын құлағыма қыстырмаймын.
Ежелгі грек атлеттерінің тырдай жалаңаш сайысатынын еске түсіріп, бір күліп едік жақында… :-))
Д.Ж.:Қой? Ондайын естімеппін. Бірақ менің бір ингуш шәкіртім бар еді. Ол юниорлар арасында ойланбастан сайысқа қатыса алар еді. Жалғыз іш киіммен шығатындықтан әкесі жібермей қойды!
Ал сенің спорттық жетістіктерің, не дене бітімің басқа тіршілік салаларында көмектесе ме? Шоу бизнеске, мысалы, шақырғандары болды ма?
Д.Ж.: Біздің кішкентай қалашығымызда қайбір шоу бизнес дейсің. Концерттерге жиі шақырып тұрады енді. Барлығы ерікті түрде бірақ, тегін. Бір-екі рет түнгі клубта сахнаға шыққам, әйелім өте-мөте қарсы болып, одан бас тартуға мәжбүр болдым.)))
Көшу жағын ешкім ұсынбады ма? Астана жақын емес пе?
Д.Ж.: Әлі ешкім «міне» деп ұсынбады, бірақ шақырып тұрады. Әсіресе, таныс спортшылар «бізге сен сияқтылар керек» дейді. Бірақ мен өз қалашығымнан кеткім келмейді. Оның үстіне, жақында ғана үйімді соғып бітірдім. Кішкентай ғана, бірақ өзімдікі. Екі жыл салдым өз қолыммен. Енді ол маған өте қымбат. Арманым сол еді бұрыннан. Кедей отбасынан едім ғой. Әйелім екеуміз бес жыл бойы жалдамалы пәтер жағалап едік. Енді екеумізге де жақсы болды)))
Жаныңның үйін де, тәніңнің үйін де өз қолыңмен соғыпсың, спорттан біраз табыс көрген шығарсың?
Д.Ж.: Қазақстанда «темір спортпен» байып кетуің неғайбыл.
Тәулігіне 5-6 рет ханзадаша тамақтану, арнайы азық-түліктер, спорттық қоспалар, жаттығу залына абонемент төлеу, мұның бәрін қосса — аз ақша емес қой! Олай болса, өзің бұндай өмір салтын қалай үзбей ұстанасың?
Д.Ж.: Әттең, сонда боп тұр ғой бар мәселе! Дайындық кезінде қаржы тапшылығы қатты қысады. Тек жақсы генетикалық багаж бен білімнің арқасында жеңіп жүрмін. Бұл енді Қазақстан ішінде ғой. Ал халықаралық деңгейге мен мына табысыммен ешқашан шыға алмаспын. Дайындық кезінде мен бәріне үнемдеймін. Жылдап жаңа киім алмаймын, қыдырыс-кафеге ақша жаратпаймын, т.б. Бар ойым — өзімді құнарлы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сосын, әрине, ақшаны көбірек табуға тырысамын. Сапарларыма спорткомитеті ақша бөліп тұрады, кейде кішігірім сыйақы беріп тұрады. Ал дайындық тұтастай отбасымның бюджетіне қарасты.
Адам ретінде «темір» сені қалай өзгертті?
Д.Ж.: Ең алдымен өзіме деген сенімділік пайда болды. Әсіресе, нәзік жандыларға келгенде. Әрине, ерік күшім мен жігерім қатайды. Сайысқа дайындықтың нәтижесін көбіне осы қасиеттер анықтайды. Өмірдегі өз мақсаттарыма жетуге де көбіне сол ерік күші көмектеседі.
Бодибилдингте елеулі нәтиже шығарудан қай жастан бастап үміт үзуге болады?
Д.Ж.: Ешқашан үзбеген дұрыс. Бодибилдингпен үзбей айналысса, дене өзінің шыңына 35 жасында жетеді.
«Қу-шандыр» оқырмандарыңа не айтасың?
Д.Ж.: Штангамен отырып тұру, түрегеп тартуды ұмытпасын деймін. Осы жаттығулардың арқасында, адам ағзасы суперкомпенсацияны іске қосады, бұлшық етті қалпына келтіретін көптеген гормондарды бөле бастайды – содан денедегі барлық бұлшық еттің массасы өседі.
«Томпақтарға» ше?
Д.Ж.: Бұнда енді тек диета, басқасы көмектеспейді, аэробиканы көбейту керек. Бірақ,өйтсең, бұлшық ет дұрыс өспейді. Массаны өсіру керек, бірақ тәттіні мейілінше қысқарту керек, майлыны да кешкі астан құрту керек.
Жақсы. Антропометриялық өлшемдерің қандай? Мысалға, менің бойым 172см, салмақ 85 келі, иық 127см, кеуде 113см, бел 91см, сан 58см, қолым (бицепс) 40см.
Д.Ж.: Бойым 168см, салмақ 88кг, кеуде 120см, иық 127см, бел 88см, бөксе 100, сан 69, қолдарым 46см.
Мәссаған! Бұл қазіргісі ме әлде сайыстағы өлшемдер ме?
Д.Ж.: Қазіргісі. Сайыстарда аздау болады. Негізі мен табиғатымнан арықпын ғой. Сүйектерім жіңішке. Жаттығуды қойсам болды, арып кетем. Үй соғам деп үш айда 70 келі боп азып кеткем. Сайыстарда шамамамен өлшемдерім мынадай: белім 80см, қолдарым 43см, сандарым 65см.
Өзім бастағанда шамамен 63 кг еді салмағым.
Д.Ж.: Ал мен 56 келі боп бастадым.:-)))
Үмітсіз — шайтан дегендей, болашақта қанша салмаққа тартқың келеді??
Д.Ж.: Бір күні 100 келі салмақ дәрежесінде сахнаға шықсам деймін. Ол үшін маусымаралық кезеңде 115-120 келі болу керек.
Не дейд құрысын, «моторың» отырып қалмай ма бір центнерлік тұла бойға қан айдап?
Д.Ж.: Салмағыңды біртіндеп өсірсең, мәселен жылына 3-4 келіден қосып отырсаң, жүрекке жүк түспейді. Жасым 35-ке келгенше солай 100 келіге жетуіме болады.
Олай болса, сәттілік тіледім саған, амиго! Барлық салада жеңіске жетуіңе тілектеспін!
Д.Ж.: Сау бол! Саған да сәттілік!
(Суреттер және сұхбат мәтіні кейіпкердің жазба түрдегі рұқсатымен орысшадан аударылып салынып отыр)
Әңгімелескен Асқар Ахметулла ұлы

Қай қаланың ауасымен қоректеніп жүрген боп шықты сомен бұл зііігіт?
Сосын тақырыбын одан да қызықты етіп алуға болатын сияқты, қаламың білсін, әрине
Ал сөйлемді түзетейін.
Қалауың білсін, кітабыңды тездетіп шығар енді
Бұдан кейін әлгі өзіңнің аузыңмен айтқан болмаған нең қалды? «Ой, Гастеке!» демегендерді беттен алатын баяғыдан осындай құрысқақ-ұрысқақсың ба?
Бірақ, тап сен айтқандай сұмдық принципиалды емеспін. Қатемді көзіме шұқып көрсеткенде мойындап жүрмін.
Ал бұндағы мұртынан күлген цинизмге цинизммен жауап беру, бірін бірі қағытып отыру сайттың күнделікті тіршілігі емес пе, соншалықты күнә емес шығар?
Жазбама қатысты айтылған орынды сынды қабылдадым, түзеттім. Қабылдамағанымды негіздедім.
Тағы не сұрап отырсың, боғірем?
Енді «Лібә, мынау химик мутант қой, ертең бедеу болады наққа керек осылай» дейтіндерді күтейік
Жеке пікірімді өзгертпеймін де, нелеріңізді тықпаламауларыңызды сұраймын!
Вощым, Гастарбайыр жігітім, ертең сен де осындай болам дейсің бе?
Вощым маған, ыхххааа … болып көрінеді. Айтпай-ақ қояйыншы Мына жер қызыл ала қан болады әйтпесе
Келбеті аздап саған келіңкірейтін сияқты.
Менің бір сұрағым бар. Жарыстарға шыққанда арнайы крем жаға ма, неге денелері қоңырқай?
Ішіп отырған шайымды құсып қоя жаздадым
Суреттегі жігіт саған секс ұсынып тұрғандай пікір қалдырасың, сұхбатты оқымай, адам денесін архитектуралық емес тек сексуалдылық жағынан бағалайтын болсаң мен кінәлі емеспін ғой
Маған күлкі керек, аузымды қыздырмаш
Әлде бүгін тамақ ішпегенсің бе?
Білә, менің персонам ең керемет емес екенін өзім де білем, бірақ менің ойымда жоқ жаланы жауып зайбымды алмаңдарш нақ.
Жазғаның жазылд, енді ақталып шала бүлінбей-ақ қой
Неғыласың, вощым Gastarbaiter — жахсе бала
әйтпесе жаман үйреніп қапсың баяғыдан бері, Нарцисс цветогыңды тықпыштай берме маған нақ
«Жоқ, қатысы жоқ». «Тап осы мақалаға ерегесіп отырмын», десең қазбаламайм, сенем сөзіңе
Шаруам жоқ, қоймаймастан болмайтын нәрсені қаузап жыларман боп отырған өзің екенің рас. Мақала да сенікі секілді..., менікі болған күннің өзінде де өйтіп ұсақталатын әдетім жоқ. Жан-дәрмен болғаныңды түсіне алмадым Битке өкпелеп тоңымды отқа жағып қайтейін, көңілім баяғыдай
Мадинаға маған жету қайда
Айналыспайтын адам айналыспайды. Бірақ «Спорты ұнамайды» деп адамды балағаттау меніңше стереотипке берілу.
Журналисттерге әсіресе, сын деп ойлаймын жеткілікті ақпарат жинап алмай, тақырып туралы білімін жетілдірмей, радикалды пікір айту тілшілік профессионализммен үйлеспейтін құбылыстар.
Маған деген көңіліңде емес боп тұр мәселе.
Жай, осы сұхбаттан адамдар тау боп үйілген бұлшық етті ғана емес, артындағы өзіндік адами мәселері бар, екі сөздің басын қоса алмайтын тупой качок емес, саналы адамды көре алса деп ойлап едім.
Ол іс қолымнан қаншалықты келгенін білмеймін.
Сондықтан, спортты емес, сұхбатты бағаласаңдар риза болар едім.
Әйтпесе тупой качоктар мен салбырап қалған Арнольд туралы боқжағыстар толып жатыр ғой интернетте.
Ренжу емес, жалығу, қажу басым.
Айналысып жүрмін. Трапеция, қолтық асты, кеуде, қол бұлшық еттері өскен сияқты. Бірақ салмағым өспей жатыр.
мен сол тонуста болу үшін жұмыс жасаймын, әзірге қолымда нәтиже жоқ сияқты , бірақ арқам, мойын, аяқтарым сондай жеңілдеп қалды, рахат
Салбырап қалады дейтіндерге соны жеткізгім келеді.
Тіпті мәңгі Пирамидалардың өзін реставрация жасап, ремонттап тұрады ара тұра.
Жалпы кез келген адам өзіне қызықты салаға қатысты бірдеңе жазса, әдеттегіден көбірек ізденіп, шынайырақ болуы заңды шығар бірақ.
Ал саған неге ұнамауы мүмкін?
Бірақ бұдан ұнатамын деген қорытынды шығарып қойып жүрмеңіз, нейтральні. просты «түсінбеймін, Не үшін керек ондай фигура???» деген сөзім.
Психологиялық тұрғыда шектен шығушылыққа қанағатсыздық итермелейді ма деймін.
Әжептәуір фитнесстен бастайды да, әрі қарай профилердің давай-давайымен кетіп қалады.
Қазір адамды классикалық сұлулықпен таң қалдыру қиын боп кетті ғой. Сондықтан неғұрлым шектен шыққан, неғұрлым фрик, неғұрлым басқа планеталық болған сайын көзге түсіп есте қаласың.
«Уау» факторға негізделген.
Өлесі арықтап, ішкен жегенін құсып тастай беретін ауруға ұшырағандар да бар ғой модельдерге еліктеп.
Екеуінің арасында бір көрінбейтін ұқсастық бар.
А так, Сатыбалдыға қаратып айтқанмын ананы.
Мен саған әлі өкпелеп те үлгірмегем, чет ерте сұрап қойдың ғой кешірімді
А так, сен журье деп айтты екен деп, Жансая мен Конвикт профессияларын урнаға лақырып кетватқан жоқ қой, бодиподиумыңды сен де бағындыра бер солай, кез-келген пікірге ренжісең әнеу бисепцларыңнан нең қалады
Бірақ, әуесқой культуризммен айналысатын қыздар тек борпылдақ жерлерін «серпімділеу» етеді. Болды. Препарат қолданбайтын әйелдікі ешқашан шамадан тыс өспейді. Табиғат ондай мүмкіндікті қарастырмаған оларға.
Сондықтан, химиямен дос болу ойыңызда жоқ болса, еш қорықпай кейбір жаттығуларды жасауға болады. Мысалы, отырып тұру — как раз құйрықтың (көрші тақырып) жұмырлануына әсер етеді.
Жим, тяга, бицепстің спортсмен емес қыздарға қажеті жоқ.
Бұл амиго қозғалыс жылдамдығы, ширақтық пен икемді жоғалтпау үшін жыбырлайтын спорт түрлерімен де айналысып тұратын шығар иә?
Аударуға үлгермей жатырм. Бір ағадан шабашка алып қойып едім.
Жақында ғана осы бауырым Ресейге барып, Орыс Федерациясының кубогын да жеңіп қайтты.
Дәурен өлім мен өмірдің арасында жүред, әуесқой емес, кәсіпқой болған соң препарат та кетед зиянды, өлермен жағдайға жеткізетін диетаға да отырад үш айға.
Жарысқа өз ақшасына барад, өз ақшасына дайындалады.
Нағыз фанат деп осыны айт.