Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.


*** *** *** ***

Сәлем, Дәурен, ресмилікті аттап өтіп, бірден іске көшсем деп едім, қысқасы, сұхбатымызды анкета түрінде емес, әңгіме ағымымен өрбітіп жіберсек, уақытың бар ма?

Д.Ж.: Сәлем! Әрине, қарсы емеспін.

Бодибилдингпен ұзағынан айналысатыныңды қашан түсініп едің, содан бастайық.

Д.Ж.: Мен әрқашан тән сұлулығына ұмтылатынмын. Тіпті жеңіл атлетикамен айналысып жүріп, жаттығу соңында турникке бірнеше рет тартылып, бір ауық штангамен шынығатынмын… Біртіндеп, менің күшім мен бұлшық еттерім басқалардан жылдамырақ өсетінін байқадым. Әрекеттерімнің нәтижелі болғанына күннен күнге қуана түстім. Ақыры досым екеуміз жаттығу залына тұрақты қатыса бастадық. Алғаш жазылған күніміз 2001 жылдың 15 қарашасы екен. Айтпақшы, жақында ғана жаттығу залына барып жүргеніме 10 жыл толғанын тойладым! Алдымен, жеңіл атлетика мен жаттығу залын бірге алып жүрдім. Бірақ бұл мен үшін адам сенгісіз қиын шаруа болды. Ақыры, жүгіруден гөрі штангадан көбірек нәтиже шығаратынымды білген соң, жаттығу залына түбегейлі көштім.

Мерейтойың құтты болсын! Онжылдықты қалай тойлағаның қызық. Сигара шегіп, пицца жедің бе «Шварц» сияқты, әлде елу грам денсаулық үшін протеин «тартжівердің» бе?

Д.Ж.: Он жылдықта жаттығу залындағы жігіттерді тренер кабинетіне жинадым. Сол жерде екі тортты «жазаға тарттық». Әрине, алкогольсіз.

Он жыл бұрын зал есігін ашқанда, «бодибилдингтен сайыстарға қатысам» деген мақсат қойып па едің?

Д.Ж.: Негізі о баста отырып тұру, жатып сығымдау, түрегеп тартудан жақсы нәтиже көрсете бастағанмын. Бір жылдай тұрақты айналысқан соң, облыс біріншілігіне қатысып, пауерлифтингтен (жатып, отырып, тұрып зілтемір көтеруден күш сайысы) Спорт Шеберіне Үміткер атансам, екі жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысып, Спорт Шеберінің нормативін орындадым. Жатып штанга сығымдаудан еліміздің екі рекордын жаңарттым. Бұл рекорд біздің атақты спортшы Алексей Сивоконьге тиесілі еді және маған дейін жаңартылмағанына 13 жыл боп еді.
Оның юниорлық рекорды 135 келі болды, мен 135,5 келіні сығымдап көтердім, ал екінші әрекетімде 138 келіні бағындырдым. Өзім 60 келі салмақ дәрежесінде сайысқан едім.

Керемет бастама! Олай болса, күштік үшсайыстан бодибилдингке неге көштің? Әлде жарақат алдың ба?

Д.Ж.: Жо-жоқ. Ол ғана емес. Менің бұрыннан бодибилдингпен айналысатын достарым бар — Марина және Олег Настретдиновтар. Солар үнемі мені бодиге шақыратын. 2005-ші жылы бодибилдингтен ҚР кубогы мен пауерлифтингтен ҚР кубоктарының арасы бір ғана күн болды. Тап сол күні бодиден алғаш шығуға бел будым. Алдымен пауерлифтинг болды, 67,5 кг салмақ дәрежесінде сайыстым… Таразыға тартылу таңертең, ал сайыс түсте өтетін болды. Салмағым 67 кг екен. Шықтым да жеңіп алдым. Кешке ертеңгі бодибилдингтен өтетін сайысқа салмағымды өлшеттім. Сөйтіп, кешкі таразыға мінгенде 65 келі болуым үшін біраз тер төгуге тура келді. Сол салмақ дәрежесіне әзер көшкен мен, келесі күні ҚР бодибилдингтен кубогын да ұтып алдым. Бұндай жағдай Қазақстанның спорт тарихында бұрын соңды болмаған еді.
Содан мен бодиге толығымен көшпек болдым. Маған бодибилдинг сайыстарында залда орнайтын жайлылық пен ілтипат атмосферасы ұнады. Сахнаға шыққан ұнады.

Сахна демекші, сахнада алған жүлде-сыйлықтарыңның қайсысы өзіңе ерекше қымбат?

Д.Ж.: Меніңше, әр қайсысының орны бөлек. Әр жүлдемді жатқа білемін. Әр медаль жаныма қымбат естелік.

«Көпшілік алдына әуретіңді бір жапырақ шүберекпен жауып сахнаға шығу, айнаның алдында керіліп тұру ерге ерсілік етеді» деген пікірлер бар. Сенің бұл әуестігіңе қарапайым «өлімділер» қалай қарайды? Көбіне тамсана ма, жоқ сынаушылар көп пе? Өзің ел арасындағы «моралисттерге» қалай қарайсың?

Д.Ж.: Енді спортшылардың арасында ондай пікірді көп кездестірмеппін, әзіл ретінде «тағы да айнаның алдында сыбанып тұрсың ба?» дейтіні болмаса. Ал спортқа қатысы жоқтарда ондай пікірлер айтылып тұрады. Бірақ, ол көбіне қызғаныштан туған әңгіме. Егер олардың денесі тап осындай болса, олар да айнадағы кейіпінен шошымай, ұзақ қараудан жалықпас еді. Жалпы, менің спортымда дұрыс тұрып, қозғала білу, өзіңді дүйім жұртқа ұтымды қырларыңнан ұсына білу сахнада өте маңызды. Сондықтан, бұл жерде ұтымды қырларыңды тану, ол үшін айнаның алдында әрбір позаны шыңдау да — біздің жаттығу барысымыздың ажырамас бөлігі. Ал айналамдағылар бұл әуестігімді негізінде оң бағалайды. Сондықтан, боди жөнінде хабары аз, біліктілігі төмендердің айтқандарын құлағыма қыстырмаймын.

Ежелгі грек атлеттерінің тырдай жалаңаш сайысатынын еске түсіріп, бір күліп едік жақында… :-))

Д.Ж.:Қой? Ондайын естімеппін. Бірақ менің бір ингуш шәкіртім бар еді. Ол юниорлар арасында ойланбастан сайысқа қатыса алар еді. Жалғыз іш киіммен шығатындықтан әкесі жібермей қойды!

Ал сенің спорттық жетістіктерің, не дене бітімің басқа тіршілік салаларында көмектесе ме? Шоу бизнеске, мысалы, шақырғандары болды ма?

Д.Ж.: Біздің кішкентай қалашығымызда қайбір шоу бизнес дейсің. Концерттерге жиі шақырып тұрады енді. Барлығы ерікті түрде бірақ, тегін. Бір-екі рет түнгі клубта сахнаға шыққам, әйелім өте-мөте қарсы болып, одан бас тартуға мәжбүр болдым.)))

Көшу жағын ешкім ұсынбады ма? Астана жақын емес пе?

Д.Ж.: Әлі ешкім «міне» деп ұсынбады, бірақ шақырып тұрады. Әсіресе, таныс спортшылар «бізге сен сияқтылар керек» дейді. Бірақ мен өз қалашығымнан кеткім келмейді. Оның үстіне, жақында ғана үйімді соғып бітірдім. Кішкентай ғана, бірақ өзімдікі. Екі жыл салдым өз қолыммен. Енді ол маған өте қымбат. Арманым сол еді бұрыннан. Кедей отбасынан едім ғой. Әйелім екеуміз бес жыл бойы жалдамалы пәтер жағалап едік. Енді екеумізге де жақсы болды)))


Жаныңның үйін де, тәніңнің үйін де өз қолыңмен соғыпсың, спорттан біраз табыс көрген шығарсың?

Д.Ж.: Қазақстанда «темір спортпен» байып кетуің неғайбыл.

Тәулігіне 5-6 рет ханзадаша тамақтану, арнайы азық-түліктер, спорттық қоспалар, жаттығу залына абонемент төлеу, мұның бәрін қосса — аз ақша емес қой! Олай болса, өзің бұндай өмір салтын қалай үзбей ұстанасың?

Д.Ж.: Әттең, сонда боп тұр ғой бар мәселе! Дайындық кезінде қаржы тапшылығы қатты қысады. Тек жақсы генетикалық багаж бен білімнің арқасында жеңіп жүрмін. Бұл енді Қазақстан ішінде ғой. Ал халықаралық деңгейге мен мына табысыммен ешқашан шыға алмаспын. Дайындық кезінде мен бәріне үнемдеймін. Жылдап жаңа киім алмаймын, қыдырыс-кафеге ақша жаратпаймын, т.б. Бар ойым — өзімді құнарлы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Сосын, әрине, ақшаны көбірек табуға тырысамын. Сапарларыма спорткомитеті ақша бөліп тұрады, кейде кішігірім сыйақы беріп тұрады. Ал дайындық тұтастай отбасымның бюджетіне қарасты.

Адам ретінде «темір» сені қалай өзгертті?

Д.Ж.: Ең алдымен өзіме деген сенімділік пайда болды. Әсіресе, нәзік жандыларға келгенде. Әрине, ерік күшім мен жігерім қатайды. Сайысқа дайындықтың нәтижесін көбіне осы қасиеттер анықтайды. Өмірдегі өз мақсаттарыма жетуге де көбіне сол ерік күші көмектеседі.

Бодибилдингте елеулі нәтиже шығарудан қай жастан бастап үміт үзуге болады?

Д.Ж.: Ешқашан үзбеген дұрыс. Бодибилдингпен үзбей айналысса, дене өзінің шыңына 35 жасында жетеді.


«Қу-шандыр» оқырмандарыңа не айтасың?

Д.Ж.: Штангамен отырып тұру, түрегеп тартуды ұмытпасын деймін. Осы жаттығулардың арқасында, адам ағзасы суперкомпенсацияны іске қосады, бұлшық етті қалпына келтіретін көптеген гормондарды бөле бастайды – содан денедегі барлық бұлшық еттің массасы өседі.

«Томпақтарға» ше?

Д.Ж.: Бұнда енді тек диета, басқасы көмектеспейді, аэробиканы көбейту керек. Бірақ,өйтсең, бұлшық ет дұрыс өспейді. Массаны өсіру керек, бірақ тәттіні мейілінше қысқарту керек, майлыны да кешкі астан құрту керек.

Жақсы. Антропометриялық өлшемдерің қандай? Мысалға, менің бойым 172см, салмақ 85 келі, иық 127см, кеуде 113см, бел 91см, сан 58см, қолым (бицепс) 40см.

Д.Ж.: Бойым 168см, салмақ 88кг, кеуде 120см, иық 127см, бел 88см, бөксе 100, сан 69, қолдарым 46см.

Мәссаған! Бұл қазіргісі ме әлде сайыстағы өлшемдер ме?

Д.Ж.: Қазіргісі. Сайыстарда аздау болады. Негізі мен табиғатымнан арықпын ғой. Сүйектерім жіңішке. Жаттығуды қойсам болды, арып кетем. Үй соғам деп үш айда 70 келі боп азып кеткем. Сайыстарда шамамамен өлшемдерім мынадай: белім 80см, қолдарым 43см, сандарым 65см.

Өзім бастағанда шамамен 63 кг еді салмағым.

Д.Ж.: Ал мен 56 келі боп бастадым.:-)))

Үмітсіз — шайтан дегендей, болашақта қанша салмаққа тартқың келеді??

Д.Ж.: Бір күні 100 келі салмақ дәрежесінде сахнаға шықсам деймін. Ол үшін маусымаралық кезеңде 115-120 келі болу керек.

Не дейд құрысын, «моторың» отырып қалмай ма бір центнерлік тұла бойға қан айдап?

Д.Ж.: Салмағыңды біртіндеп өсірсең, мәселен жылына 3-4 келіден қосып отырсаң, жүрекке жүк түспейді. Жасым 35-ке келгенше солай 100 келіге жетуіме болады.

Олай болса, сәттілік тіледім саған, амиго! Барлық салада жеңіске жетуіңе тілектеспін!

Д.Ж.: Сау бол! Саған да сәттілік!


(Суреттер және сұхбат мәтіні кейіпкердің жазба түрдегі рұқсатымен орысшадан аударылып салынып отыр)

Әңгімелескен Асқар Ахметулла ұлы
bk
Бөлісу:

118 пікір

satibaldi
Шынайы сұқбаттардың басы осы болсын. Жынды сұқбат, тақырып һәм суреттер.
asaubota
күшті сұхбат! сәтті шыққан, адамды жақсы танытқансың.
satibaldi
Күдігім нақтыланды. Шынымен, біздің елде тамақ әкелмейтін бодибилдингпен айналысу үлкен ерлік қой. Ресми спорт түрі де емес ең болмаса.
19852407
«мамммааа» дегеннен басқа айтарым жоқ…
19852407
Айтпақшы, жақында ғана жаттығу залына 10 жыл қатысқанымды тойладым!
түзетжіверсең, апптор

Қай қаланың ауасымен қоректеніп жүрген боп шықты сомен бұл зііігіт?
Gastarbaiter
Айтпақшы, жақында ғана жаттығу залына 10 жыл қатысқанымды тойладым!
Қай жерді түзетейін?
19852407
Ең болмағанда:
Айтпақшы, жақында ғана жаттығу залына барып жүргеніме 10 жыл толғанын тойладым!
десең, дұрысырақ сияқты
Сосын тақырыбын одан да қызықты етіп алуға болатын сияқты, қаламың білсін, әрине
Gastarbaiter
Тақырып нормально, кейбір журиктердің бес ешкі айдап, ысқырығы жер жаратындай болмай-ақ қойсын.
Ал сөйлемді түзетейін.
19852407
кейбір журиктердің бес ешкі айдап, ысқырығы жер жаратындай болмай-ақ қойсын
ыххахаха
Қалауың білсін, кітабыңды тездетіп шығар енді
Gastarbaiter
Шықса шығар, шықпаса спонсорлық еткен ақшаңды қайтарып берем ғой
19852407
 Слово не воробей…
Gastarbaiter
Ничто не воробей, кроме воробья
Gastarbaiter
Шын күтіп жүрген болсаң, шыдамдық танытасың деп ойлаймын.
Ministry
Гастарбайтер бауырым, қақпанға түсіп қап, өлім аузында жатса да шарылдап қоймайтын шакалға ұқсайды екенсің
Бұдан кейін әлгі өзіңнің аузыңмен айтқан болмаған нең қалды? «Ой, Гастеке!» демегендерді беттен алатын баяғыдан осындай құрысқақ-ұрысқақсың ба?
Gastarbaiter
Иә, мені иттұқымдастарына теңеп отырған бірінші поциентім емессің.
Бірақ, тап сен айтқандай сұмдық принципиалды емеспін. Қатемді көзіме шұқып көрсеткенде мойындап жүрмін.
Ал бұндағы мұртынан күлген цинизмге цинизммен жауап беру, бірін бірі қағытып отыру сайттың күнделікті тіршілігі емес пе, соншалықты күнә емес шығар?
Жазбама қатысты айтылған орынды сынды қабылдадым, түзеттім. Қабылдамағанымды негіздедім.
Тағы не сұрап отырсың, боғірем?
Ministry
Лібәәәә, құсқым кеп кетті, гейіңдіссс. Сұйсініп қарап, қол шапаттап отырғаныңа жол болсын, Қисық бауырым!?..
GulL
Неге? Ол да өнер емеспа, тек сымбатты денесін көрсеткені үшін гей болуы керек па
Gastarbaiter
Баланы «бала» деп жақсы көру мен педофилияның, қарттарды сыйлау мен геронтофилияның айырмашылығын білмейтіндер бар ғой, алаң болма
Gastarbaiter
Тәәк, Министр баняға бала кезінде әкесімен баруға жиіркеніп, шешесімен баратындардың пікіріне ұқсап кетті.
Енді «Лібә, мынау химик мутант қой, ертең бедеу болады наққа керек осылай» дейтіндерді күтейік
Ministry
 Вощым, не десең де айтып қалған ауыз ғой...
Жеке пікірімді өзгертпеймін де, нелеріңізді тықпаламауларыңызды сұраймын!
Вощым, Гастарбайыр жігітім, ертең сен де осындай болам дейсің бе?
Вощым маған, ыхххааа  … болып көрінеді. Айтпай-ақ қояйыншы  Мына жер қызыл ала қан болады әйтпесе
Gastarbaiter
Айта бер құқығыңа «жазба деп» қиянат қылмаймын. Бәріне ұнау міндет емес. Әжуа қылмаймын деп уәде бермейм бірақ.
qisyq
Сүйсініп, қол шапалақтаған қойня, ана суреттерді үлкен қылып цветной принтерден шығарып, жұмыс үстелімнің жанына іліп қойсам ба деп отырмын.
konvict
Әсіресе саған және маған керек ол
Aizhantabyn
Әдемі сұхбат екен! Вот красапчееееег
Gulistan
Асқар, жақсы сұхбат!
Келбеті аздап саған келіңкірейтін сияқты.
Менің бір сұрағым бар. Жарыстарға шыққанда арнайы крем жаға ма, неге денелері қоңырқай?
Gastarbaiter
Бұрын Шварцтың кезінде кәдімгі май жағып жылтырататын, қазір, бәрі әділ болсын деп қоңырқай түсті жылтыр крем жағады. Ол көрермендерден көрі әділ-қазылар үшін жасалады. Оларға осылай жағылғанда, ештеңе алаң болмай, әр бұлшық ет сапасын, терінің астындағы майдың көлемін анықтап, баға беру оңай болады.
bazuka
Асқар күшті сұхбат!  Бодибилдинг жасай берсін!
bazuka
Кітапқа бұл сұхбатты енгізесін бе?
Gastarbaiter
соңғы тарауға кіретін шығар.
Zhan
Мен мынадай денелерден ешқандай әдемілік көріп тұрғам жоқ. Қайта жиіркенішімді оятып тұрғандай. Тамырлары адырайып шығып тұр, наоборот қорқынышты сияқты. Денсаулыққа зиян емес пе бұл. Кейін қартайған кезде ана терілер салбырап қалмай ма?
19852407
Маған да бұндай жігіттер онша намайтын сияхты шо то
Ішіп отырған шайымды құсып қоя жаздадым
Gastarbaiter
Қорқынышты қорқынышты, салбырап қалады, бәрі қартайғанда сенің де бәр жерің салбырайд
19852407
вощым бәрібір салбырайды, онан да әдемі салбырасын десеш, философияңды
Gastarbaiter
Мен ештеңе дегем жоқ, тек спортшыдан сұхбат алдым.
Суреттегі жігіт саған секс ұсынып тұрғандай пікір қалдырасың, сұхбатты оқымай, адам денесін архитектуралық емес тек сексуалдылық жағынан бағалайтын болсаң мен кінәлі емеспін ғой
19852407
 Әй, неге күйіп-пісватсың?!..
Маған күлкі керек, аузымды қыздырмаш
Gastarbaiter
Журик болмасаң кешіре салар едім аңғалдығыңды. Ұялам да сен үшін. Мәдина Сәдуақасоваға күлеміз-ау.
19852407
Ия, андай дене ұнамағаны үшін сүйкімсіз болғандарымыз оптым «аңғал» бола салайықшы. Бұндағы «дорақ» жұртты қой, сен күчтісің ғой, Гастажаан-ау, оған сөз түгілі, талас бар ма
Gastarbaiter
Қой, «дорақ» дегеніңмен келісем, бірақ қанша жалғызсырасаң да «жұрт» деп өзіңді көпше түрде айтпа.
19852407
Сенің ұқтырғаның сол да көкем, сен күчтісің дедім ғой, қоя қой енді
Әлде бүгін тамақ ішпегенсің бе?
Gastarbaiter
Қойғаны нес, мен алдын ала осындай пікірталастарды болжап бір кітап аргумент, бір қап анекдот, без том афоризм, бір келі сарказм мен үш пятка цинизм дайындап қойғам. Жалтарма енді
AKY
андай денені ұнатпағаның үшін емес, сын айтқаның үшін сүйкімсіз болып отырсың
Gastarbaiter
Қате. Сенбесең, оның жазған «сынының» уақыты мен «суретке құсып қойған» уақытын салыстыр.
Білә, менің персонам ең керемет емес екенін өзім де білем, бірақ менің ойымда жоқ жаланы жауып зайбымды алмаңдарш нақ.
AKY
Салыстырдым. Әуелі сынын айтып, сосын құсыпты. Дұрыс қой енді.
Gastarbaiter
Дұрыстап салыстырсаң, мен қай жазудан кейін көңілім бүлінгенін байқайсың. А так, келісем, боқтан өзгеге ашуланып қажеті жоқ. Просто бұл спорт мені инвалидтіктен құтқарған. Бодиге қатысты сынды жүрекке жақын қабылдауым да содан.
19852407
Жүрегіңе терең бойлап кепті ме біреу, ішіңде не өліп жатқанын қойым біліпті ме?! И ваще, АКУ-дің, Админнің, Табынгерлстің, Талгатез, Шимайбектің, Абзалдың т.б. іштерінде де бір-бір қойдан өліп жатыр керек болса  
Жазғаның жазылд, енді ақталып шала бүлінбей-ақ қой
Gastarbaiter
Жазғаның жазылд, енді ақталып шала бүлінбей-ақ қой
Жарайды, қойдым. Сен де таусыла берме енді, менімен отасып, балаңның әкесі еткелі жатқан жоқсың ғой…
19852407
Құдай сақтасын
19852407

Неғыласың, вощым Gastarbaiter — жахсе бала
19852407
Ужс, мускулдарың былш етпейді-ау, былш…
19852407
Дұрыстап салыстырсаң, мен қай жазудан кейін көңілім бүлінгенін байқайсың. А так, келісем, боқтан өзгеге ашуланып қажеті жоқ.
19852407
 Оны ел түсініп отыр
Gastarbaiter
Түсініп отыр, бірақ барлығы соған қадалып отырған жоқ. Кейбіріне пофиг мысалы менің персонама да, адамгершілігіме де, олар тек еңбекті бағалап отыр.
19852407
Уот именно! Ты сам зациклился на своей персоне
Gastarbaiter
Менікі енді сүтпен сіңген «нарциссизм» ғой. Саған не крест жорығы деймін де?
19852407
менікі чисто из за принципа  
әйтпесе жаман үйреніп қапсың баяғыдан бері, Нарцисс цветогыңды тықпыштай берме маған нақ
Gastarbaiter
Мені тәрбиеге салам деп пе осының бәрі? Не деген жанкештілік. Одан да игнор қыла салмайсың ба?
Gastarbaiter
Сол принципыңа менің басқа тақырыптағы тәртібім мен журье туралы айтып жүргендерімнің қатысы жоқ па осы? Өз аузыңнан естиін.
«Жоқ, қатысы жоқ». «Тап осы мақалаға ерегесіп отырмын», десең қазбаламайм, сенем сөзіңе
19852407
«Тап осы мақалаға ерегесіп отырмын», десең
Байпағымды күлдірмеш!
Шаруам жоқ, қоймаймастан болмайтын нәрсені қаузап жыларман боп отырған өзің екенің рас. Мақала да сенікі секілді..., менікі болған күннің өзінде де өйтіп ұсақталатын әдетім жоқ. Жан-дәрмен болғаныңды түсіне алмадым Битке өкпелеп тоңымды отқа жағып қайтейін, көңілім баяғыдай
19852407
Журик болмасаң кешіре салар едім аңғалдығыңды. Ұялам да сен үшін. Мәдина Сәдуақасоваға күлеміз-ау.
Ойдай нәрсе айтып тастадың ғой, сабаңа түс
Gastarbaiter
Қап, зымырандарымды тасып қойып едім.
19852407
Журиктардың деңгейінде жазып алшы әуелі, сөйлемді дұрыс құрай алмай отырып. Вы с Мадиной два сапога пара
Gastarbaiter
Вы с Мадиной два сапога пара

Мадинаға маған жету қайда
Zhan
Кетші нақ. Сен жүдә қартайған шағыңда да барлық жерің тұрып тұратындай айттың ғой
Gastarbaiter
Бәре деген жоқпын ба, оның қасында кейбіреулер қартаймай тұрып салбырап жатыр ғұә
Zhan
оның қасында кейбіреулер қартаймай тұрып салбырап жатыр ғұә
Қалай сонда, түсінбедім.
Gastarbaiter
Шынымды айтсам, полемикаға түскім жоқ, айналысатын адам айналысады.
Айналыспайтын адам айналыспайды. Бірақ «Спорты ұнамайды» деп адамды балағаттау меніңше стереотипке берілу.
Журналисттерге әсіресе, сын деп ойлаймын жеткілікті ақпарат жинап алмай, тақырып туралы білімін жетілдірмей, радикалды пікір айту тілшілік профессионализммен үйлеспейтін құбылыстар.
Zhan
Обай-обай, өзі ренжіп қояды. Дұрыс-дұрыс, һәммәсі жөн. Енді Дәурен мырза жұртқа ұнамай тұр екем деп әрине өзінің таңдаған спортын тастап кетпейді, және өз кезегінде сіз де кітабыңызды тарс жауып кетпейсіз. Кім не десе о десін деп өз ісіңізді жалғастырасыз. Жүрік қо бізде тікелей маған бағытталмаса да «журик», «журье» деген сөздерді ыстықтамай-ақ көтеріп. Кісілігіңізге зияны тиіп кетсе кешіріңіз. А сосын біліп жүр, саған деген көңіл всегда  осылай.
Gastarbaiter
Ренжігенде, орынды ренжіп отырмын деп ойлаймын.
Маған деген көңіліңде емес боп тұр мәселе.

Жай, осы сұхбаттан адамдар тау боп үйілген бұлшық етті ғана емес, артындағы өзіндік адами мәселері бар, екі сөздің басын қоса алмайтын тупой качок емес, саналы адамды көре алса деп ойлап едім.
Ол іс қолымнан қаншалықты келгенін білмеймін.
Сондықтан, спортты емес, сұхбатты бағаласаңдар риза болар едім.
Әйтпесе тупой качоктар мен салбырап қалған Арнольд туралы боқжағыстар толып жатыр ғой интернетте.
Ренжу емес, жалығу, қажу басым.
monti
Ренжу емес, жалығу, қажу басым
Уаййй Гасть сұхбат жақсы шыққан, дауай осындай қызықты сұхбаттар ап тұр сәттілік!!!
Adiletshu
Күшті.

Айналысып жүрмін. Трапеция, қолтық асты, кеуде, қол бұлшық еттері өскен сияқты. Бірақ салмағым өспей жатыр.
Gastarbaiter
Сен де біз сияқты тырықтар армиясынансың ба?
monti
қанша айда өсті?
балдарда тез/тез нәтиже беретін сықылд ага  қызғанып кетем)))
мен сол тонуста болу үшін жұмыс жасаймын, әзірге қолымда нәтиже жоқ сияқты , бірақ арқам, мойын, аяқтарым сондай жеңілдеп қалды, рахат
Gastarbaiter
Балдарда бұлшық ет өсуіне тестостерон қатты әсер етеді. Жыныстық жетілу кезінде шыныққандар бір жылда Годзилла боп кетуі содан. Өкінішке орай дене шынықтыруды өмірдің бір бөлігі емес, тек бұлшық ет өсіру құралы ретінде көретіндер тастап кетеді. Нәтижесі сол салбырап қалу. Қанша әдемі үй соқсаң да, үздіксіз күтім болмаса, ол үй бытшыт боп кетеді.
Салбырап қалады дейтіндерге соны жеткізгім келеді.
Тіпті мәңгі Пирамидалардың өзін реставрация жасап, ремонттап тұрады ара тұра.
timurrr
Әдемі сұхбат! Біз сияқты "қу шандыр" армиясы сапындағылардың шабынан түртетіндей мақала екен. Рахмет, Гаста!
Gastarbaiter
Бір жыл, әрі кетсе екі жыл тұрақты айналыссаң, фундамент қалады. Одан кейін қалаған кезде «отпуск» алып, қалаған кезде қайта бастап бұрыңғыңды қайтарып аласың. Чемпион болу мақсат болмаса, 10-15 келі ет қосу қиындығы жоқ. Тер төгесің, бірақ ядролық физика емес бас қатыратындай.
timurrr
 әңгіме жоқ! Былай қарағанда сан рет естіп жүрген эдвайс. Бірақ, ойландырдың…
e_zhalgas
сұхбат әдемі шығыпты
satibaldi
БАҚ-тарда тағы он Гаста мен он бес Боқаш болса, қаззақтың өз ақпараттық кеңістігі қалыптасты деуге болар еді. Әттең, қолдың ұзын боп тұрғаны-ай(тура мағынасында)!
Gastarbaiter
Нақмет рақ, комплимент деп қабылдадым.
Жалпы кез келген адам өзіне қызықты салаға қатысты бірдеңе жазса, әдеттегіден көбірек ізденіп, шынайырақ болуы заңды шығар бірақ.
Karakyz
Ер жігіттерге үйлесімді, ал культуризммен айналысатын әйелдерді түсіне алмаймын. 
satibaldi
Неге?
Karakyz
Таңқалысыңызға қарағанда, шамасы, сізге ұнайды?
satibaldi
Құдай сақтасын нақ, құбыжық қатындар кімге ұнасын. Бірақ мен еркекпін ғой.
Ал саған неге ұнамауы мүмкін?
Gastarbaiter
Архитектуралық мағынада ұнамайтын шығар
Karakyz
Түсіне алмаймын ≠ ұнатпаймын

Бірақ бұдан ұнатамын деген қорытынды шығарып қойып жүрмеңіз, нейтральні. просты «түсінбеймін, Не үшін керек ондай фигура???» деген сөзім.
Gastarbaiter
Ей, оны түсіндім ғой.

Психологиялық тұрғыда шектен шығушылыққа қанағатсыздық итермелейді ма деймін.
Әжептәуір фитнесстен бастайды да, әрі қарай профилердің давай-давайымен кетіп қалады.

Қазір адамды классикалық сұлулықпен таң қалдыру қиын боп кетті ғой. Сондықтан неғұрлым шектен шыққан, неғұрлым фрик, неғұрлым басқа планеталық болған сайын көзге түсіп есте қаласың.
«Уау» факторға негізделген.

Өлесі арықтап, ішкен жегенін құсып тастай беретін ауруға ұшырағандар да бар ғой модельдерге еліктеп.
Екеуінің арасында бір көрінбейтін ұқсастық бар.
Karakyz
Түсінуге тырыспай ақ қояйын оларды

А так, Сатыбалдыға қаратып айтқанмын ананы.
Gastarbaiter
Не үшін керек ондай фигура???
Мен онда мына сұрақ маған бағытталды деп ойладым.
19852407
Сөйтіп басын ашып қой. Әйтпесе сен де кобралық нападкаға тап болуың мүмкін ойламаған жерден
Gastarbaiter
Әлі басыла алмай жатырсың ба… жарайды. Кешірш а?
19852407
Әй, мен негізі вощем-то әлі оталып та үлгермегем , сен қоймағасын поддерживайттап жатқаным ғо, бәрібір жазатынын анық боп қалғасын
Мен саған әлі өкпелеп те үлгірмегем, чет ерте сұрап қойдың ғой кешірімді  
А так, сен журье деп айтты екен деп, Жансая мен Конвикт профессияларын урнаға лақырып кетватқан жоқ қой, бодиподиумыңды сен де бағындыра бер солай, кез-келген пікірге ренжісең әнеу бисепцларыңнан нең қалады
Gastarbaiter
А-а-а, сен бе? Қалайсың, Мазох бабаның үметі.
Gastarbaiter
Мұнда бастысы шегін білу сияқты.
konvict
Мыналарды қоя берші, бізде көп емес шығар. Бокске қатысып жүрген қыздардың өзіне жақындауға батпайсың ғо
a63a1
лібәә мына қыз ұнайд, Елестетіңдерш анау бицепсінен сүйіп алсаң ия?
Adiletshu
Бицепсі базар жоқ екен
Gastarbaiter
Профессионал Культуризм шынымен де әйелдің жұмырлыққа толы мүсінін еркектендіріп жібереді. Өйткені, профи әйелдер гормоналды препараттар қолданады. Құбыжық боп кетуі содан.

Бірақ, әуесқой культуризммен айналысатын қыздар тек борпылдақ жерлерін «серпімділеу» етеді. Болды. Препарат қолданбайтын әйелдікі ешқашан шамадан тыс өспейді. Табиғат ондай мүмкіндікті қарастырмаған оларға.

Сондықтан, химиямен дос болу ойыңызда жоқ болса, еш қорықпай кейбір жаттығуларды жасауға болады. Мысалы, отырып тұру — как раз құйрықтың (көрші тақырып) жұмырлануына әсер етеді.
Жим, тяга, бицепстің спортсмен емес қыздарға қажеті жоқ.
omarbirat
Бұлшық етті базар жоқ жасапты. Сәттіліктер тілеймін

Бұл амиго қозғалыс жылдамдығы, ширақтық пен икемді жоғалтпау үшін жыбырлайтын спорт түрлерімен де айналысып тұратын шығар иә?
Gastarbaiter
Астынан бастап оқырсың, бырат.
Аударуға үлгермей жатырм. Бір ағадан шабашка алып қойып едім.
Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:26)
не обязательно бегать, можно и плавать, и вело, и эллипс, хоть что, главное чтоб аэробная нагрузка была

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:26)
Может интенсивная ходьба

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:26)
развиваться то можно всесторонне. но в спорет приходится выбирать, потому что одно может исключить другое

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:26)
Бегать не вредно при множественных грыжах?

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:25)
делаешь растяжку общую, и аэробику для выносливости, вот и все что нужно для жизни

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:25)
Ну типо разносторонне развитие личности, Ницсше ит.д

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:24)
а зачем скорость и гибкость нужна? если для какого то другого спорта, то ладно, а в жизни что скорость что гибкость не сильно то и нужна. Не думаю что целью жизни является иметь скорость и гибкость. Кому что нравится тем и занимаются.

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:24)
Я всю жизнь один качаюсь. Бывало на приседе не осиливал и падал на жопу

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:23)
Понятно. Ты один качаешся или с напарником

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:22)
я вот тоже легкой атлетикой занимался. но не мое это по любому, хотя до сих пор три метра с места могу прыгнуть

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:21)
Тем более без тренера: Күлдім:

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:21)
Вобщем, есть предел дальше которого расти без ущерба скорости и гибкости уже трудно

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:20)
не, ну это понятно. Паркурщику это надо. Может у него талант к этому, а если его нет. зачем жопу мучить.

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:19)
Вобщем, нрав у меня такой, за всеми зайцами ожновременно успеть пытаюсь

Askar Bazarbay (14.01.2012 01:19)
Да уменя друг появился паркурщик, так он начал втирать, что нафига такое тело если им на должном уровне не владеешь

Даурен Жансеитов (14.01.2012 01:19)
нифигасе. вот там то ты точно мог себе хоть что заработать)))
omarbirat
timurrr
Жұрт спорт туралы айтып жатса, пибісі нес?
zholantai
таңдаулы тақырыптар қатарына қосып қойдым, рахмет Гаста!
Gastarbaiter
Лібә, біздің қазззақ әлі де болса, түсінбейд бұл спортты.
Жақында ғана осы бауырым Ресейге барып, Орыс Федерациясының кубогын да жеңіп қайтты.
Дәурен өлім мен өмірдің арасында жүред, әуесқой емес, кәсіпқой болған соң препарат та кетед зиянды, өлермен жағдайға жеткізетін диетаға да отырад үш айға.
Жарысқа өз ақшасына барад, өз ақшасына дайындалады.
Нағыз фанат деп осыны айт.
zholantai
Дәурені жүре бергей, Дәуреннің! Аз қазақтың атын шығара бер!
Adiletshu
Базар жоқ. Денесі құшті
berik
Әңгіме жоқ, шетелден алып келіп актер жалдағанша осы жігіттерді киноға неге түсірмейді екен?
bizbike
Қанша жігер керек дешиш мынаған. Ешкімге тілемсектенбей бәріне өз күшімен қол жеткізгенін айтамын да. Өзі үй салған, өзі шыныққан, өз ақшасына жаттығады. Осындай адамдар көбейсе.
Соңғы түзету:
mampasi
HitTV арнасы 156 студия бағдарламасының бүгінгі темасын бодибилдингке арнапты. Үш жүргізуші отырып Қазақстандағы бодибилдинг, оған халықтың қызығушылығы немесе спорт агенттігінің қолдауы сияқты, жәй ғана қарапайым Қазақстандағы бодибилдинг жағдайы деп бір мәселе айтпады. Тек оның сонау жылдардан бергі тарихы, яғни Европа мен Америкадағы жағдайын одан қалды баяғы Шварцты айта берді. Интернетті ашып алып сол жердегі шетелдік бодибилдерлердің суреті мен видеосы, солар жайлы ақпаратты ғана толтырып алған. Әйтеуір студияға Ақбар атты жігітті шақырғандарына рахмет. Не осы Дәурен не Қазақстаннан шыққан тұңғыш чемпион қыз Дәния жөнінде бір ауыз айтпады.