Біз мұғалімбіз

Таныстырғалы отырған бұл сайттың қолданылған движогы LiveStreet яғни форматы осы керекинфомен ұқсас, нақты айтқанда болгплатформа, еркшелігі мұғалімдерге арналған.

Мақсаты:

  • мұғалімдердің өздеріне қажет ресурсты өздері қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Мұғалімдердің ғаламтордағы белсенділігін арттыру;
  • Мұғалімдерге қажет болады ау деген компьютерге қатысты танымдық жазбалармен қамтамасыз ету;
  • Қазақстандағы жалпы мұғалімдерге әлеуметтік желі ретінде қызмет көрсету, яғни өзара танысып, тәжірибе алмаса отырып жұмыс жасауға ынталандыру;



Йә солай, алға қойған арман мақсаттар керемет, сайттың болашағы қалай болатынын уақыт көрсетеді, әзірге байқалғаны белсенділік төмендеу болып тұр, себебі де түсінікті сияқты, блогерлік деген не екендігі әліде болса беймәлім ұстаздар қауымына, техникалық тұрғыдан алсақта нашарлау біздің қауым.
Не дейсіздер жоба өміршең бола қоя ма? Қатардағы қалың сайттың бірі бола ма?

Ұсыныс, тілек, мақтау, даттау,… қабылдана береді.

mugalim.biz/
Бөлісу:

14 пікір

alisha
Блоги дегенді қазақшалау керек екен…
edige
техникалық тұрғыдан алсақта нашарлау біздің қауым
еңбектеніп кітап оқудан да алшақтаулары, яғыни жалқаулары жетіп жатыр
serjan
Ең қиыны сайтқа ұстаздар қауымын тарту болып тұр.
kokbori
бұйырса тартып көреміз
Adiletshu
Ғұмыры ұзақ болмайтын сияқты
Armanjan
"Ғаламторға тегін қосылу" деген пост бар екен. Балаларға білім беретін, тәрбие беретін "ұлағатты" ұстаздарға біреудің есебі арқылы интернетке тегін қосылуға ақыл-кеңес берсе оңған екен онда ол сайт.
serjan
Ау, тырнақ астынан кір іздейтін қазағым, ол негізі заңсыз емес ешкімге залалы тимейді, оның үстіне бұл пост сайтқа адамдар тарту үшін жазылған, егер мұғалімдер белсеніп сайт жандана түсетін болса бақылап отыратын боламыз.
Armanjan
бақылап отыратын боламыз.
сонда қызмет істейсің ба не?
izbasar
сонда қызмет істейсің ба не?
Осы сайттың админы ғой.
meirzhan
Арманжанды аңқау бала ғып көрсеттіңдер ғойй түге ))
alisha
Интернетті тегін қолдануға болады, ал неге сабақ жоспарларын тегін таратпасқа, а????
meirzhan
Хехе. қызық екен. мұғалімдер сабақтан қалып қойып жүрмесін флудтасып отырып
Оқушылар да ұстаздарды басқа жағынан танитын болды ау ))
rakisheva
Бастамаң жақсы екен. Сәттілік тілеймін!