Жаттығу аталары: Тұра тарту


Тұра тарту (становая тяга,deadlift) — бұл жаттығуды штангамен орындайды. Бұл жаттығу пауерлифтинг дисциплинасының үш негізгі жаттығуларының бірі. Орындалу ережелерін бұзбаған жағдайда, бұлшық ет дамуына сұмдық импульс береді. Адам еттерінің каркасы мен іргетасын нығайтады. Тұра тарту — бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, техникасына мұқият көңіл бөлуді қажет ететін күрделі жаттығу. Бұнда дененің барлық еттері іске қосылады. Артқы еттер көтеруге, алдыңғы еттер салмақты тұрақтандыруға қатысады.
Төменде Бенедикт Магнуссон жабдықсыз тұра тартудан рекорд қойып жатыр. Штанга салмағы 442 кг.
Менің көрсеткішім бұдан 4 есе кіші)).



сурет:www.worldfit.ru
Бөлісу:

3 пікір

Nurzhol
Штанганы көріп есіме түсті. Әкем 17 жасында мастер спорта алыпты осы штангадан. Жасында жасайтынын жасап, асайтынын асап кеткен адамдар сирек. Аман жүрсін.
Gastarbaiter
қазір айналыса ма бірдеңемен?
Nurzhol
Қазір спортпен айналыспайды.