Arular.kz
Рейтинг
+17.44

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг

image image

"Тодлер Уоркаут" жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Армысыңдар, достар! Соңғы уақытта жаттығу залымның жабылып қалғаны, жұмыс орнымның барлық өркениет ошақтарынан шалғай жерде орналасуы бейдәстүрлі жаттығу тәсілдеріне қызығушылығымды оятты. Жұмыста арнайы жабдықтардың орнына кәдеге түрлі құбырларды, бөренелерді, тіреуіштерді жаратсам, үйде батпанның...
image image

4,5 айдағы нәтиже

Тренажерға барып жүргеніме 4,5 айдан асты. Арық, дым бұлшықет жоқ болатын. Қазір шүкір, бұлшықеттерім кішкене өскені байқалады. Бұрын кішкене семіріп алған соң тренажерға барам деп жүретінмін. Бірақ, уақыт өтсе де cалмақ қосқан жоқпын.Темір--терсек көтергелі бері салмағымда кішкене өсті. Киімдер қонымды тұратын...

Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.

Зумба дегеніміз не?

Бұл қазіргі таңда әлемдегі өте танымал фитнес бағдарламалардың бірі. Зумба – арнайы дайындықты қажет етпейтін, африка тайпаларының, латиноамерикалық билердің, сондай-ақ шығыс «қарын» биі (немесе танец живота), фламенко, рок-н-ролл және хип хоп билеріне негізделген ерекше заманауи бидін түрі болып табылады. Бұл би оңай қимылдардың, әртүрлі музыкалық ритмдердің, бөксемен жасалынатын қимылдардың көптігінің арқасында қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі — артық салмақты тастауға зор ықпалын тигізіп қана қоймай көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. «Зумбамен бір сағат айналысудың өзі құдды бір мерекеде жүргендей әсер қалдырады», — дейді, әлемнің танымал жұлдыздары жеке хореографы ретінде шақыратын бидің негізін салушы Альберто Перес. Бұл биде Merengue, Salsa, Samba және Flamenco билерінің де қимылдары бар.

«Отырықшылық» өмір салтын ұстанатындарға арналған ақпарат

Қазір компьютер хайуани қажеттіліктерден басқаның бәрін алмастыратын заманда, адамның сиіп-тышу мен ішіп-жемге кеткен уақыттын есептемегенде, бүкшиіп отырған күйі кейде күніне 8-10 сағатқа дейін монитордан ажырамайтын кездер болады. Отырған жерінде омалғандар көбейіп кеткендіктен, онымен байланысты простатит (тас-асты сыздауы), проктит (көтаурудің бір түрі), геморрой (бұл да сол), остеохондроз (95 пайыз адамда бар мойын, жаурын ортасы, т.б омыртқа ауруы), миопия (әлжуаз әшкәристер ауруы), т.б ищщаа-кәпір бәлелердің кесірінен адамның уақытынан бұрын 20-25 жастан бастап-ақ істен шығуы, жұмысқа қабілеті, секске тәбеті төмендеуі пысық американ бастықтарын өз офистеріне «зыржолағы» бар тренажер үстелдер қоюға мәжбүрледі. Типі нақ, компьютерден көзіңді алмастан, жаяу жүріп қайтуға, жүгіруге болатындай етіп… Эхх. Нағыз өмір осылардыкі нақ, біздің қаззақтарға оған жету қайда-а-а...

Дәрумендер (мини-шолу)

Енді көктем жақындаған сайын дәрумен жетіспеушілік, қаназдық, көбейеді. Білә, бірақ көк шөпке ілініп кетуге асыққан қой секілді қурап тұрса да, көтіне тақалғанда тірілетіндер оянып, дереу жаттығушылар көбейеді; Себебі, биыл жазда тағы да бұты тырысқан джинсы, қарның болса кие алмайтын тар футболка, қолтық жүні қауғадай, бірақ қолдары жіңішкелер кие алмайтын стильді жеңсіз майкалар сәнге айналады. Оларды киюге ұялмау үшін жігіттер күз түскенде емес, керісінше жаттығуды көктемде, не қыстың аяғында бастайды. Қазір дәріхананың ішіне кірсең, көзің жан-жаққа жүгіреді. Жасыңа, өмір салтыңа байланысты түрлері де қойыма дейін. Арасына өтірік пайдасы жоқ қи қоса салса да байқамайсың ғой. Бағасы да әртүрлі. Қарапайым, құтысы 100-150 теңге тұратын ревит, ундевит, аскорбинкалардан бастап, 3000-ға дейін баратын мультидәрумендер комплексі бар. Соның ішіндегі өзім...

Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!

Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда

Жаттығу аталары: Тұра тарту

Тұра тарту (становая тяга,deadlift) — бұл жаттығуды штангамен орындайды. Бұл жаттығу пауерлифтинг дисциплинасының үш негізгі жаттығуларының бірі. Орындалу ережелерін бұзбаған жағдайда, бұлшық ет дамуына сұмдық импульс береді. Адам еттерінің каркасы мен іргетасын нығайтады. Тұра тарту — бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, техникасына мұқият көңіл бөлуді қажет ететін күрделі жаттығу. Бұнда дененің барлық еттері іске қосылады. Артқы еттер көтеруге, алдыңғы еттер салмақты тұрақтандыруға қатысады. Төменде Бенедикт Магнуссон жабдықсыз тұра тартудан рекорд қойып жатыр. Штанга салмағы 442 кг. Менің көрсеткішім бұдан 4 есе кіші)).

ВИТ-пен танысу немесе тренировкадан құсып жібердім...

Бүгін Жұмыс біткен соң, жаттығуларыма өзгеріс енгізбек болғанмын. Алдында Жоғары Интенсивті Тренинг Стероидсыз Бодибилдинг — деген бір кітапты түсіріп алып, ішіндегі жаттығу жүйелерін сынап көрмек болдым. Сол кітапты оқып бастағаннан, «сен жаттығудан құсқың келетіндей күйге түсіп көрмесең, сен нағыз тренингтің не екенін білмейсің» деген екен.