Таңғы жүгіру

Әскери салада жүргенде аптасына 3-4 мәрте жауынгерлермен қосылып жүгіріп алушы едім. Аптасына бір рет 3 шақырымды ойнатып отырушы едік.Сымдай жігіт едік тростқа айналып бара жатырмыз байқасам. Ескіше көктемнің басы деп бүгін бір бастама бастадым. Алты жарымда тұрып алып жетіге дейін жүгіріп келдім. Бой жазатын жаттығулар да жасаған болдым. Мойындау керек шамамен 1 шақырымдай ғана жүгірдім. Осының өзінде өкпем «ысқырып» қалды. Дегенмен қазір өзімді сергек сезініп отырмын. Кешке жүгіруге жұмыстан, қоғамдық көліктен қажып қайтатын болған соң беттей алмадым. Ағзам демалып тұрған кезде азанда жүгіріп отыруды ұйғардым.Сәуірдің 14-і күні Алла жазса 3 шақырымды ойнап жүгіретін дәрежеге жетуім керек.
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
кеше 1 сағат шаңғы теуіп келдім. ерте жатып қалдым, бүгін ерте тұрдым. сергекпін.
TERISKEI
… айтпақшы, админ ағасы, кеше сіздің жақтағы шаңғышылардың додасы болды ма? Ешкім үндемейді ғой астаналықтардың? Кім бас бәйгі алды?:)
asaubota
дода емес жәй басқосу болды. Астаналық блоггерлер өте занят адамдар болғандықтан тек 4 адам ғана жиналдық. жел жақсы болды кеше, желді арттан болған кезде ұшырады кәдімгідей. Салтан Секен деген жігіт мықты екен, өткенде жарысқа келмеп еді, келесі жылы чемпиондықтан басты үміткер сол.
patick
Жазда жақын маңдағы мектептің спорт алаңында жүгіріп, турникке тартылып жүргенмін. Биыл қалай боларын кім білген.
Nurgisa
Осы өткендері бір жерден оқып қалғандай едім, «таңғысын адам ағзасы енді-енді оянып жатады, қатты күш салуға болмайды» деген сарында. Қазір бұл тектес екіұдай «кеңестер» қаптап кетті ғой. Бастамаң мықты екен, Астанада жер қарайып, күн жылына бастаса ойланып көретін нәрсе екен.
Abilakim
Сен Астанадан, мен Қарағандыдан жүгірейік. Түйіскен жерімізден артқа қайтамыз…
Nurgisa
Әй, осы Астананың кіреберіс тұсында түйіспес пе екенбіз деп қорқып отырмын… :))) Неғыса, біздікіне барып тамақ ішіп, жүрек жалғап, Қарағандыға кері нете саласың ғой. Екінші «дыхание» ашылса :) Әйтпесе, басқа жер ашылмас деп ойлаймын.
sammita
"Әй, осы Астананың кіреберіс тұсында түйіспес пе екенбіз деп қорқып отырмын… :)))"
Юго-Восток шағын ауданы болады онда «түйісу нүктесі»:)))
satibaldi
Мен осы дені сау болып өлу идеясын түсінбейм: адам деген денсаулықты сарқып, ауру болып өлуі керек емес пе? О дүниеге сау болып барғанда қандай мағына бар?
Gastarbaiter
Мәселе дені сау болып өлуде емес, дену сау боп өмір сүруде шығар.
Gastarbaiter
Сұмдықпын деген качоктарың егер жаяу жүруден (жүгіруді айтпай ақ қойдым) ебі жоқ болса перекурсыз 30 сағатқа шыдамайды. Тексерілген.
Gastarbaiter
Тексерілгендер 30-жастан үлкен әрине.
Gastarbaiter
АПД. 30 сағат емес, минут, лібәд))
Huan
жақсы бастама екен, сәттілік, аяқсыз қалмаса.
Abilakim
аяқсыз қалмау керек, Алматы сапары бастамай жатып 3 күндік үзіліс сыйлайын деп тұр бұл ісіме.Кешегі жаңбырдан кейінгі бгінгі көк мұзда жүгірмей-ақ қой деді самарқау тартқан ми шіркін. Ұрсып-ұрсып жүгіртуге алып шықтым сонда да.Түнде көк тайғақ еді, қазір борандатып тұр Қарағанды шаһары
Huan
Дұрыс! сәл нәрсені сылтау етуге болмайды, аяғыңның қажалғаны, мұрыннан қан кеткені, көзін қарауытқаны, тұмау тағысын тағы, бір нәрсені қолға алдыңба доконца істеген дурыс, өзімнің ойым, ерік жігерін мықты болуы керек! Тәтті ұйқыңды, шырт бұзып, Еңку-еңку жер шалмай,қоңыр салқын төске алмай, Түн қатып жүріп түс қашпай, Ерлердің ісі бітер ме?
satibaldi
Сізге де Махамбеттің скульптор Веселовский жасаған реконструкциясы ұнамай ма?
Gastarbaiter
Дон Кихот есіме түсіп кетті.
sammita
Қаладан біздің ауылға дейін трассамен 43 км, одан соң бұрылыс бар 8 км. Сол 8 шақырымда кәдімгідей жүре/жүгіре беретін ек. Қазір ерінетін шығармын.
patick
көзіме елестеттім, аянышты көрінесің
sammita
шаңдақ жол емес, асфальт, жолдың екі жағы жап-жасыл орман:))
gunner
Нұрғиса таңғы жүгіру зиян болмаса да жүгірейін деп тұрмаған сияқтысың ғой, жай отмазка десеңші, мойындап )). «таңғысын адам ағзасы енді-енді оянып жатады, қатты күш салуға болмайды», кейде арақ ішкен организмді тазартады деген ер адамдар арасында кең тараған сылтаулар. Жақында бір өмірде болған бір супер сылтау естідім, басында өзім ойланып қалдым: Жаңадан үйленгенде күйеуі носкилерін ар жерге шешіп лақтырып кететін болған соң әйелі ашуланып осы әдетін тастауын өтінгенде еркектің айтқаны: Ер адам болғандықтан инстинктивті түрде өзінің территорриясын носкимен белгілеп қояды, ол генмен беріледі деген екен )))
Gastarbaiter
Бұттан кетті нақ))) Біздің нәски керуеттің астында әрқашан тұрады жатады)))
Abilakim
Туфлиімен қоса шешетіндерді де көргенбіз…