"Тодлер Уоркаут" жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
![](http://kerekinfo.kz/uploads/topics/preview/00/01/26/42/8402e385b3_900x600crop.jpg)
![Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/31/f1a054.jpg)
Армысыңдар, достар!
Соңғы уақытта жаттығу залымның жабылып қалғаны, жұмыс орнымның барлық өркениет ошақтарынан шалғай жерде орналасуы бейдәстүрлі жаттығу тәсілдеріне қызығушылығымды оятты. Жұмыста арнайы жабдықтардың орнына кәдеге түрлі құбырларды, бөренелерді, тіреуіштерді жаратсам, үйде батпанның қызметін балаларым атқарды. Бірақ, осы тұста жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жаңалығымды жар салмас бұрын, фитнес қауымдастықтарын аралап, балаларын штанганың орнына қолданатын әуесқойларды іздегенімде, жалғыз емес екенімді білдім.
Америкалықтардың нені де болса жүйеге келтіріп, оны әлдеқандай етіп, барынша насихаттайтыны бар емес пе?! Алайда, жарты сағат вебшолу нәтижесінде түсінгенім — «Тодлер Уоркаут» таза энтузиасттардың туындысы. Жалпы баласын аспанға лақтырып көрмеген, арқасына мінгізіп «ат» болмаған ата-ана жоқ шығар. Әйтсе де, баламен жаттығудың нақты бір жүйесін таппадым. Қызығы да сол шығар, әр адам баласымен өз қалауы мен ыңғайына қарай жаттығу тәртібін жасай алады.
![http://www.mumbadance.com Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/37445b97d1.jpg)
(cурет көзі: www.mumbadance.com)
Иә, «Тодлер Уоркаут» (Тoddler — ағылшын тілінен аударғанда 1-3 жасар бала дегенді білдіреді) әу баста АҚШ-та бала бағып, қолы байланып отырған үй шаруасындағы келіншектердің сымбатын сақтау амалы болған. Бұған қарамастан, мен бұл жаттығудың сүйкімді әдісін ерекше ұнаттым және оған кемінде бес себеп келтіре аламын:
1. УАҚЫТ
Әдетте, қарбалас адам баламен аттракциондарға баруға, дене шынықтыруға, үйде баламен ойнауға уақыт таппай әлек болады. «Тодлер Уоркаут» арқылы бұл "қояндардың" барлығын бір оқпен атуға болады.2. ӘРІ ОЙЫН ӘРІ ЖАТТЫҒУ
Меңіреу темірмен жаттығу мен баламен жаттығудың арасы жер мен көктей. Баланың шаттанған күлкісі жаттығудың бірсарындылығынан ештеңе қалдырмайды.3. БАЛАНЫҢ ӨЗІ МОТИВАЦИЯ
Бір рет бой үйретіп алған бүлдіршін сені (құдды жеке жаттықтырушың сияқты) жаттығуды әдеттегіден көбірек жасауға үгіттейді. «Тағы да көтерші, бапа-ау» деп, ақ тер, көк тер болғаныңша артыңнан қалмайды.4. ҮЛГІ-ӨНЕГЕ
Маған қарап, балаларым жастайынан салауатты өмір салтына дағдыланады.5. БАЙЛАНЫС
Бала мен ата-ана арасындағы байланыс нығайып, өзара түсіністік пен сенім күшейеді.Жалпы маған да ұнады, балаларға да ұнады. Ендеше, қалай мен бұл трендтен құр қалғанмын? Неге бұрын білмедім?
Меніңше бұл құбылыс «Кроссфит», «px90», «TRX ілмектері» сияқты патенттелген тәсілдерімен қоса, өзінің жаттығу жабдықтары мен белсенді қоспаларын нарыққа тығып, қалтасын қампайтуды көздеген, ысқырығы жер жарған коммерциялық жобалардың тасасында қалған. Баладан басқа ешқандай арнайы құралдарды қажет етпейтін жаттығудың бұл түрін бұрын-соңды естімегенім де, көрмегенім де сондықтан шығар.
«Күнәмды» шаю үшін төменде балаңызбен жасауға болатын жаттығуларды негізгі бұлшық ет топтары бойынша жіктеп, назарыңызға кішігірім нұсқаулық ретінде ұсынамын. Кей жаттығуларды ыңғайлы орындау үшін баланы жаялыққа құндақтауға болады:)
(ЕСКЕРТУ! Кей жаттығуларды үйрену үшін уақыт керек. Баланы құлатып алу қауіпінен сезіктенсеңіз, еденге жұмсақ көрпе не көпшік қойғаныңыз жөн. Барлық жаттығулар баяу ырғақпен, артық жұлқусыз, сілкусіз жасалады.)
![Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/e7cffa.jpg)
Біз дайынбыз ендеше. Бастаймыз ба? Кеттік!
Арқа, жауырын және бел қатайтатын жаттығулар
![бел жаттығулары Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/16da6d.jpg)
Тұра тарту-2 (жаялықпен)
![жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/071436.jpg)
Баланы еңкейе тарту (жаялықпен)
![жаттығулар Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/b28852.jpg)
Баланы тігінен тарту (жаялықпен)
![жаттығулар Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/a98f54.jpg)
"Қайырлы таң" немесе баланы арқалап, еңсе көтеру
![жаттығулар, баламен Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/2200a6.jpg)
Төс, кеуде бұлшық еттерін шынықтыру
Баланы жатып көтеру (тура мағынасында:))
![баламен жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/394df8.jpg)
Баланы арқалап, еденнен серпілу («отжимание»)
![отжимание, серпілу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/394fd4.jpg)
Баланы арқалап, тереңнен серпілу
![бала, жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/e698c8.jpg)
«ПУЛОВЕР». Жайдаққа жатып, басыңның артынан баланы жоғары көтеру.
![бала, жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/87306f.jpg)
Қол бұлшық еттерін қатайту
Бицепс күшімен баланы көтеру
![бицепс, жаттығу, бала Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/def16b.jpg)
Трицепс күшімен баланы көтеру
![трицепс, жаттығу, бала Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/066061.jpg)
Иық бұлшық еттерін шынықтыру
«ШВУНГ». Баланы төбеге серпе көтеру
![баламен жаттығу9 Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/2ead61.jpg)
Баланы сығымдап көтеру
![бала, жаттығу 10 Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/944be1.jpg)
Аяқ бұлшық еттерін қатайту
Баланы мойынға мінгізіп, отырып тұру
![отырып-тұру Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/c23599.jpg)
Алма-кезек аттап, бір тізерлеу
![toddler workout Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/7415a6.jpg)
Қарынның текше еттерін қатайтамыз
Бүрісу №1![пресске жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/a3fee4.jpg)
Бүрісу №2
![пресске жаттығу Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/96f750.jpg)
Әлқисса, екі «тодлердің» әкесі ретінде және темір-терсектің түзелмес тентегі ретінде батыстықтардың бастамасын пайдаланып, биомеханикалық қисынға сүйеніп, қауіпсіздік ережелерінен ауытқымай, аз-мұз қиялға ерік берсем, әуесқой аналардың жаттығуларын тепсе темір үзетін дүр жігітке де ыңғайлауға болатынын сеземін. Меніңше, ер адамға батпантас болатын баланың жасын 1-3 жаспен шектеу міндетті емес.
Сондықтан, бұзауы өсіп, өгіз болғанша арқалап, стадионды айналатын әлгі грек балуаны Милон Кротонский секілді, сіз де балаңыз балиғатқа толып, өгіздей болғанша арқаласаңыз болады. Қарап жүрмей, елуге кеп, Олимпиаданы бағындырасыз ба, кім біліпті?!
![http://brainant.net Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/01/29/2014/05/30/908d6232fd.jpg)
(сурет көзі: brainant.net)
Суретке түсірген: Альмира Камзанова
Назар аударып оқығаныңызға рахмет!
Ана сүлгіге/орамалға оралған бала сусып түсіп кетпесін!!!