4,5 айдағы нәтиже

Тренажерға барып жүргеніме 4,5 айдан асты. Арық, дым бұлшықет жоқ болатын. Қазір шүкір, бұлшықеттерім кішкене өскені байқалады. Бұрын кішкене семіріп алған соң тренажерға барам деп жүретінмін. Бірақ, уақыт өтсе де cалмақ қосқан жоқпын.Темір--терсек көтергелі бері салмағымда кішкене өсті. Киімдер қонымды тұратын болды.:)

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: 4,5 айдағы нәтиже

Бұрын комптын алдында көп отырғанда, көп жүргенде, қатты шаршағанда белім ауыратын. Тренажерға барғалы бері қойды.

P.S. Менің жаттығу туралы сұрақтарыма жауап жазып, көмектескені үшін Гастарбайтерға рахмет!
Бөлісу:

98 пікір

asaubota
қарынды тез кетірудің жолын айт
Adiletshu
Жүгіру керек шығар
AL-ASTER
Пресс качать ету керек шыгар
AKY
обруч айналдыр
asaubota
өзімді обручпен елестете алмадым. одан да өзімді басқа құрдастарыммен салысытырп, шүкіршілік етіп жүре берсем қайтеді пибімді ішіп?
sigma
Сондағың Алдекен бе?
asaubota
шүкір, құрдасқа баймыз ғо
Zhan
Алдекең сол фигурасымен Алдекең боп тұр. Оны басқаша ваще елестете алмаймын.
Gastarbaiter
Алдекеңнің тартымдылығы фигурасында емес екені анық.
Жалпы тұлғалық харизманың фигураға қатысы миф. Алда жалда мақсат қойып артық салмақтан құтылса, кеңдігі азайып қалады деп ойламаймын.
Zhan
Жалпы тұлғалық харизманың фигураға қатысы миф.
Орынды уәж, бірақ тақырыптан сәл ауытқиын деп тұрмын, бірде бір жігіттің түр-тұлғасына, сын-сымбатына сырттай қызығып тұрғам ғо, сөйлеп қалған еді, ана жігітке деген «кәйібімнің» бәрі қашып кетті. Даусы деген жіп-жіңішке, ана денесіне түк лайық емесін көріп, өзім біртүрлі боп қалдым. Айтпағым, адамның даусы сыртқы тұлғасына лайық болу керек сияқты.
Gastarbaiter
Лайық деген неғұрлым дәу болса, соғұрлым жуан ба? Жалпы шіңкілдеген дауыстар жағымсыз ғой адамның көлеміне қатыссыз.
Бірақ сонда да шанс беруіңіз керек еді. Мүмкін ол гүрілдектерді бір шапалақпен ұйқтатып жүрген боксер шығар.
Енді пікіріміз болса да оффтоп қой, бірақ тым болмаса, дауысы жіңішке жігіт қалай дауысын жуандатуы керек, немесе қырылдаған жігіт қалай Бандерас сияқты дауыспен сөйлеуді үйрене алады, соны айтсаңыз, меніңше пікіріңіз біраз адамға пайдалы болады.
Aldeken
мақсат қойып, коланы қойып, тексеріп көрем ау дим, кеңдігім азаятын, азаймайтынын…
әйтпесе, салмақ пен бойдың сәйкестігі туралы постқа кіруге ұялып қалдық қо, стереотиптеріңдіссс…
Gastarbaiter
Ең болмаса бұдан артық толмай, подвижный болуға тырысқан дұрыс.
Сұлулықтан көрі, жүректің қамы үшін.
Daniar-Alan
Алдекең сол фигурасымен Алдекең боп тұр. Оны басқаша ваще елестете алмаймын.


… елестетіп көріңіз…
Adiletshu
пропорцианалды емес.
Gastarbaiter
Аяқтары суреттің екінші жартысынан бастала ма, әлде үшіншісіне дейін осылай ма?
Daniar-Alan
аяғын көргің келіп жатыр ма?
Gastarbaiter
Қандай мақсатпен сұрап отырсың?
Daniar-Alan
егер қызықсаң сала салайын
AKY
десе де, белі қылдай, жауырыны қақпақтай болып қалыпТ.
19852407
алмұрт секілді…
Korkem
ибәй мынау сіз ба?
AKY
ойың кетіватыр ма?
Korkem
аздап))
Adiletshu
Жекеге номеріңізді жажіверіңіз
Aikona
данныйлар болса десейш
konvict
И не дид мынау?
Korkem
үйййй сен қайдан шықтың?
мен жәй әзілдеп… мммм
AKY
ақталма оның алдында, жоғалнақ деп отыра бер.
Korkem
муахахахахах у іш Абай Отар
VKM
Сыра ішпеңіз, админ ағашка)))
Gastarbaiter
Обруч айналдыру бұлшық шынықтыра қоймайд, бірақ биге қатыссаң такт сезімін арттырады деген ойдамын.
Пиворасттарға сыра туралы арнайы қарын кетіру жүйесі жоқ, сондықтан сыраны азайтып, кәдімгі өлімділер сияқты жеңіл жүгіруден, немесе күніне кемінде төрт бес км жаяу жүруден бастауды рекомендеймін. Есесіне сырамен бірге берілетін чипсы, чечел сияқты боқ тамақтың да мөлшері азаяд.
ПС. Әділет, суретің көрінбей тұр, кешке бағалайм компқа жеткен соң)
konvict
Бұқақақа, мынаны сен екне деп отырсам. Әділет екен ғо
Gastarbaiter
Жаза туралы тақырыпта да Әділеттің жазбасын мен деп шатасып едіңдер. Әділдік үшін мойындау керек Әділет жазалауды менікінен әлдеқайда жақсы жазды)))
AKY
сен ғой оған жазып берген
AKY
маған да емдел деп айтпашыыыы
Gastarbaiter
Медицина қауқарсыз ба деймін сіздің жағдайыңызда
Gastarbaiter
Сурет арқаңды көрсетуге арналғанымен қолыңның сырты, иықтарың, мойыныңның қапталдарды жөнге кеп қапты. Үш-төрт айда осылай шығарсаң, ішіңде алып ұйқтап жатыр екен. Жолың болғанда көптікіндей майдан құтылу мәселесі жоқ екен. Арықтарға шынықса арқасы үшбұрыш боп шығады.
Алған бетіңнен қайтпа, аяқ шынықтыруды ұмытпа.
Кейбіреулер көрінетін ғана жерін шынықтырып, аяқ шалбар ішінде деп оған мән бермейд. Қыздарға ұнайтын әдемі торс өз алдына, ал белден төменгі еттер адамның бұлшық еттерінің алпыс пайызын құрап, денеңнің фундаментін құрайды. Аяқ мықты болса, анау мынаулар сені жұлқи алмайды.
Бастысы құтырма, яғни күшіңді асыра бағалап, бірден тым ауыр салмақтарға секірме. Фитнес пен бодикте қоянды тасбақа жеңеді. Қолданатын зілдеріңді баяу да сенімді көтер.
Беліңді абайла, темір арқаны емдей де, зақымдай да алады. Барлығы сенің қауіпсіздік ережелерін сақтауға байланысты. Бодибилдинг ақымақтарды кешірмейд. Әр жаттығуды жарты салмақпен қыздырынудан баста.
Белден кетсең, біраз уақытқа істен шығып қаласың.
Сосын не ғой сенің бойыңдағы өзгерістер көп кешікпей киім сыртынан біліне бастайды, сынайтындар, азғыратындар, «дәрі ішед шығарсың» деп көре алмаушылар көбейеді. Оны қалыпты жағдай деп, прогресстің көрінісі деп қабылда. Адамдардың көбіне танысының өзгергені ұнамайды.Әсіресе, жақсы жағына қарай. Сондай-ақ, дамбал көйлектеріңді брәтчкаларға тегіс таратып беруге, сүйікті джинсыларың тігісінен сөгіле бастауына дайын бол.
Сосын қыздардың «ух ты, ұстап көрсем бола ма?» Деген сияқты бейкүнә комплименттеріне басың айналып, мақтана жөнелме. «Мен де ұстап көрейінш» деп өзіне қаратжвер.))))
Пока, осы ғана. Маңдай теріңнің нәтижесі феномен емес, үзбей айналысқан әрбір адам қол жеткізе алад. Өкінішке орай ең қиыны да сол. Ал сен әзірше ол қиындықты жеңіп жатқан секілдісің. Сәттілік!!!
sammita
міне қалай бағалайды, ақыл қосады біздің Гаста
vebred
Мәссаған… мына жазбаны оқып өзімнің де сымбатымды сынатып алғым келіп кетті ғой… ))) тәпштеп жазғаныңа қарағанда қыздарға арналған да арнайы кеңесатерің бар шығар… личкана сурет жіберсем таңқалма))))
Aya
Ұстап көрсе ғооой))))
VKM
  Aya,қатырдың)))
GulL
 енді кубиктеріңіздің сүретін салжіверсеңіз
Gastarbaiter
Айтпақшы, Әділет, дайын бол, ескертпеді деме, мынандай комплименттер педекеңдерден түсіп тұрад)
GulL
қандай мындай??  менин комментімді айтып тұрсызба??
meirzhan
Тақырыпқа қатыссыз: жалпы 1-ақ күнде барлық устойлар құлап, қолданушылар жас категориясын көтерген сияқты.
araika
Осыдан біраз уақыт бұрын идеал дене таптым Бойы 180-нен кем емес, кеудесі бар-жоғы 30 см-дей жігіт (әсіресе жабысқан свитер кигенінде) өзіне еріксіз ғашық етеді Ал, жоғарыдағы суреттегідей денелер ұнамайды, яғни бұлшықет өсіру дегенге қарсымын.
Gastarbaiter
Негізі дене шынықтыруға арналған қауымдастықта қыздардың сексуалдық талғамын талқылауды құптамаймын, бірақ, тіпті соның өзінде кеудесі отыз см ден аспайтын тіршілік иесін көргім кеп кетті.
Мен білетін дистрофиктердің ең ауыр хәлдегілері кемінде алпыс см кеудемен мақтана алады.
Фото в студию!)))
a63a1
Кеудесі 98 болатындар да дистрофикпе?
Gastarbaiter
Военкомат не дейді?)))
a63a1
теңге теңге теңгелер, саған жоққой тең келер дейді
Gastarbaiter
Жаттығу залында 80 пайыз жамағат «подснежниктер».
Жаз жақындағанда ғана денелері есіне түсіп, тырмыса бастайды.
Бір айдан артыққа созылмайд энтузиазмы.
Бәрі спортик болу міндет емес.
Өзіңе шынығу процессі ұнамаса, тек қыздар қарасын деп, немесе мода қуып ұнамайтын тірлікпен айналысудың мәні бар ма?
Тер шығарудан кәйф алатын адам ғана залда бір жетістікке жетеді.
Ия, әуесқой болсаң да, аз-мұз мазохизмсіз өнбейтін іс.
a63a1
Бұл тірлік әлбетте ұнайды өзіме
Жалқаулық қана кедергі. Ал егер ұнамаса әрине мәні жоқ
araika
Біз фотоға түспейміз
Көз мөлшерімен алынған өлшем ғой, соншалықты арықтығын мектептегі ең ұзын сызғышымызбен дөңгелектей алдым.

Сексуалдық талғамды сөз еткім келмеген, сондықтан да идеал мүсін деп алып, оның барлық адамға ортақ екенін ойластырған түрім ед
Gastarbaiter
Әйелдерге де еркектерге де бірдей??
araika
Иә, аталған көрсеткіштің болуы міндетті емес, бойшаң әрі арықтау болғаны жөн. Табиғатымнан толық адамдарға қаспын
Gastarbaiter
Бұл жерде арықтық пен толықтықпен күресу жолдары талқыланады, оған душар болған адамдармен күресу емес. Толықтыққа қарсылық пен толық адамдарға қарсылық мүлде бөлек ұғымдар.
Simona
Суреттердi «до и после» етiп қойғaныңдa тiптi күштi болaтын едi. 4-5 aйдың iшiнде осындaй бұлшық ет қосу… Шудa тренaжерный зaл қaй жерде бaр?
Adiletshu
Запад
Simona
Зaпaд? Aнық aдресi қaндaй? Aқысы қaншa?
Adiletshu
Қонаев көшесі мен Шакиров көшесі ортасындағы дворда, моншаның ғимаратында. Ажар жақта. Айына 3000
Simona
Қыздaрғa aрнaлғaн бөлiмi жоқ пa?
Adiletshu
Арнайы өйтіп бөлінбейді. Қыздар келеді. Күрес залында жаттығады.
Adiletshu


Мынау 1,5 айдай боп қалған кез
Adiletshu
Күрес залы осы жер
Gastarbaiter
Арықсың мұнда. Бірақ ет қосуға генетикалық бейімділік бар. Сүйек құрылысың сәтті біткен. Кең иық, жіңішке бел. Қазіргі алдыңнан түскен сурет бар ма?
a63a1
Қазіргі алдыңнан түскен сурет бар ма?
 Іштей: — Гаста давай давай тағы тағы осылай осылай біраз жерін көріп қалармыз деп қыз қауымы тыпыршып отыр
Simona
Ерiнгендерге мынaдaй вaриaнт бaр.

Gastarbaiter
АҚШ азаматтарының бір бөлігі өте ақылды, бір бөлігі малдан топас екендігінің тағы бір көрінісі.
Gastarbaiter
Комплекске белшесінен батқан ақымақтардан ақша сыпыруға арналған мазақ))))
Ауылда да сондай үнемі арзан, жеңіл, сапасыз жол деп қалтасынан қағылатын лохтар көп. Сатсаң өліп өшіп алад ананы.
Мынаны қолданғанша,
Одан да бірден пышаққа жатып, көт бұттарыңа силикон құйып
алыңдар. Қымбат емес, бесжүз доллардай деп естігем.
Қоғамға сайқымазақтар да керек.
monti
қызғасың/қызғанасың, но мойындау керек балдар нәтижеге тез жететін сықылд спорт залда
мен 1 жыл қатыстым, нәтиже жоқ қазір хаос біраз спорт залдан демалғанды жөн көріп тұрмын.
a63a1
Gastarbaiter
Соңғы кезеңінде қолтығының жүнін қыруға тәуекел қылған сияқты.
a63a1
сосын диетаға отырған ба бірдеңесі бар
Adiletshu
www.beu.kz/blog/shynygu/16.html

Жігіттер, мына жаққа өтіңдер
mercedes
Әлі де қатысып жүрсің бе Әділет? Қазір қалай бұлшық еттерің?
Adiletshu
Бармағалы 3 ай болды. Жұмыс көп боп кетті. Сосын күн ыстықта желание болмайды. Жаттығуды қойсам аза бастаймын. Оразаның әсері бар біраз салмақ тастадым.
ken
Жаттығуды бастаған кезіңдегі мен қазіргі салмағың қанша?
Adiletshu
Бұл посттың жарялалғалы бері 2,5 жыл уақыт өтіп кетті. Мына суретте салмағым 60-тың төңірегінде. Бастағанымда таразы түспедім. Шамамен 54 болған шығармын. Биыл көктемде салмағым 65-ке дейін барды. Қазір азып, 60-қа қайта түстім
Gastarbaiter
Там салу оңай емес.