"Астана кубогі" жайдарман ойынының қорытындысы


Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.
1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық Университеті
3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті
4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы
5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті
6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті
7. «Шатыр» – Семей қаласы
8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
9. «Ару.kz” – Арқалық
10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.
11. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы
⠀Әділ қазылар алқасының құрамында сатирик Көпен Әмірбек, Олимпиада ойындарының чемпионы Бахтияр Артаев, «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Қазақстан КВН Одағы» қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ерлан Андасбаев болды.

Өзара тартысты өнер көрсеткен командалар көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шықты. Ойын қорытындысы бойынша,
3-орын „ОҚМПУ“, 2- орын „Қызылорда құрамасы“ иеленсе, „Астана кубогін“
»Милион" жайдарман тобы еншілеп, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше