№ 1 мектепте «Дублер күні» болып өтті

Астаналық шенеуніктер «Менің алғашқы ұстазым» атты тақырыпта шығарма жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Өздерінің шығармасында басқарма басшылары ұстаздары туралы жылы лебіз білдіріп, ары қарайғы өміріне үлкен үлес қосқандарын айта кетті.


«Целиноград. 1971 жыл. Ағаштар енді-енді ғана алтын түстес жапырақтарға оранып, күз келе бастаған шақ. Мен бірінші сыныпқа барамын және бүгін менің туған күнім! Мектепке ең алғаш барған күнімді дәл осылай еске аламын және өзімнің ең алғашқы мұғалімім – Галина Павловна Савельевамен таныстым», — деп еске алады мәслихат депутаты Мирас Шекенов.


«Менің ең алғашқы ұстазым тек музыканың қыр-сырын ғана емес, басқа елдер мен халықтардың да музыкалық стилінің құрылымын түсінуге үйретті. Ең бастысы, ол маған ұлттық музыкаға деген махаббатты бойыма сіңірді. Мен одан 3 класқа дейін тәлім алдым. Оны мені музыкалық және кейіннен өміріме басшылық жасап кәсіби музыкаға беттеуіме үлес қосқан адам деп есептеймін», — дейді мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.


«Менің ең алғашқы ұстазым – Пак Елизавета Даниловна. Бір қарағанда ұстазымыз қатал көрінді, бүкіл класс болып оны шуламай тыныш отырып тыңдадық. Елизавета Даниловна бізге мектеп өмірінің ережесін қарапайым етіп түсіндірді, ол әрбір пәнді керемет түсіндіретін», — дейді өзінің естелігімен бөліскен Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева.


«Әрине, алғашқы ұстазды тек қана саған үйреткен машықтары мен білімі үшін ғана еске алмайсың. Оның бейнесі жадымызда мәңгіге қалып кетеді, әрбір қимылы, сөйлеу мәнері, сырт келбеті. Әсел Серікқызы дәл осындай өз бойына барлық жарасымды әдепті жинаған мұғалім еді. Содан да болар, барлық оқушы өзінің сүйікті ұстазына ұнағысы келгендіктен сабағын жақсы оқыды. Меніңше біздің астананың да педагогтары балаларымыздың есінде өздерінің жақсы бейнесімен қаларына сенімдімін», — деді шығармасында тілек білдірген білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай бүгін № 1 мектеп-лицейде педагогтарға арналған дублер күні өтті, мұнда мұғалімдермен бірге астаналық шенеуніктер де бірге келді. Ересек оқушыларға ерекше бағдарлама әзірленді, онда жаңартылған білім мазмұны, моторика мен ұқыптылықты анықтайтын тест элементтері енгізілді. Ал басты тапсырмаға «Менің алғашқы ұстазым» атты шығарма жазу жұмысы кірді.


Астана қаласының білім ордаларында 16 000 астам мұғалім жұмыс жасайды

Астана қаласының білім ордаларында 16 000 астам мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімі бар ұстаздар 85,9 пайыздан астам, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны жылдан-жылға көбеюде. 2017-2018 оқу жылында жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 3530-ды құраса, 2018-2019 оқу жылында бұл көрсеткіш 7949 дейін көтерілген.


2018-2019 оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 361 жас маман жұмысқа қабылданған болса. Ал, үш жылдай еңбек өтілі бар 1244 жас мұғалім еңбек етуде.


Астана қаласында соңғы бес жыл ішінде 2000 педагог жұмыстағы жоғары көрсеткіші үшін түрлі марапаттарға ие болған, оның ішінде 130-ы мұғалім төсбелгі иесі атанса, 137 ұстаз мемлекеттік наградалар алған, ал 250 мұғалім ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, 1860 ұстаз Астана қаласы білім басқармасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.


Жыл сайын дәстүрлі түрде «Астана қаласы білім беру саласының алтын қоры» кітабына өнегелі ұстаздардың есімдері тіркеледі. Бүгінгі күні кітапта 86 ұстаз тіркелген.



Мұғалімдердің сыйлық алғаны дұрыс па?

Ақтөбе мұғалімдері «Мен сыйлық алмаймын» деген челлендж бастап, Қазақстан мұғалімдеріне үндеу жасады. Мұғалімдер күні қарсаңында жарияланған видеоны желі қолданушылары қызу талқылады.

Фотокуә. Білім мейрамы

Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
2004 ж. суреттің цифрлы көшірмесін сканерде жасағанда -қағаздағы суреттің түпнұсқасының элементтері құрама бөліктерге сапалы жіктеліпті. Сол кезде компьютер экранында суреттің ұсақ детальдері анық көрінді. Түстерді сәл өңдедім. Жалпы фотосурет туралы не білемін? 1927 ж түсірілген (сол тұста жасалған фотосурет дейік). Фотосуретте кімдер? Жауабы белгілі:
-Мектеп алдында тұрған мұғалім(дер) және оқушылар. Алғашында, бірден назарыма түскен сурет элементі. Сол жақ жоғарғы жағында орналасқан араб графикасының негізінде жазылған жазу. Жазудың мазмұны қандай?
1900-1940 жылдың арасында қағаз бетінд тілді түсіруге кемінде үш әдіс қолданған. Бұған дейін осы жайтқа ешқандай мән бермеппін. Қолға нағыз фотоайғақ түсіпті. Яғни, 1927 жылдың төңірегінде тілді қағазға түсу үшін араб графикасы қолданған. Жазғаным жаңалық емес шығар. Бірақ, осы мектептің кейіннен тастан қаланып, оны қоймаға айналдырған ғимаратты көзбен көрдім десем ше? Тарихтан ауылды жерде мектеп болғанын білеміз. Нақты қайсы жерде, нешеуі және алғашқы мұғалім кім болған?
Кейбір сұрақтарды шешкенге тек архив құжаттары көмектеседі. Ол заманда да бір мұғалімді екі мектеп тарихынан көреміз. Осы жерде кейбір жайттар көңіл аудартады. Өскеменде орналасқан қазіргі Жамбыл гимназиясынан бұрын ашылған қазақ мектебі болған-ды мыс? Негізін кім қалады?
Таласты тарихшыларға қалдырайық. Суретті қарастырғанда нені байқадым?
1) Жазудың мазмұны.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
Тек жеке әріптерді таныдым. Оңнан солға қарай «б», «і» немесе «н», «л», одан кейін «м» әріпі. Әр түрлі алфавитте тілдің жазылуымен таныс мамандар көңілдерінді аударыңдар. Пікірлеріңді күтемін.
2) Фотосурет түсірілген жылдың мезгілі. Күз болуы әбден мүмкін. 1927 жылы қазіргі бірінші қыркүйектегідей барлық жерде оқу жылы бірдей басталмаған. Көктем болса балалардың көбісі аяқ киім киер еді. Көбісінде аяқ киім жоқ. Бір аяқ киім үлгісін байқадым. Яғни, бәтеңкені (ШҚО климаты жыл бойы жалаңаяқ жүргізбейді).
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
3) Фотосуретте баласымен түскен әке бар. Ортаңғы қатарда, сол жақта бала қасында әкесі отырған сыңайлы. Бастың, құлақтың, көздің ұқсастықтары бар.
Блог - bake: Фотокуә. Білім мейрамы
4) Фотосурет ауылды жерде, әлде қалалы жерде түсірілді ме?
Менің ойымша ауылды жерде. Бірақ нақты айту қиын. Қала тұрғындарыда дәл фотосуреттегідей киінуі де мүмкін. Фотосуретті тапқан тарихшының айтуынша ауылды жер. Сіздер қалай ойласыздар?
5) Бір киім үлгісіне сай киінуге тырысқандары көрініп тұр. Әдейлеп киініп келді десем де қателеспеймін. Барлығы жағалы киім киген. Көбісінде костюм, шалбар. Ақ көйлек. Оң жағында отырған оқушының сырт киімінің тозығы жетіпті. Форма сақтамаған балалар заман туралы басқа мағлұмат береді.
6) Фотосурет түскен күні мектепте сабақ болды ма?
Меніңше сабақ болды. Оң жақта жантайып жатқан баланың қолында оралған дәптер парақтарына ұқсас зат ұстапты. Бір оқушы қыздың қолында анық кітап немесе дәптер, парақ салатын қатты тысты көреміз.
7) Фотосуретте оқушылардың ұстаздары қайда тұр?
Үстінгі қатарда үш азамат, ортаңғысы ең көрнекі жерде орналасқаны мектептің негізгі ұстазы десем қателеспеймін. Мүмкін ортадағы азамат мектептің жалғыз ұстазы шығар.
8) Киімдегі сән үлгісі байқалды. Сол жақта жантайып жатқан бала ұсақ шақпақпен гүлдеген матадан тігілген жейде киіпті. Басында ақ фуражка. Шалбар балағы сыртқа бүріліпті. Жалпы, мата түстері және матадағы суреттер әр түрлі.

Көп қарап, ойланғаннан болар. Қара-ақ түстер түрлі-түстке ауысып, кинолентаға түсірілген деректі фильм үзінділеріндей қатып қалған суретке қас-қағым сәтке жан бітті. Мектеп алдында тұрған мұғалім, оның оқушылары мектеп ішіне кіріп сабақтарын жалғастырды. Қалғандары өз істерімен тарқады. Осындай басы, аяғы жоқ деректі фильм. Оның кейіпкерлерін әлі алда отызыншы жылдар, Ұлы Отан соғысы, тылдағы еңбек, тың игеру күтіп тұрған-ды.
Әрі қарай

Бірінші сыныптың мұғалімі Мисс Нилам

Блог - 007: Бірінші сыныптың мұғалімі Мисс Нилам

Бірінші сыныптың мұғалімі 28 жастағы Мисс Нилам(әлі күйеуге шықпаған) бір оқушының әлденеге алаңдап жүргенін байқап одан не болғанын сұрайды.
1-ші сыныптың оқушысы мұғалімге «мен тым ақылдымын», менің 3-ші сыныпта оқитын әпкем бар тіпті мен оданда ақылдымын сол үшін менде 3-ші сыныпта оқуым керек деп жауап береді.
Мұғалім сәл ойланып бұл туралы директормен ақылдасады. 1-ші сыныптың оқушысының бұлай айтқаны директорды да қызықтырмай қоймайды. Директор сәл ойланып мұғалімге ол баланы маған алып келіңіз өзім тексеріп көрем егер менің сұрақтарыма жауап бере алса 3-ші сыныпқа жібереміз, егер мүдіріп қалса 1-ші сыныпқа қайтып барады дейді.
Мұғалім оқушыны алып келеді.
Директордың 1-ші сұрағы: 3х3 неше?
Оқушы: 9
Екінші сұрақ: 6х6 неше
Оқушы ойланбастан 36 дейді
Директор мұғалімге қарап көбейту кестесін 3-ші сыныптағылар зорға жаттап жүр, бұл баланың қабілеті ерекше сияқты 3-ші сыныпқа жібергеніміз дұрыс болар дейді. Мұғалім егер рұқсат болса бұл балаға менің 10 сұрағым бар соған қалай жауап беретінін көрсек деп айтады да сұрақтарын бастайды.
Мұғалім: Сиырда төртеу, ал менде екеу
Оқушы: (сәл кідіріп) Аяқ

Мұғалім: К дан басталып С-ға аяқталады. Сырты жүн,ішінен дәмді ақ түсті қоймалжың сұйықтық шығады
Оқушы: Кокос

Мұғалім: Сенің шалбарыңда бар ал менде жоқ
Оқушы: Қалта

Мұғалім: Бұл нәрсенің түсі қызғылт және кірген кезде қатты болады, ал шыққанда жұмсақ әрі жабысқақ болады.
Оқушы: Сағыз

Мұғалім: еркектер тұрып, әйелдер отырып, ал иттер 3 аяқтап не істейді
Оқушы: қолын көтереді.

Мұғалім: мен оған саусағымды кіргіземін және бұл нәрсе үшін маған ең жақсы еркек қана қол жеткізе алады дей бергенде директордың екі көзі шарасынан шығып кете жаздады.
Оқушы: (саспастан) неке жүзігі деді

Мұғалім: қандай сөз Ғ тан басталып К-ға аяқталады? Егер ол сенде жоқ болса саусақтарыңмен жұмыс істеуге тура келеді.
Оқушы: Шанышқы (Fork)

Мұғалім: Бұл барлық еркекте бар біреуде ұзын, біреуде қысқа. Ол оны тек үйленгеннен кейін ғана әйеліне береді
Оқушы: Фамилия

Мұғалім: Еркектің көп тамыры бар және сүйегі жоқ әйел затымен қатынасына жауапты дене мүшесі қандай?
Оқушы: Жүрек

Мұғалім: Жұмыс істемесе жатады, жұмыс істесе тұрады, жұмысты бітіргесін дымқыл болатын не?
Оқушы: Қолшатыр

Бәрін тыңдап отырған директор мұғалімге қарап соңғы екі сұрақтың жауабын менің өзім басқаша ойлап отырдым. Бұл баланы Кембридж университетіне жіберіңіз депті
Әрі қарай

Ұстаздар мерекесіне құттықтау!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! СІЗДЕРДІ БҮГІНГІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН.

Осы бейнероликті менің араласып жүрген аға досым ән-өнер мектебінің басшысы Рахым Досмановтың мұғалімдер күні мерекесіне арнап жасаған шағын бейнеролигін тамашалаңыздар. Бүгін ғана алып www.youtube.com сайтына салып қойдым.
Әрі қарай

Керектіктер мені керек ете ме?

Керекинфоға сәтті тіркелгем, керек қылған шығар деп. Себебі Массагет, Он.Кз, Айтаберлер аккаунтты растайтын хатты жібермегентұғын поштама. Ол жаққа сөйтіп қолданушы боп кіре алмадым. Мұнда кіріп, бір-екі нәрсе жазып едім, ондай аса қатты қуанта қоймады. Минусқа батты. Жанына тартатын, үйрететін ұстаздар болса екен.
Әрі қарай

Егер мен бай болсам, анама ... алар едім...

Ағылшын тілі мұғалімінің естелігі (Авторы белгісіз, интернеттен аударма).

2000 жылдың желтоқсан айы еді. Университетті жаңа бітірген кезім. Бір мектепте сабақ беріп жүрмін. Бір күні оқушыларға «Егер мен бай болсам, анама… алар едім» сөйлеміндегі бос орынды қиял күшіңізді қолданып, толтырыңдар деген тапсырма бердім. Сынып ойланып, жаза бастады. 5 минуттан кейін жауаптарды жинадым да дауыстап оқи бастадым. Ғарыш кемесі, Феррари, Майамиде вилла, Мальдивтерде арал… Мен оқыған сайын оқушылар күледі. Соңғы қағазды ішімнен оқыдым. «If I were rich, I would buy flowers for my mom.» (Егер мен бай болсам, анама гүл алар едім.) Мұны жазған сыныпқа жақында қосылған, әлжуаз, тұйықтау келген бір бала еді. «Арамызда сезімтал бір бала бар екен. Селим, орныңнан тұр. Жауабыңды өзің оқып бер» дедім. «Гүл аламын деп жаздым, ағай» деді. Сынып тарқылдап күлді. «Мен сендерге қиял күштеріңді қолданыңдар, өте бай болғандарыңды елестетіңдер. Сонда да гүл деп жазуыма қарағанда бір себебің бар ау?» дедім. «Ойыма басқа ештеңе келмеді» деп жауап берді. Жүзінде Мона Лизанікіндей күлу мен жылаудың арасындағы бір мимика бар еді. «Мазақ қылып тұрсың ба? Ойларыңа бірдеме келу үшін де көмектесуіміз керек пе?» дедім. Үндемеді. Оқушыларға қағаздарын қайтарып бердім. Қоңырау соғып, сынып үзіліске шығып кетті.
Әрі қарай

«45minut.kz» білім ордаларынан тілшілер іздейді»

Біраз уақыт бұрын Қазақстанның ақпарат саласы тағы бір басылыммен толыққан болатын. «45minut.kz» деп аталатын республикалық газеттің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында басылымның бас редакторы Ізгілік Нағиевпен сұхбаттастық. Сұхбат барысында бас редактор мырза бізге «45minut.kz» газетінің электронды нұсқасы да болатынын, электронды нұсқаның оқытушымен, оқушымен, ата-анамен тікелей байланыстағы желіге айналатындығын әңгімелеп берді.

— «45minut.kz» газетінің мақсаты қандай? Газет басылым ретінде нені көздейді?
Әрі қарай

Мектепті жауып кетті ғой

Алоо
— Ермұхан қал қалай мен келдім, қазір саған жіберем агентке шықшы,
— Алоо е, мен уже үйдемін, мектеп жауып кетті ғой.
— Қалайша обед жаңа ғана болды ғой.
— Біздің жақта түстен кейін ешкім болмайды мектепте, түске дейін ғана ғой жұмыс.
— қалайша түс жаңа ғана болды түстен кейін балармен кім жұмыс жасайды?
Түстен кейін ешкім жүрмейді бізде мектепте. Біз Югтанбыз ғой! Ол сендерде ғой солай істейсіңдер сосын гранттың бәрін аласыңдар.
— Жарайды онда электронды поштаңа салас салам.
— Мақұл, ертең таңертең қараймын…

Бұл Қала мен ауыл мұғалімінің ұялы телефон арқылы Қазақ елінің бір шетімен екінші шетінен аз ғана әріптестік қатынасы…
Әрі қарай

Біз мұғалімбіз

Таныстырғалы отырған бұл сайттың қолданылған движогы LiveStreet яғни форматы осы керекинфомен ұқсас, нақты айтқанда болгплатформа, еркшелігі мұғалімдерге арналған.

Мақсаты:

  • мұғалімдердің өздеріне қажет ресурсты өздері қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Мұғалімдердің ғаламтордағы белсенділігін арттыру;
  • Мұғалімдерге қажет болады ау деген компьютерге қатысты танымдық жазбалармен қамтамасыз ету;
  • Қазақстандағы жалпы мұғалімдерге әлеуметтік желі ретінде қызмет көрсету, яғни өзара танысып, тәжірибе алмаса отырып жұмыс жасауға ынталандыру;



Йә солай, алға қойған арман мақсаттар керемет, сайттың болашағы қалай болатынын уақыт көрсетеді, әзірге байқалғаны белсенділік төмендеу болып тұр, себебі де түсінікті сияқты, блогерлік деген не екендігі әліде болса беймәлім ұстаздар қауымына, техникалық тұрғыдан алсақта нашарлау біздің қауым.
Не дейсіздер жоба өміршең бола қоя ма? Қатардағы қалың сайттың бірі бола ма?

Ұсыныс, тілек, мақтау, даттау,… қабылдана береді.

mugalim.biz/
Әрі қарай

Мұғалімнің қуанышы мен мұңы

Бүгін міне мектеп табалдырығынан тарыдай болып аттап, таудай болып қанаттарын қағып жатқан жайлары бар, барлығына дерлік Ақжол дейміз. Әрине мектеп бітірту мектеп үшін қуаныш, ата үшінде қуаныш. Мектеп үшін неге қуаныш дейсізбе? Себеп көп мұғалімдер жыл соңында шаршайды, екіншіден 11 жыл бойы білім беріп тәрбиелеген оқушылары қанаттары қатайып алыс сапарға аттанады. Сосын 5-11 классқа дейін қаншама мұғалімнің жүйкесін тоздырған кейбір балалардан құтылады.))) Өкініштісі келер күзде сол жүйкені құртатанын оқушылардың жаңа легі келеді.))) Осылай қуаныш пен мұң қатар олар үшін.
Әрі қарай

Ұстаз, оқушы, ата-ана


Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.
Әрі қарай

Аңыраю

Әскерден інім келіп жұмысқа да «Керекке» де қарай алмадым кешелі бері. Ауылдағы,қаладағы кластастары бас қосып бір кәукілдесіп қалды. Мектептегі қызықтарын айтты біреуі. Біздің ауылда кей мұғалімдер өз мамандығы емес болса да басқа сабақтардан сабақ бере беретін.Содан бір күні тарихтан беретін дене шынықтыру мұғалімі оқушыларды жинап алып,қазір тарихтан ашық сабақ болады. Сендер маған «Орхон-Енисей» деген не?" деп сұрақ қойыңдар деп үйретіп қойыпты. ашық сабақ ойдағыдай өтіп жатыпты. Сұрақ қоюға кезек келгенде бір оқушы «Ағай, Аңырақай шайқасы» жайлы айтыңызшы дегенде ағайлары аңырайып қалыпты.
Әрі қарай