Ұстаз, оқушы, ата-ана


Кеше баламды мектепке алып барып, әншейінде істемейтінді істеп, сыныбына дейін апарып, кіргізіп жібердім. Сонда мынадай көріністің үстінен түстім. Тура сынып есігінің алдында бір ата-ана практикант қыздың жер-жебіріне жетіп ұрсып жатыр. Мәселенің төркіні неде екен деп, құлақ түрдім (ұяттымын). Сөйтсем, практикант қыз баланың бағасын төмендетіп қойған сыңайлы. Үш қойды ма екен, сондай бірдемесі бар. Себебін былай түсіндірді: «балаңыз сабақ айт дегенде орнынан тұрмай, қырсығып, бедірейіп алды» дейді. Соған әлгі мамаша: «сонда сен, баланың тәртібіне қарап, оның бағасын төмендеттің бе?» деп таңқалып тұр.
Қой, өсек бітті, енді істің мәнісіне көшейік.
Өзім «мектеп ата-анасы» болғаным кеше ғана ғой. Бірақ, ес білгелі бауырларымның ата-аналар жиналысына мен баратынмын. Сол кезде көрген, түйгенім бар, аға-жеңгелерімнің өз балаларына қатысты әрекеттерінен түйгенім бар, өзім үшін біраз ереже жасап алғанмын.
Мектептегі мұғалім бала үшін «непререкаемый» авторитет болуы тиіс.
Біріншіден. Мұғалімнің қойған бағасы талқыланбайды. Ешқашан да балаға «ой, ол неге саған төмен баға қойды? мен ертең барып сөйлесе қояйын» деп айтуға болмайды. «Төмен баға алдың ба, демек дайындалмай барғансың. Ертең жақсылап оқып барып, бағаңды түзейсің» деу керек. Тіпті, балаңыздың бағалары төмендеп кеткенін байқасаңыз, балаңызға білдірмей барып мұғаліммен сөйлесіңіз. Бірақ, сөйлескенде де, «неге менің балама төмен баға қоясыз?» деп бас салмай, «баламның сабағы қалай болып жүр өзі? үлгерімі қалай?» деп сұрасаңыз, мұғалімнің де сізге айтар назы бар екенін ұғасыз. Өйткені, баланың үлгерімі тек мұғалімге ғана емес, ата-анаға да байланысты.
Екіншіден. Ешқашан баланың көзінше мектепте жиналатын ақша туралы әңгіме қозғамаңыз. Бала үшін мектеп білім ордасы болып қалуы керек. Ақша жинауға қатысты дауларыңызды директордың кабинетінде шешуге тырысыңыз. Ол жаққа балалар кіре бермейді. Әрине, баланы өмір бойы мектеп бір тиын алмай оқытып жатыр деп алдай алмайсыз, бірақ тым құрыса бастауышты алаңсыз бітірткізуге тырысыңыз.
Үшіншіден. Көп ата-ананың қатесі, жақсы бағаны ақшаға сатып алуға болады деп ойлайды. Яғни, баласы мұғалім төмен баға қойғанып, ал екінші бір балаға керісінше, жоғары баға қойғанын айтып шағымданғанда оны қолдай кетеді. Мысалы: «маған екі қойды, ал ана Алмаға, менен жаман біліп тұрса да, бес қойды, өйткені оның мамасы мұғалімге сегізінші мартқа сыйлық алып келді» деген баланың әңгімесін бірден тиып тастау керек. Өйткені, ең алдымен, мұғалім өзі біледі, кімге қандай баға қоятынын. Содан соң, әу бастан балаңызды өмірде бәрін ақша шешетініне бағдарлаудың қажеті бар деп санайсыз ба? Мен олай деп ойламаймын. Келесі жолы балаңыз жақсы баға алу үшін мұғалімге сыйлық жасау жеткілікті деп сеніп алып, сабаққа салғырт қарап кетсе, өзіңізден басқа ешкімді кінәлай алмайсыз. Бір жағынан, балада «мен бәрін білем, тек лайықты баға алмай жүрмін» деген жалған түсінік қалыптасу қаупі бар екенін де естен шығармаңыз.
Төртіншіден. Әрине, жаңа жыл, ұстаздар күні, сегізінші наурызда мұғалімдерге сыйлық жасау салт болған. Бірақ, меніңше, бағалы сыйлық балаларға білдіртпей жасалуы тиіс. Тіпті білдірген жағдайда да, ол сыйлықтың бағасы, құны баланың көзінше әңгіме болмауы керек. Керісінше, балаға ұстазды өз қолымен жасаған ашықхатпен де қуантуға болатынын үйреткен абзал.
Бесіншіден. Мұғалімнің балаларға деген қарым-қатынасынан шикілік байқасаңыз, оны жылы жауып қоя салудың қажеті жоқ. Мысалы, менің баламның ұзартылған күн мұғалімінің балаларға деген қарым-қатынасы маған ұнамайды. қашан барсам, "әй, үй" деп айқайлайды да отырады. Ол мәселенің екі шешімі бар: не бір күні балам жоқта апаймен сөйлесемін, мұғалімдік этиканың оқушыларға айқайлағанды қойып, «сіз» деп сөйлеуді талап ететінін есіне саламын, не бірден директорына барып, үстінен шағым түсіремін. Бірақ, баламның көзінше, «сіз неге балаларға айқайлайсыз» деп бет жыртыспаймын. Баланың көзінше мұғалімге «наезд жасау» ол мұғалімнің қадірін бес тиын қылу деген сөз. Ол артық.
Әзірше осы. Алып-қосарларыңыз бар ма?
Бөлісу:

87 пікір

satibaldi
Алып-қосарларыңыз бар ма?
Тек табанда атып тастап отыру ғана қандай да бір нәтиже әкелмек.
dark_nazgul
Кімді? Мұғалімді ме, баланы ма, әлде ата-ананы ма?
asaubota
қазіргі тобырға (қоғам деуге аузым бармайды) тек қана сталиндік жүйе ғана керек. басқа амалдардың еш пайдасы жоқ.
kozildirik
Мен келісемін. Адамдар тек өздеріне сай қоғам құрап алады дейді. және сол қоғамға сай патша беретін көрінеді…
kokbori
Адамына қарай заманы дейсің ғой, дұреес.
Сосын сананы тұрмыс билейді деп те жақауратады
Marationok
Ареке, біздің жүйе сталиндікімен ұқсас қой? Байқамадыңыз ба?
bizbike
дәл, дәл Сталиндік жүйе керек
Соңғы түзету:
kokbori
Жаңаөзенде омоншылықта жүрмеп пе едіңіз?
MickThatsMyNick
мектебім менің мектебім…
FaraOn1
Не диміз бұрынғы мектеп жоқ қазір. Әсіресе қалада бірінші сынып оқушысына дейін кодуксуальный. Әке шешесіен бірге истец бола шығады.
Біздің кезімізде мұғалім кәдімгі екінші анаң болатын ше. Тарих пәнінің мұғалімінен талай шалбан жегемінім, математика пәнінде тақтайға талай бастың соғылғаны бәрі есімде. Үйдегі анаңнан тяқ жеген сияқты қабылдайсың. Өз кінәң базар жоқ)))
Ал қазір мұғалім кім? Оларда оқымаса оқымай ақ қойсын деуге айналды(((
Zako
Не диміз бұрынғы мектеп жоқ қазір.
Солайы солай.
Әсіресе қалада бірінші сынып оқушысына дейін кодуксуальный. Әке шешесіен бірге истец бола шығады.
Оларды бәлеқорлар, жалақорлай деп айтады. Заңды біліп тұрған түгі де жоқ. Тек қана өздерінің құқықтарын біледі, бірақ міндеттерін білмейді. Заң құқықтар мен міндеттерден тұрады.

Пікірге +1
FaraOn1
Сіз не имеете право? деген бір сөз ғой
кейде мұғалімдердің өздері білмейді қандай право имет етеінін, қандай имет етпейтінін)))
bizbike
бізде тарих пәнінің мұғалімі солай ұл баланы соққаны үшін жұмыстан шығып кетті, сосын бір ретте масломер болып отырғанын көріп аяп кеттім
Gulzhanat
Күшті!
Бізді тура осы принциптермен тәрбиелеген ата-анама мың алғыс. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзіңіз көрсеткен святой тәртібі, басқаны білеймін, Шығыс Қазақстанда жақсы сақталған(из личных наблюдений).Кейін бала-шағамды сол жаққа жіберем мектеп бітіруге
AKY
Қара Назгүл, сен как всегда правсың
Zako
Оңбаған ата-анадан оңған баланың шығуы не ғайбыл. Қазір баланың тәрбиесімен бірге көптеген ата-аналардың да тәрбиесін түзейтін заман болып тұр.
kokbori
Оңбаған ата-анадан оңған баланың шығуы не ғайбыл.
«Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан жаман туады, елтіріге алғысыз»
satibaldi
Оңбаған ата-анадан оңған баланың шығуы не ғайбыл.
Ооо, мынауың енді фашизм негіздері. Әрі қарай дамытуыңды талап етеміз!
Gastarbaiter
Жалпы Законың риторикасынан евгениканың ащы табы бұрыннан еседі
гендік гигиенаңдыссс
satibaldi
Құрыған әңгіме, енесстің.
Очм, кез келген дискусста «халық» және «билік» деген қарама-қарсы жақтар алынады да, «халық» деген жағы — алдын-ала пәк, аппақ, бейкүнә деп қарастырыла бастайды.
Жеген екенсіңдер, нақ. Халықтың өзі моралдық тұрғыдан азып кетті. Қазір көтінен май құйып жатқан мектеп-универлер бар, адамдарымен сөйлесіп көрдім, араласып көрдім, түйгенім: мұғалім де оңбаған ит-шошқа, ата-ана да малға айналған. Екеуі екі жаққа шауып бара жатқан батырлардың жекпе-жегі салынған картина елестейді.
Тек тәртіп бойынша дарға асып отыру, ұдайы түтіні бұрқырап тұратын істік-мылтықтың оқпаны мен рудниктердегі ауыр жұмыстар ғана қандай да бір толыққанды нәтиже әкелмек. Басқасы бекершілік. Ақшамен шешіп болдық, әңгіме ақшада емес екеніне барлығмыздың көтіміз жетті. Көзіміз әлдеқашан жеткен болатын.
kokbori
әңгіме ақшада емес екеніне барлығмыздың көтіміз жетті.
Қазір көзіңіз жетіп жатыр ма?
satibaldi
Көзіміз әлдеқашан жеткен болатын.
Тұяқ жеудің алдында мәтінді басынан аяғына дейін оқуыңды жік-жаппар болып сұраймын.
kokbori
 Кешір, жік жапар боп өтінгесін қарап едім, менікі қате екен. Бірақ байқасам әйеліңе обал болатын түрі бар ғой
bizbike
толықтай келісемін
satibaldi
Көп ата-ананың қатесі, жақсы бағаны ақшаға сатып алуға болады деп ойлайды.
Қайдағы қате, шынымен солай емес пе? Адамдарды ақымақ қылып көрсетуді қою керек қой нақ.
kokbori
Шындықты айтып тұр ғой, қате екені шын емес пе? Жалпы дұрыс оқымай көзіңе көрінгенді ілп отырсың ау дим
kozildirik
Бір оқиға есіме түсіп тұр. Бес алты жыл бұрын ауылда оқиытн жиенім 6 шы сыныпты бітірген соң қалада оқиды деген шу шықты. үйдегі қалада жүрген жалғыз көзі ашық сенсің деген соң оны қайда апаруға болады деп қатты ойландым. Семейдегі педколледждің қасында сегіз тіл үйрететін лингвистикалық гимназия бар деген соң ақшасын, оқуын білейін кіріп бара жатсам… алдымнан сыныптас қыз шыға келді. Ол қыз мектепте жүргенде өз атын жазғанда бес қате жіберетін, мұғалімдер әке шешесінен ұялғаннан сыныптан сыныпқа көшіп жүрген еді. Аман саулық сұрасқан соң білсем ол пединститутты сырттай бітіріп, жаңағы гимназияда жетінші, сегізінші сыныпта ағылшын тілінен сабақ береді екен. Әлқисса жиен ауылдағы мектепте қалды. Қазір бірінші курс оқып жатыр…
Осы бір мысал қазіргі мектептің жалпы сипатын береді ау деймін…
dark_nazgul
Сайын Мұратбековтың бір шығармасын толық оқымай алтыншы сыныпта тіл әдебиеттен сабақ беріп жүр менің курстастарым.
Төртінші курста педпрактикаға барғанда, он бірінші сыныптың мұғалімі, үлкен апай кәдімгідей: "қыздар, «Ақбілекті оқыдыңдар ма? Күшті роман дейді, иә?» дегені бар.
Бірақ, әрқайсысымыз баламыз осындай мұғалімдерге тап болмаса екен деп тілейміз ғой.
kozildirik
Мектепте асханада жұмыс істейтін тәтеміз бір күні аяқ асты әдебиет мұғалімі болып кетіп, диктантта «балалар Пельетон дегенде Пабрика дегенді П жазылады!» деп қатырғаны бар еді))))))
kokbori
Өз басым абай жолын оқытпай мектеп бітіргізбеймін дедім балаларыма
kozildirik
Сол дұрыс. Біріншіден қазақ тілін толық іліп, тіл байлығын дамытады. екіншіден бүкіл салт дәстүрді шемішкедей шағады
Marationok
Оның бәрі абай жолында жазылған ба?Салт дәстүрді айтам
dark_nazgul
былжырақ, Абай жолында практикалық қолданылатын, «прикладной» салт дәстүр жоқ.
kozildirik
Оқымағансыз ау
dark_nazgul
аха,«Абай жолын» оқытпай филфактың магистратурасын бітіртпеймін" дейтін адам табылмады.
kokbori
Мысалы бізде «Абай жолын оқып айтпасаң, әр семестр сайын тобықтан қағатын
satibaldi
абай жолын оқытпай мектеп бітіргізбеймін
«Намаз оқымаған адамды көмбейміз», ық-ық…
satibaldi
Сайынды оқымаған адам тіл-әдебиеттен мұғалім болмасын деп пе не?
dark_nazgul
Алтыншы сыныпта бағдарламада Мұратбеков шығармашылығы бар. Мұғалім оқушыдан сәл де болса артық білуі керек. Ал баламен бірдей, оқулықтағы материалды ғана біліп тұрып, балаға не бересің?
satibaldi
Жоға, әем әдебиеттерімен сусындаған адам болса ше?
dark_nazgul
хм… жақсы ғой, бірақ менің Сайынды оқымаған курстастарым әлем әдебиетінің исін ғана сезіп кеткен еді…
Gastarbaiter
Тағы бір гигиенист, газенвагеніңдісс
serjan
Ех! бұрынғының мұғалімдері ай! кезінде 6-сынып оқып жүрген кезде мұғалім сабақта жоқ кезді пайдаланып, сыртқа шығып қайтып келсем мұғалім кіріп алыпты кабинетке, есікті қағып кірдім, біраз ұрысты да басымды тамға дүңік еткізгені бар емес пе? сол кез әлі есімнен кетпейді, мұны біраз уақыт өткеннен кейін ата-анама да айттым, олар: өзіңеде сол керек дегендей әңгіме айтты.
Ал қазір осындай жағдай болса республикалық дәрежедегі уақиға ретінде көтеріліп, журиктерге біраз азық болатын еді.
dark_nazgul
Мұғалім балаға қол көтеруге қақысы жоқ.
АЙ, бірақ, өзіміз де, талай рет маңдайымызға бор келіп «тақ» ете қалған кездер болды ғой.
Мұғалім болу үшін темір жүйке керек.
Сол үшін мектепке бармадым…
Marationok
өркениетті Анғлия еліңде, балаларды әлі де таяқшамен сабақ үйретуде, бір жерден оқыдым
Gazizkizi
Жалпы баланың оқу үлгерімі мен мектептегі тәртібі, мұғалімді сыйлауы ата-анаға тікелей байланысты.Балаға мұғалім тарапынан ескерту жасалса, мұғалімге ашуланып жетіп бармай, баламен жұмыс жасау керек… Тіпті сабаққа кешікпей бару, сабақтан уақытында үйге қайту да ата-анаға байланысты. Әркімге өз баласы ыстық, артық. Сондықтан оны мұғалімді дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар онсыз да біледі!
satibaldi
Қалайсың?
Gazizkizi
Сен сұрағалы әдемі! Өзің ше?
satibaldi
Өзің деп жүрген сол.
Gazizkizi
satibaldi
Ох, өзіңмен сол баяғы… Таң атқанша шабар ма ед
Gazizkizi
Шабамыз ба, кеттік!!!
dark_nazgul
енді, мен не айтып жатырмын, кешеден бері?

жұмысты жасамайды, істейді.
Gazizkizi
Маған үйретіп отырсыз ба? жұмыстың істелетін, жасалатын түрлері бар
Marationok
балаларға теледидар, соткы, компөтер сабақ үйретіп жатыр ма десем…
Gazizkizi
оларсыз болмайды бәрібір, компьютерге күніне бір рет абизатльны отырад
Marationok
Неге? Мысалға, ауылда компөтер жоқ
Dinara
тақырыпқа сай сурет
Dinara
тақырыпқа сай сурет  
мына жерден ұрлап алдым:
www.facebook.com/photo.php?fbid=10150709388495049&set=a.10150673130240049.442843.190965455048&type=1&theater
satibaldi
Қуанышыңызға ортақпын, ҚазНетті қаз-қаз басып, үйреніп келе жатқаның көңілге кәдімгідей үміт ұялатып, жұмыртқа басуға дейін шақ қалып тұр.
Dinara
рахметтен басқа айтарым жоқ
satibaldi
Ұялмаңыз, ұялмаңыз, сізден үміт көп, әйтеуір Гугль қазір 44 млрд. 700 млн. сурет бар деп тұр, бұл Сіздің өміріңіздің аяғына дейін жететін посттың сарқылмас қайнар көзі бар деген сөз.
Dinara
жол көрсетіп жібергеніңізге тағы да рахмет
Gastarbaiter
Көт сыйса көңіл де сыяды, өңшең фашисттер кілең.
Бізде не көп тіл мамандары мен тарихшылар көп.
Бәрі шетінен шешен, бәрі шетінен білгір. Бірақ реально бағаға туалеттің тұтқасын дұрыстап жасайтын адам таппайсың, Сатыбалды айтпақшы.

Елдің бәрі көгілдір жағалы оқымысты болып кетсе, кен орнында кім жер қазады? Қоқысты кім жинайды? Кафельді кім жапсырады?
dark_nazgul
Гаста, он бірінші класта «біз қазір алғашқы қауымдық құрылыстамыз» деп жауап берген кластасым қазір білдей бастық. Өмірде білім, баға деген салыстырмалы, шартты ұғымдар екеніне дауым жоқ.
Бірақ, таңдаған мамандығыңды толық білгеннің айыбы да жоқ екенімен дауласпайтын шығарсың.
Ал постың «посылы» «мұғалім қандай болса да, сен оның біліктілігінен қалай күмәнданып тұрсаң да, балаңның көзінше ұстаз беделін түсіруге қақың жоқ».
Осымен келісесің бе?
Gastarbaiter
Келісем, мен тек өзімнің тас ауруымды айтып жатырмын. Лібә, өзім гуманитарий болсам да, орындаушылық қызметке гуманитарийлердің болғанын, әсіресе ол «шығармашылық» адамы болғанын құптамаймын.
izbasar
Баға деген формальды нәрсе! Жалып ата-ананың баға үшін кеңірдегін жыртып келгенін талай көргемін. Иттірлік абыройынан айырылып. Бірақ баға бала үшін алтыннан қымбат.
dark_nazgul
Во. Ұстаздың да пікірін біле отырайық.
izbasar
Бірақ баға бала үшін алтыннан қымбат.
Cондықтан кей кезде баланың көңілін ойлайсың! Кез келген мамандықтың ұнамайтын белгілері бар. Маған мұғалім ретінде бағалау қиын мүмкін менде тәжірибенің төмендігі болар. Балалардың өзімен басқаларды салыстырғаны жаман. Ол негше 5 мен неге 3 мен одан жақсы айттым деген сияқты.
dark_nazgul
Балалардың өзімен басқаларды салыстырғаны жаман. Ол негше 5 мен неге 3 мен одан жақсы айттым деген сияқты.

сол үшін де ата ана сондай салыстыруды дер кезінде тиып отыруы керек.
Содан кейін өз ағамның отбасынан байқағаным: қыздарының білімі таяз бола тұра, «жақсы оқиды, тек мұғалім бұнымен ерегесіп алған, әдейі бағасын төмендетіп қояды» деп өздері айтып отырады. Дауласып шаршадым аға жеңгеммен, шын айтсам.
izbasar
Иа, ондай түсініктегі ата-аналар бар. Жалып көп ата — ана баланыың білімі мен тәрбиесін мектепке іліп қойып, өздерінен жауапкершілікті алғысы келеді. Ол ертен өкінішке апартыны білмейді. Бір сәт бойларын босқа салғандарына мәз. Сосын кез келген ата-ана мектепке деген жауапкершілікті сезіну керек, мектепке, ұстаздарға рахмет айтқан жөн!
VKM
Білмеймін,өзіміз оқып барып, тиеселі бағамызды алушы едік.Не жазып жатқандарыңды түсінбеймін.
dark_nazgul
Менің ойымша, мұғалімге баға даулап бару — сыныптастарының алдындағы балаңның беделін түсіру!
Gastarbaiter
Болған жағдаймен бөлісе отыр.
dark_nazgul
Мысалы, жаңа ғана. Соңғы қоңырауда, мұғалім бір топ ата анамен бірге тұр екен, кішкентайымды көтеріп қастарына бардым. Бір мама сықсыңдап жылап тұр. Апай әбіржулі. «Бірдеме болып қалды ма?» десем, «баласы сәл үлгермей қалды, үздіктер қатарына кіре алмады, соған ренжіп тұр» дейді.
Өз басым, әрине, балам "үздік оқушы" деген лента тағып, мақтау грамотасын алғанына іштей мақтанам, баламды да мақтап, қолпаштап қойдым, бірақ алмаса ренжіп, жылап, мұғалімді кінәлап, балама ұрсып, шу шығармас едім.
Бірінші сыныпты үздік бітіру тек баланың алғырлығына ғана байланысты деп ойлаймын. Менің балам төрт жасынан әріп таныған, бірінші сыныптың программасы оған бәлендей қиын болмады. келесі жылы қиналатыны анық, тіпті үшке түсіп кетсе де таң қалмаймын.
bizbike
бақшада жиналысқа барғанда «меңгерушіге „рахмет“ айтпадыңыз, басқа топтың тәрбиешісіне ертеңгілікке қатысқаны үшін шоколад та ұстатпадыңыз, көңілдеріне алады ғой» дегенде «сіз не айтып отсыз?» дегеннен басқа аузыма сөз түскен жоқ. Бала-бақшаға дейін қандарына сіңіп кеткен ойпырым-ай, үйге келіп мамама соғып айтсам «ондай әрқашан да болған» дейді, қызық та
ken
"Қазіргі қазақ жігітінің портреті" деген тақырыпқа пікір жазылмайтын болып қалыпты.