Arular.kz
Рейтинг
+1.94

Астана жаңалықтары

image image

Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады

Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады. Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады. Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы ayazata_official ресми парақшада жүргізіледі. Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда...

Астанада мешіттерде жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру тәжірибесі қолға алынды

Аптасына екі рет бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елордалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары келушілерге жұмыс табуда көмектеседі. Осы уақыт ішінде Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне 200-ден аса адам жүгінген, соның 25-і мамандықтары бойынша жұмысқа тұруға жолдама алды. «Жолдамамен бірден жұмыс берушіге барған дұрыс. Көбінесе жұмыссыздар екінші, үшінші күндері барып, бос жұмыс орнынан айырылып қалады. Бүгін маған 15 адам көмек сұрап келді, бесеуі жолдама алды», — дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұмыс жүргізіп жатқан Жұмыспен қамту орталығының маманы Қанат Жұмабаев. Оның айтуынша, осы күнге дейін еңбек нарығында электрик, слесарь, дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында өзекті бос жұмыс орындарын ұсынумен айналысатын мобильді топтар мешіттерден басқа Орталық базарда,...

Астана әкімі қала тұрғындарын «Мейірімді қала» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырды

«Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының есептік-сайлау конференциясы барысында Астана әкімі желтоқсанның 1-і мен 31-і аралығында «Мейірімді қала» акциясы өткізілетінін мәлім етті. «Жыл сайын Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік саясатты іске асыру сапасын ерекше бақылауда ұстауды тапсырады. Әрине, мемлекет...

Елорда жастары теңге тарихымен танысты

Бүгін қаржы саласының өкілдері елорда мектептерінің оқушылары және студенттер үшін интерактвті дәріс өткізді. Кездесу ел экономикасының басты атрибуты — ұлттық валютаға арналып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Тыңдаушыларға купюра және монета түріндегі теңгенің тарихы, атауы, символдың сипаты және басқа да әлемдік валюталар туралы әңгімеленді. «Мен балаларға біздің ақша жүйесінің қалыптасу тарихын баяндадым, олармен өз білгенімді айтып, болашақта валютаның даму перспективалары туралы, бұл бағыттағы қиындықтар қалай шешілетінін және ҚР Ұлттық банкінің ақша бірлігінің тұрақтылығы, орнықтылығы бойынша міндеттерді шешу үшін қандай шара қабылдап жатқанын жеткіздім. Ақша теориясы өте қызық ғылым, ақша макроэкономикалық категория ғана емес, ол әрбір үйге кіреді, ол адамдардың өмірімен, кәсіпорындамен, мемлекетпен байланысты. Сондықтан бүгінгі жастар ол туралы...

Жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды

Әсет Исекешев жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, елордада салынған жолдарды (800 км артық) ескерсек, 250-ге жуық аялдама орнату керек, оларды жобалау кезінде Астананың климаттық жағдайларын ескеру қажет. Сонымен қатар, қала басшысы жаңа аялдамалардың жайлы болуы тиіс екендігін атап өтті. Негізінен, бұл кешендер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен салынатын болады, ал жоба 2017 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, қаладағы жаңа аялдама павильондары мен автобус маршруттары көше-жол желісінің дамуына қарай пайда болады. 2016 жылдың соңына дейін Астанада 45 жаңа шыны және перфорацияланған аялдама абаттандырылады. Мұнымен қоса, жабық типті жаңа аялдамалар жобалануда. Олар жолаушылар ағыны тығыз жерлерде орнатылмақ. Сондай-ақ, көлемді жабық сауда және техникалық...

Астанада қаланы смарт мамандандыру бағыттары анықталды

Елордада 5 құзырет орталығы — алдынғы қатарлы әлемдік компаниялардың қатысуымен қалалық және аграрлық технологиялар, медициналық технологиялар, энергетика және fintech орталықтары құрылады. Осы орталықтардың айналасына стартап жобаларға қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта Астананың жеке бағдарламасы құрылды. Аталған бағыттарда жұмыс істейтін үздік инновациялық компанияларға жыл соңына дейін 30 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Әсет Исекешев Астанада ХІ Инновациялық форумның ашылуында мәлім етті. «Бүгінде әлем экономикасының дамуы жаһандық қалаларға байланысты, сол себепті біз Астананы Global Smart City-ге айналдырмақпыз. Жаһандық қалалар дамуының әлемдік үдерістеріне бейімделген қаланы дамытудың жаңа стратегиясы іске асырылуда. Біз қаланың орнықты экономикасын анықтайтын 10 секторды белгіледік. Соның ішінде девелопмент, туризм, қаржылық орталық, заманауи өндіріс, ақылды қала үшін...

Астанада «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V зияткерлік байқауы аяқталды

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада 10-сынып оқушыларының арасында «Елордалық білім беру мекемелерінің көшбасшы оқушысы» V қалалық зияткерлік байқауының финалы өтті. Ол көшбасшылық қабілеттері мен ораторлық шеберліктері бар, қоғамдық өмірге белсенді араласатын 12 оқушының басын қосты. Байқау алғаш рет 5 жыл бұрын өткізілген, ол кезде қазақстандық мерекелер күнтізбесіне Тұңғыш Президент күні енгізілді. Сол жарыстың тақырыбы ұлт көшбасшысының жолы деп белгіленген болатын. Зияткерлік байқаудың алғашқы қатысушыларын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңғы асқа шақырған еді. Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы тарихшы, публицист Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған байқаудың мақсаты — жастардың білімге деген қызығушылығын ояту қазақстандық патриотизмге баулу. Үш финалдық турдың қорытындысы бойынша...

Елордада 38 млрд теңгеден астам соманың 8 224 нысаны заңдастырылды

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 38 млрд 517 млн теңге соманың 8 224 нысаны заңдастырылған. Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд теңге болатын 9 023 өтініш түсті. Соның ішінде 69 млрд 550 млн теңге соманың 11 016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд 288 млн теңге соманың 11 725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд 872 млн теңгенің 1 132 коммерциялық нысаны, 457 млрд 949 млн теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар. Сонымен бірге, Астана қ. Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд 054 млн теңгенің сомасына 16 нысан бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды. Ақшаны заңдастыруға келсек, аталған кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы...

Астанада қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері ағылшын тілін меңгеруде

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде қоғамдық тамақтану саласында ағылшын тілін білу ерекше маңызға ие. Бизнес-қоғамдастықтың өкілдері халықаралық көрмеге өз үлестерін қосуда бастама көтерді. «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС тренингтік орталықтардың бірімен бірлесіп мейрамханалар мен кофеханалардың қызметкерлерін ағылшын тіліне тегін оқыту курстарын өткізді. Нәтижесінде қызмет көрсету саласының 56 қызметкері курстан өтті. Оқыту қызмет көрсету, қонақтарды қарсы алу, тапсырысты қабылдау, есеп айырысу, даулы мәселелерді шешу және т.б. жағдайларда қолдану үшін базалық грамматикалық және лексикалық конструкциялар бойынша жүргізілді. Жоба әрбір нақты мейрамханадан бір даяшыдан оқытуға бағытталған. Бағдарламаның барысында мейрамханаларда болатын жағдайларға сәйкес ағылшынша сөйлемдердің негізгі құрылымдары талданады, арнайы сөз қоры мен диалогтар пысықталады, дейді ұйымдастырушылар.

Елордалық полицейлер үй-күйсіз азаматтарға көмек көрсетуде

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері белгілі тұрағы жоқ тұлғалардың туыстық байланыстарын анықтауда. Қатты аязға байланысты учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік қызмет полкінің инспекторлары қиын жағдайға тап болған, үй-күйсіздер табылуы мүмкін орындар — жылу құбырларын, жертөлелерді, иесіз қалған саяжайларды тексерді. «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезеңінде қарашаның 18-інен 19-ына дейін Астана қ. Жергілікті полиция қызметі белгілі тұрағы жоқ 50-ден аса адамды полицияға жеткізген. Жеке тұлғалары анықталып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексерілген соң әрқайсысымен құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша әңгіме жүргізілді. Азаматтардың бір бөлігі Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығына, қалғаны әлеуметтік, медициналық және заңгерлік көмек көрсету үшін және жұмыс тауып беру үшін Әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Елордаға...

Елордада «Конституция - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды

Еліміздің облыстық достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Конституция -Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы басталды. Ауқымды шараның шеңберінде Астанада еліміздің Ата заңын талқылау арқылы қазақстандық бірегейлікті насихаттауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заңгерлер және елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. «Демократиялық қоғамның биік идеалдарына ұмтылу, ежелгі қазақ жерінде тұрып жатқан халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттердің өзара байланысуы осының бәрі Ата заңда көрініс тапқан», — деп атап көрсетті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ кәсіби медиаторы Фатима Ахмедова.

Астана мектептерінде сабақтың тоқтатылуынан каникул қысқартылмайды

Елордада қолайсыз ауа райына байланысты негізінен төменгі буын оқушылары үшін мектептегі сабақтар өткізілмей жатыр. Бұл ретте оқушылар оқу бағдарламасынан қалып қоймайды, өтпей қалған тақырыптар резерв сағаттардың есебінен немесе қайталау сабақтарында меңгеріледі. Тиісінше, каникул уақыты да қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ботагөз Жүнісова мәлім етті. Сабақтарды тоқтату ҚР Білім министрінің «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен регламенттеледі. Оған сәйкес, әрбір мекемеде ішкі бұйрықтар шығарылады, және онда сабақтар тоқтатылған күндер, ол күндері сабақ өткізбеген мұғалімдер көрсетіледі. Осы ретте әрбір...

Елорда әкіміне 12 смарт-жоба таныстырылды

Назарбаев университетінің өкілдері «Стартап уик-энд» шарасы шеңберінде елорда басшылығына 12 смарт-жобаны таныстырды. Бұл — мүдделі тараптардың өзара қарым-қатынасының қолжетімді түрі, бір жағынан — жаңа идеяларды ұсынушылар, екінші жағынан — оларды іске асыру құралдарын беретін елорда әкімдігі. 24 жасар инженер-химик Ғалым Бәйтімбетов өзінің «Aqua Point» компаниясы әзірлеген технологияны ұсынды, бұл — сапалы ауыз суы бар аппараттар. Адамдар жиі баратын орындар — сауда үйлерінде, мектептерде, университеттерде осындай құрылғыларды орнату бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді. «Біздің құрылғының ерекшелігі — Қазақстанда мұндай аппараттар жоқ, бірақ әлемде бұл технология бар және тәжірибе жүзінде халық үшін тиімділігі дәлелденген. Ол халыққа ауыз суды тегін береді және қоршаған ортаны пластик қалдықтармен ластау проблемасын шешеді және мектеп оқушыларын су тұтыну...

Мешітке келетін қауымға жұмыс табуда көмек көрсетіледі

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп мешітке келетін қауым арасындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуда белсенді жұмыс жүргізуде. Әрбір бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елорданың үш мешітінде Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мәліметтер базасындағы бос жұмыс орындарын ұсынады, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары туралы ақпараттандырады. Атап өтерлігі, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жыл басынан бері 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды, әйелдерді және жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер бар. Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы халық көп жиналатын...

«Астана» ФК ойыншыларын құттықтау салтанаты өтті

Бүгін елордада футболдан Қазақстан чемпионатының жаттықтырушылар штабының мүшелері мен ойыншыларын алтын медальмен марапаттау салтанаты өтті. Кеш қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздары Дильназ Ахмадиеваның, Kesh You тобының және т.б. өнерін тамашалады. Салтанатты шара барысында клуб ойыншылары түрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Көрермендер көзайымы» номинациясында Патрик Твумаси, «Клубқа деген адалдығы үшін» Танат Нөсербаев пен Дмитрий Шомко марапатқа ие болды. Марин Аничичтің «Жальгирис» ФК қақпасына соққан добы маусымдағы ерекше сәт деп танылды, ал Агим Ибраимидің «Селтик» ФК қақпасына дәл бағыттаған добы «Маусымдағы үздік гол» номинациясында аталып өтті, Юрий Логвиненко маусымдаға жаңа ойыншы, ал Ненад Эрич — үздік ойыншы. Клубтың басты жанкүйерлері — Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешев. Кеш соңында Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Қаныш...

Астана Қазақстан кубогын жеңіп алды

Бүгін Алматыда Орталық стадионда 2016 жылғы футбол маусымындағы соңғы кездесу өтті. «Астана» ФК мен «Қайрат» ФК бас жүлде – Қазақстан кубогын сарапқа салды. Ойын қорытындысы бойынша елордалық команда басым түсті. Матч тартысты өтті. Алматыда қар жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойыншылар...