"Тодлер Уоркаут" жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Армысыңдар, достар!

Соңғы уақытта жаттығу залымның жабылып қалғаны, жұмыс орнымның барлық өркениет ошақтарынан шалғай жерде орналасуы бейдәстүрлі жаттығу тәсілдеріне қызығушылығымды оятты. Жұмыста арнайы жабдықтардың орнына кәдеге түрлі құбырларды, бөренелерді, тіреуіштерді жаратсам, үйде батпанның қызметін балаларым атқарды. Бірақ, осы тұста жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жаңалығымды жар салмас бұрын, фитнес қауымдастықтарын аралап, балаларын штанганың орнына қолданатын әуесқойларды іздегенімде, жалғыз емес екенімді білдім.

Әрі қарай

Бодибилдермен сұхбат. Дәурен Жансеитов: "Табиғатымнан арықпын"

Еліміздің ең үздік сомдалушыларының (бодибилдерлерінің) бірі Дәурен Жансеитов жайлы бұрыннан көбірек білгім келетін. Тек атлет ретінде ғана емес, жалпы тұлға ретінде де қандай екені маған қызық болатын. Өзімен танысып, әңгімелесіп, сұрақтарымның барлығына дерлік жауап алудың сәті жуырда ғана түсті. Уәде еткенімдей, жеті бетке созылған сұхбатымыздың қысқартылған версиясын назарларыңа ұсынамын.
Әрі қарай

Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!

Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда
Әрі қарай