Алғашқы дәнекерлік тәжірибем
Әуесқой дәнекерші жабдығын («сварка») сатып алғалы бері алғашқы еңбегім.
Қағаз бен «клаваны» балға мен орақ қылып жүрген маған шынымды айтсам дәнекерлеу кәсібін үйрену қиынға соқпады. Әрине, әлі біраз үйрену керек.
Міне держакты қолыма алдым, ішіне электрод салдым. Қысқашын бір кесек темірге бекіттім. Тоққа қостым. Қараңғылатқыш пен қолғапты кидім.
Жұмыстағы сварщик шал үйреткендей, әлгі кесекке бір екі рет ұрып көрдім.
Сатыр-сұтыр жарқышақтар. Артым дір ете қалды. Белгісіздік үрей ұялатады, бірақ тәуекел мен жас баланың қызығушылығы басым. Тағы да бір-екі рет жүргізіп өттім.
ӘРі тызылдатып, бері тызылдатып, арасында атыңнан айналайын ютубтан видеосабақтарды қарап, жарты қорап электродты боқтан өзгеге жаратып, ақыры меңгеріп алғандай болдым.
Содан, не істейін?! Интернеттен тренажерлар қарап жүріп, мынадай қарапайым, атлетикалық тар жайдақты жасағым кеп кетті.
Бағасын қарасам, 12 мың орыс рублі дейді. Теңгеге шаққанда 60 мыңнан бірақ шығады. Тырыссаң жиырма бес мыңға қытайлығын табуға болады екен, бірақ өз салмағыма зілтемірдің салмағы қосылғанда сапасыздың бір жері майысып кетіп, зілмен қоса омақаса құлағым келмеді.
Сонымен мен тап осының қолынан іс келетін жарлы-жақыбайларға арналған бюджеттік нұсқасын өзім жасап көрмек болдым.
sport-baza.ru — сайтынан чертеждарды басып шығарып, өлшемдерін бойыма ыңғайлап,
іске кірістім.
Үйден бұрыңғы навестен қалған 5 см-лік мықты бұрыштықтан 2 метр болгаркамен кесіп алдым. Екі жерінен 44 сантиметрден өлшеп алып, алдымен белгілеген жерден үшбұрыш қиық жасап, сосын темірді 90 градус иіп, дәнекерлеп тастадым.
Сосын тақтай тұрақты болсын деп, белтемірге көлденеңнен қысқа, әрі жалпақ қалыңдығы 3 мм, ені 5 см таспа темірден 15 сантиметрлік 3 қиындыны дәнекерледім де, үстіне ені 27см, қалыңдығы 1,5 см (жіңішке жағы 25см) іске аспай қалған ескі жиһаздың тақтайын жонып, 8 болтпен қатырдым.
Шаруаның жартысы бітті, енді тек қара спрей-бояумен сырлап тастау ғана қалды.
Сырлау процесінен кейін, тақтайдың бетіне 3см жұмсартқыш полиуретанды өлшеп, кәдімгі декор желімдейтін желіммен (ремонттан қалған) жапсырып тастадым. Бұл процессте Айана деген кішкентай ассистентімнің көмегі зор болды
Сосын жасанды былғарымен жауып, жиһаз қаптайтын степлермен ДСП- тақтайдың астынан тырсылдатып бекіте қойдым.
Аса қатты теппеңдер. Бұл менің алғашқы әрекетім. Бас аяғы материалдарға 4000 теңгем, және екі кеш уақытым (шамамен 6-7 сағаттай) кетті, бірақ біраз материалдар артылып қалды, енді бицепс жаттықтыратын парта жасаймын.

— Тәрен, түрсиіңді теріс киіп алыпсың!
— Қайдан білдің? Шовтан?
— Жоқ, боқтан.
220мен көршілеріңе жағымсыз кейіп қалыптастырасың
Сол жұмыс жасап жатқанда энергосетьтен бір хаямбас кеп бұтақ жеді. Шатасып кірген екен. Бірақ ақыры кірген соң бірдеңеге тиісейін деп сваркаға тиісті.
«Мынаған „разрешение бар ма?“
»Неңнің разрешениесі саған?"
«Сваркаға разрешение керек»
Түріне қарасам бұққанға сұғатын біреу сияқты. Өзімдікі дұрыс-бұрысынан хабарсыз өзіне бірден дүрсе қоя бердім.
«Лібәд-ау, бұл сварочная станция емес 380-дік.
Айналып жатқан менің счетчигім, екіжүз жиырмамен жасайтын жабдық, мүмкін үйдегі паяльнигіме де рұқсат сұрарсың? Паспортын әкеп берейін бе?» дедім.
«Жарайд, жарайд» — деп шығып кетті. Кейін сұрадым эксперттерден — кішкентай аппаратқа рұқсат керек емес екен.
Мына жерде украиндар бөлісіп жатыр.
sport-baza.ru
Лібә, хлопцыларға бек ризамын ғой.
Профессионал, ас болу жөнінде әрине ыңғайы бар адамдар озып кетеді. Бірақ бір темірді екінші темірге қосу екі әріптің басын қосу сияқты оңай. Осыдан екі апта бұрын бұл дүниелер маған да тылсым көрінді.
Адам қызықса кез келген дүниенің ең болмаса әліппесін меңгере алатын сияқты. Ертең Алматыдан Олимпийский штангам келетін болды. ЕНді стойка мен парта жасаймын, күтіңдер.
Былтыр құнттамай небір мықты труба, угольник, пруттарды «мусор» деп металоломға лақтырып жібергенмін. Енді соларды металобазадан сатып алуға тура келед
Архун суретшіге оқып алды ма екен осы, әлде самоучка ма?
Ілмекті де универсал (отырып туруға, жатып көтеруге, тұрып көтеруге) ыңғайлы етіп жасаймын. Отырып тұратын кезде жатақты алып тастаймын, жатып көтеретін кезде жатақты тақай қоямын.
Сосын, сол ілмектердің сопряжениясын, яғни лежагің (жатақ) мен ілмектің қосылуың да жазып баяндап берсең келесі жазбада. Қалай қосылады, не арқылы, не механизм сияқты.
Осындай жазбалар көбейсін, біреулер игілігіне жаратар.
Әйтпесе, бізде тренажердың бәрі сырттан келеді, есесіне әкесінің құны тұрады.
Анау тесік темірдің өзінің тесігі ғой. Стойкаларды скамьяға қоспаймын. Бөлек болады. Солай мобильдірек. Суреттерді жаңа тақырып етіп оямын.
Білмедім, әрине шымкенттік сварщиктердің қолдарынан келеді, бірақ… сөйлеуден басқа…
Әдейі аз материал, бірақ мықты материал қолдануға тырыстым, жеңілдік үшін. Өйткені бұл тақтай жаттығуда әрі бері көтеріп, тасымалдайтын бөлшек.
Сосын мұнда отырғанда аяғың жерге нығыз тиіп тұрады. Солайша қосымша тірек нүктесі болады.
Бірақ қорықсаң, болады бірдей қылуға, баяғының скамьялары 4 аяқты болған.
Айтпақшы, бекер қиналғансың: кәдімгі радионың антеннаға жалғанған катушкасын ағытып, сонымен-ақ металл іздеуге болады: табылған кезде радио пышылдайды
кішкентайғана, кәдімгі тіс жөндейтін бормашинкасынан сәл-пәл үлкен, дыбысы да аса қатты емес бір бөлмені босатып есігін жауып алсаң у-шуы білінбей қалады
мыне мындай дискілері бар, егейтін, шөткелейтін, ағаш кесетін, фанера кесуге жарап-ақ тұр.
қалған тиски балға қашау машауларды гараждан үйге тасимынба деп отырмын)) ЕЕЕ айтпақшы аэрографтың бағасын көріп талып қала жаздадым, 25 мың сұрап отыр компрессорымен бірге, қытайды іздеуге тура келед
Өмірдің теңізінде жүзген, желкенді қиялдағы кеме