"Тодлер Уоркаут" жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Армысыңдар, достар!

Соңғы уақытта жаттығу залымның жабылып қалғаны, жұмыс орнымның барлық өркениет ошақтарынан шалғай жерде орналасуы бейдәстүрлі жаттығу тәсілдеріне қызығушылығымды оятты. Жұмыста арнайы жабдықтардың орнына кәдеге түрлі құбырларды, бөренелерді, тіреуіштерді жаратсам, үйде батпанның қызметін балаларым атқарды. Бірақ, осы тұста жерден жеті қоян тапқандай жаһанға жаңалығымды жар салмас бұрын, фитнес қауымдастықтарын аралап, балаларын штанганың орнына қолданатын әуесқойларды іздегенімде, жалғыз емес екенімді білдім.


Америкалықтардың нені де болса жүйеге келтіріп, оны әлдеқандай етіп, барынша насихаттайтыны бар емес пе?! Алайда, жарты сағат вебшолу нәтижесінде түсінгенім — «Тодлер Уоркаут» таза энтузиасттардың туындысы. Жалпы баласын аспанға лақтырып көрмеген, арқасына мінгізіп «ат» болмаған ата-ана жоқ шығар. Әйтсе де, баламен жаттығудың нақты бір жүйесін таппадым. Қызығы да сол шығар, әр адам баласымен өз қалауы мен ыңғайына қарай жаттығу тәртібін жасай алады.
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
(cурет көзі: www.mumbadance.com)




Иә, «Тодлер Уоркаут» (Тoddler — ағылшын тілінен аударғанда 1-3 жасар бала дегенді білдіреді) әу баста АҚШ-та бала бағып, қолы байланып отырған үй шаруасындағы келіншектердің сымбатын сақтау амалы болған. Бұған қарамастан, мен бұл жаттығудың сүйкімді әдісін ерекше ұнаттым және оған кемінде бес себеп келтіре аламын:

1. УАҚЫТ

Әдетте, қарбалас адам баламен аттракциондарға баруға, дене шынықтыруға, үйде баламен ойнауға уақыт таппай әлек болады. «Тодлер Уоркаут» арқылы бұл "қояндардың" барлығын бір оқпен атуға болады.

2. ӘРІ ОЙЫН ӘРІ ЖАТТЫҒУ

Меңіреу темірмен жаттығу мен баламен жаттығудың арасы жер мен көктей. Баланың шаттанған күлкісі жаттығудың бірсарындылығынан ештеңе қалдырмайды.

3. БАЛАНЫҢ ӨЗІ МОТИВАЦИЯ

Бір рет бой үйретіп алған бүлдіршін сені (құдды жеке жаттықтырушың сияқты) жаттығуды әдеттегіден көбірек жасауға үгіттейді. «Тағы да көтерші, бапа-ау» деп, ақ тер, көк тер болғаныңша артыңнан қалмайды.

4. ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Маған қарап, балаларым жастайынан салауатты өмір салтына дағдыланады.

5. БАЙЛАНЫС

Бала мен ата-ана арасындағы байланыс нығайып, өзара түсіністік пен сенім күшейеді.



Жалпы маған да ұнады, балаларға да ұнады. Ендеше, қалай мен бұл трендтен құр қалғанмын? Неге бұрын білмедім?

Меніңше бұл құбылыс «Кроссфит», «px90», «TRX ілмектері» сияқты патенттелген тәсілдерімен қоса, өзінің жаттығу жабдықтары мен белсенді қоспаларын нарыққа тығып, қалтасын қампайтуды көздеген, ысқырығы жер жарған коммерциялық жобалардың тасасында қалған. Баладан басқа ешқандай арнайы құралдарды қажет етпейтін жаттығудың бұл түрін бұрын-соңды естімегенім де, көрмегенім де сондықтан шығар.

«Күнәмды» шаю үшін төменде балаңызбен жасауға болатын жаттығуларды негізгі бұлшық ет топтары бойынша жіктеп, назарыңызға кішігірім нұсқаулық ретінде ұсынамын. Кей жаттығуларды ыңғайлы орындау үшін баланы жаялыққа құндақтауға болады:)
(ЕСКЕРТУ! Кей жаттығуларды үйрену үшін уақыт керек. Баланы құлатып алу қауіпінен сезіктенсеңіз, еденге жұмсақ көрпе не көпшік қойғаныңыз жөн. Барлық жаттығулар баяу ырғақпен, артық жұлқусыз, сілкусіз жасалады.)


Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Біз дайынбыз ендеше. Бастаймыз ба? Кеттік!



Арқа, жауырын және бел қатайтатын жаттығулар

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
Тұра тарту-2 (жаялықпен)
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Баланы еңкейе тарту (жаялықпен)

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
Баланы тігінен тарту (жаялықпен)
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

"Қайырлы таң" немесе баланы арқалап, еңсе көтеру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!




Төс, кеуде бұлшық еттерін шынықтыру




Баланы жатып көтеру (тура мағынасында:))
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Баланы арқалап, еденнен серпілу («отжимание»)
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
Баланы арқалап, тереңнен серпілу
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

«ПУЛОВЕР». Жайдаққа жатып, басыңның артынан баланы жоғары көтеру.
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!


Қол бұлшық еттерін қатайту


Бицепс күшімен баланы көтеру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
Трицепс күшімен баланы көтеру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!




Иық бұлшық еттерін шынықтыру



«ШВУНГ». Баланы төбеге серпе көтеру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Баланы сығымдап көтеру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!




Аяқ бұлшық еттерін қатайту



Баланы мойынға мінгізіп, отырып тұру
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Алма-кезек аттап, бір тізерлеу
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!



Қарынның текше еттерін қатайтамыз

Бүрісу №1
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!

Бүрісу №2
Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!




Әлқисса, екі «тодлердің» әкесі ретінде және темір-терсектің түзелмес тентегі ретінде батыстықтардың бастамасын пайдаланып, биомеханикалық қисынға сүйеніп, қауіпсіздік ережелерінен ауытқымай, аз-мұз қиялға ерік берсем, әуесқой аналардың жаттығуларын тепсе темір үзетін дүр жігітке де ыңғайлауға болатынын сеземін. Меніңше, ер адамға батпантас болатын баланың жасын 1-3 жаспен шектеу міндетті емес.
Сондықтан, бұзауы өсіп, өгіз болғанша арқалап, стадионды айналатын әлгі грек балуаны Милон Кротонский секілді, сіз де балаңыз балиғатқа толып, өгіздей болғанша арқаласаңыз болады. Қарап жүрмей, елуге кеп, Олимпиаданы бағындырасыз ба, кім біліпті?!

Фитнесс және әуесқой бодибилдинг: Тодлер Уоркаут жаттығу жүйесі немесе балалы үй — спортзал!
(сурет көзі: brainant.net)
Суретке түсірген: Альмира Камзанова

Назар аударып оқығаныңызға рахмет!
Бөлісу:

19 пікір

Anar70
Супер! қызы әбден үйреніп алған-ау)
AKY
Шығармайтының жоқ, даЧым болмаса да айтайын)))
rakisheva
Күштііі! Керемет фотореп!
aikarakoz
Күшті! Баланың салмағын көтеріп үйрене бергенде өзі-ақ көбейіп кетеді. Тодлер Уоркаутпен айналысу үшін тувалғым кеп кетті шота
Rozatai
Кішкентай ханшайымға рахмет! Өзінің міндетін мінсіз атқарып шыққаны үшін! Осы постқа пікір жазу үшін паролімді еске түсіруге тура келді. Көп болыпты ғой кірмегеніме. Рыспект, Гаста!
Gastarbaiter
тест
Соңғы түзету:
zholantai
сонымен бұл да бір кітапшаға сұранып тұр,
Gastarbaiter
gif анимация қосып қойдым, амиго, көрнекірек болсын деп, қарап көрші.
Соңғы түзету:
AKY
Базар жоқ, бырат!
MickThatsMyNick
гифтермен түсініктірек екен
aikarakoz
Анимациямен ваще супер
Arys_arlany
"Қайырлы таң" намаздағы рукуғ сияқты екен.
MERmukhanov
ииииих! дедім.
Ана сүлгіге/орамалға оралған бала сусып түсіп кетпесін!!!
Tamila
КҮШТІ!!! Қызың да ыңғайланып үйреніп алғанға ұқсайды. Молодцы!!!